Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет30/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
дей сыңаймен вокзал маңындағы шағын дүкеннен бiр бөтелке арақ 
алып, такси жүргiзушiсiне қала сыртына қарай алып баруын өтiндi. 
Қала шетiне жақындағанда бұзылған ескi үйге көзi түсiп, толғағы 
жиiлеген соң машинаны тоқтатты да түсiп қалды. 
Жиiлей түскен толғақ әлсiн-әлсiн бүрiстiрiп, шыдатпай барады. Сәл 
тыныстатып алады да, тұмса жанды қайтадан өз дегенiне бастайды. 
Өмiрге деген адамзаттың ынтасын арттырып, қуаныш пен бақытқа 
бөлейтiн, бал қылығымен базар ететiн сәби де өзiнiң оңайлықпен 
өмiрге келмейтiнiн тағы да бiр көрсетiп қалғысы келгендей, ана 
құрсағын аямай тепкiлеп, жарық сәулеге ұмтылған сайын азапты 
сәттер жанды қинайды. Өмiр мен өлiм арпалысып, күреске түскендей 
азаптайды. Табиғаттың өзi адам баласын тiрлiкке әкелудi осылай етiп 
жаратқан соң өмiр жеңерi хақ. Бiрақ азаппен, жан қинаумен, арпалы-
спен жеңедi, сонысымен өмiр тәттi, сонысымен ардақты. 
Төмен түсiп кеткен iшiн қолымен уыстай, көзiнен жасы парлай, ескi 
бұзылған үйдiң еденiне құлай кеттi. Жарық дүниеге шығар уақыты 
келген сәби қозғалған сайын жан шыдатпайтын ауру қайталай бердi. 
Маңдайынан шып-шып аққан тер көзiне ағып, онсыз да жан ауруы-
нан қиналып, жылап жатқан қаракөзге қарай құйылады. «Апатайым-
ай, қайттiм, жан шықпақ деген қиын екен-ау» деп те ойлады. Әлден 
уақытта жанға батқан ауру сәл бәсеңдеп, күшенгiсi келдi. «Бұнысы несi 
тағы...» деп ойлап, ерiксiз бар даусымен ышқынып қалып едi, шар ет-
кен дауыс естiлiп, қол-аяғын ербеңдетiп сәби де қара жерге түстi. «Ух», 
деп күрсiнiп, жаңағы жанын қинаған ащы толғақ басылып, қиналған 
тән жай тауып, көзiне ұйқы iлiнгендей болды. Жоқ, бұлай жата берген 
болмас, – деп орнынан тұрмаққа ұмтылып едi, әлдене лық етiп түсе 
қалды. Баланың жолдасы болады деушi едi ғой... Сол түспей қалып, 
қайтыс болған келiндерi есiне түсiп, жарық сәуленiң бiр сәтке болса 
да қымбат екенiн, керек екенiн сезiнiп, сөмкесiнен кiшкентай қайшы 
алып, сәбидiң кiндiгiн кестi. Ендi қайтпек? Жаңа ғана шырылдап 
туған сәбидiң үнi өшiп қалғандай... Қанша отырғанын, не ойлағанын 
өзi де ұқпай манағы алған бөтелкенi ашып, қылқылдатып iше ба-
стады. Алдымен шөлдеп, таңдайы кеуiп тұрғаны басылып, кезерген, 
кеберсiген ерiндерi қимылға келгендей болды. Артынан бойына жылу 
жүгiрiп, күзгi суықтан қалтыраған, тер қатқан денесi жiбiп, бiр мезет 
рахаттанғандай болды. Қайғысын, қасiретiн, iс-әрекетiн ұмытып, көзiн 
жұмып, едәуiр отырып қалған едi. Есiн баланың дауысынан жиды. Тез 
арада тастап қашып кетпесе, етегiне жабысып қалмайтындай көрiнген 
ол асыға жиналып, басы ауған жаққа жүгiре жөнелдi. Түн ортасы ауған 


67
Тіршілік
кез бе, жоқ ертерек пе пайымдай алмады, әйтеуiр, қала шетiндегi қонақ 
үйiнiң бiр бөлмесiне орналасып, жатқаны есiнде. Әрi ащы толғақтан 
кейiн бусанған жас дене, әрi арақ қызуынан болар ауырсынбастан ұзақ 
ұйықтап оянды. Не iстегенiне есеп берiп, пайымдап едi, өкiрiп тұрып 
жылағысы келдi. Балажанды емес пе едi, көп балалы болуды арман-
дайтын қыз емес пе едi? Iшiн әлдебiреу осқылап, әлденемен тырналап 
жатқандай... Көкiрегiн өксiк қысып, өкiнiш оты өртеп бара жатқандай... 
Барып алып келгiсi келiп те кеттi... Бiрақ, белгiсiз сезiм етегiнен тартып 
жiбермедi. Жылап-жылап көз жасы да таусылғандай... 
Өткен жылы ең алғаш қалаға келгенде осындай күз едi... Бұлт 
та сұр, қала да сұр, адамдар да сұр, сұрқай... Бәрi сұр... Сол күнгi 
жалғыздық, ешкiммен де ештеңемен де iсi жоқ қала тіршілігі дәл сол 
күнгiдей, ештеңеге көңіл бөлмейтін адамдары әрлi-берлi жүрiп жатыр. 
Ешкiмнiң Айтолқында iсi жоқ, Айтолқынның ешкiмде iсi жоқ. Ендiгi 
бағыт-бағдарын анықтай алмай отырғанда екiншi күн де шығып, ке-
лер таң да атты. Ойлап-ойлап тапқаны: «бiраз күн жұмыс орнына
жатаққа көрiнбей жүре тұрып, сонан соң баланы ауылға тастап келдiм 
деп» қайта барармын болды. Оған дейін уақытша бір тірлікке орна-
ласып алмақшы. Сөйтiп, қонақ үйде тұрып жатқанына да бiрталай 
уақыт болып қалған, кешкiсiн теледидар көрiп жатқан едi, «Төтенше 
хабар беремiз» дегенге елеңдей қалғаны сол теледидарға қол-аяғы 
ербеңдеген күйi қатып қалған баланың суретi қойылып, iле-шала «қала 
шетiндегi бұзылған үйден жаңа туған, суықтан өлiп қалған баланың 
денесi табылды. Күнәhар, қылмыскер ананы iздестiру шаралары 
жүргiзiлiп жатыр» деген хабар төбесiнен суық су құйып жiбергендей 
болды. «Тауып алып, енді сотталып жүрмес пе екенмін, ата-анаға 
қасіретті сонда әкелермін... Бірақ ешқандай мекемеге тіркелмеген 
мені қайдан табар дейсің» деген оймен сәл тыншыды. 
Бәрі де өтпелi ғой... Уақыт жазбайтын жара бар ма? Айтолқын да 
жаңа жұмысқа орналасып, жаңа адамдармен танысып, қала тiршiлiгiнiң 
ырду-дырдуымен қайтадан араласып, тiршiлiктiң тұңғиығына сүңгiп 
кете барды. Бiрақ, сол бiр жағдай түнде түсiне енiп, күндiз көз ал-
дына келiп, жанын жегiдей жейдi. Бiресе есiктен баланың перiштесi 
ұшып кiрiп келе жатады, бiресе көкiрегiне жармасып, емгiсi келген-
дей ме, бiресе шыр-шыр етiп қолына жармасқан титтей саусақтарды 
әрi итерiп жатып, шыңғырып оянады. Ол елеске қосымша «құдай, сол 
күнәм үшiн жазалады-ау» деген ой қосылып, «бүгiн болмаса ертең, 
өмiр-бақи жалғыз қаламын-ау» деген күдiк жалғасып, ойлап кетсе 
жан-дүниесi түршiгедi. Тән азабынан жан азабының қиындығын ендi 


68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   115




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет