Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Сабақ бойынша рефлексиялық есепті формативті бағалау



бет44/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Сабақ бойынша рефлексиялық есепті формативті бағалау
Сабақ бойынша рефлексиялық есепті формативті бағалау үрдісі мұғалім мен тәлімгер арасындағы өзара әрекет ету іспеттес болғандықтан, тәлімгер мұғалімнің стандарттарға сай өзін-өзі бағалауы және келешекте кәсіби дамуын жоспарлауы мен тәлімгермен кері байланыс орнатуын көрсететін өзін-өзі кәсіби бағалауы жөнінде толық мәліметі болуы керек.

ӘБ жетекшісінің мұғалімнің рефлексиялық есебіне формативті пікір беруде төмендегілерді білуі маңызды:



  • Пікір қандай мақсатта беріледі?

  • Пікір қандай болуы керек?

  • Педагогикалық шеберліктің мәлімделген деңгейіне сәйкес қандай дәлелдемелер берілуі тиіс?

  • Дәлелдемелерге қандай талаптар қойылады?

  • Берілген дәлелдемелерге қатысты пікірді қалай жазу керек?

Профессор Джон Хэттидің зерттеуінде басқа факторларға қарағанда пікірдің жетістікке жетуге әсері мол екендігі көрсетілген. «Пікір оқушылардың оқу сапасына әсер ететін ең мықты фактор болып табылады» (Хэтти, 1987).


Гиббс пен Симпсон (2002) «оқытуды қолдайтын формативті бағалаудың он бір шартының жетеуі пікір беруге негізделген» деп атап көрсетеді.


Деңгейлік бағдарламалар бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру курсында мұғалімдерді оқыту үрдісінде пікірлерді қолданудан алынған тәжірибені ескере отырып, пікірлер ересектерді оқытуға, олардың кәсіби дамуына ықпалы болатындығы дәлелденген.


Мұғалімнің сабақ бойынша рефлексиялық есебін жазу барысының барлық кезеңдерінде мұғалімдерді сүйемелдеуде формативті пікірді қолданудың қажеттігін ӘБ жетекшілеріне жақсы түсінуге көмектесетін жауаптардың сұрақтарын қарастырамыз.


Бірінші сұрақ. Мұғалімнің сабақ бойынша рефлексиялық есебіне формативті пікір қандай мақсатпен беріледі?


Қазіргі заманауи мектептерге үнемі кәсіби дамуға қабілетті және өзінің кәсіби дамуы үшін қажетті бағыттар мен формаларды таңдай білетін мұғалім қажет. Білімді қайта жаңғырту жағдайында мұғалімге әріптестері, мектеп әкімшілігі жағынан, әсіресе аттестаттауға дайындық кезеңінде кәсіби қолдау көрсету қажет. Мұғалімнің кәсіби дамуы жөніндегі тақырыбы өзекті және білімдік тәжірибеде талап етіледі. Мұғалімге педагогикалық қолдауды жүзеге асыру үшін қолданылатын тәсілдер жекелей, дербестендірілген және жеке тұлғалық пен кәсіби даму мәнмәтінінде қойылған мақсатқа жетуге бағытталған болуы керек. Осыдан келе, мұғалімнің сабағы бойынша рефлексиялық есебіне формативті пікір оның кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында беріледі. Формативті пікірдің мазмұны мұғалімге өз есебінің жетіспейтін тұстарын көріп және оны түзету үшін көмектесетіндей болуы керек. Мысалы бағалаудың критерийлеріне сай есепте қамтылған дәлелдемелерді қайта қарастыру. Не болмаса, сабақтың құрамдас бөліктерінің: жоспарлау, оқыту, бағалау немесе сапаны бағалаудың біріне қатысты сапалы дәлелдемелер арқылы есепті толықтыру. Егер де ӘБ жетекшісі мұғалімге уақытылы сындарлы кері байланыс беріп отырса, онда мұғалім рефлексиялық есебімен жұмыс істеу барысында әлсіз дәлелдемелерін күшейтуге, толықтыруға, яғни жетіспей тұрған тұсын жетілдіруге мүмкіндігі болады.

Екінші сұрақ. Формативті пікір қандай болуы керек? Бәрінен бұрын мұғалім үшін берілген формативті пікір сындарлы, позитивті (жағымды) ұсыныстары түсінікті болуы керек. Мұғалімге сындарлы пікір берудің мақсаты оның рефлексиялық дағдыларын жетілдіруге ықпал ету және сабақ бойынша ұсынған рефлексиялық есебінде қамтылған тәжірибесінің дәлелдемелерінің сапасын күшейтуге көмектесу болып табылады. Формативті пікірдегі сөйлемдер қысқа, түсінікті беріліп, бір ойдың әр түрлі сөйлемдермен қайталанбауын қадағалау керек. Бірінші үш - бес сөйлем әр критерий бойынша дәлелдемелерге қатысты бағалау пайымдарын қамтуы қажет. Осы пайымдаулар арқылы мұғалім нақты қай дәлелдемелерінің күшті деп бағаланғандығын, есебінің құрылымдалуы мен дәлелдемелерінің сапасы: валидті, жеткілікті/жеткіліксіз, түпнұсқалылығы бойынша қандай қорытынды жасалғандығын түсінуі керек. Рефлексиялық есеппен жұмыс барысында рефлексиялаудың дәлелдемелеріне ерекше мән беріп, мәнмәтінге өзіндік жорамал жасамай, олардың критерийлерге сәйкестігіне назар аударуы қажет. Олардың аталуынан ақ мұғалім қандай дәлелдемелерді күшейту және бағалау критерийлеріне сәйкес толықтыру қажет екендігін бірден түсінетіндей болуы керек. Формативті пікірдің жазылу стилі қысқа және ресми болады. Жазылу тәсілі біртұтас, ең маңызды нәрсеге шоғырландырылған болу керек. Формативті пікірдегі сөйлемдер мұғалімнің жеке тұлғасының бағалануына бағытталмай, дәлелдемелердің бағалануына байланысты жақсыз түрде болуы тиіс. Мысалы, Оқытудың тиімділігі туралы қорытындылар рефлексиялық ойлаудың құрылымы сақталған жағдайда рефлексияның тізбектеле берілгендігін көрсететін сандық және сапалық ақпараттарды қамтиды. Оқытудың әлді, әлсіз тұстары ескеріле отырып, тиімділігі туралы қорытынды айқын қалыптастырылған кезде келешек оқытуды жоспарлау сабақтар циклі мәнмәтінінде болады. Бұл бірізділік өз рефлексиясын айқын ұйымдастыруға және болашақ кәсіби дамуын басқаруға мүмкіндік береді.


Формативті пікірді дайындау барысында есепте берілген рефлексия дәлелдемелерін оқып танысуға баса назар аудару керек. Рефлексия дәлелдемелеріне не жатады және сабақ бойынша рефлексиялық есептен оны қалай іздеуге болады? Егер де сабақ бойынша рефлексиялық есеп анық және мазмұны сабақтың құрамдас бөліктеріне қатысты (жоспарлау, оқыту, бағалау мен сапаны бағалау) бірізділікте, логикалық байланыста берілген болса, есептің дәлелдемелерін іздеу қиындық тудырмайды. Есепте қамтылған дәлелдемелер есептің мазмұнына қойылатын талаптар мен бағалаудың (талдау, бағалау, жинақтау) критерийлеріне сәйкестікті көрсетуі тиіс. Мұғалім өз есебінде рефлексия дәлелдемелері ретінде орын алған жағдаяттарды тек қана сипаттап бермей, «сабақта не болғаны туралы ой толғанысын» жазуы тиіс. Болған әрекеттердің (мәселелер, күтпеген жағдаяттар, жаңалық ашу) оқу мен оқыту үшін қаншалықты маңызды болғандығын бағалауды көрсету керек. Сабақтағы болған әрекеттердің болашақ ой-пікірлер мен әрекеттерге, білімдік қажеттіліктер мен мақсаттарға қаншалықты маңызды екендігі туралы қорытынды жасауы тиіс. [12] Дәлелдемелерді іздеуде берілген етістіктер көмекшілер ретінде


талдау үшін – танып білу,талдау, айыра білу, шешім шығару, бөліп шығару, байланыс орнату, таңдау, ажырату, салыстыру, қарсыластыру, мақұлдау, қорытынды жасау, сынау, категорияларға бөлу/топтастыру.


бағалау үшін – пайымдау/жорамалдау, баға қою, бағалау, салыстыру, қарсыластыру, сипаттау, сынау, баға беру, сұрақ қою, негіздеу;


жинақтау үшін–ұсыну, көрсету, құрылымдау, бүтінді құрастыру/кіріктіру, қалыптастыру, жобалау, түрлендіру, жоспарлау, қайта қарау, таңдау, басқару, жалпылау, шығару, шешім шығару, синтездеу, салыстыру, ұсынуқолданылады.


ӘБ жетекшісінің алдында тұрған міндет сабақ бойынша рефлексиялық есептің сапасына қатысты жасалған қорытындылар тек есепте берілген дәлелдемелерге негізделуі керектігіне мән беру. Бұл не үшін қажет? Бұл мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсетуге бағытталған біртұтас, сындарлы пікір қалыптастыру мен мұғалімнің рефлексиялық дағдысын жетілдіру мақсатында өзбетімен есебін өңдеуіне мүмкіндік беру үшін қажет. Демек, дәлелдемелерге қойылатын талаптар бойынша анықтаулар енгізу қажет. Сонымен, дәлелдемелер ең алдымен нақты, аутентикалық, ішкі қарама қайшылықтардың болмауы, педагогикалық шеберліктің белгілі бір деңгейі бойынша есептің мазмұны талаптарға сай болуы тиіс. Мысалы, егер мұғалім педагогикалық шеберліктің «мұғалім модератор» деңгейіне үміткер болса, онда мұғалімнің сабақ бойынша рефлексиялық есебінде міндетті түрде мұғалімнің әріптестермен бірлесе даярланған сабақты зерттеу жоспарына және оқушылардың қабілеттері мен ерекшеліктерін ескере отырып оқытуына талдау жасауының дәлелдемелері бойынша рефлексиясын көрсетуі тиіс. Ал егер де мұғалім педагогикалық шеберліктің «мұғалім-сарапшы» деңгейіне сәйкестігіне қатысты жазылған есеп болса, онда рефлексиялау дәлелдемесі ретінде мұғалімнің оқыту бағдарламасындағы пәнаралық байланысты көрсететін тәжірибені зерттеу аясындағы бір сабақ жоспарын талдай алуы көрсетілуі тиіс. Дәлелдемелерге қойылатын талаптар мұғалімнің үміттенген педагогикалық шеберлік деңгейіне байланысты болады.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет