Кіріспе Негізгі бөлім


Өтінім және оған қоса берілген құжаттар



бет2/3
Дата08.12.2023
өлшемі25,22 Kb.
#195816
1   2   3
Байланысты:
срс 12 они

Өтінім және оған қоса берілген құжаттар
Өнертабысқа өтiнiмде мынадай құжаттар:
1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiш, 2 дана;
2) бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашылған сипаттамасы, 2 дана;
3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негiзделуге тиiс, 2 дана;
4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар, 2 дана;
5) реферат, 2 дана;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат;
7) формальды сараптама жүргiзгені үшін ақы төлеуді қоса алғанда, өтiнiм беруге ақы
төленгенiн;
8) төлем мөлшерін азайту негізін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектері, мүгедектер, жалпы білім беретін мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер үшін – тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама,
Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - кәсіпорын жарғысының көшірмесі).
Өтінімнің құжаттары Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы No 1349 бұйрығына 2-қосымшасына сәйкес бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес рәсімделуі тиіс.
Өнертабысқа өтінімдер қабылдау және формалды сараптама жүргізу, сонымен бірге өзге жұмыстар мен қызметтерді көрсеткені үшін төлем «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» директорының 2019 жылғы 3 каңтарындағы No 2 нқ бұйрығына сәйкес мөлшерде алынады. «ҰЗМИ» РМК бағалардың толық тізімімен осы жерде танысуға болады.
Өнертабысқа өтінім бойынша төленуі тиіс төлемдердің негізгі түрлері келесідей:
•Өнертабысқа өтінімдер қабылдау және формалды сараптама жүргізу;
•Өнертабысқа өтінімді мәні бойынша сараптау;
•Өнертабысқа қорғау құжатын беру және оларды тіркеу туралы мәліметтерді
Мемлекеттік тізілімде жариялау бойынша жұмыстарды жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет