Студент-практиканттарға ұсынылатын қажетті материалдар тізімінің үлгісі Зейіннің тұрақтылық қасиетін анықтауға арналған әдістеме.
Танымдық әрекет ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістеме.
Оқушының қиялының дамуын анықтайтын тест тапсырмалары.
Жеке оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме берудің үлгі-сызбасы 1. Оқушы туралы жалпы мәліметтер
Аты, тегі, сыныбы, жасы; отбасындағы жағдайы, отбасы тәрбиесінің негізгі бағыттары
Оқушының сыртқы түрі (бойы, беті, жүрісі және т.б.).
Дене дамуы, денсаулық жағдайы, қимыл-қозғалыс белсенділігі.
2. Оқу әрекеті
Оқу үлгерімі (алатын бағалары, қолжетімді пәндері, таңдаулы пәндері).
Үлгерімі мен жалпы ақыл-ойы дамуының сәйкестігі (қабілеті, дүниетанымы).
Оқу әрекетінде оқушы зейінінің ерекшеліктері, еске сақтау қасиеті мен саналылығының көрінуі.
Сөйлеуі (сөздік қор, сөйлеудегі білімділігі, ойын ауызша және жазбаша жеткізу біліктілігі).
Білуге ұмтылысы (ынтасы, оқу әрекетіндегі жинақылығы; оқушының білуге ұмтылыс деңгейі немен түсіндіріледі: таным әрекетіне қызығушылығы, ата-аналар немесе мұғалімнің «қысымымен», қабілеттілігімен және т.б. себептермен білуге ұмтылысы.
3.Тәртіптілігі
Сабақта, үзілісте, сабақтан бос уақытындағы мінез-құлқының ерекшеліктері.
Мектеп ережесінің, мұғалім талаптарының орындалуы.
Мінез-құлық мәдениетінің дағдылары.
Санасы мен мінез-құлқының бірлігі.
4.Еңбекке қатынасы
Оқушы еңбек еткенді ұнатады ма, еңбекті құрметтейді ме?
Еңбек дағдыларының болуы.
Оқушы еңбектің қай түрін қалайды?
5. Қоғамдық белсенділігі
Орындайтын қоғамдық міндеті (тапсырмасы).
Сыныптың қоғамдық өміріндегі белсенділік деңгейі.
6. Сынып оқушыларымен қарым-қатынасы
Қарым-қатынас сипаты, сыныптағы көпшілік оқушылармен тез араласып кете ала ма, қандай да бір топқа бөліне ме, сынып жетекшісімен, мұғалімдермен, қыздар және ұлдармен қарым-қатынасы қандай?
Өзі, өзінің тұлғалық қасиеттері туралы пікірі, өзін-өзі бағалауы.
10.Темпераменті мен мінез-құлқының ерекшеліктері
Мінез-құлқында, жұмысқа қабілеттілігінде, қарым-қатынасында, эмоционалды күйінде, жұмыс қарқынында (бірдей қарқын немесе әртүрлі, жұмысты тез бастайды немесе ұзақ «тербеледі»), өзіне сенімділігі мен сенімсіздігінде темперамент ерекшелігінің көрінуі.
Қалыпты көңіл-күйі (көңілсіз, тұңжыраулы, тұрақты, тұрақсыз, немесе көңіл-күйі жиі ауысып тұрады).
Оқушының қатты байқалатын оң және теріс мінезі.
11.Арнайы қабілеті, бейімділігі
Мысалы, спортқа, сурет салуға, әдеби шығармашылыққа