Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Бактериялардың тыныс алуы



бет9/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)
zharaskyzy, ҚТЖ - 6 ДТ, накты талдау, Мат.анализ под редакцией Демидович, aza-tlnen-10-synypa-arnalan-orytyndy-test-tapsyrmalary, микробиология лекция, Латын, мейіргер ісі сөзжұмбақ
Бактериялардың тыныс алуы.

Бактериялардың тыныс алуы – (биологиялық тотығу) биохимиялық процесстердің жиынтығы нәтижесінде микроб жасушасының тіршілігіне қажетті энергияның бөлінуі.


Барлық физиологиялық процесстер – қозғалу, өсу, көбею, спора және капсула түзу, токсин түзу энергияның әртүрлі химиялық қосылыстардың тотығу нәтижесінде алады: көмірсутек, спирт, органикалық қышқылдар, майлар, т.б.
Тыныс алу типіне байланысты микроорганизмдер:
1.облигатты аэробтар
2.облигатты анаэробтар
3.факультативті анаэробтар болып бөлінеді.
Облигатты аэробтар – (туберкулез микобактериясы, т.б.) тек қана оттегімен тіршілік етеді. Сонымен қатар микроаэрофильді микроорганизмдер болады, олар оттегі аз мөлшерде де тыныс алады.
Облигатты анаэробтар - (столбняк, ботулизм клостридиясы) оттексіз жағдайда энергия аз мөлшерде тыныс алады.
Факультативті анаэробтар оттегімен де, оттексіз жағдайда да тіршілік етеді. Оларға көптеген патогенді және сапрофитті бактериялар жатады.


ҚОРШАҒАН ОРТА ФАКТОРЛАРЫНЫҢ
МИКРООРГАНИЗМДЕРГЕ ӘСЕРІ

Микроорганизмнің өсуі мен көбеюіне қоршаған орта факторларының маңызы зор. Қоршаған орта факторлары 3 – ке бөлінеді:


1. Химиялық
2.Физикалық
3. Биологиялық


Химиялық факторлар әсері

Химиялық заттар микроорганизмдерге өзінің химиялық құрылысына, концентрациясына, әсер ету ұзақтығына байланысты әртүрлі әсер етеді. Крнцентрациясына байланысты кейбір химиялық заттар микроорганизмдерге қоректік орта болуы мүмкін, кейде оларды жойып жіберуі мүмкін. Мысалы: 0,5 – 2% глюкоза микроорганизмдердің өсуін ынталандырса, 20 - 40% глюкоза олардың көбеюін тежейді.


Химиялық заттардың жойып жіберу қасиеттері медицинада дезинфекциялау және антисептика үшін қолданылады.
Антисептика дегеніміз микроорганизмдердің өсуі мен көбеюін тежейтін, жойып жіберетін, химиялық заттар (жарақатта, толық организмде, қоршаған ортада).
Антисептиктерді – жарақатта, теріде, кілегей қабаттарында микробтарды жұқтырмауға, емдеуге пайдаланылады.
Оларға: йод, бриллант жасылы, марганец ерітіндісі, сутегі тотығы т.б. жатады. Кейбір антисептиктер (уксус қышқылы, күкірт қышқылы) тамақ өнеркәсібінде консервілеуге пайдаланады.
Дезинфекция – әртүрлі залалсыздандыратын химиялық заттарды пайдаланып, жарақатта, толық организмде, немесе қоршаған орта объектілерінде микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар комплексі.
Дезинфекциялаушы заттар:
3– 5% фенол ерітіндісі;
5– 10% лизол ерітіндісі;
1 – 5% хлорамин ерітіндісі;
1 – 5% формалин ерітіндісі.
Хлорлы әк – суда толық еритін иісі бар ақ ұнтақ. Бактерицидті қасиеті активті хлордың құрамына байланысты. Дұрыс сақталмағанда хлорлы әк активті хлорды жоғалтып, ыдырап кетуі мүмкін. Ыдырауға жылу, ылғал, күн сәулесі мүмкіндік береді. Сондықтан оны құрғақ, жабылған түрде, қараңғы жерде сақтайды. Хлорлы әкті адам және жануар нәжістерін залалсыздандыруға пайдаланады.
Фенол (карбол қышқылы) – иісі бар, түссіз кристалдар. Күн, ауа және ылғал әсерінен кристалдар қызғылт түске айналады. Қара әйнекті жабық банкіде, жарық болмаған жерде сақтайды.
Сонымен қатар ауыр металл тұздары (сынап, қорғасын, цинк, күміс) пайдаланылады, кейбір металдар (алтын, күміс, сынап) өте аз мөлшерде микроорганизмдерге бактериоцидті әсер етеді. Мұндай қасиетін – олигодинамикалық әсер деп атайды. Мысалы: күміс ыдыста тұрған су бұзылмайды. Күмістің органикалық қосылыстарынан протаргол, колларгол деген антисептиктер алынған.
Дезинфекцияның 3 түрлі әдістері бар:
1. физикалық
2.химиялық
3.механикалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет