Км 01. Тақырыбы: Асхана мен тапсырыс тағамдарына арналған мәзір ерекшеліктері



бет5/6
Дата31.08.2022
өлшемі110 Kb.
#148516
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
01 дәріс

КМ 01.
Тақырыбы:
Көжелерді жіберудің ерекшеліктері
Көжелер салқын тағамдар сияқты тәбетті ашуға негізделеді. Мәзірде оларды салқын және ыстық басытқылардан кейін жазады.
Салқын көжелерді жіберу температурасы 10-14ºС, ыстық көжелерді жіберу температурасы 75ºС.
Көжелерді ыстық цехтан сорпалық ыдыстарда немесе керамикалық горшочиктерде жібереді. Оларды тұтынушының оң жағынан қояды.
Сорпаларды гарнирлермен (қытырлақ, самса, бауырсақ, расстегай, кулебяка) жібергенде, даяшы гарнирді тәрелкеде сол жақтан келіп, сорпа құйылған тәрелкенің алдына қояды.
Профитрольмен жіберілетін сорпаны кішкентай тәрелкеге қойылған сорпалық кеседе жібереді. Профитрольді самсалық тәрелкеге төселген қағаз майлықтағы салатникте тұтынушының сол жағынан қояды. Профитрольді сорпаға салу үшін арналған десертті қасықты салатниктің алдына, ұстайтын жерін оңға қаратып қояды.
Омлеттен жіберілетін сорпа. Буда дайындалған омлетті сорпалық кесеге салып, үстіне ыстық сорпаны құйып жібереді. Сорпаны оң жақтан оң қолмен қояды. Сорпалық кесенің ұстайтын жерін сол жаққа, ал қасықтың ұстайтын жерін оңға қаратып қояды.
Тұздық көжелер (щи, борщ, рассольник, солянка). Оларды жіберу орнынан көжелік ыдыстарда әкеліп, қосалқы стөлде жылытылған шұңғыл тәрелкелерге құяды. Тәрелкелерге құйылған көжелерді кішкентай асханалық тәрелкелерге қойып, тұтынушының оң жағынан қояды. Асханалық қасықты тәрелкенің оң жағынан қояды.
Балық көжесі (уха). Көжелік ыдыста әкелінген балық көжесін стөл ортасына қойылған тақтайға қояды. Тұтынушылар самсалық тәрелкеге қойылған ағаш қасықпен көжені өз тәрелкелеріне құйып алады.
Ұлттық көжелер (тәуліктік щи, пити көжесі). Оларды керамикалық горшочиктерде дайындап, сол ыдыстарда екі әдіспен жібереді:
горшочикті басытқылық тәрелкеге төселген қағаз майлыққа қойып жібереді. Сол жақтан басытқылық тәрелкеге қойылған табадағы көктер себілген қарақұмық ботқасын әкеледі. Қасына фарфордан жасалған соусникте қаймақты қояды. Ботқаға асханалық қасық, қаймаққа шай қасық қойылады. Тұтынушылар көжені горшочиктен ішіп жейді;
орамалмен горшочиктің қақпағын ашып, қосалқы стөлде асханалық шұңғыл тәрелкеге ағаш қасықпен көженің негізгі бөлігін салады да, үстіне сұйықтықты құйып жібереді.
Салқын көжелер (окрошка, көк щи) тұздық көжелер сияқты жіберіледі. Сол жақтан самсалық тәрелкеге төселген қағаз майлыққа мұз салынған салатникті қояды.
Тәтті көжелерді жазда салқын, ал қыста ыстық күйінде шұңғыл десерт тәрелкесін кішкентай десерт тәрелкеге қойып жібереді. Тұтынушының қалауы бойынша көпіршітілген кілегейді немесе қаймақты шай қасықпен жібереді. Бөлек самсалық тәрелкеде бисквит, кекс немесе құрғақ печеньені жіберуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет