Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлік қызметтің жағдайы мен көрсеткіштерін талдау



бет19/22
Дата26.05.2020
өлшемі0,93 Mb.
#71199
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
2К Развитие предпринимательства в РК

2.4 Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлік қызметтің жағдайы мен көрсеткіштерін талдау


«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» арқылы халықтың кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесінде тиімді құрал ретінде аймағымызда үлкен жұмыстар жүргізілуде. 2009 жылы облыс жоспарының шеңберінде Маңғыстау облысының әкімшілігі арқылы 100%-дық мемлекеттің қатысумен шағын несиелік ұйымдарды құру және қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталды. Облысымызда, әсіресе ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті қолдау мен халықтың қаржылық-несиелік ресурстарға қолжетімділігін ұлғайту мақсаттында аудандарда 9 шағын несиелік ұйым құрылды, олардың жарғылық капиталы жергілікті бюджеттен 116 млн. теңге сома мөлшерінде [18].

Ақтөбеде минералдық шикізат қорының түрі, қабаттар қуаты, игеруге қолайлылығы жағынан геология әлемінде теңдесі жоқ. Бірқатар жылдар ішінде бұлардан кіші басқа да мұнай мен газ кенорындары анықталды. Күні бүгінге Ақтөбе облысының аумағында 59 мұнай мен газ кенорны белгілі. Облыс бойынша мұнай қоры 3156,2 млн. тонна алынған шикізат – 1440,3 млн. тонна, өнеркәсіпте өндіріліп жинақталғаны – 382,7 млн. тонна құрайды. Маңғыстау облысының аумағында мұнай мен газ өндіруші көптеген кәсіпорындар кездеседі, олардың негізгі қызметі осы сала өндірісіне бағытталған. Аймақтағы өндірістік өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметін қарастыратын болсақ, ол келесі бетте (кесте 6) қарастырылған.

Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің физикалық көлемінің индексі 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде-107,2% құрады. Облыста 646 өнеркәсіп кәсіпорындары тіркелген, олардың арасында ірілері мен орташалары - 67. Өнеркәсіпте меншік түрлері бойынша мынадай құрылымдар бар: мемлекеттік меншік – облыс аумағындағы тіркелген өнеркәсіптік кәсіпорындардың жалпы санының-4,6%, қалған кәсіпорындар жеке меншік және аралас нысандағы меншіктегілер, оның ішінде шетелдіктер- 6,2%, шетелдіктердің қатысуы - 7,4%. Аймақ экономикасының шикізаттық бағыты таукен өндіру өнеркәсібінің басымдылығын, яғни экономиканың қалған барлық секторлары даму жағдайынан тікелей тәуелділігін айқындап берді. Аймақ жалпы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша республикады үшінші орын алады. Аймақ экономикасының негізі – мұнайгаз секторы, оның өнімі аймақта шығарылатын жалпы өнеркәсіп өнімдері көлемінің 90 пайыздан астамын құрайды. 

Мұнайгаз саласында сегіз негізгі мұнай өндіруші – ірі және орта кәсіпорындар белгіленді, яғни  олардың күштерімен аймақта мұнай өндірудің жыл сайынғы тұрақты өсімі қамтамасыз етіледі. 2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыста 13,1 млн. тонна мұнай өндірілді, бұл 2009 жылғы тиісті кезеңнен 7,0% артық [19].

Кесте 6


Аймақтағы өндірістік өнеркәсіптік кәсіпорындар

және оларға сипаттама [20]






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет