Кіріспе XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы



бет6/14
Дата08.02.2022
өлшемі182 Kb.
#130874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз, 19ғ әдебиетінің зерттелуі, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
Аударылмас қара кеме-ді,
Қандыауызға сырлап салған жебе-ді,
Хан ұлы төре-ді,
Би ұлы шорадай,
Қан жұқпас қайқы қара болат өтпеген,
Мақтауына адам тауып жетпеген,
Бұ жиынның ішінде,
Ер Жақсымбет аға бар.
(Ер Шобан)
Ер Шобан жырынан келтірілген бұл үзіндідегі ауыстырулардың да жасалуы жағынан алғашқы мысалдардан өзгешелігі шамалы. Айырмасы мұнда “еді” көмекші етістігі “-ді” түрінде ғана келеді (төбе-ді, сүбе-ді, т.б.). Бұл – жырдағы көнелік сипаты. Әйсе де, Жақсымбет батырдың ерлігі мен азаматтық келбетін келістіре суреттеп, тыңдаушы әсерін тереңдете түсу үшін оны хандар шыққан төбе-ді, қабырүадан бүтін шыққан сүбе-ді, аударылмас қара кеме-ді, қандыауызға сырлап салған жебе-еді, хан ұлы төре –еді дегенін аңғару қиын емес.
“Едім”, “едің”, “еді” көмекші етістіктері көмегімен жасалған метафора түрлерін талдаған тұста айта кетер жәйт ақын, жыраулар мұрасында “мен едім”, “сен едің”, “ол еді” дегендей балап отырған, яки балайтын нәрселері түп-түгел келе бермейді, “едім”, “едің”, “еді” көмекші етістіктеріне қарап, “мен”, “сен”, “ол” сөздерінің айтылмағанын шамалаймыз, тіпті ол сөздерді керек те етпейсіз, академик Қ.Жұмалиев сөзімен айтқанда: “оларды сөйлемнің мағынасына қарай ұғуға болады”.
Ақын, жыраулардың терме толғауларында “екен” көмекші етістігі көмегімен жасалған ауыстырулар да мол ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет