Күнделікті сабақ жоспары 1Тақырып



бет1/18
Дата19.10.2023
өлшемі317,24 Kb.
#186866
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ПК тема1
pavlovskaia-jogargy-dengeili, БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ - Роман, БОӨЖ-5 Академия

Күнделікті сабақ жоспары
1.1Тақырып: Паллиативтік көмек мазмұны және оны қамтамасыз ету қағидалары
Паллиативті медицинадағы этик және деонтология

2. Мақсаты: Паллиативтік көмек анықтамасы және оның мазмұны,хоспис қызметі туралы білу.Паллиативті медицинаның негізгі принциптері,паллиативті көмек жүйесінің компонентері туралы білу.
Паллиативті көмектің психологиялық аспектілерін білуі керек. Медициналық этика және деонтология туралы,қарым-қатынас дағдылары туралы білу керек
3. Дәріс тезистері.
Соңғы онжылдықта жер шарындағы әр түрлі елдер мен мемлекеттерде медико-әлеуметтік және паллиативті көмекке зәру науқастардың саны артып келеді. Қауіпті және созылмалы аурулардан зардап шегетін (оның ішінде қатерлі ісіктің 4-ші сатысы, АҚТЖ-ның соңғы сатысы, созылмалы өршімелі аурулар) адамдарға, паллиативті көмек көрсету олардың өмір сапалығын жақсартады. Әлем бойынша паллиативтік көмек адам құқықтарының бірі – қауіпті ауруларға душар болған адамдардың өмір соңында лайықты күтім мен қамқорлық алуға құқы ретінде қаралады. Кез келген мемлекеттегі медициналық қызметте паллиативтік көмек сынды маңызды аспекті болуы керек. Әрине, Қазақстан да. Халықаралық стандарттарға сәйкес паллиативтік көмек білікті медицина қызметкерлерімен ауруханаларда, хоспистерде, қарттар үйінде, стационарларда, үй жағдайында көрсетілуі керек. Әлемдегі барлық емделушілер үй жағдайында емделуді қалайды, сондықтан оларға осындай мүмкіндік беруге тырысу керек. Алайда емделушілер арнайы күтімді қажет еткенде немесе оған күтім көрсететін адам немесе туысқаны болмаған жағдайда хоспистер тамаша балама бола алады.
Паллиативті көмек дегеніміз – қауіпті және созылмалы аурумен зардап шегетін адам үшін мамандандырылған медициналық қызмет көрсету. Диагнозға қарамай аурудың белгілерін жеңілдету.
Негізгі мақсаты – емделушінің және оның отбасының өмір сапалығын жақсарту. Паллиативті көмек қажет ететін аурулардың демала алмауы, шаршауы, іш қатуы, құсу, тәбет жоғалту, және ұйқыссыздық сияқты белгілерді басуға үлкен әсерін тигізеді. Яғни, бұл көмек емделушіге қайта қалпына келуге көмектесу мен қатар өмірін ұзартуға көмектеседі. Емделу кезеңін жеңіл өтуге ықпалын тигізеді. Көбіміз паллиативтік көмектің не екендігін біле бермейміз. Сондықтан осы ұғымның мәнін болашақ медбикелер паллиативті көмек туралы мәліметті білу керек. Онкологиялық аурулардың 60-80% мен ВИЧ/СПИД аурулардың 50-60% паллиативтік көмекке зәру. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес шағын бір қалада емделушілерге үй жағдайында көмек көрсететін бағытын қосқанда кем дегенде 10-25 орындық бір хоспис болуы керек. Барлық хоспистер мен үй жағдайында күтім көрсетуге бағытталған бағдарламалар дәрігерлерден, медбикелерден, әлеуметтік қызметкерлер мен өзге мамандардан тұратын мультидисциплинарлық топтардан тұруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет