Кіріспе Жұмыстың өзектілігі



бет6/7
Дата18.12.2021
өлшемі40,82 Kb.
#102965
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бастауыш сыныпта сөйлеуге үйрету дағдылары

Қорытынды

Осы жұмыста бастауыш сынып кезеңдердегі ағылшын тіліне үйретудің аспектілері баяндалды. Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретудегі маңызды фактор ойын екенін ұмытпау керек. «Баланың көңілі далада» дегендей, оларды қарапайым программамен оқыту шаршатып, оқытылып жатқан тілге деген қызығушылықтарын жояды. Оқу процесін оқушылардың психологиялық және физикалық тұрғыдан алғандағы ерекшеліктеріне сай сауатты жоспарлау өте маңызды. Тек ойынмен ғана шектеліп қалуға болмайды, мәдениет шектерін кеңейту, әлемді тануға деген талпыныс бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілін оқудағы практикалық мәнділігін қамтамасыз етеді. Тілді үйрену барысында оқушылардың Англияның мәдениетіне,ағылшындардың тұрмыс-тіршілігіне қызығушылықтары ояна бастайды. Сондықтан оқу процесінде Англияның мәдениеті мен дәстүрлері кеңінен қолданылған оқу құралдарын қолданған жөн. Сонымен бастауыш сынып оқушылары:



  • серіктесімен қарым-қатынастың оқу, ойын және нақты жағдайларында байланыс жасай алу;

  • заттардың немесе жануарлардың атын, олардың әрекетін, олардың қарым-қатынастың оқу, ойын және нақты ситуацияларында сапалық және уақытша сиппаттамаларын бере алу;

  • қабылданған ақпаратқа деген эмоционалдық бағасын бере білу;

  • қарым-қатынастың оқу, ойын және нақты жағдайларында қарапайым нұсқауларын бере білу қажет.

Жұмыста диалогтық және монологтық сөйлеудің, сөйлеу, лексикалық, грамматикалық дағдылардың қалыптасу ерекшеліктері қаралды. Сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешені зерттелді. Оқу процесін дұрыс ұйымдастыру үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Тек осы жастағылардың психологиялық және сөйлеуге үйретуді ұйымдастырудың ерекшеліктерін есепке алғаннан бастап, оқу процесі тиімді әрі нәтижелі болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет