Күні: Білім беру саласы:«Таным» Оқу іс – әрекеті: «Қоршаған ортамен таныстыру»



бет109/109
Дата16.06.2020
өлшемі249,34 Kb.
#73577
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109
Байланысты:
Қоршаған орта

Рефлекстік - түзету

1.Балалар сендер кәпиті немен жасадыңдар?

2.Сендер оны қалай жасадыңдар?

3.Жасаған кәмпитіміз қуыршақ Әселге ұнадыма?


Ермексазбен.

Алақан арасымен домалатып.


Ұнады.

Күтілетін нәтиже: Білу керек: өз ойыншықтарына көңіл бөлу керек екенін, кәмпитің тәтілігімен бірге зияны да бар екендігін Болу керек:-мүсіндеүдің қызық әдістерін, жұмысын соңына дейін жеткізүін және еңбекті ойынмен ұштастыруды Үйрену керек:-ермексазды алақанға салып, ырғақты домалату әдісін
I-кіші «Балапан» тобының

2013 – 2014 оқу жылына арналған технологиялық картасы

Күні: Білім беру салалары: «Шығармашылық» Оқу іс – әрекеттері : «Сурет салу» Тақырыбы «Бауырсақ қалай домалайды» Мақсаты: 1. Оңнан солға қарай түзү сызықтар сызуды жалғастыру. Қарандашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту. 2.Саусақ бұлшық еттерін дамыту. 3. Ұқыпты жұмыс жасау істеугетәрбиелеу. Билингвальды компонент: бауырсақ

Әрекеттердің

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың іс - әрекеттері

Ұйымдастырушы-лық,

оқытушылық,

қызықтырушылық


Тәрбиеші балалардың есіне «Бауырсақ» ертегісін түсіндіреді.

-Атай мен әжей ұннан қамыр илеп, одан домалақ бауырсақ пісіріп, терезенің алдына қойған кезде, ол домалап кетеді. Түзү жолмен домалап келе жатқанда аюға, қасқырға, қоянға жолығады, ең соңында түлкіге кездеседі. Түлкі оны аяп, атаймен әжейге алып барады.

Ертегі кейіпкерлерін фланеграфқа қою арқылы естеріне түсіреді.


Балалар ертегіні қызығушылықпен тыңдайды.


Ұйымдастырушы-лық –

ізденушілік


Өнер орталығы

-Бауырсақ үйіне келгенен соң,ойыншықтарға жете алмай адасып кетіпті. Біз бауырсақ адасып жүрмеуі үшін оған әдемі түзү жол салып берейік.

Алдарыңда бауырсақтың бейнесі бейнеленген парақ қағаз бар.

Бауырсақтың бейнесінен бастап оңнан солға қарай екі түзү сызықты сызыңдар да, өздеріңе ұнаған түстермен бояйсыңдар. Бұл бауырсақтың адаспай жүрүіне көмектесетін болады. Егер сендер жолды қисайтып алсаңдар, бауырсақ тағыда адасып кетүі мүмкін.

Сондықтан мұқият болуға тырысыңдар.

Тәрбиеші үлгі суретті көрсетеді.

Түзу сызық қолынан келмей отырғандарға көмектеседі.

Балаларға салған суреттері бойнша

әңгімелетеді.

-Міне, осындай әдемі түзү жолмен бауырсақ ойыншықтарға аман- есен, адаспай жететін болады.


Балалар тәрбиешінің нұсқауымен екі сызық сызып, өздеріне ұнаған түстерімен бояйды.

Балалар өздерінің салған жолдары жайында әңгімелейді.



Рефлекстік - түзету

1.Балалар бауырсақ кімдерден домалап қашып кетті?

2.Орманда қандай аңдарды кезіктірді?



3.Ертегі сендерге ұнадыма?

Атадан және әжеден.
Аю, қасқыр, түлкі.
Ұнады.

Күтілетін нәтиже: Білу керек: қарындашты дұрыс ұстау дағдысын. Болу керек: жолдың, яғни сызған сызықтарының түзү болып шығуын. Үйрену керек: солдан оңға қарай екі түзү сызықты сызуды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет