Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет21/22
Дата26.05.2020
өлшемі0,93 Mb.
#71199
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
2К Развитие предпринимательства в РК

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ




3.1 «Бизнестің 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруды талдау

Экономикалық даму және сауда министрлігі «Бизнестің 2020 жол картасы» бағдарламасын ( ары қарай - бағдарлама) жүзеге асыруда. Бағдарламаның басты мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторларында аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және біркелкі дамуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, бұрынғы жұмыс орындарын сақтап, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу.

Бағдарламаның төрт бағыты бар:

Бірінші бағыт: жаңа бизнес құлшыныстарын (инициативаларын) қолдау. Оның басты тетіктері мыналар:



  • жаңа несиелер бойынша сыйақы мөлшерін (ставкаларын) субсидиялау.

  • банктердің жаңа несиелерінің бір бөлігіне кепілдік беру.

  • өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту.

Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру, жандандыру. Оның басты тетіктері:қолданыстағы несиелердің сыйақы мөлшерін субсидиялау.

Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту. Оның басты тетіктері:



  • жалпы ақшалай табысының 10 %-дан кем емес бөлігін валютамен алатын кәсіпкерлердің несиелерінің сыйақы мөлшерін субсидиялау.

Төртінші бағыт: кәсіпкерлік мүмкіндік потенциалды күшейту. Оның тетіктері:

  • жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау ( старт-ап жобалары).

  • Жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау.

  • МСБ топ – менеджментін оқыту.

  • «Іскерлік байланыстар» жобасы.

  • Жастар тәжірибесі іс-шараларын ұйымдастыру.

2011 жылдан бері Бағдарламаны жүзеге асыру барысында субсидиялаудың үш бағыты бойынша 583 жоба қолдауға ие болды, оларға 198 472, 3 млн. теңге бөлінді [23].

Бірінші бағыт бойынша 408 кәсіпорын қолдауға ие болып, 71819,3 млн. теңге несие алды, 292 субсидиялау келісім-шарттарына қол қойылды. (кесте 6)

Аймақтар ішіндегі бағдарлама аясындағы үш бағыт бойынша субсидия-лық қолдауға ие болған жобалардың басым көпшілігі Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстарының үлесіне тиесілі, олардың үлес салмағы – 43% (253 жоба).

Қарағанды облысында субсидиялауға 71 жоба қолданысқа ие болды (12.2%), оларға 13 934.0 млн. теңге бөлінді, бірінші бағыт бойынша 57 жобаға 10 005.6 млн. теңге несие, екінші бағыт бойынша 5 жобаға 663.3 млн. теңге несие, үшінші бағыт бойынша 9 жобаға 3265.1 млн. теңге несие бөлінді.



Ақтөбе облысында субсидиялауға 70 жоба қолданысқа ие болды (12% ), оларға 16 438.2 млн. теңге бөлінді, бірінші бағыт бойынша 60 жобаға 12 855.8 млн. теңге несие, екінші бағыт бойынша 9 жобаға 598.3 млн. теңге несие, үшінші бағыт бойынша 1 жобаға 2727 млн. теңге несие бөлінді.

Сурет 4. Субсидиялауға мақұлданған БВУ – кредитор жобалардың

құрылымы
Павлодар облысында субсидиялауға 60 жоба қолданысқа ие болды (10 %), оларға 9173.2 млн. теңге бөлінді, бірінші бағыт бойынша 49 жобаға 3806.4 млн. теңге несие, екінші бағыт бойынша 10 жобаға 5296.8 млн. теңге несие, үшінші бағыт бойынша 1 жобаға 70 млн. теңге несие бөлінді.

Алматы облысында субсидиялауға 52 жоба қолданысқа ие болды (10 %), оларға 26 671 млн. теңге бөлінді, бірінші бағыт бойынша 32 жобаға 10 170.1 млн. теңге несие, екінші бағыт бойынша 19 жобаға 16 060.9 млн. теңге несие, үшінші бағыт бойынша 1 жобаға 440 млн. теңге несие бөлінді.(Кесте 7)

«Кепілдік» бойынша жалпы сомасы 5489.5 млн. теңге болатын келісім-шартқа қол қойылды, оның ішінде Ақтөбе облысында 4 жобаға 885.8 млн. теңге несие, Астана қаласында 2 жобаға 347 млн. теңге несие, Батыс Қазақстан облысында 2 жобаға 200 млн. теңге несие бөлінді, ал Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында бір жобадан мақұлданды.

Бағдарлама аясында субсидиялауға мақұлданған БВУ – кредитор жобаларды негізінен еліміздегі ірі банктер арқылы несиеледі. Атап айтқанда, «БТА» АҚ – 128 жоба, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ – 98 жоба, «Центр кредит» банкі АҚ – 108 жоба несиеледі.
Кесте 8

Салалар бойынша Бағдарламалар жобасының құрылымы





Сала атаулары

Субсидиялау


Кепілдік беру

БАРЛЫҒЫ

Барлығы:

Барлығы:

Саны

Жобалар бойынша сома, млн. тенге

Саны

Жобалар бойынша сома, млн. тенге

Саны

Жобалар бойынша сома, млн. тенге

Агроөнеркәсіп кешені, оның ішінде:

139

61 105,3

5

1 011,3

144

62 116,6

10. Тамақ өнімдері өндірісі;

23

6 109,1

1

100,0

24

6 209,1

11.07 Минералды сулар мен басқа алкогольсыз сусындар өндірісі.

5

1 281,0

0

0,0

5

1 281,0

Жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз өндірісі, о.і.:

100

22 757,5

4

1 400,4

104

24 157,9

21. Негізгі фармацевтік өнімдер мен препараттар өндірісі

5

1 669,4

0

0,0

5

1 669,4

Тау-кен өнеркәсібі (о.і. тау-кен өнеркәсібі саласындағы технологиялық қызметтер)

11

1 029,3

0

0,0

11

1 029,3

Құрылыс материалдары мен металл емес минералдық өнімдер өндірісі

51

20 076,0

0

0,0

51

20 076,0

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

79

39 565,8

2

797,0

81

40 362,8

Өнеркәсіптің басқа

секторлары



18

15 201,6

0

0,0

18

15 201,6

Транспорт және қоймалау

76

12 815,1

4

863,1

80

13 678,2

Туризм

21

9 857,0

1

338,0

22

10 195,0

Ақпарат пен байланыс

4

307,5

0

0,0

4

307,5

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

2

465,0

0

0,0

2

465,0

Білім беру

14

4 893,2

0

0,0

14

4 893,2

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету

57

6 110,1

4

1 079,7

61

7 189,8

Өнер және демалу

6

3 443,1

0

0,0

6

3 443,1

Басқа қызметтер көрсету

5

845,7

0

0,0

5

845,7

БАРЛЫҒЫ:

583

198 472,3

20

5 489,5

603

203 961,8

Жобалардың көпшілігі мына салаларға тиесілі: агроөнеркәсіптік кешен – 144 жоба , жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі – 104 жоба, металлургия, металл өңдеу, машина жасау – 81 жоба.




Сурет 5. Кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымы
Субсидиялау түрінде мемлекет қолдауына ие болған Бағдарлама субъектілерінің үлес салмағы төмендегідей: жеке кәсіпкерлер – 12%, шаруа (фермер) қожалықтары – 6%, заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктегі – 34%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 34%, ірі кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 14%.

Сурет 6. 2011-2011 ж.ж. жұмыс орындарының саны


2011 жылы Бағдарламаны жүзеге асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне 33 мыңнан астам сақталған жұмыс орындары мен жаңадан құрылған 7 мыңнан астам жұмыс орындарын, ал 2011 жылы – 37 мыңнан астам сақталған жұмыс орындары мен жаңадан құрылған 11мыңнан астам жұмыс орындарын жатқызуға болады.



Сурет 7. 2011 – 2011 ж.ж. аймақтардағы сақталған

жұмыс орындарының құрылымы


Бағдарлама аясында жұмыс орындары көп сақталған аймақтар мыналар:

- 2011 жылы: Қарағанды облысы – 5 921 (17,4%),  Алматы қаласы – 4 502 (13,2%), Шығыс Қазақстан облысы – 4 472(13,2%).



- 2011 жылы:.Алматы қаласы – 6 930 (18%), Алматы облысы – 4 585 (12%), Қарағанды облысы – 4 312 (11,3%).


Сурет 8. 2011 – 2011 ж.ж. аймақтардағы жаңадан құрылған

жұмыс орындарының құрылымы


2011 жылы көп жұмыс орнын құрған аймақтар: Қарағанды облысы - 690 (10%), Астана қаласы – 645 (9,1%), Маңғыстау облысы – 649 (9,2%). Ал, 2011 жылы Маңғыстау обл. – 3 200 (27%), Ақтөбе обл. –1 531 (12%), Оңтүстік Қазақстан облысында – 1 276 (10%) жаңадан көп жұмыс орындары құрылған.

Қазіргі кезде өндірістік инфрақұрылымның құрылысы мен қайта құруын (анықтама үшін: автожол құрылысы, электр желілері, су құбырлары құрылысы) 203 кәсіпорын жүзеге асыруда:

- жолды қайта құру – 18,52 км;

- жол құрылысы – 60,9 км;

- электр желілерін жүргізу – 99,49 км,

- электр желілерін қайта құру – 27,08 км;

- су құбырларын жүргізу – 57 км;

- канализация – 8,4 км;

- трансформаторлық станциялар орнату – 16 ед.;

- газ құбырларын салу – 22,5 км;

- темір жол құоылысы – 8,3км;

- жарық беру қондырғыларын орнату – 10,8 км;

- телефон байланысын орнату – 7,6 км;

- жылу жүйелерін жүргізу – 4,2 км.

Өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымның дамуына инфрақұрылымның кемшіліктерін жою ғана емес, сонымен қатар, индустриалдық аймақтар құру да ықпалын тигізеді.

Қазіргі кезде Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұрыннан жұмыс істеп тұрған ірі кәсіпорындар мен өнеркәсіп аумақтары негізінде индустриалдық аумақтар құру жұмыстары жүргізілуде, Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен арматура зауыты» АҚ негізінде бизнесті дамыту индустриалдық аумағының құрылысы жүргізілуде.

Биылғы жылдың басынан бастап төртінші бағытты жүзеге асыру қолға алынды. «Кәсіпкерлік потенциалды күшейтуді» жүзеге асыру «Даму» қорына жүктелген. Кәсіпкерлік негіздерін үйрету үшін екі күндік оқыту курстары ұйымдастырылады.

2011 жылдың 1 қыркүйегіне дейін сертификат алғандар саны 6 843 адамға жетті, оның ішінде 2 000 кәсіпкер және кәсіпкерлікпен айналыспайтын 4 843 адам бар.


Кесте 9

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін






Аймақ

Жеке тұлға

МСБ

Барлығы

1

Ақмола обл.

402

82

484

2

Ақтөбе обл.

231

90

321

3

Алматы обл.

327

329

656

4

Атырау обл.

200

24

224

5

ШҚО

521

172

693

6

Жамбыл обл.

185

86

271

7

БҚО

246

75

321

8

Қарағанды обл.

249

173

422

9

Қостанай обл.

365

79

444

10

Қызылорда обл.


270

53

323

9 кестеңің жалғасы

11

Маңғыстау обл.

329

164

493

12

Павлодар обл.

301

194

495

13

СҚО

331

55

386

14

Оңт.Қаз.обл.

448

266

714

15

Алматы қаласы

310

90

400

16

Астана қаласы

128

68

196

 

Барлығы:

4843

2000

6843

«Маманданған сервистік қызмет көрсету» әкімияттарға жүктелген. Олар шағын бизнес өкілдеріне бухгалтерлік және статистикалық есеп беру, салық есебін беру және т.б. қызметтерін үйретеді. Ол үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. [24]

Әр аймақта сервистік қолдау көрсету үшін конкурстық байқаулар өткізілді, сервистік компаниялармен сервистік қызмет көрсету үшін келісімшарттар жасалды.

Республика бойынша 1 қыркүйекке дейін 1500 сервистік қызмет көрсетілді, онда 800 кәсіпкер қамтылып, 145 млн. теңгенің қызметі көрсетілді.


Кесте 10

«Маманданған сервистік қызмет көрсету» жоба






Аймақ


Барлығы




Ақмола обл.

10



Ақтөбе обл.

19



Алматы обл.

9



Атырау обл.

4



ШҚО

11



Жамбыл обл.

3



БҚО

14



Қарағанды обл.

15



Қостанай обл.

7



Қызылорда обл.

5



Маңғыстау обл.

7



Павлодар обл.

12



СҚО

9



ОҚО

25



Алматы қаласы

4



Астана қаласы

21




Атамекен

35




БАРЛЫҒЫ:

210

Бүгінгі күні толық көлемдегі сервис қызметі барлық аймақтарға дерлік көрсетілуде, бірақ Астана қаласы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстарында сервистік қызмет көрсетуге конкурстар өткізілуде, сервистік қолдау көрсетуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

«МСБ топ-менеджментті оқыту» «Назарбаев Университеті» АҚ-на жүктелген. Онда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшыларын оқыту жүзеге асырылады.

«Назарбаев Университеті» АҚ Дьюк Университетімен (АҚШ) бірлесіп, орта және жоғары буын басшыларының 210 – ын оқытып шығарды.

Бүгінгі күнге қашықтықтан оқыту қолға алынды, онда 2011 жылдың қыркүйегіне дейін 9 он-лайн семинарларын өткізу жоспарланған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет