Күнделікті сабақ жоспары 1Тақырып



бет7/18
Дата19.10.2023
өлшемі317,24 Kb.
#186866
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
ПК тема1
pavlovskaia-jogargy-dengeili, БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ - Роман, БОӨЖ-5 Академия
Коммуникатор - ақпаратты жіберуші адам. Коммуникант (адресат) - ақпаратты кабылдаушы адам. Коммуникация арнасы - жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы.
Адамдардың өзара қатынасқа түсуі — олардың іс-әрекетіне тікелей байланысты болады. Қажеттілігіне қарай, қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жинастыра келе, түсінушілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, ой-максатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жасайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардын әлеуметтік жағдайына, олардың қоғамдағы орнына, қоғам заңдары мен құқық ережелеріне байланысты болады.
Қатынасу процесінде, адамға тән, көптеген психикалық құбылыстар қатысады. Олар арқылы адам, адамзат жинастырган тәжірибені тұжырымдайды, қолданады.
Коммуникативтік білгерлік (компетенттік) – дәрігердің басқа адамдармен (науқас, оның жақындары және туыстары, әріптестері, т.б,) вербальды және вербальды емес тәсілдерді нәтижелі қолдана білуі арқылы карым-қатынас жасау қабілеті.
Қатынасу аркылы адамдар бір-біріне коммуникативтік тұрғыдан әсер етуі мүмкін. Адамдардың бір-бірімен араласуында түрлі әлеуметтік және психологиялық спецификалы коммуникативтік кедергілер байқалуы мүмкін. Оның себептері - қатынасқан адамдардың, бір-бірінен қатты айырмашылығы болуы, оның ішінде: бірін-бірі түсінбеуі және мамандық, саяси, діни, әлеуметтік көзқарастарының болуы. Коммуникативтік кедергілер тек психологиялық негізінде де дамуы мүмкін, олар адамдардың жекеше (индивидуальды) психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Адамдар арасындағы қарым – қатынас күнделікті өмірдің маңызды мазмұнының бірі. Мейірбикелік емдік шараларды ,манипуляцияларды техникалық тұрғыдан сауатты,шынайы көңілмен орныдаумен қатар,медициналық мейірбикенің физикалық және психикалық қиындықтарды сезетін,қорыққан,еңсесі түсетін не агрессивті пациентпен қарым – қатынаста болатынын мойындайды. Пациенттерде қарым- қатынасқа байланысты әртүрлі қажеттілік,мысалы,оларға кеңес,тыныштандыру,қолдау немесе өз күдіктерімен бөлісу қажет болуы мүмкін.
Психотерапевтік тиімді қарым-қатынастың жақсы әсері, оныңмаңызы белгілі, ол кейде басқа емдеу әдістерін нәтижелерінен асып түсуі мүмкін. Сондықтан қарым-қатынас - медициналық мейірбикенің сапалы қызметіне қажетті дағдылардың бірі. Қарым-қатынас дағдасы оған пациенттің, оның жанұясының, емдеу үдерісіне қатынасатын дәрігерлермен және басқа мамандардың сеніміне ие болу үшін қажет. Өз тәжірбиесінен адамдар көбінесе өздерін өзара толық түсінбейтіндерін жақсы біледі. Тиімді қарым-қатынас осы олқылықты жоюы мүмкін.
Мейірбикелік іс философиясының негізгі қағидаларын өмірді құрметеу, адамның адами қасиетін және құқығын құрметтеу жатады. Адамды түсіну үшін, онымен сөйлесу үшін қажеттілері силастық, оның маңыздылығына деген сенім, құндылығы, қайталанбас ерекшеліктері, қайырымдылығы, күші, өзін басқара алатындығы және осыған деген құқығы. Мейірбикелік іс - ол жауапты өзара қамқорлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет