Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет66/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)
zharaskyzy, ҚТЖ - 6 ДТ, накты талдау, Мат.анализ под редакцией Демидович, aza-tlnen-10-synypa-arnalan-orytyndy-test-tapsyrmalary, микробиология лекция, Латын, мейіргер ісі сөзжұмбақ
ЛЕПТОСПИРОЗ


Лептоспироз - жедел жұқпалы зооноз ауруы. Ауру науқастың бауырының, бүйрегінің, нерв жүйесін зақымданып, улануымен және геморрагиялық белгілерімен сипатталады.


Этиология - қоздырғышы
Лептоспирлер - серіппе тәрізді кұрылысы күрделі, грамтеріс, жылжығыш, төменгі температурада төзімді, әсіресе сулы жерлерде айлап сақталады. Жоғарғы температурада, қайнатқанда тез өледі. Зарарсыздандыру ерітінділеріне сезімтал.


Эпидемиология - ауру көзі
Ауру көзі - кеміргіштер, үй жануарлары (сиыр, шошқа), жабайы аңдар (түлкі, ондатрлар), ит т.б. Олар лептоспирді көбінесе зәрімен бөледі де нәтижесінде сыртқы орта, су ластанады. Сондай суды пайдаланғанда, ашық су көздерінде шомылғанда, судың жағасында жалаңаяқ шөппен жүргенде ауру жұғады. Кейде ауру сиырдың сүтін, етін пайдаланғанда да жұғады, онымен көбінесе малмен жұмыс істейтіндер, кәсіби жұмысшылар ауырады.


Патогенезі - аурудың дамуы
Лептоспирлер организмге тері, көздің, ауыз - қуысының кілегейлі қабаты арқылы енеді де қанға тарайды, бауыр, бүйректе т.б. тоқтайды, сөйтіп майда қантамырларының эндотелиялары зақымданады, қабынады.


Клиникалық белгілері
Жасырын кезеңі 4-12 күнге, ал кейде 20 күнге дейін созылады. Аурудың сарғаятын, сарғаймайтын түрлері кездеседі. Ауру көп жағдайда жедел басталады. Науқас қалтырап, дірілдеп дене қызуы жоғары көтеріледі 39-40°С, қызба толқын тәрізді болып келеді. Аурулардыңбасы қатты ауырады, тұла бойын әлсіздік, ұйқысыздық басады, бұлшық еттері (балтырдың, жотаның, желкенің, мойнының,) ауырады, жүрегі айнып, құсады. Науқастың беті қызарып, ісініп, көзі қызарып, мойны, кеудесіне дейін қызарады. Сипағанда тері еттері ауырады. Аурудың6 күндері аяқ - қолында денесінде әртүрлі бөртпелер пайда болады. Тамағы қызарып, жұтқанда ауруы мүмкін. Бауыры, көк бауыры ісінеді, үлкейеді. Аурудың барлық түрінде бүйрегі қабынады, Пастернацкий белгісі білінеді. Зәрде белок, эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер болады. Бауырдың, бүйректің қабынуы өрбиді және геморрагиялык белгілердің де пайда болуы мүмкін. Қан шығу, әртүрлі ағзалардан қан кетуі де ғажап емес. Қан қысымы төмендейді, жүректің соғуы нашарлайды. Жүйке жүйесінің зақымдануына байланысты ұйқысыздық, есінің өзгеруі байқалады, сандырақтау, ал кейде менингиалдық белгілердің орын алуы да мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет