Кіріспе Негізгі бөлім


Өнертабыска патент беруге өтінім сараптамасы екі кезеңнен тұрады



бет3/3
Дата08.12.2023
өлшемі25,22 Kb.
#195816
1   2   3
Байланысты:
срс 12 они

Өнертабыска патент беруге өтінім сараптамасы екі кезеңнен тұрады: Ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізу. Ресми сараптама жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Патенттік Заңының 17- бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың болуы және оларға қойылатын белгіленген талаптардың сақталуы тексеріледі. Өтінімнің құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берілген өтінім бойынша өтінім берушіге ол жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде түзетілген немесе жок кұжаттарды ұсыну ұсынысы бар сұрау салу жіберіледі. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталған соң сараптама жасау ұйымы өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді. Өтінімнің мәні бойынша сараптамасы Сараптама жасау ұйымына өтінімнің мәні бойынша сараптамасының төленгенін растайтын кұжатты ресми сараптама нәтижесі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынған жағдайда жүргізіледі. Өтінімнің мәні бойынша сараптамасы мәлімделген ұсынысты өнертабыс ретінде корғалатын объектілерге жатқызу мүмкіндігін анықтауды, техника деңгейін анықтау үшін мәлімделген өнертабыска катысты ақпараттык іздестіру жүргізуді, мәлімделген объектінің (объектілердін) өнертабыс бірлігінің талаптарына және Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабында белгіленген патентке қабілеттілік шарттарына сәйкестігін тексеруді қамтиды. Егер өтінім өнертабыс ретінде корғалмайтын объектілерге қатысты болса, өтінім берілген өнертабыс өтініш беруші сұраған кұкыктык қорғау көлемінде өнертабыстың патент қабілеттілігі талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған кезде және өтінім беруші ұсынылған формулада өтінімнің бастапқы материалдарында жок белгілердің болуы туралы немесе өнертабыс ретінде корғалатын объектіден баска, өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бірлігі талаптары бұзылуына байланысты карау өткізілмегені туралы хабарланғаннан кейін өнертабыс формуласын өзгертпесе Өтінім берілген өнертабыс өтініш беруші сұраған құқықтық қорғау көлемінде өнертабыстың патент кабілеттілігі талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған кезде өнертабыска патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады. Өтінім беруші сараптама жасау ұйымының патент беруден бас тарту туралы шешімі жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде уәкілетті органға қарсылык бере алады. Қарсылықты шағым кеңесі ол түскен күннен бастап төрт ай мерзімде карауға тиіс. Егер өтінімге мәні бойынша сараптама жасау нәтижесінде сараптама ұйымы өтінім беруші сұрап отырған құқықтық коргау көлеміндегі мәлімделген ұсыныс Патент заңының 6-бабында айқындалған өнертабыстың патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келетінін анықтаса, онда өнертабыска патент беру туралы шешім шығарылады.


Қорытынды.
Өтінім берушіге сараптама ұйымының патент беру туралы шешім кабылдағаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өтінім беруші сараптама ұйымына патентті беруге дайындағаны және жариялағаны үшін тиісті төлемді растайтын құжатты ұсынады. Көрсетілген кұжат ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемінің төленгені туралы кұжат ұсынылған жағдайда төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтінім кері қайтарып алынды деп есептеледі, өтінім бойынша іс жүргізу токтатылады, бұл жөнінде өтінім беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі. Өтінім беруші патент беруге және жариялауға дайындағаны үшін төлемді растайтын кұжаттарды және қажет болған жағдайда мерзімінен бұрын жариялау туралы өтінішті ұсынған жағдайда, "ҰЗМИ" РМК өнертабыстардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізеді, электрондық бюллетеньде беру туралы мәліметтерді жариялайды, өнертабыска патент дайындайды. "ҰЗМИ" РМК патентиеленушіге патент беруді колма-кол немесе пошта кызметі арқылы жүзеге асырады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Саидов А.М.,ЖангабыловаН.Д.,Аманжол Б.С«Ғылыми зерттеулер әдіснамасы»: Оқу құралы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, 2021. - 135 6.
2.https://ksu.edu.kz/files/TB/book/abf/2_metodologiya_kz.pdf



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет