Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Микроорганизмдердің пигменттері



бет8/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)
zharaskyzy, ҚТЖ - 6 ДТ, накты талдау, Мат.анализ под редакцией Демидович, aza-tlnen-10-synypa-arnalan-orytyndy-test-tapsyrmalary, микробиология лекция, Латын, мейіргер ісі сөзжұмбақ
Микроорганизмдердің пигменттері.

Кейбір микроорганизмдер зат алмасу процессінде бояушы заттар – пигменттер түзеді. Химиялық құрамы және қасиеті бойынша олар әртүрлі. Олар:


1.суда еритін (көк пигмент)
2.спиртте еритін – суда ерімейтін (қызыл пигмент – продигиазан)
3.суда да, спиртте де ерімейтін (қарақоңыр пигмент).
Суда ерімейтін пигменттер – бактериялар колониясын бояйды; ал суда еритіндер – қоректік ортаны бояйды.
Микробтардың пигмент түзуі – кейбір бактерияларды ажыратуда (идентификация) пайдаланылады.
Микроорганизмдердің пигмент түзуінің физиологиялық маңызы бар: олар микроб жасушасын табиғи ультракүлгін сәулесінен қорғайды, тыныс алу процессіне қатысады, кейбірінің антибиотиктің қасиеті бар (продигиозан).


Бактериалардың өсуі, көбеюі.

Микроорганизмдердің маңызды көріністерінің бірі – өсуі мен көбеюі.


Өсуі - жеке дарақтардың (особи) көлемінің ұлғаюы және жасуша құрылымдарының қайтадан реттелуі.
Көбею – өзіндік қайта өндіру қабілеті нәтижесінде дарақтардың (особи) санының көбеюі.
Бактериялардың негізгі көбею жолы – көлденең бөліну. Белгілі бір жасқа жеткен бактерия жасушасында бөлінудің алдында ДНК – молекуласының 2 еселенуі болады. Бөліну процессі аяқталғанда, жас жасушалардың цитоплазмасы пердемен бөлінеді. Әрбір жас жасушада анасының ДНК – сы бар. Перде түзілуде цитоплазмалық мембрана және жасуша қабырғасы қатысады. Егер перде бөлінетін жасушаның ортасында қалыптасса, мөлшері бірдей жас жасушалар пайда болады (изоморфты бөліну). Кейде перде шет жағында орналасады, сонда мөлшері бірдей емес жасушаларпайда болады (гетеротрофты бөліну). Бактериялардың бөлінуі әртүрлі кеңістікте көптүрлі жасушалардың пайда болуымен болады: тізбектелген стрептококктар, жұпталған диплококктар, төрт – төрттен орналасқан тетракокктар, шоғырланған – стафилококктар.
Таяқша тәрізді және иірілген формалар көлденең бір ғана жазықтықта бөлінеді.
Кейбір бактериялардың көбею мөлшері бойынша алдыңғы жасушадан кіші бүршік түзу арқылы көбейеді. Бактериялардың көбею жылдамдығы олардың зат алмасу шапшаңдығымен байланысты. Көптеген бактерияларда әрбір жасуша 15-30 миут ішінде бөлінеді. Баяу бөлінетін бактериялардыңда түрлері болады – тәулігіне 1 рет, мысалы: туберкулез микобактериясы. Әртүрлі бактериялардың көбею жылдамдығы әртүрлі және ол қоректік ортаға, температураға, рН мәніне, бақа да факторларға байланысты.
Сұйық ортада бактериялардың көбеюінің ерекшеліктері болады, ол келесі фазалар арқылы көрінеді:
1. фаза: алғашқы стационарлық (латентная) микроб жасушалары қоректік ортаға бейімделеді, олардың зат алмасуы жоғарылайды, жасушаның мөлшері ұлғаяды. Бактериялар 1 – фазаның аяғында көбейе бастайды.
2 фаза: логарифмді өсу: бактериялар жылдам көбейеді. Бұл фазада бактериялардың биохимиялық және биологиялық белсенділігі жоғары.
3 фаза: стационарлық – бактерия жасушасының ортадағы құрамы тұрақты. Бұл жаңа пайда болған жасушаның саны өлген жасушалардың санымен бірдей болғаны.
4 фаза: өлу фазасы – тіршілікке қабілетті бактериялардың сандары азаяды және олар жәймен өле бастайды. Жасушалардыңөлу себебі қоректік ортаның азаюы; ондағы зат алмасу зиянды өнімдерінің жинақталуы. Бұл фазада бактериялардың морфологиялық, биохимиялық және т.б. қасиеттері өзгеруі мүмкін.
Сұйық қоректік ортада көбейген бактериялардың санының көбеюін 18 – 24 сағаттан кейін ортаның лайлануымен немесе қабыршақ, тұнба пайда болуымен білінеді.
Қатты қоректік ортада бактериялардың көбеюі ортаның бетінде немесе ішінде колониялар пайда болуымен білінеді.
Бактериялар колониялары мөлшерімен, түрімен, құрамымен және түрімен ажыратылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет