Кіріспе XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы



бет2/14
Дата08.02.2022
өлшемі182 Kb.
#130874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз, 19ғ әдебиетінің зерттелуі, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
ІІ. Негізгі бөлім


Жыраулық поэзиядағы көркемдік өрнектер

XV-XVІІІ ғасыр ақын, жырауларының өмірі мен шығармашылығы хақында бірқатар зерттеулер жарияланды. Демек, XV-XVІІІ ғасырлардағы сөз зергерлері оқушы қауымға біршама жақсы таныс. Әйтсе де, бұл дәуірдегі ақын, жыраулар мұрасының әлі ашылмаған қыры мен сыры аз емес. Солардың бірі – ақын, жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшеліктері. Әрине, шағын еңбекте үш-төрт ғасыр поэзиясының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін түгел байыптап беру мүмкін емес. Сондықтан мен ақын, жырлардан жеткен асыл мұралардың басты-басты өзіндік өрнек көркемдік құнарын байыптап қарадым. Себебі көркемдік өрнек ерекшеліктер ақын, жыраулардың жан сезімі мен ой қиялын, арман-мұратын, өз дәуіріне, сол кезеңдегі тарихи елеулі оқиғалар мен белгілі адамдарға деген көзқарасын, сайып келгенде, суреткер мұрасын шынайы танып-білуімізге мүмкіндік береді.


а) Батырлар келбеті, сайгүлік сипаттары

Әдетте, автор тарихи жағдайда, өмір шындығына өң беріп, ой қосады, демек көркем шығарма дәл тарих емес, суреткер қиялына бөленген өмірдің көркем шежіресі.


XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы туралы да осыны айтамыз. Әйтсе де, бұл дәуір мұраларында ақын, жырау қиялынан туған образ кездеспейді. Көбінесе жыраулар ақындар поэзиясындағы мекен, кісі аттары тарихи деректерге сәйкес келеді.
XV-XVІІІ ғасырлардағы жыраулар мен ақындарда жан-жақты сомдалған адам образы болмағанмен шебер бейнеленген портреттер мен мінездеулер, батырдың жан күйін суреттеу эпизодтары, батырлар мінген сайгүлік сипаттары біршама кездеседі. Ал, мінез-құлық нормаларын жақсы-жаман әдеттерді қарама-қарсы қойып шендестіре суреттеу адам образын бейнелеуге барар жолдағы нышандар еді.
Ақын, жыраулар өз дәуірінің белгілі батырлары мен хан, билерінің сыртқы, ішкі сипаттарын бейнелеген. Халық әуелі жұртқа танымал тарихи адамдарды ғана құмарта тыңдаса керек.

... Бәрін айт та, бірін айт,


Қабағын қара сусар бөрік басқан
Жауырынын күшіген жүнді оқ жанышқан,
Қалжуардай шаншылған,
Күшігіндей шоңқайған,
Жұрт үшін қарауылға көп тұрған,
Сексен сегіз аңдыған,
Еңсесін түбекпенен жауыртқан,
Еңкейгенін жазбаған,
Он екі құрсау жер айыр,
Қара мылтық жұмсаған...
Міне, бұл “Ер Шобандағы” жақын батырдың портреті.
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қара ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті,
Айдаса қойдың көсемі,
Сөйлесе қызыл тілдің шешені,
Ұстаса қошағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Билер өтті – би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлт болып айды ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің,
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан
Сүйіншіұлы Қазтуған!
(Қазтуған)
Сан алуан эпитеттер ұлғайған метафораны қатар қолдана бейнелеген бұл үзіндіде Қазтуған батырдың ішкі һәм сыртқы сипаттары да бар. Сондай-ақ Асан толғауларында “Ай, хан, мен айтпасам білмейсің” тирадасында өркөкірек, менмен, тәкаппар ханның сыртқы бейнесі көз алдыңызға келеді.
Ал, Бұқар Бөгембай батырдың ерлігін баса айтып былай мінездейді:
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған.
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған.
Ақын, жыраулар батырлар мінер сайгүліктер мен тұлпарларды да тамылжыта шебер суреттеген:
Келбетіне қараса,
Омырауы даладай,
Әлпетіне қараса,
Сырлап соққан моладай.
Жан-жағына қараған,
Жал-құйрығын тараған,
Жолбарыстай жөн түзген,
Ашх күзендей бүгілген,
Ор киіктей жүгірген,
Табаны жалпақ тарлан боз,
Таңдап мінер ме екенбіз?!
От басар орны отаудай,
Қабырғасы халық орнаған жансаудай,
Ор қояндай қабақты,
Сары мысықтай азулы,
Саптыаяқтай ерінді,
Қиғаш қамыс құлақты,
Қидасын кәрі жілікті,
Омырауы есіктей,
Ойынды еті бесіктей,
Табаны жалпақ тарланды,
Таңбалап мінер ме екенбіз?!
(Ақтамберді)
Жауынгер жырау Ақтамберді армандаған мықты да берік, сұлу да сымбатты, жүйрік те төзімді арғымақтар мен тұлпарлардың сыртқы бейнесі осындай. Мұндай шынайы да шебер суреттеу арғымақ баптап, мал шаруашылығымен айналыспаған елдің ақындарының қолынан келе бермеуі мүмкін. Ат бейнесін суреттеудегі осындай сыншылдық Ақтамберді дәуірінен бері талай ақынға өнеге болды. Бәр-бәрін санамағанның өзінде Бұқар, Абай, Ілияс шығармаларындағы ат бейнелері – қазақ поэзиясындағы үздік өрнектер.
Бұқар жырау “Ай, айтамын, айтамын” толғауындағы “құлында емген, тайда емген” тирадасында “кекілін қаздай тараған, тостаған көзді торыны” бағзы ауыз әдебиеті дәстүрінде тебірене сипаттаған және адам өмірін әрбір кезеңге сай санамалап суреттеу әдісін мұнда да қолданады (құлын, тай, құнан, дөнен, бесті, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он жасына орай)

ә) Образдарға тән нышандар


Ақын, жыраулардың, бейнелеу әдістерінде юмарлық, сатиралық, трагедиялық, қаһармандық, романтикалық образдарға тән нышан элементтер де байқалады.


Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ,
Әншейін еңкейе беріп жылысты.
(Тәтіқара)
Қалмақпен шайқас кезіндегі Абылай әрекетін бейнелеуде осылайша зілсіз жеңіл ғана әжуамен сынап өтеді. Ал, Асанның “Ай, хан, мен айтпасам білмейсің”, Бұқардың “Атаңды білмес құл едің”, Шалдың “Басеке, мал, жануар басқа бітер” деп басталатын тирадаларында сатиралық образ детальдары елес береді. Ал, Доспамбеттің “Арғымаққа оқ тиді” тирадасында жауынгер жырауды бейнелеуде әрі трагедиялық, әрі қаһармандық, Үмбетей, Бұқар жырауларындағы Бөгембайды суреттеуде қаһармандық образ көріністері аңғарылады.
Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз арайлап,
Ай нұрын ұстап мінсе де
Қызыққа тоймас адамзат!
Бұл – жыраулық тебіреніспен көтеріңкі рухта келетін романтикалық сипаттағы бейнелеу. Осынау жолдардағы бұрын қиял, арман көрінген бірқатар жәйттар қазіргі дәуірде қол жеткен шындыққа айналды. Әр дәуірдегі озық ой, қисынды қиял, асыл арман осылайша келешекпен табысып, ақиқатқа айналып отырған.

б) Суреттеу тәсілдері


Жыраулар поэзиясындағы дәстүрге айналған бір көркемдік тәсіл – санамалап, нақпа-нақтап суреттеу, жеке-жеке мінездеу. Ер Шобан толғауларындағы әрбір батырды мінездеу тәсілі кейінгі көптеген ақын, жырауларға үлгі болған. Бұл дәстүрді Қалнияз “Ер Қармыс” жырында, Мұрат “Шәлгез” толғауында жалғастыра, дамыта түскен.


Саф арғымақ сайлаған,
Найзасына жолау байлаған,
Қабардының Биғазы
Жүйрігіне шыдамай
Желіп шықты көк тауға
Қайт-қайт деймін-қайпайды,
Қайтқанын намыс көргенге ұқсайды.
(Ер Шобан)
Алдыңғы бес жол жыраудың әрекетті суреттеуі, соңғы екі жол өз ойы.
Кейбір толғаулардың алғашқы жолы сұрақпен басталып, қалған жолдары жауап күйінде келеді(Асан қайғы: “Бұл заманда не ғарып”). Ақын “Бұл дүниеде не жетім?” толғауында қолданған. Ақын жыраудың негізгі ойы - толғау мазмұны жауап бөлімінде қамтылады.
Ақын, жырау толғауды ақыл, нақыл күйде өтіп жатқан оқиғадағы құбылысты дағдылы баяндау ретінде бастап, соңынан өзі қорытып отырады.
Сары аязда қата ма,
Қайнардың аққан тұнығы?!
Қап түбінде жата ма,
Болаттың асыл сынығы.
Халқы тозып кем болмас,
Әділ болса ұлығы.
Негізгі ой соңғы екі жолда. Сондай-ақ Бұқардың “Асқар таудың өлгені”, “Жал, құйрығы қаба деп” толғаулары да осы іспеттес. Алғашқысында жырау өмір сырын әрқилы мысалдармен нақыл күйде суреттей келіп, соңынан қорытынды жасайды (“Жақсының аты өлмейді, әлімнің хаты өлмейді”). Екінші толғау ақыл күйінде басталып, нақыл ретінде бітеді (“Жақсыдан жаман туса, тартпай қоймас негізге”).
Бірқатар толғауларда ақын, жырау өзі туралы мәлімет береді, не өзінің шабыт-дарынын, ата-тегін т.б. деректерімен таныстырады. Бұлар – ақпа-төкпе ақын, жыраулардың шабыты қозып, рухы көтеріліп, қанаттана түскен сәттерінде туатын жыр жолдары, әрі тыңдаушымен арадағы қатынасты нығайтып, ерекше әсерге бөлеп, баурай түсудің көне дәуірден келе жатқан тиімді тәсілі. Мысалы, Бұқар “Шашырап қандар көп, шашау жатқан малдар көп, қайсы бірін айтайын, айта берсем сөздер көп” деп бастап барып, әрі қарай өрбіте түседі.
Ал, Шал ақын “Домбыра қолда қарағай, қолға да оны алған соң, жүйрік туған ағаңыз, арыдан бері тербетер” дейді. Мұндай мысалдар көп. Толғау арасында кездесетін ақын, жыраудың өзі туралы тебіренісі кейде толғаудың басында, кейде орта жерінде, не аяғында да келеді.
XV-XVІІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар мен ақындардың көпшілігінің эпостық жырларды тудыруға қатысы болған не кәрә әжесіндей сол жырлардан өнеге алған. Сондықтан да ақын жыраулар толғауларының компазициялық құрылысында эпос әсері айқын аңғарылады. Ол заңды да (Бұқар: “Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды. Жырлағанда не дейді, соғыспа деп жырлайды...”).
Жыраулар поэзиясының компазициялық құрылысындағы бір ерекшелік – жыр жолдарындағы сөздердің, не басқы буындардың қайталанып келуі (“Асан қайғы: Ұсар ма, билер,ұсарма?”, Қазтуған: “Алаң да, алаң-алаң жұрт”, Шәлгез: “Алп, алп басқан, алп басқан” “Ор, ор қоян, ор қоян”, “Ау, бөрілер, бөрілер”, “Алып, алып ал сақын”, “Асқар, асқар, асқар тау”, Доспамбет: “Сіреу, сіреу, сіреу қар”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, Ер Шобан: “Ол тұрысқан, тұрысқан”, Жиембет: “Ей, қыңырер, қыңыр ер”; Ақтамберді: “Көк көгершін, көгершін”, “Бұлан да, бұлан, бұлан сан”, “Жел, жел есер, жел есер”, Бұқар: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әй, заман-ай, заман-ай”, “Ай, айтамын, айтамын”). Мұндай қайталаулар көбінесетолғаудың, яки шумақтың басқы тармағында кездеседі. Қайталаулардың бірқатарында жырау бір нәрсеге, сосын барып, ол туралы өз толғамын ағытады( Тоғай, тоғай, тоғай су, т.б.). кейбіреуінде жырау адамға қарата сөйлеп, тікелей тіл қатады.( “Ау, бөрілер, бөрілер”, “Әй, заман-ай, заман-ай”, т.б.).
Жыр жолдарындағы сөздер мен буындардың қайталанып келуі жыраулар мұрасынан өнеге алған XІX, XX ғасыр басындағы, тіпті қазіргі халық ақындары шығармаларында да кездеседі. Жыр айту процесінде Шашубайдың “Сөйле, Шашеке”, Өскінбайдың “Ой, шіркіннің ағылуын-ай” деп өздеріне дем беріп, қанаттандырып айқайлап отыратыны сияқты біз айтып өткен қайталаулар жыраулардың тебіреніс, толғанысына, шалқып, мамырқануына кең тыныс, мол мүмкіндік беретін тәсілі болғанға ұқсайды.
Ақын, жыраулардың өз атынан маналог ретінде, не кезектесіп диалог ретінде келетін толғау, өлеңдері көп емес. І жақта маналог ретінде өз атынан айтылатын өлеңдер өзгелерден гөрі Шал ақында барырақ (“Әр жерде қадір, құрмет көрген жанмын”, “Түседі өлең десе қайғы шерім”). Ал, Ер Шобан толғауындағы Биғазы мен Шобан сөздері, сондай-ақ “Шал ақын мен дегдар қыз” сияқты Шалдың бірқатар өлеңдерін ғана диалог үлгісі ретінде қарауға болады.
Кейбір толғауларда хиссағ эпос дәстүрімен жыр қара сөз аралас келеді. (Ер Шобанда, Жиембеттің Есім ханға айтқан толғауларында).
Ақын, жыраулар поэзиясының пікір, ой өрбіту, жырлау жүйесіндегі осы мысалдардың өзі толғаулардың компазициялық құрылысындағы олар қолданған көркемдік әдіс, тәсілдердің сан алуан болғандығын байқатады.
Жыраулар мен ақындар халық тілі қазынасынан мол сусындап оның бейнелі де өрнекті, отты да өткір, мағыналы да қанатты түрлерін өз шығармаларында мол пайдалана білген, һздері де халықтың сөз қазынасына елеулі үлестер қосқан.

в) Құбылтулар


ақын, жыраулар өмір құбылысын суреттеуде бейнелі де бедерлі, құнарлы да қуатты, мағыналы да мәнді, отты да ойлы сөздерді мол қолданған. Ақын, жыраулар мұрасынан ажарлап яки құбылтып, құлпыртып қолданған көркемдік тәсілдерді көптеп кездестіреміз. Солардың бірі – ауыстыру (метафора) мағынасында ұшырасады.


Академик Қ.Жұмалиев “Абай поэзиясының тілі” аталатын еңбегінде құрылысы жағынан алғанда Абайға дейінгі қазақ поэзиясында метафораның бес түрі бар екендігін жазған. Бұл негізінен ауыз әдебиеті мен XV-XVІІІ ғасырлардағы ақын жыраулар мұрасынан да Қ.Жұмалиев айтқан бес түрлі жолмен жасалатын метафора түрлерін түгел кезіктіреміз. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет