Клиникалық есеп №1


ҚР ДСМ хаттамасына сәйкес жүкті әйелді емдеу жоспары



бет8/45
Дата24.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#198913
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
!АиГ экзамен (1)
Регенерация отдельных тканей и органов, f620f2b4f55c310, 9 сынып химия пәнінен тоқсандық жиынтық бақылау
5.ҚР ДСМ хаттамасына сәйкес жүкті әйелді емдеу жоспары:
Жүргізу мақсаттары:
* біріншілік медико-санитарлық көмек деңгейінде преэклампсияның алдын алу мақсатында динамикалық бақылау.
* стационар деңгейінде жайылған ісіну кезінде дифдиагностика жүргізу үшін.
Медикаментозды емес емдеу:
* ұтымды тамақтану;
* емдеу-қорғау режимі;
* тәулігіне кемінде 2,0 л сұйықтық қабылдау.
Сұйықтықты қабылдауды шектеу негізделмеген, өйткені бұл гиповолемияның жоғарылауына әкеледі.
Дәрі-дәрмекпен емдеу қарастырылмаған.
Диуретиктерді қолдану негізделмеген, өйткені бұл сұйықтықтың тамырішілік көлемін азайтады және перифериялық тамыр кернелуі артады.
Клиникалық есеп №5
Клиниклық мәліметтер: Сіз емхананың акушер-гинеколог дәрігерісіз. 24 жастағы жүкті әйел 9 сәуір күні бірінішілік тексеру нәтижелерімен 2- рет қабылдауға келді. Шағымы жоқ.
Ауру анамнезі: Жүктіліктің 11аптасынан бері тіркеуде тұрады. Соңғы етеккірі 18 қарашада болды.
Қарап тексеру: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысының түсі қалыпты, таза, ісік және көк тамырдың варикоздық кеңеюі жоқ. Бойы 162 см, салмағы 62 кг. Пульс минутына 78 рет/мин. АҚ 100/70 с.б. Дене температурасы -36,3 . Іші жұмсақ, пальпацияда ауру сезімі жоқ, жатыр қозғалыссыз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. «Соққылау» симптомы теріс. Зәр шығару қалыпты, ауырсынусыз, нәжісі қалыпты.
Акушерлік статус: жатыр қозбаған, жатыр түбінің биіктігі (ЖТБ)-20 см.
Біріншілік тексеру нәтижелері:
-5 ақпан күні түсірілген жатыр УДЗ нәтижесі: 11 апталық бірұрықтық жүктілік.
-Биохимиялық генетикалық маркерлер: кауіп деңгейі төмен
- 5 ақпан күнгі жалпы зәр анализі: реакция –қышқыл, салыстырмалы тығыздығы- 1015, белок- abs, лейкоциттер- 2-3.
- 5ақпан күнгі зәрдің бактериологиялық себіндісі: E.coli 10*3, цефазолинге сезімтал.
- жалпы қан анализі: Нв-120 г/л, эритроциты– 4,0*1012/л, лейкоцит – 7,0*109/л, тромбоцит – 240,0, ЭТЖ – 18 мм/сағ
- қан тобы (0)- І бірінші, Rh(+), ВИЧ- теріс, RW- теріс, HBsAg –теріс.
- Терапевтпен консультация: Қорытынды: соматикалық аурулар анықталынбады.

1. ДСИ анықтау


ДМИ= 62/1,62х1,62=23,6
Жауабы: қалыпты
2. Жүктілік мерзімі мен болжамды босану күнің анықтау
Негель формуласы бойынша: соңғы етеккірдің күні – 3 ай + 7 күн = 18 қараша – 3 ай + 7 күн = 25 тамыз;
Жауабы: болжамды босану күні – 25 тамыз, жүктілің мерзімі – 20 апта
3. Әр зерттеудің интерпретациясын жасау

  • Қарап тексеру: қалыпты, патологиялық өзгерістер жоқ;

  • Акушерлік статус: қалыпты, жатыр түбінің деңгейі жүктілік мерзіміне сәйкес;

  • Біріншілік лабораториялық зерттеу:

  • 5 ақпан күні жасалған УДЗ нәтижесі: бірұрықты жүктілік;

  • биохимиялық генетикалық маркерлер: қауіп деңгейі төмен;

  • жалпы қан анализі: патологиялық өзгерістер жоқ, қалыпты;

  • жалпы зәр анализі: қалыпты, патологиялық өзгерістер жоқ;

  • зәрді бактериологиялық себу: қалыпты, патологиялық өзгерістер жоқ (Е. coli 103, цефазолинге сезімтал)

  • қан тобы(0) –І бірінші, Rh (+0), ВИЧ – теріс, Вассерман реакциясы – теріс, гепатит В – теріс.

4. Клиникалық диагнозды қою


Жүктіліктің 20 аптасы

5. Жүктілікті жүргізу жоспарын құру. Келесі келу визитің белгілеу.


ІІІ келу визиті – жүктіліктің 24-25 аптасының мерзімінде, 7 мамыр

  1. Консультациялау:

  • жүкті әйелде асқынуларды анықтау(преэклампсия, қан ағу, қағанақ суының әлсіз ағуы, ұрықтың қимылын);

  • қажет болған жағдайда жүктіліктің жүргізуін ауыстырып, жүкті әйелді акушер-гинекологтың консультациясына жіберу;

    • Мәселелерді талқылау және сұрақтар қою мүмкіндігімен ақпарат беру, сонымен қатар «Жүктілік кезінде қауіп қатер белгілері» туралы талқылау

  1. Зерттеу:

    • АҚ өлшеу;

    • аяқтарды қарап тексеру(варикозды кеңеюілер);

    • жатыр түбі биіктігін өлшеу (гравидограммаға белгілеу);

    • ұрықтың жүрек соғу жиілігін тыңдау.

  1. Лабораториялық зерттеу:

  1. Емдік-профилактикалық шаралар: жоқ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет