Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет10/20
Дата26.01.2022
өлшемі461,01 Kb.
#115044
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесін жетілдіру Абилова Б СМДО 2к-2ж
3сынып-1 ТЖБ 1четв
Талантты балалардың шығармашылығын дамытудағы ойлау, қиялдау жуйесін анықтау

Эсперименталді зерттеулердің салыстырмалы түрде таратылуы үшін төмендегідей кезеңдер белгіленген:

  1. Эксперимент бағдарламасын және жоспарын құру.

  2. Сынау және бақылау топтарын таңдау, өткізу мерзімін анықтау.

  3. Бастапқы мәліметтерді алу.

  4. Тесттік тапсырмаларды іздеу.

  5. Эксперимент жолдарымен басқару.

  6. Зерттеу мәліметтеріне сараптама жасау

  7. Шығармашылық қиял елесі мен эмпатиялық дамуының жұмыс бағдарламасын және ұйымдастыру жұмыстары туралы мәлімет.

  8. Мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс тәжірибесіне алынған нәтижелерді ендіру.

  9. Әдістердің қаншалықты тиімді екенін анықтау.

Аталған зерттеулер Астана қаласында,, «Балдәурен» мектепке дейінгі мекемесінде өткізілді. Жалпы эксперименталды топтың саны 20 мектепке дейінгі жас балалар. Осы топта эмпатия және шығармашылық елесінің дамуы біздің ұсынған әдіс-тәсілімізбен жүргізілді. Бақылау тобына да 20 осы жастағы балалар қатысты.

Бұл топтағы тәрбие және оқыту типтік бағдарлама негізінде жүргізілді. Жұмыстың ІІ кезеңінде педагогикалық эксперимент жүргізіліп, оның мақсаты ретінде біз ұсынған әдіс-тәсілдерден бала сферасының сезімдігіне деген тиімділіктерін зерттеу болып саналады. Мұны біз бірінші рет тест арқылы анықтап, балалардың эмпатиясының және шығармашылық қиял елесінің деңгейін зерттедік. Комплекстік мектеп жасына дейінгі дарынды, ақылды балаларды зерттеу проблемасында жұмыс арнайы зертханаларда баланың мүмкіндігі, ерекшелігі және шығармашылығы, балалығын айқындау, мектеп жасына дейінгі үлкен дарынды балалар тобындағы өзара қарым-қатынасын, арнайы жүйелілігін зерттеу қадамын ерекшеледі.

Осы мақсатта төмендегідей әдістемелік құралдар пайдаланылды: «Екі үй» - әдістемелік құралы балалардың жеке басының қарым-қатынасын және топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасының құрылымын айқындауға бағытталды. Оны айқындауда балалар дұрыс және бұрыс таңдаудың топ арасындағы барлық мүшелердің қарым-қатынасында орындау керек. Топтағы арнайы балалардың біреуін өзі еске түсіреді ме, әлде эксперимент жүргізушілердің еске түсіруінен кейін бе, таңдау нақты жүйемен эмоционалдық қарым-қатынас белгісіне лайық бағаланды. Нәтижесінде: топтың әр мүшесінің социометриялық статусының индексі және қарым-қатынас коэффиценті авторлардың бірнешеуі өзара қарым-қатынастың ең маңызды жайлы қалыптасуын айқындауда байқалады.

Мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың бала-бақшаның жай тобындағы өзара қарым-қатынасын зерттеулерді әдістемелік құрамын салыстыру мүмкіндігі үшін қосымша Т.П. Репинаның «Секрет-Құпия» әдістемесі пайдаланылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде іскерлік қарым-қатынасқа ең бірінші, балалардың ойын үшін қарым-қатынасы және ойындық қарым-қатынастық құрылымының көрінісі айқындалады. Бұл зерттеуде тек ойындағы балалардың қарым-қатынасын байқау мүмкіндігі ғана енген.

Бұл жерде бар зейін олардың көптігіне, оның сапалық көрінісіне негізделген: ортақ ойын қалай ұйымдастырылады, жоспарланған тапсырмалардың өтініштерін орындап балалардың тапсырмаларының барысы қандай екендігі; ортақ іскерліктің функциясының бөлінген формасы үшін шешім қабылдау, ортақ проблеманың қойылуы, шешімдердің ортақ шешілу әдісіне бөлінеді. Сабақтағы балалар әрекетіне бақылау жүргізілді, дарынды балалардың топтағы ортақ шешіміне лайық жүйеленген іздеу жұмыстарын жүргізуде, ортақ меңгеру іскерлігін ұйымдастыруда, сонымен қатар бұл жерде топтағы іскерлік қарым-қатынастың нақтылығы көрінуі керек. Зерттеуде басқа да әдістер пайдаланылды: «Три желания-үш арман», «Адам суреті», «Ойын бөлмесі» «Өмір сүрмейтін жануарлар».

Зерттеу екі топта жүргізілді: жоғары қабілетті дамыған дарынды балалар тобында және бала-бақшаның жай тобында. Топтар саны жағынан бір-біріне сәйкес және лайық болды. Салыстырмалы жүргізілген зерттеуде мынаны айтуға болады: жоғары деңгейде қабілеті дамыған дарынды балалардың өзара қарым-қатынасы және ортақ тәрбиесі жәй бала-бақшадағы балалардың өзара қарым-қатынасынан өзгешелеу, бөлек. Дарынды балалардың өзара қарым-қатынасы жеке - бастың және іскерлік қарым-қатынас деңгейінде ерекше көрінісін табады. Ортақ жеке бастың қарым-қатынасты зерттеудің көрсетуінше, дарынды балалардың құрылымдық тобында өзара қарым-қатынаста шағын статустық топтар (І, ІV) болған жоқ: эмоционалдық бөлініп тасталынған балалар болған жоқ, «эмоционалдық лидерлер» де болған жоқ.

Құрылымда ІV статустық топтың болмауы дарынды балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде жайлы эмоционалдық мінез-құлықтың барлығын көрсетеді. Алайда сұрақ туындайды, бұл топ үшін жайлы арнайы жүйеліктің маңыздылығы қандай? Бұл сұраққа жауапты мектеп жасына дейінгі ересек балалардың тобындағы статустық категорияны салыстыру және социометриялық таңдаудың бір тұтастығын талдауда жауап негізделеді. Әдістемелік құралды пайдаланғанға да қарамай, дарынды балалар тобында басқа топтағы құрбыларымен салыстырғанда, олардың көп мүшелері топтық өзара қарым-қатынастағы құрылымда жайлы орынға ие болған.

Дарынды балалар тобында эмоционалдық жайлы таңдаудың, қарым-қатынастың басқа топқа қарағанда, көп және маңыздырақ, қызықтырақ болғандығын социометриялық таңдау картасынан байқадық. Бұндай ерекшелік басқа авторлардың дарынды балалардың өзара қарым-қатынасымен салыстырғанда да байқалады. Атап айтсақ «Құпия» әдістемесінде мектеп жасына дейінгі үлкен балалар тобында өзара таңдаудың 28% -ке дейін кездесетінін айқындайды. Осындай көрініс бала-бақшаның жай тобында да байқалады, топтағы жоғарғы даму көрсеткіші балалардың істеген барлық таңдауларының 61%-ті өзара түсініскен ортақ болды...

Қабілетті балалар тобындағы қалыптасқан өзара қарым-қатынастың ерекшелігі бар екендігін осыдан қарап айтуға болады. Бұл топтың көп мүшелерінің өзара қарым-қатынасының құрылымы өзіндік жайлы орыны бар екендігі, олардың бір-бірімен эмоционалды-жайлы , тұрақты жақын қарым-қатынаста біріккендігі байқалғанды. Бұндай қорытындыны балалардың өз таңдаулары жайлы түсініктемесінің талдауы да дәлелдейді. Бала-бақшаның жай тобының балалары өз таңдауы, қалауы жайлы толық қанды түсінік бере алмады немесе жауап беруге қиналды, ал дарынды балалар дәлелді жан-жақты жауап бере алатындығын осы қорытынды дәлелдейді.

Т.А. Репинаның мәліметі бойынша, 1 статустық категорияның социометриялық құрылымының жоқтығына қарамастан, дарынды балалардың озара қарым-қатынасының ерекшелігі байқалды, алайда бүндай жағдай ересек топта анда-санда кездеседі.

Сабақты жүргізу барысында балалардың рөльдерін анықтау үшін мақсат қойылған жоқ. Бұл жерде рөльдегі позицияларды түсіндіру қажет.Көрнекілік ретінде бірінші моделді келтірейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет