Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі


Сурет 2 - Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының әдістемелік жүйесі



бет3/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,79 Mb.
#32319
1   2   3   4
Сурет 2 - Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының әдістемелік жүйесі

Жұмыс жүйесі ғылыми-әдістемелік және ғылыми-теориялық семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыруға, жаңа педагогикалық технологияларды,

экологиялық тәрбие құралдарын, формалары мен әдіс-тәсілдерін қолдануға байланысты озық тәжірибелерді насихаттауға бағытталды.

Отбасынан балабақшаға алғаш келген балаларға «Бүлдіршіндерге экологиялық тәрбие беру» (авторы А.Е.Манкеш) оқулығы бойынша жасалған қосымшаны меңгерту арқылы балабақша балаларының отбасынан алған тәрбиесі жетілдіріліп, қоршаған ортаны танып-білуге, табиғатты сүюге деген қызығушылықтары қалыптастырылды.



Қалыптастыру экспериментінің 2- ші кезеңінде балабақша балаларының отбасынан алған табиғат жөніндегі түсінігін жетілдіру, табиғатқа деген аялы көзқарастары мен іс-әрекет дағдыларын дамыту, мінез-құлық ережелерін орындай білу мақсатындағы жұмыстар әрі қарай жалғастырылды. Балалардың осы кезеңдегі психологиялық физиологиялық жас ерекшеліктері; мен табиғатты эмоционалды тұрғыда сабақтастықта қабылдау мүмкіндіктеріне, оларға деген сезіміне аса назар аударылды.

Осы кезеңде жүргізілген аралық кесіндінің нәтижесі біріншіден, олардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отыратынын, екіншіден, ұсынылған материалдардың қызықтылығын, үшіншіден, теориялық түсініктің практикамен ұштастырылатынын, төртіншіден, өтілетін тақырыптың өтілген тақырыппен байланыстылығын көрсетті. Оны №125, 342 балабақшаларда «Ағаштарға қамқорлық», «Құстар әлеміне саяхат» тақырыптарына өтілген экологиялық сабақтарының мазмұны растайды. Егер отбасында балалар өлі және тірі табиғат жөніндегі қарапайым ұғымдарды меңгеріп, үй жануарлары мен өсімдіктеріне қамқорлықпен қараудың қажеттілігін түсініп, ол бағыттағы қарапайым іс-әрекет түрлерін игерсе, балабақшаға келгенде қоршаған орта жөніндегі жалпылама түсініктері нақтыланып, бекітіліп, табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынасы артып, табиғат бұрышындағы пайдалы іс-әрекет түрлерін атқара білетін болды.

Балалардың экологиялық тәрбиелілігі «Экологиялық әліппедегі» (жаттығуларды орындау, сөйлемдерді аяқтау, сонымен бірге жетпейтін суретті толтыру, суретті ретімен орналастыру, жекелеген экологиялық тапсырмаларды орындау т.б.) «Қыстап қалатын құстарға қандай көмек көрсетуге болады?», «Ағаш дәрігері деп аталатын қандай құсты білесің? Не себепті олай аталады?», «Суды үнемдеудің қандай жолдарын білесің?» т.б. сұрақтарға берілген жауаптар арқылы бағаланып отырды.

Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығы экология, дүниетану, ана тілі сабақтарының негізінде жүзеге асырылды (сурет 3).

Ол біріншіден, әр түрлі әдіс-тәсіл түрлерін ұтымды пайдалануға болатынын дәлелдесе, екіншіден, әр топтағы пайдаланылатын материалдардың бірін-бірі қайталамай, тақырып мазмұнын толықтырып отыратынын байқауға болады, үшіншіден, балалардың қызықты педагогикалық жағдаяттарды шешуі табиғат құбылысының ерекшеліктеріне деген қызығушылықтарын арттырды. Балалардың экологиялық тәрбиелілігі әрбір тәрбие жұмысы соңында сауалнамалар, диагностика, жүргізу, интерактивті (іс-қимыл) әдісі, ой

қалыптастыру, Венн диаграммасы, жеке тұлғалық шығармашылық жұмыс, тестік бақылау, өзін-өзі бағалау әдістері бойынша бағаланды.

Балабақша балаларының берген жауаптарына жасаған талдау кезінде эксперимент тобы балаларының 69%-ы, бақылау тобы балаларының 24%-ы дұрыс жауап бергені байқалды. Бұл біздің тақырыпты түсіндіру барысындағы пайдаланған әдістемеміздің тиімділігін көрсетеді.

Қалыптастыру экспериментінің 3-ші кезеңінде бастауыш сынып оқушыларына берілетін экологиялық тәрбие мазмұны күрделене түсті: оқушылар қоршаған орта, табиғат олардың адам өміріндегі қажеттілігі туралы көзқарасы мен қоршаған ортаға қамқорлық бағытындағы атқарылатын іс-әрекет түрлерін меңгерді.

Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігі әр түрлі әдістер арқылы тексерілді. Көрнекіліктерді пайдалану, сынып тақтасы (сұрақтарға жауапты сурет түрінде салып беру, өсімдіктің, жануарлар мен құстардың дене мүшелерін құрастыру, тірек сызба арқылы көрсету т.б.), оқушыларды топ-топқа бөліп жарыстыру, белгіленген уақыт бойынша ақылдасып, белгі көрсету арқылы жауап беру. Мәселен, оқушылардың экологиялық тәрбиелілігі мынадай сұрақтар арқылы айқындалды: 1.Жапырақтың түсі неге өзгереді? 2.Сен тұратын жерде қандай қорық бар, болса сол туралы әңгімелеп бер. 3.Сенің ойыңша «Қызыл кітап» – деген не?» 4.«Қызыл кітапқа» кірген өзің білетін жануарларды атай аласың ба? 5.Табиғатқа қамқор болу тек үлкендердің ісі деп ойлайсың ба? 6.Өздерің білетін дәрілік өсімдіктерді атаңдар. 7.Табиғатқа қамқорлық мәселесіне байланысты көл жағасында қандай ережелерді есте ұстап, орындау қажет? 8.Сенің үй жануарларымен қарым – қатынасың қандай?

9. Сен және сенің достарың табиғатқа қандай пайда келтірді? 10.Табиғат туралы қандай мақал-мәтел, тыйым сөздерді білесің?

Бұл сұрақтар оқушыларының теориялық материалды меңгеру деңгейін анықтау, көрнекіліктерді пайдалану арқылы ойын мен жаттығу түрлерін орындату олардың белсенділігін арттырып, көңіл-күйін көтеріп, өтілген материалды меңгерудегі жетістіктерін дәлелдеді.

Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігін арттыруда ұлттық тәрбиенің мүмкіндіктері ескерілді, оқушылардың отбасында, балабақшада меңгерген экологиялық ұғымдарынан түсініктер толықтырылды.

Қалыптастыру экспериментінің барлық кезеңдерінде оқушылардың табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынасын қалыптастыру арқылы экологиялық тәрбиелілігін жетілдіру мақсатында алдын-ала дайындалған жоспар бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмыстары (экологиялық тақырыптағы тәрбие сағаттары, жарыс ойындары, суретке жарияланған конкурс түрлері, дөңгелек үстел т.б.) тұрақты өткізіліп, жұмыстың тиімділігі әр іс-әрекеттің соңында бағаланды. Жұмыс барысында табиғат аясында оқушылардың құрдастарының жағымды, жағымсыз іс-әрекеттерін әңгімелеуі, бейнелеп суретін салуы сияқты және т.б. жұмыс түрлері орындалды, әңгіме мазмұнының тақырыпқа сәйкестілігі, ойын түсініп жеткізе білуі ескерілді. Оқушылардың мұндай жұмыстарына жасаған талдау олардың экологиялық тақырыпты түсініп, күнделікті өмірде пайдалана білуімен ерекшеленді, ал бұл олардың экологиялық тәрбиелілігінің анағұрлым көтерілгенін байқатты.

Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігінің осындай жоғары нәтиже беруі жыл сайын өткізілетін аудандық, қалалық деңгейдегі «Кіші академия» жанындағы «Наурыз» байқауында қорытындыланып, жүлдегер атанғандар (А.Доспанова, Р.Мәуленов (№139), С.Асқарова, А.Дастенов (№146 және т.б.) марапатталып отырды. Бұл жетістіктер, әрине, педагогикалық эксперимент жұмыстарының нәтижесі екені белгілі.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының бақылау кезеңінде балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі деңгейін байқау мақсатында соңғы кесінді жүргізілді. Балаларға анықтау эксперименті барысында тапсырмалар қайтара ұсынылды. Тапсырмалар нәтижесі балалардың экологиядан білім іскерлік дағдысының айтарлықтай деңгейде көтерілгенін, табиғатқа деген қызығушылығының артқанын дәлелдейді.

Оны эксперименттің басы мен соңындағы үздіксіз білім беру процесіндегі балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштерінен және экологиялық тәрбиелілігі деңгейінің қорытынды динамикасынан көруге болады (кесте 3, сурет 4).


Кесте 3 - Балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштері

(%) эксперименттің басы және соңы




Компонеттер


Жұмыс кезеңдері



Эксперимент тобы- 490, бақылау тобы – 390 оқушы

Жоғары

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Мотивациялық-құндылық

Басы

-

-

28,1

30,6

71,9

69,4


Соңы

25,9

-

63,8

31,2

10,3

68,8


Эмоционалдық-сезімдік

Басы

-

-

30,9

28,2

69,1

71,8


Соңы

20,6

-

67,3

32,6

12,1

67,4


Іс-әрекеттік

Басы

-

-

27,7

29,2

72,3

70,8


Соңы

16,6

-

72,1

34,1

1,3

65,9


Барлық компоненттер бойынша

Басы

-

-

29,3

29,4

70,7

70,6


Соңы

11,2

-

67,7

33,6

21,1



66,4


Сурет 4 - Үздіксіз білім беру процесіндегі балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі деңгейінің қорытынды динамикасы.


Қорытынды нәтиже бойынша: егер анықтау эксперименті барысында эксперимент тобында төмен деңгейді көрсеткен оқушылардың саны пайызға шаққанда 70,7% болса, эксперимент соңында төмен деңгейді көрсеткен оқушы саны 11,2%, орта деңгейдегі 29,3% болса, соңында 67,7%-ға көтерілді, жоғары деңгейді алғашында ешқандай оқушы көрсетпесе, соңында олардың саны 21,1%-ке жетті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.

Сонымен, педагогикалық эксперимент жұмысы үздіксіз білім беру процесіндегі балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі моделінің, оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің, деңгейлерінің дұрыстығын, экологиялық тәрбие сабақтастығы әдістемесінің тиімділігін дәлелдеді.



Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

1.Бүгінгі таңда ғаламдық экологиялық ахуалдың нашарлауы қолайсыз экологиялық жағдайлардың өріс алуы экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсат-міндеттерін, республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды, жастардың көзқарасын, табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыруды, мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықты экологиялық білім мазмұнымен жаппай қамтып, оны сабақтастықта жүргізуді талап етеді.

2.«Сабақтастық», «экологиялық тәрбие сабақтастығы» ұғымдарының мәнін анықтау, оларға берілген анықтамалар мен тұжырымдарды бір жүйеге келтіріп, мазмұнды сипаттама беруге және өз анықтамамызды ұсынуға негіз болды: сабақтастық - үздіксіз білім беру процесіндегі баланың дене және рухани дамуының ішкі үйлесімді байланысы мен жеке басы дамуының бір сатыдан екінші сатыға өтудегі ішкі дайындығы., экологиялық тәрбие сабақтастығы – баланың қоршаған ортадағы әсемдікті сезініп,оны бағалай білу қасиеттері мен дағдыларының мектепке дейінгі кезеңнен бүкіл ғұмырындағы түрлі сатылар арасындағы байланысы

3.Үздіксіз білім беру процесінде кіші жас балаларына сабақтастықта экологиялық тәрбие беруде педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі.

4.Үздіксіз білім беру процесінде экологиялық тәрбие сабақтастығы нақты анықталған педагогикалық шарттар арқылы жүзеге асады.

5.Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының жүйесі отбасы, балабақша мен бастауыш мектепте кіші жас балаларына берілетін экологиялық білім мазмұнының құралдары мен әдістерінің сабақтастықта берілетінін көрсетеді.

6.Халық фольклоры жанрларының (ертегі, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, тыйым сөздер және т.б.) мазмұндық сипаты кіші жас балаларына экологиялық тәрбие берудегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.

7.Ұсынылып отырған модель (компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері) балабақша мен бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі деңгейін анықтауға септігін тигізеді.

8.Ғылыми тұрғыда негізделген «Үздіксіз білім берудегі экологиялық тәрбие сабақтастығы тұжырымдамасы» жаңа бағдарламалар мен оқулықтар дайындауда кіші жас балаларына экологиялық тәрбие беруде бағыт-бағдар береді.

9.Тәжірибелі-эксперимент жұмыстарының нәтижелері, арнайы жасалған педагогикалық-әдістемелік құжаттар, оқу-әдістемелік кешендер жаңа бағытта жүргізілген жүйелі жұмыстар кіші жас балаларының табиғатты қорғай білу дағдыларының, қасиет-сапаларының қалыптасып дамуына ықпал жасайды.

10.Ата-аналар мен тәрбиешілердің, бастауыш мектеп мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің табиғатты қорғау орталықтарымен педагогикалық ынтымақтастық қарым-қатынастағы бірлескен жұмыстарының мазмұнында ұлттық идеяның басымдылық көрініс алуы экологиялық проблемалардың тиімді шешілуіне көмектеседі. Жүргізілген зерттеу жұмысы бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

- отбасы, балабақша мен бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиелілігін сабақтастықта қалыптастыру мақсатында ұсынылып отырған «Үздіксіз білім берудегі экологиялық тәрбие сабақтастығы тұжырымдамасын» оқу-тәрбие жұмыстарында негізге алу керек;

- үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығын жүзеге асыруға байланысты ұсынылған педагогикалық шарттарды пән мұғалімдері басшылыққа алғаны дұрыс;

- «Мен және табиғат» күнтізбелік жоспарын, балабақша мен бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінің тәжірибесінде пайдаланған жөн;

- кіші жас балаларына экологиялық тәрбие беру мақсатында жасалған әдістемелік кешендер мен әдістемелік оқу-құралдарын тәрбиешілер мен мұғалімдер оқу-тәрбие жұмысы барысында негізге алғаны дұрыс, балабақша мен бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбие беруде пайдаланылған жаңа педагогикалық технологияларды экология сабағында пайдалану қажет;

- оқушыларға үздіксіз экологиялық білім беру проблемасына байланысты тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткен әдістемені сыныпта және сыныптан тыс іс-әрекеттер кезінде қолдану қажет;

- экологиялық тәрбие сабақтастығын білім берудің барлық сатыларында іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдердің экологиялық білімін жетілдіру бағдарламасын дайындау қажет.

Зерттеу проблемасы қазіргі таңда өте күрделі мәселе болғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта бастауыш сынып оқушылары мен орта мектеп оқушыларының экологиялық тәрбие сабақтастығы; бастауыш сынып оқушыларының экологиялық білімінің басқа білімдермен сабақтастығы, экологиялық білімнің сыныптан тыс жүргізілетін іс-әрекеттер түрлерімен сабақтастығы және т.б. проблемалар арнайы зерттеуді қажет етеді.




ДИССЕРТАЦИЯ МАЗМҰНЫ МЫНАДАЙ БАСЫЛЫМДАРДА ЖАРИЯЛАНДЫ

Монография, бағдарлама, оқу-әдістемелік құралдар


1 Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық сабақтастықтың ғылыми-теориялық негіздері. Монография. ТКО «Зерде» баспасы. –Алматы, 2005.-181 б.

2 Бүлдіршіндерге экологиялық тәрбие беру. Оқу-құрал. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. –83 б.

3 Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмыстарына арналған көмекші құрал. Техникалық байланыстар жөніндегі Германия қоғамы. –Алматы. 1998. –1-15- б.

4 Табиғатты бағала да аяла. (Баланы мектепке дайындау сыныбы мен топтарында экологиялық тәрбие беруге арналған көмекші құрал). –Алматы: «Зерде» баспасы, 2001. -72 б.

5 Мектепалды топтарында қысқа мерзімде (3 айлық) баланы мектепке дайындау бағдарламасы. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1999. (М.С. Сәтімбековамен авторлық бірлестікте ) -35 б.

6 Қысқа мерзімде баланы мектепке даярлау бағдарламасы. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2000. (М.С. Сәтімбековамен авторлық бірлестікте) -33 б.

7 Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы, –Алматы. Шартарап, 2000. (М.С. Сәтімбековамен авторлық бірлестікте). -91 б.


  1. Балабақшада баланы мектепке дайындау. Әдістемелік нұсқау. –Алматы. Шартарап, 2000. (М.С. Сәтімбековамен авторлық бірлестікте). –103 б.

  2. Отбасында баланы мектепке дайындау, ата-аналарға арналған әдістемелік нұсқау. –Алматы. Шартарап, 2000. (М.С. Сәтімбековамен авторлық бірлестікте). –191 б.

10 Қысқа мерзімде баланы мектепке даярлау (әдістемелік нұсқау). –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2001. (М.С. Сәтімбековамен авторлық бірлестікте) –125 б.

11 Біз мектепке барамыз (хрестоматиялық жинақ) –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2001. (М.С. Сәтімбековамен авторлық бірлестікте). –95 б.

12 Айналаны қоршаған орта. Экология. Әдістемелік нұсқау. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –55 б.

13 Окружающий мир. Экология. Методическое пособие. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –55 с.

14 Айналаны қоршаған орта. Экология. Әліппе-дәптер №1. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –48 б.

15 Айналаны қоршаған орта. Экология. Әліппе-дәптер №2. –Алматы: Алматыкітап. 2003. –48 б.

16 Окружающий мир. Экология. Азбука-тетрадь №1. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –48 с.

17 Окружающий мир. Экология. Азбука-тетрадь №2. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –48 с.

18 Айналаны қоршаған орта. Экология. Хрестоматия. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –35 б.

19 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру.(Әдістемелік нұсқау). –Алматы: «Зерде» баспасы, 2005. –70 б.


Ғылыми-әдістемелік мақалалар, тезистер
20 Мектептегі білім берудің сапасы: қазіргі жағдайы, даму үрдісі және болашағы. //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2000. –160-162 б.

21 Экологиялық тәрбие жұмысының сипаты //Білім Образование.- 2001. -№2. -31-33 б.

22 Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту //Білім берудегі менеджмент. -2001. -№3. –117-119 б.


  1. Волшебная палитра родной природы //Отбасы және балабақша. -2001.-№4. –С.37-39.

24 Қазақстандағы география және экология ғылымдарының дамуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. –Алматы, 2002. –89-192 б.

25 Әлемдік білім беру кеңістігі жағдайындағы ғылым мен практика интеграциясы. //Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің 75-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2003. –237-239 б.

26 Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері: Халықаралық ғылыми-практикалық конферения материалдары –Алматы, 2003. –286-289

27 Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің бағыттары //Ұлт тағылымы. -2003. -№2. –19-21 б.

28 Шоқан еңбектеріндегі табиғаттың эстетикалық бейнесі //Ұлағат. -2003. -№5. –28-29 б.

29 Экологиялық тәрбие бойынша дайындалған оқу-әдістемелік кешені //Бастауыш мектеп. -2003. -№8. –18-19 б.

30 Ресейден Аралға су келе ме? //Зерде. -2003. -№1. –8-9 б.

31 Экологиялық мәдениет – отбасынан //Хабаршы. Педагогика ғылымдары сериясы. -2003. -№1 (3). –65-69 б.

32 Үздіксіз экологиялық тәрбие //Қазақстан мектебі.- 2003. -№8, –32-34 б.

33 Отбасында, балабақша мен бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбие жұмысын сабақтастықта жүргізудің әдістемелік негіздері //Ұлт тағылымы. -2004. -№4 (2). –138-143 б.

34 Формирование экологической культуры ребенка в семье //Вестник Кыргызского Государственного педагогического университета им. И.А. Арабаева. -Бишкек, 2004. –Вып. №2. -С. 88-94

35 Экологиялық тәрбие технологиясы //Еуразия. Хабаршысы. Астана, 2005. -№2. –115-117 б.

36 Экологиялық тәрбиені сабақтастықта жүргізу тұжырымдамасы. –Алматы: ТКО

«Зерде» баспасы, 2005. –25 б.

37 Педагогикалық технология негізінде жоғары оқу орны студенттеріне экологиялық білім берудің тиімділігі. «Жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Тараз, 2007.- 157-161б.

38 Возможности педагогической технологии в процессе непрерывного экологического образования. «Образование через всю жизнь: непрерывное образование для устойчивого развития» халықаралық конференция материалдары. -Санкт-Петербург. 2007. -232-235с.

39 Педагогикалық технология негізінде бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім берудегі мұғалім шеберлігі. //Мектепке дейінгі және бастауыш білім: қазіргі жағдайы, даму тенденциялары және мәселелері: халықаралық ғылыми-практикалық конференция матералдары. – Алматы, 2007. -625-629 б.

40 Педагогикалық инновация негізінде оқушыларға экологиялық білім берудегі мұғалім шеберлігі. Алматы: Қаз. Мем. Қыз.Пед.Инст. Педагогика.

сериалы, 2007. -81-85 б.

41 Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығы //Ізденіс. -Алматы, 2007. -№ 4(2). -225-229б.

42 Педагогика: Қазақша түсіндірме терминологиялық сөздік. -Алматы: RONDA баспасы 2007.(Ш.К.Беркімбаевамен құрастырушылық бірлестікте). – 248б.

43 Мұғалімнің шығармашылық табыстылығы. «Педагогикалық кадрларды даярлаудың сапасын арттырудағы инновациялық технология мәселелері және даму ерекшеліктері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Алматы, 2008. -943-949б.

44 О мастерстве использования учителем педагогической технологии в системе экологического образования //Вестник Кыргызского Государственного педагогического университета им. И.А. Арабаева. -Бишкек, 2008. -Выпуск №11. -С. 82-85

45 Экологиялық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың мүмкіндіктері. //Ұрпақ қамы, ұлт қамы. - Қытай, 2008. №9.- 31-36б.



РЕЗЮМЕ

Манкеш Аксауле Ерженбайкызы
Научно-педагогические основы преемственности экологического воспитания в процессе непрерывного образования
13.00.01 – Общая педагогика, история педагогики образования, этнопедагогика
Актуальность исследования. В настоящее время среди жизненно важных проблем, которые волнуют человечество, уделяется огромное внимание охране окружающей среды и эффективное использование природных ресурсов. Как показывает мировой опыт, экологические проблемы, появляющиеся каждый день, и поиск их решений, лишний раз доказывают об их важности. Это в свою очередь, увеличивает необходимость развития экологического образования детей в непрерывном процессе обучения (семья → детский сад → начальная школа), так как охрана окружающей среды и сохранность здоровья человека являются одними из ценнейших факторов.

В процессе многоэтапного образования проблема экологического воспитания предлагает целый ряд предложений, которые ведут к новым решениям, например в следующих изданиях говорится о механизме реализации государственной экологической политики «Концепция о защите экологической безопасности в Республике Казахстан в 2004-2015 годы» (2003ж.), «Конституция Республики Казахстан», и закон «об Образовании», «Экологический кодекс» который был принят в 2006 году. Однако нельзя предполагать, что проблема экологического образования и воспитания поднимается только сегодня.



В нижеследующих трудах «Концепция о защите экологической безопасности в Республике Казахстан в 2004-2015 годы» (2003ж.), «Конституция Республики Казахстан», и закон «об Образовании», «Экологический кодекс», уделяется отдельное внимание экологическому образованию и воспитанию в процессе непрерывного образования многоэтапной учебной системы.

Каталог: web -> uploads -> doc
doc -> Урок Воздушная оболочка Земли. Физика 7 класс. Учитель: Злобина Л. Л. Тема урока: Воздушная оболочка Земли. Вид урока: комбинированный Тип урока: изучение и первичное закрепление знаний
doc -> Конспект урока по биологии в 11 классе «Предпосылки возникновения учения Ч. Дарвина»
doc -> 2 Мемлекет деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару
doc -> I – Бөлім Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. 11 2
doc -> «Меңдiқара ауданы әкімдігінің білім бөлiмiнің Буденный орта мектебі» мм
doc -> Диплом жұмысы Мамандық 050102 «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі»
doc -> Час общения «Традиции и обычаи казахского народа»
doc -> Кіріспе Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет