Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Халықтық медицина атауларын тақырыптық жағынан топтастыру



бет8/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

1.2 Халықтық медицина атауларын тақырыптық жағынан топтастыру
Біз тек халықтық медицина атауларын қарастыруды мақсат етіп отырғандықтан, медицина ғылымының дамуына байланысты тілімізде қосылып жатқан мыңдаған ғылыми терминдік атауларды саналы түрде зерттеу объектімізге қоспай отырмыз.

Аурудың халықтық атауы – бұл қарапайым халық тілі негізінде көрінетін және ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын атау. Олар халықтық сипат алады. Сондықтан, олар түсінікті болып келеді. Оларға формасының қарапайымдылығы, сөздің фонетикалық жамылғысының дәстүрлілігі, табиғилық, образдылық, номинация уәжінің анықтылығы тән. Халықтық атауларға тән сипаттың бірі – олардың вариативтілігі, сондай-ақ, лексикалық қатарлары – синоним, омонимдерінің болуы. Халықтық атаулардың семантикалық және стилистикалық айырмашылыққа ие лексикалық қатарлары қызықты, қазақ тілінде лексикалық варианттардың, синоним, омонимдерінің көрінуіне негізделеді, бұл оның халықтылығының айырым белгісі.

Халықтық ауру атауларының басты критерийлері төмендегідей:


  1. жасалуы жағынан халықтық сипатта;

  2. анықтылық, образдылық, экспрессивтілік тән;

  3. ғылыми баламаға қатысы бар;

  4. сөйлеу тілі аясында қолданылуы;

  5. түрленуі (лексикалық, морфологиялық).

Жалпыхалықтық ауру атауларының пайда болуы мен аталу себептері

халықтық наным-сенімдерден де көрініс тауып отырады.

Сонымен, тіліміздегі халықтық медицина атауларын жүйелеп, саралап, сыр-сипатын ашу үшін оларды іштей топ-топқа бөле отырып, тақырыптық жағынан топтастыруымыз керек. Сонда ғана бұл атаулардың тіліміздің лексикасындағы орнын, қолдану ерекшеліктерін айқындай аламыз.

Сөздерді тақырып жағынан топтастыруда көбінесе тілден тысқары қағидаларға сүйенуге тура келеді. Себебі сөздердің топтастырылуы белгілі бір логикалық ұғымдарға негізделеді. Халықтық медицина атауларын топтастыруда медицина ғылымындағы жүйелеудің, бөлудің қалыптасқан принциптерін пайдаланамыз. Сонымен, қазақ тіліндегі халықтық медицина терминдерін Ә.Қайдардың еңбегіне сүйене отырып [13], мынадай тақырыптық топтарға бөлдік: 1. Халықтық дәрі-дәрмектер және оларды қолдану жолдары. 2. Халықтық медицинада қолданылған емдеу тәсілдері. 3. Емшілік және оған қатысты атаулар. 4. Адамның дене мүшелері мен ағзалары. Адам денесінен өсіп шығатын және одан бөлінетін заттардың атаулары. 5. Ауру атаулары. 6. Ауру процесіне қатысты ұғымдар. 7. Демалыс ұғымы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет