Күнделікті сабақ жоспары 1Тақырып


Хабарлама, ақпарат тиімділігін жоғарлатуға болады,егер



бет9/18
Дата19.10.2023
өлшемі317,24 Kb.
#186866
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
ПК тема1
pavlovskaia-jogargy-dengeili, БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ - Роман, БОӨЖ-5 Академия
Хабарлама, ақпарат тиімділігін жоғарлатуға болады,егер:
* хабар алушы назарын өзіңізге аударсаңыз (оның қолы тимей жатса, ең дұрысы әңгімені келесі уақытқа қалдыру);
* жайлап, анық, қарапайым сөздермен қысқа сөйлеу;
* арнайы терминдерге әуес болмау;
* нақты пациентпен сөйлескенде сөздің тездігін және айтылуын өзгерту: егер мейірбике тым баяу сөйлесес, пациент оның қабылдау мүмкіндігін жеткілікті бағаламайды деп ойлауы мүмкін. Егер керісінше тез сөйлесе, пациент оны асығып тұр деп, әрі қарай тыңдағысы келмейді;
* Сөйлесу үшін сөйлесу уақытын дұрыс таңдаған дұрыс: ақапарат қабылдауға арналағн адам, ықылас білдіруі тиіс. Сөйлесу үшін ең тәуір уақат- өз жағдайы, күту жоспары, мейірбикелік шаралар туралы сұрақ берген және т.б. кездер;
* Дәрігіер аурудың жағымсыз нәтижесі немесе емделуге келмейтін ауру туралы айтқан болса, әңгімелесуді бірден бастамау керек;
* Дауыс ырғағына көңіл бөлу қажет, ол айтылатын әңгіме мазмұнына сәйкес болуы тиіс. Дауыс ырғағы жағадайға деген қызығуды, қамқорлықты, немқұрайлылықты және ашуды, қорқуды т.б. білдіре алады;
* Дауыс қаттылығын таңдау қажет: сізді еститіндей етіп айту , бірақ айқайламау керек;
* Әзіл-қалжың вербалды қатынастың тиімділігін арттырады, бірақ сақтық әсіресе пациенттің жеке гигиенасына байланысты манипуляциаларды орындағанда сақтық қажет. Оған медицицналық мейірбикелер күтім көрсетіп жатқанда, күлкілі жағадайларды айтуға болады не пациентті күлдіру үшін сөз ойынын пайдалануға болады. Кейбір шетел мамандары әзіл-қалжың пациентті тыныштандырады, ауру сезімін не толғанысты басады, эмоционалды қолдауға көмектеседі және ауру сезілуін жұмсаратады деп есептейді;
* Сізді түсінгеніні көз жеткізу үшін ашық не жабық сұрақтар берілсе, сұрақты былай беруге болады: Тексеруге сіз қалай әзірленесіз?, бірақ Сіз тексеруге қалай әзірленуді түсінбепсіз? емес. Пациент екінші (жабық) сұраққа тіпті түсінбесе де ия деуі мүмкін.
Мейірбике жұмысының нәтижелілігі, карамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты болады
Мейірбике, жүмыс міндеті бойынша, санитаркамен қоян-қолтық байланыста болады. Науқасты күту, бөлмеде тазалық және санитарлық режимін сақтау, ауруға туалет жүргізу және т.б. жұмыстар санитарканың міндетіне жатады. Бұл жұмысты мейірбике үнемі қадағалап, бақылайды. Сондыктан, мейірбике мен санитарка арасындағы қатынас тиісті дәрежеде болуы, ауруды емдеу ісіне оңды ыкпал жасайды. Керісінше, олардың жұмыс бабы бойынша қатынасуы үлгісіз болса, емдеудін тиімділігі де жоққа шығуы мүмкін.
Науқас пен мейірбике арасындағы да карым-қатынас мейірбике жұмысында өте маңызды орын алады. Мейірбике мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қарым-қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмәндік тумайды.
Ал медицина қызметкері мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелілігіне ауру күманданады, дәрігерге сенімділік білдірмейді. 
Науқас адамның ауруын анықтауға, тиімді ем шараларын тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас кұра білуіне, яғни коммуникативтік дағдыларына байланысты болады. 
Дәрігер - науқас арақатынасының екі түрі белгілі: императивті және диалог.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет