Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет1/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Кіріспе

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер, бұдан әрі – ДББҰ) педагог қызметкерлерін және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау – педагог кадрларды бірыңғай бағалау бөлігі ретіндегі жеке педагог қызметкер әрекетінің призмасы арқылы «үздік қазақстандық дәстүрлер мен халықаралық тәжірибені қамтитын жаратылыстану-математика бағытында білім берудің инновациялық, көптілді жүйесінің моделін әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыру» – ДББҰ даму Стратегиясы мен Миссиясын жүзеге асыруға ықпал жасайды. Аттестаттау Зияткерлік мектептердегі педагог қызметкерлердің кәсіби тәжірибесін талдауды және озық үлгілерді анықтауды, кәсіби білім мен дағдыларды практикалық мәнмәтінде бағалауды, Зияткерлік мектептерде білім беру сапасын жетілдіруге жағдай жасайтын кәсіби дамуды ынталандыруды қамтиды, және педагог қызметкерлер біліктілігінің мұғалім-машықтанушы, мұғалім, мұғалім-модератор, мұғалім-сарапшы, мұғалім-зерттеуші, мұғалім-шебер деңгейлік жүйесін қарастырады. Аттестаттаудың мақсаты педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігін бағалау негізінде біліктілік сипаттамаларға сәйкестігін, сондай-ақ кәсіби жетістіктерді және үздіксіз кәсіби даму болашағын анықтау болып табылады.


Аттестаттау шеңберіндегі мұғалім қызметін бағалаудың негізгі міндеті – мұғалімнің кәсіби даму үдерісіне тұрақты қатысуы. Бағалау мұғалімді өзінің педагогикалық тәжірибесіндегі қиыншылықтарды талдайтын, оларды жеңу жолдарын іздейтін, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын зерттеуші позициясына қояды.


Білім беру сапасы рейтингі бойынша алдыңғы қатарда тұрған елдердегі (мысалы, Жапония, Сингапур, АҚШ, Финляндия т.б.) мұғалім қызметін бағалау (teacher performance appraisal/evaluation) тәжірибесін талдау мектепішілік бағалаудың қажеттілігін көрсетеді. Бұл ретте, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен жетістіктері сабақты жоспарлау, оқыту және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауы арқылы қарастырылады.Мониторинг үдерісінде мұғалім қызметінің тиімділігі бағаланады, бірінші кезекте, оқушылар қандай нәтижелер көрсететініне назар аударылады.


Бүгін білім беру саласындағы жаһандық өзгерістер әсерінен мұғалімдердің кәсіби қызметінде мазмұнға және оқыту әдістемелеріне, оқушылардың жетістіктерін бағалау құралдарына қатысты елеулі өзгерістер енгізілуде. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің даму тенденциялары, мысалы, үздіксіз білім беру жүйесіне көшу мен қашықтан білім беру маңыздылығының өсуі, сондай-ақ ғылыми және кәсіби білімнің қарқынды жаңартылуы, мұғалімдердің өздеріне де әр түрлі талаптар қояды. Олардан кәсіби құзыреттілікті үнемі дамытуды талап етеді.Қазіргі жағдайда педагогқа тәжірибесін жетілдіруге біліктілікті арттыру ғана емес, шығармашылық даралығын дамыту, жаңалықтарды саралап, тиімділерін өз тәжірибесіне енгізу, үнемі өзгеріп отыратын білім беру ортасына бейімделуге бағытталу маңызды.


Мұғалім қызметін бағалау кәсіби тұрғыда қалыптасуға ішкі уәжді күшейтуге, кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға ынталандырады, шығармашылық ізденісті жандандырады, субъектілік ұстанымын қалыптастыруға әсер етеді.




Бағалау оқыту және оқу үдерісінде маңызды және ажырамас рөл атқарады, және ол тек емтихандар мен бағаларға ғана байланысты емес. Бағалау да оқу тәрізді өте күрделі үдеріс болып табылады, мұғалімдер өз тәжірибесін дамытатын және жетілдіруге қолдау жасайтын қағидаттарды жақсы түсінуі тиіс.

Бағалаудың барлық түрлері жалпыға ортақ сипаттамаларға ие, оларға:



  • мұғалім қызметін бақылау;

  • кәсіби даму мақсатына қатысты дәлелдемелерді талдау;


  • дәлелдемелерді талдау негізінде, шешім қабылдау үшін қолданылатын қорытынды шығару.

Бағалау әр түрлі мақсаттар үшін қолданылады:

  • қиындықтарды (немесе жетістіктерін) анықтау– кәсіби қызметіндегі мәселелерді диагностикалау, мысалы, талантты және дарынды оқушыларды оқыту; содан кейін арнайы түзете оқыту мен қайта диагностикалау жүргізілуі мүмкін;

  • кәсіби даму мақсатына жетудегі ілгерілеуді дәлелдейтін кері байланыс;

  • болжау–болашақ өзгерістер мен тәжірибені дамытуды болжау үшін бағалау;

  • біліктілік талаптарына (стандарттарға) сәйкестігінбақылау және оған қол жеткізу– мұғалімгепедагогикалық шеберлік деңгейін беру оның кәсіби даму мақсатына жеткеніне кепілдік береді




Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет