Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет9/20
Дата26.01.2022
өлшемі461,01 Kb.
#115044
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесін жетілдіру Абилова Б СМДО 2к-2ж
3сынып-1 ТЖБ 1четв
2 Дарынды балалардың шығармашылығын зерделеу бойынша эксперименттік жұмыс

2.1 Зерттеудің ұйымдастырылуы мен тәсілдеріне сипаттама

Дарынды балалардың бәсекелестігі сабақ кезінде байқалады, тіптен олардың алдында арнайы бірлескен іс-әрекеттерге ұйымдастыру кезінде де, балалар өз пікірлерін талқыламай, керісінше оны ересектерге білдіріп өздерінің білімдерін таныта біледі. Тіптен кейбір жағдайда балалар басқалардың жауаптарына назар аударып кейбір жағдайда ойын арқылы өздерінің құрастырулары ретінде көрсетеді. Егер бұл іс-әрекет жалпы нәтижелі болса, көп жағдайда бірыңғай функциялары ретінде таратып басқаларын көрсете біледі. [50,56]

Дарынды балалар тобындағы іскерлік қарым-қатынастарының қасиеттерін талқылай келе, ыдырау кезіндегі кемшіліктер өздерінің жалғастарын табуда. Ал келесі бір жағдай ол сабақ үстіндегі оқушылардың өздерінің қасиеттерінің ересектерге көрсетулері немесе басқа балаларға мұндай кемшіліктерден бірге ұйымдастырылуынан немесе оның бастапқы деңгейінде құлдырауына әкеледі. Ал, енді ойын іс-әрекетінде балалардың бірге ойнауы, іскерлік қарым-қатынастарының сақталуы өздерінің рольдерінің сақталмайтынын білдіреді. Бағалау қатынасы ойлау қаблеттерінің жоғары деңгейдегі дарынды балалар тобында бала бақшаның жәй тобымен салыстырғанда көп айырмашылық болған жоқ. Басқа құрбылары сияқты дарынды балалар жолдастарын бағалап, олардың сүйкімділері мен сүйкімсіздіктеріне бөлінуде. Дегенмен осындай жалпы тенденцияларын ескере отырып, басқа жәй даму балаларынан кездестіруге болмайды. Біріншілері, өз құрбыларын бағалай отырып оларға жақсы, жаман деп баға бермей дифференциалды түрде байқатты. Дарынды балалардың қарым-қатынастарын олардың тұлғалық қасиеттеріне байланыстырылған. Балалардың жасаған жоба әдістерінің нәтижесі бойынша олардың тенденциялары қалыптасып, өздерін әртүрлі іс-әрекеттер арқылы көрсете алады. Ал кейбір негативті әлеуметтік тәжірбиелері бар балалар мұндайға таратуларды қиял елесі арқылы жоспарланып, тәртіптік негативті түрде, жылау, сабақтан кету, ойыннан шығу - бәрі тіке агрессия түрінде көрсетілген.

Сонымен қатар, көптеген балаларда әлеуметтік жағдайсыздық туындап, олардың араласуында сұраныс пайда болып, кейде бұл жағдай ересектер тарапынан да көрінеді. «Үш тілек» әдіс-тәсілінің нәтижесіне сараптама жасауында байқағанымыз - олардың жолдастарымен сәйкестігі балалар өз жолдастары туралы тілек білдіруді сұрады.

Мысалы: ер бала өзінің досының одан мәшинесін сұрауы мүмкін десе, қыз бала оның басқа қызбен дос болуын тілек етеді. Осындай қарым-қатынастарды «Олардың бәрімен сияқты», «Ойын бөлмесі» әдіс-тәсілінің нәтижесінде де байқауға болады. Мысалы, егер сенің досың осындай ойын ойнағысы келсе, ол кезде балалар олар кездеседі, себебі бұл ойын өте қызық .

Ал басқа сәйкестіктер тұлғалық позициялары ретінде қарастырылып негіз болады. Міне, сондықтан аталған тұлғалық сапалары қарым-қатынастың қажеттілігі, бір-біріне деген әлеуметтік қатынастарының дарынды балаларға тигізетін әсері өте мол. Олардың ойлау қабілеттері жоғары деңгейде дамыған балалардың қарым-қатынасы екі деңгейдегі мәнді құрайды біріншіден олардың қарым-қатынасына байланысты болса, екіншіден олардың таратылуынан туындайтын сұраныс. Міне қаншалықты балада жеке-психологиялық қасиеттер қалыптасса, сонда қарама-қарсы сапалықтар мейірімді тұлғалық стиль және өзінің шығармашылық тұрғыдан - таратылуы, нәтижелеп дарынды балалар басқа балалардың сұраныстарын нәтижелеп дарынды балалар тобының құрылымын құрайды. [40,46]

Адамның мәдени құндылықтарға жақындығын айқындайтын мәселелерге философияға, сурет өнерге, педагогикаға, психологияға лайық оқу әдістемелік әдебиеттер зерттелініп тексерілді, адамдық мәдениеттің және оның қоршаған ортамен тығыз рухани байланысын сезіну үшін өнердің тілін балалардың эмоционалдық сферасының дамуы қиялын дамыту. Мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың тәрбиесі мен жетістікті даму процесінің бөлінбейтін заңдылықтары мынадай: толық қанды құрдастарымен қарым-қатынасы және эмоционалдық жайлы араларындағы қарым-қатынасының қалыптасуы. Дифференциалдық оқытуды ұйымдастырудың іс жүзінде үш негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға болады:

1 дарынды балалармен ерекше, ыңғайлы тереңдетілген бағдарлама мен

факультативтік оқыту

2. мектеп бағдарламасын қысқа-жедел мерзімде өту мүмкіндігін көрсету

3. арнайы дайындалған бағдарлама мен жұмыс істейтін сынып құру

Алғашқы екі бағытта жұмыс істегенде, деңгейі жоғары балалардың мүмкіндігі олардың өзара қарым-қатынасы, құрбыларымен іс-әрекетінде, сөйлесуінде кездесіп қалуы мүмкін қиындықтардың бар екендігін дарынды балалармен жұмыс істейтін көп зерттеушілер көрсетеді. Авторлардың пікірінше, дарынды балалардың іс-әрекетінің ерекшелігі олардың жәй даму деңгейдегі құрбыларының тарапынан түсінбеушілікке тіптен, оларды бөліп тастауға әкеліп соғуы мүмкін. Кей зерттеушілердің ойлауынша дарынды балалардың ерекше іс-әрекетінің негізінде, олардың адамдармен қарым-қатынасының бұзылмауында психологиялық дамуының бірдей еместігін көрсетеді. Жоғарғы интеллектуалдық және дамумен қатар келе бермеген жағдайда байқалады. Қабілеті дамыған дарынды балалар өзімен қарым-қатынаста әртүрлі қиындықтар тууы мүмкін үлкен балалармен жиі достасуға ұмтылады. Ереже бойынша, үлкен балалар олардың дене жағынан өсіп кеткен болғандықтан, дарынды балалар олардың ортасында лидер бола алмағандықтан, бұл қиындықтар байқалады. Олардың арасында өзін үлкендермен көрсетіп, еш нәрсе істей алмағандыққа күйіну уайымдау дарынды балалардың өзін-өзі бағалауын кейде байқалады.

Н.С. Лейтес мұндай жайды былай сипаттайды: «Дарынды балаларды оқытуда, оларды үлкен балалардан сол жас ерекшелігіне, өзіндік дамуында топтанып эмоционалдық түрде бөлініп қалғандығы байқалады». Дарынды балалардың социалдық өзара қарым-қатынасы мен дамуында қарама-қарсы мәліметтер де бар. Даму мүмкіндігі жоғары бола өзін ұйымдастырушы лидер ретінде көрсете алса ал басқа балалар өз арасында тек ойын және сабақтағы лидерлерді ғана таңдайтығын көрсетеді, дәлелдейді. К.Аброме былай көрсетеді: «Дарынды балалардың ең жоғарғы қабылдай алу және сөйлеу білу қабілеттері, олардың өте ерте дамыған мүмкіндігі, агрессиялық әлеуметтенген формаларының көрінуіне, сонымен қатар олардың просоционалдық әрекетімен байланыстылық ең жоғарғы дамыған қабілеттілікке әкеліп соғады.

Дарынды балалардың жайлы дамуы үшін сынып пен бала-бақшадағы топтың әсері қандай деген сұраққа, социометриялық әдістің көмегімен жүргізілген қарым-қатынастың анализі жауап бере алады. Бұндай талдау анализі топтағы өзара эмоционалдық қарым-қатынастың таңдауына негізделген. Таңдау мүмкіндігін керек еткенде әртүрлі қарым-қатынас жүйесіндегі балалар бар. Қазіргі таңда авторлар топтың негізгі статустық құрылымында ең негізгі төрт котегорияны көрсетеді.

І және ІІ топтағы балалардың орны өте жайлы екендігін көрсете, ІІІ және ІV топтағы балалар – жайсыз топ мүшелерімен қақтығысқа келе беретін, қиындықтар туғызатын балалар екендігін көрсетеді. Топтағы өзара қарым-қатынас құрылымын баланың өз орнына мынадай фактордағы әсер етеді.

Ең бірінші, оның жемісті дамуы ойын мазмұны мен құрылысын құра білуіне байланысты. Бұл эмоционалды-жайлы өзара іскерліктің жемісті дамуын жасай алатын баланың өзіндік жеке сапасының ерекшелігіне сүйенген. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын таңдауда, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын қанағаттанарлықтай дәрежесіне байланыстылығын көрсетеді. Жоғары дамыған қабылдау мүмкіндігі топтағы жайлы өзіндік орынды қалыптастыра ала ма? Бұл сұраққа дарынды балалардың өзара қарым-қатынасы, іс-әрекетін тексеру, байқау нәтижесі, сәбилік топтардың өзара қарым-қатынасын зерттеу еңбектері бір жақты жауап бермейді. Т.В. Сеньконың жұмысында айқындалғандай, ересек мектеп жасына дейінгі балалар іскерлік қарым-қатынастың жекеленген жоғары және орта жетістіктері таңдауда, ереже бойынша, топта өзіндік жайлы орнын таңдай біледі-«жұлдыздар» немесе «таңдаулы» категорияларға кіреді.

Сонымен қатар «бөлініп тасталынғандар» категориясына еніп қалғандары да бар екендігін айқындатып дәлелдеді. Балалардың өзінен жоғары интеллектуалды дамыған құрбыларымен қарым-қатынасындағы шешілмеген мәселелерді талдауға сүйенсек, ол туралы былай деуге болады, өзіндік ерекшелігімен, мақсатты, міндетті ортақ іскерлікпен айқындалуы, оның жемістігіндегі топтағы маңызды таңдай білуінен бағынышты байланыстылылық. Сондықтан кей топтарда дарынды балалар өте ерекше айқын көрініп, сүйікті болса, ал басқа топтарда ондай болмайды.

Дарынды балалардың ортақ тәрбиесінде қандай арнайы жүйеленген өзара қарым-қатынас бар, тек қабілетті даму көрсеткіші ғана емес, мотивациялық мінездеріне қарай, кейбір жеке ерекшеліктер бойынша жоғары келісілген, дамуымен қалыптасқан топтар құруға болады, өйткені бұндай өзара қарым-қатынастар олардың эмоционалдық сезімдеріне жайлы, қазірге дейін оларды зерттеу әрекетінде қалыптасуда. Топтық қарым-қатынас – бұл әртүрлі өзара әсері және өзара енуі бар адамдардың адамдарға күрделі жүйелі қарым-қатынасы. Оның ішінде ортақ жекеліктер іскерлік және бағаланған қарым-қатынастар жай көрсетіледі. Алайда мектеп жасына дейінгі шақта балалар іс жүзінде бірге және ортақ жеке қарым-қатынасқа бейім, зерттеу топтарында қарым-қатынастың барлық түрін бірге жүйелемейінше болмайды.Дарынды балалардың тобындағы өзара қарым-қатынастың арнайы ерекшелігін жақсы қалыптасқан ортақ жеке бастың қарым-қатынасы жоймайды. Іскерлік қарым-қатынаста да байқалатыны жоғарыда айтылған. Балалардың өзара қарым-қатынасын бақылау көрсеткеніндей, бұндай қарым-қатынастар өзіндік бәсекелестік мінез-құлықты байқатты. Өйткені, топта кейбір арнайы бөлініп тасталынғандар байқалып анықталмағандықтан, өзара ойындық бірігу бәсекесі байқалмайды. Балалардың жалғыз бөлек ойнауға ұмтылмайтындығы да байқалады. Сабақтан тыс уақытта олар ортақ ойынды ұйымдастыруға ұмтылатындығы және бұл ойынға топтың басқа мүшелерінің де бұл ойынға қатысқысы келетінін байқатты. Іс жүзінде әр бала ойынның лидері, ұйымдастырушы бола алады, өйткені олардың «ойнайық» деген ұсынысын басқалар да қолдайтын еді. Бірақ ең бірінші этаптың өзінде ғана балалардың ортақ ойынындағы іскерлік қарым-қатынас бәсекелестік мінез-құлыққа бейімделе бастады. Бала басқалардың өзі таңдаған ойынды ойнауын талап еткісі келеді, тіптен ортақ ойынға келіскісі де келмейді, не мойындамайды, не өзінікін ұсынады.

Ойын барысында балалар өз ролін ауыстырып, оған көп мән бергізіп, шешім қабылдап,басқалармен еш келіспей, өз көзқарасын, пікірін ұсынды, бұрын жеке шешім қабылдағыш функциясы байқалды. Дарынды балалар ойындағы кездесетін реніштерге конструктивтік іскерлік қарым-қатынасқа ұмтылмайтындығын байқатты. Егер кей балалар басқа баланың ұсынған ойыны қызықтырақ болса және көпшілік қолдаса, немесе өзінің ролі маңыздырақ болмаса бұндай жағдайда көп балалар құрбыларына жасырын түрде өз пікірін білдіргісі келеді, өйткені ашық түрде ренжіскісі келмейді. Мысалы, «ренжіген» бала басқа балаларға басқа ойынды ойнауды ұсынуы мүмкін немесе сол ойын барысында басқа ойынның мазмұнын міндетті түрде ұсынады, сол ойынға басқалар да қызығып, бірге ойнамайынша қоймайды.

Алайда егер келіспеушілік жасырын түрде шешілмесе, онда дарынды балалар басқаларға ашық түрде әсер етуге кірісуі мүмкін. Оның құрбыларындағыдай, бұл «аргументтер» және «сөздік әсер» болып табылады. Дарынды балалардың тобындағы ойындағы келіспеушілік тақырыбына тоқталғанда оның ерекшелігін атап кетпесе болмас. Я.Л. Коломинский және Б.П. Жизневскийдің пікірінше, мектеп жасына дейінгі ересек топтың балаларының арасында «ойынның тақырыбын дұрыс таңдау үшін» ойыншықтың рөлін дұрыс түсінбеуіне ғана келіспеушілік болады. Дарынды балалар тобында келіспеушілік ойын мазмұнына және рөліне байланысты болады. Бұл топтағы келіспеушіліктің мазмұны мен спецификасы, ең бірінші балалардың қарсыластығына байланысты.

Бала-бақшаның тобында келіспеушілік елдің көзіне түсуге ұмтылудан бастама, ал дарынды балалар тобында келіспеушілік басқаның рөлі ерекше болмауы үшін ұмтылумен айқындалады. Дарынды балалардың өзара ойындық қарым-қатынасының нәтижесін бақылай отырып, былай айтуға болады, келіспеушілік балалар арасында іскерлік қарым-қатынаста лидер болуға ұмтылудан емес, керісінше, ойын арқылы өзін көрсетуге ұтылудан болады. Олардың өзара қарым-қатынасына еш әсері болмайды.

Негізінен дарынды балалардың қарым-қатынастарын анықтау үшін жүргізілген жұмыстар нәтижесі бойынша мұндай балаларда пайда болатын әлеуметтік сфералар диспропорциялар арқылы ойнау және әлеуметтік дамуда көрсетіледі. Дарынды балалардың дамуын тек әлеуметтік тұрғыдан қарамай жоғарғы ойлау дамуын салыстырғанда, сонымен бірге жалпы психологиялық жас ерекшеліктерінің заңдылықтарына сәйкес болып келеді. Қорытындылай келе жоғарғы деңгейлі танымдық қасиеттері дамыған балалар тобындағы іскерлік қарым-қатынасқа тоқталайық.

Осы жұмыс бағыты негізінен балалардың ойын қасиеттеріне деген қарым-қатынастың олардың сюжетті-рольді құрылымнына байланысты кемшіліктерінің нәтижесінде ойын позицияларының ауыспауына әкеледі екен. Д.Б. Элькониннің онынша, ойын позицияларының ауысуы, балаларға деген бір ойыннан екінші ойынға ауысуына жол беріп, мазмұнды рольдерді құрау әрбір баланың сезімінің дамуына әсерін тигізеді. Балалардың іскерлік қарым-қатынасын туындату, олардың өзіндік ойын қатынасына сараптама жасауында. Р.И. Говорованың зерттеуі бойынша ойын іс-әрекетін дамытуға пайдаланған көрнекіліктер дұрыс әсерін тигізіп, осындай сараптаманың құралы болып ойын сюжеттері және оның негізгі элементтерінің құрылымын білдіріп ойын кейіпкерлерін жақындатады. Бастапқыда балаларды ойын сюжетін модельдеумен таныстырды.

Балаларға түсіндірілгендей мәселен, «субординация» кейіпкерлер нақты бір белгілермен белгіленіп, «мысалы, әр түрлі өлшемдегі домалақтар» ал кейіпкерлер қарым-қатынасы – сызықтар, себебі олар домалақтарды біріктіріп, ересектер ұсынған ойын сюжеттерінің моделін құрастырады. Жұмыста дарынды балалардың қарым-қатынастарын анықтауда нақты жоспар болмаған және рольдері бөлінбеген. Сараптама тақырыбы бойынша рольдің маңызы белгіленбеген. Мысалы, «ананың ролі әртүрлі болады, егер басқа бала оның қызының немесе сатушының ролін алса ойынның сюжеттік мазмұны өзгере түседі». Кеменің командирі рөлінің маңызы сюжет айналған кезде бірінші ашушылар немесе кеме командирін құтқарады бірыңғай болмайды, өйткені рөльді таңдауда бір жағдай тудырып, соның салдарынан кейіпкерлер қарым-қатынасы мүмкін емес, себебі ойыннан тыс қалулары мүмкін.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет