Көкшетау 2011 Құрастырғандар



бет5/9
Дата25.12.2016
өлшемі2,39 Mb.
#4988
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Уильям Дампир 1652 жылы Англияда туған. Ол үш рет жер шарын кемемен айналып шықты. Оны замандастары «теңіз королі» дейтін. Дампир географиялық зерттеуінде көптеген ашулар жасаған теңізші. Ол жасынан сауда кемесінде болып, Ньюфаундленд аралына, Ост-Индияға барып жүреді,кейіннен әскери портта жұмыс істеген. Ямайка аралоында ол пираттармен достасып, Испания кемелерін тонауға қатысчты. Геррис, Саукинс Шейстер басқарған пираттардың қатарында Дампир де болды. Бұлар 1680 жылы санта-Мария қаласын тонайды, Панама кемелеріне шабуыл жасайды. Енді Дампир, Англияның Тынық мұхитқа шығуына әзірленіпжатқан кемесінде қызмет істейді. Бұл экспедиция Англия жағалауынан шығып, Батыс Африка, Оңтүстік америка суларында жүзеді. Ол Үнді мұхитынан бірнеше аралдар ашып, олардың географиялық жағдайын, табиғатын, халқын зерттейді. Жер шарын айналып шығып, 1691 жылы Лондонға келді. 1697 жылы «Жер шарын айналып шыққан жаңа саяхат» деген кітап жазды.

Генри Гудзон Солтүстік-батыс кеме жолын іөзеп табуға теңізші Гудзон кірісті. Ол алдымен, « Москва сауда компаниясымен» келісім жасап, 1607 жылы 1 майда Англия жағалауынан шығады да, 13 июньде Гренландияның оңтүстік жағалауында- 70˚ солтүстік ендіктек болады. Кейіннен американың солтүстік жағалауын өте ауыр жағдайда зерттейді. Оның ашқан жері кейіннен Гудзон бұғазы, Гудзон шығанағы деп атады.

Екінші рет жүзінде ол Шпицберегн аралына келіп, одан әрі Азияға өте алмай Англия жағалауына қайта оралды. 1609 жылы Голландиядан шыққан Гудзон кемесі Шпицберген, жаңа Жер аралдарында болып, ол жерлерді зерттеді.



Джеймс Кук - ХУІІІ ғасырдың ағылшынның атақты теңізшісі. Ол оңтүстік материк, (Австралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты. Кук 1728 жылы Йоркшир ауданында туған. 17 жасында Кук балық аулайтын кемеде шәкірт болып қызмет істейді, кеме иесімен келісе алмай, одан шығып, тас көмір таситын ағылшын кемесіне тағы да қызметке кіреді. Екі жылдан кейін кеме иесі оны басқа көмір таситын кемеге қызметке шақырады. Ол енді белгілі көмірші болады. Кукке Голландиядан, Норвегиядан шәкірттер келіп, одан білім алатын болған. Бұдан кейін Кук Балтық теңізінде жүзіп, Петербургке барады. Оны бұрынғы кеме иесі шақырып алып, кеме командирінің орынбасары етіп тағайындайды. Жеті жылға созылған ағылшын-француз соғысы Кук өзі сұранып, бір әскери кемеге матрос болып кіреді, осы кеменің командирі Хью Паллиесер еді. Ол білгір матросқа назар аударып, кейіннен оған офицер шенін береді де, оны Канаданың Лаврентий өзені бойында француздарға қарсы жүріп жатқан соғысқа жібереді. Ол бұл өзеннің тереңдігін зерттеп, кеме жүзуге болатындығын дәлелдейді. Бұл соғыста ағылшындар жеңіп шығады да Кук кемесі 1759-1760 жылдары жағада тұрады. Бұл кезде Кук геометрия, астрономия ғылымдарын үйренеді. 1762 жылы Кук Ньюфаундленд аралының оңтүстік-шығысын зерттеуге жібереді. Ол бұл жұмысты ойдағыдай орындап шығады. Сөйтіп, 1764 жылы Ньюфаундленд аралының бас гифрографы болып, мұнда 1767 жылға дейін жұмыс істеді. 1768 жылы Британия империясы оңтүстік материкті зерттеуге экспедиция жіберді. Жеті жылдық соғыстан кейін Антлант мұхиты мен Үнді мұхитында үстемдігі басым болды. Ал француз кемелері үлкен экспедициясы жіберді. Бұл кезде Тынық мұхитта испан кемелері де жүзе бастаған, өйткені олар жеті жылдық соғыста француздар жағында болып, ағылшындарға қарсы соғысқан болатын.

1768 жылы 20 қаңтарда кук Тынық мұхитқа шығып, оны зерттей бастады. Кук экспедициясында- географ, гидрограф, астроном тағы басқа ғалымдар бар еді. Кук Жаңа Зеландия, Австралия жағалауларын тағы басқа көптеген ғылыми тұрғыдан әр жақты зерттейді. Ол ашқандарын картаға түсіреді. Оның кемесі 1771 жылы 12 маусымда Англия жағалауына келіп тоқтайды.

1772 жылы Кук жер шарын кемемен айналып шығуға екінші рет аттанды. 1773 жылы 17 қаңтарды Кук тұңғыш рет 39°35' шығыс бойлықтағы Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. 67°21' Оңтүстік ендікте болды.1774 жылы 26 қаңтарда Оңтүстік поляр шеңберінен үшінші рет өтіп барып Антрактикадаға жақындады. 30 қаңтар күні ол Антрактика материгіне жақындап барды, бірақ Д. Кук оның жер шарының алтыншы иатеригі екенін білмеді, «бұдан әрі жер жоқ, онда тура алмайды» деген оймен Англияға оралды.

Лаперуз XVIII ғасырдың 80-жылдарында француз үкіметі Тынық мұхитқа экспедиция жіберіп, белгісізх жерлерді, аралдарды отармалақ болды. Лаперуз 223 адамы бар екі әскери кемемен 1785 жылы жолға шықты. Ол кезде Лаперуз 44 жастағы тәжірибелі теңізші еді. Лаперуз Гавай аралдарындща тағы басқа аралдарда, Аляска, Камчатка түбегі жағалауларында болды. 1788 жылы Джэксен портынан шыққан Француздың осы екі кемесі толқын айдап суға батты.

Француз үкіметі Лаперузды іздеуге 1792 жылы екі кеме аттандырды. Бірақ бұлар Лаперуз жайында ешбір дерек біле алмаған.



Тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

5-нұсқа
1. Француздар Солтүстік Американы қашан зерттей бастады?

А) ХУ ғ.


В) ХУІ ғ.

С) ХІХ ғ.

Д) ХУІІ-ХУІІІ ғ.

Е) ХХ ғ.
2. Нешінші жылы француздар Сенегал өзенін зерттеді?

А) 1638 ж.

В) 1637 ж.

С) 1640 ж.

Д) 1645 ж.

Е) 1660 ж.
3. 1624 ж. Үндістан, Тибет елдеріне аттанған Еуропа монахы?

А) Андре Баро

В) Антонио де Андради

С) Марко Поло

Д) У.Дампир

Е) дұрыс жауабы жоқ


4. Голландия үкіметі Үнді мұхитын, Австралия жерін зерттеуге экспедицияны басқаруға тағайындаған ғалым:

А) Гудзон

В) Тасман

С) Ле марк

Д) Дампир

Е) Скотт



  1. Тасмания аралын нешінші жылы мұқият зерттеді?

А) 1650 ж

В) 1640 ж

С) 1644 ж

Д) 1680 ж

Е)1653 ж
6. «Жер шарын айналып шыққан жаңа саяхат» деген кіитаптың авторы?

А) Гудзон

В) Кук

С) Белингаузен



Д) Магеллан

Е) Дампир

7. Үнді мұхитын Зерттеген, көптеген аралдарын ашқан?

А) Кук


В) Скотт

С) Лаперуз

Д) Дампир

Е) дұрыс жауап жоқ.


8. Қай жылы Кук Ньюфаундлнд аралдарын зерттеуге шығады?

А)1763 ж


В) 1762ж

С) 1764ж


Д) 1769ж

Е) 1770 ж

9. Кук жер шарын кемемен айналып шыққан неше экспедиция болды?

А) 5


В) 2

С) 4


Д)3

Е) 1


10. 223 адамы бар 2 әскери кемемен Лаперуз нешінші жылы экспедицияға шығады?

А) 1785ж


В) 1783 ж

С) 1784 ж

Д) 1760 ж

Е) 1761 ж

11. Кук Антрактида материгіне 2 рет қашан жетті?

А) 1773 ж. 18 желтоқсан

В) 1774 ж. 10 қаңтар

С) 1775 ж. 26 ақпан

Д) 1774 ж. 26 қаңтар

Е) 1796 ж. 11 қараша

12. Нешінші жылы Кук екінші кемемен айналып шығу экспедициясына аттанды?

А) 1775 ж

В) 1776 ж

С) 1773 ж

Д) 1780 ж

Е) 1791 ж



13. Кук Ньюфаундленд араларында кім болып жұмыс атқарды?

А) геолог

В) географ

С) гидрограф

Д)ботаник

Е) гидролог



14. Кук қай елдің ғалымы?

А) Португалия

В) Англия

С) Голландия

Д) Испания

Е) Франция



15. Гудзон ... ғалымы?

А) американ

В) ағылшын

С) голланд

Д) испан

Е) д.ж.ж.



16. Қай жылы Гудзон Шпицберген, Жаңа Жер аралдарына жетті?

А) 1610 ж В) 1611 ж С) 1609 ж Д) 1612 ж Е) 1613 ж



17. Кейін Нью-Йорк деп аталынған қаланың іргетасын (Жаңа Амстердам) кім қалады?

А) Кук


В) А.Веспуччи

С) Гудзон

Д) Х..Колумб

Е) Дампир



18. Гималайдан асқан тұңғыш Еуропа ғалымы:

А) Андре Баро

В) Андрио де Андради

С) М.Поло

Д) Дампир

Е) д.ж.ж



19. Санта-Мария қаласын (1680ж) тонаған саяхатшыны ата:

А)Ле марк

В)Тасман

С)Магеллан

Д)Дампир

Е) Кук


20. Куктың дүние жүзін айналып шығу 1 экспедициясы қай уақыт аралығында болды?

А) 1769-1770 жж

В) 1768-1771 жж

С) 1769-1772 жж

Д) 1773-1775 жж

Е) 1773-1776 жж


Бесінші тарау

ХIX-XX ғасырлардағы зерттеулер

Орталық Азияның зерттелуі Европалықтар Үндістан, Қытай, Монғол, Тибет жерлерін зерттеуге ертеден-ақ құштар болды. Өйткені оларды Азия­ның бағалы металдары, асыл тастары, жібегі қызықтырды. Ертеде бірен-саран Азияға өткендер, оның тамаша табиғатына, халқының мәдениетіне, архитектуралық, еіскерткіштеріне таң қала қарайтын. Европалықтарға көп­ке дейін Азияға өтуде көптеген қиыншылықтар болып келді. Өйткені екі араны асқар-асқар таулар мен шөлдер, сол жерлерді мекендеген жауынгер татар-монғолдар, түрік мемлекеті — Осман империясы алып жатты. Европалықтар Азияға өткенде зерттеу мақсатын ашық айтпастан діншілдер, саудагерлер, елшілер деген әр түрлі себепті сылтау етті. Ал орыстардың Монғолиямен, Қытаймен байланысы, кейінірек, орыс патшалығы ныгая бастаған кезден басталды. 1616 жылы Монғолияга барган бірінші елші — Василий Тюменцев. Ол Кузнец Алатауынан, Саяннан асып, Енисей өзенінің жоғарғы ағысынан өтіп, Солтүстік-Батыс Монғолияға жетті. Иван Петлин екінші рет осы жолмен Азияға 1618 жылы өтті. 1654 жылы орыс елшісі Фе­дор Байков төте жолмен, Ертіс бойымен жүріп, Монғолияға, Қытайға, оның астанасы Пекинге барды.

Осы елшілерден кейін 1689 жылы Қытай мен Ресей арасында тұңғыш келісім жасалды. Бүл Қытай халқының басқа елдермен жасасқан ең бірінші келісімі еді. Бұлардың жол-жөнекей жазған Орталық Азия туралы географиялық материалдары бірінші деректер болды. Осы деректерден кейін ғана Батыс Европа елдер.Орталық Азияны біле бастады. Сөйтіп, орыстар Орталық Азияның түнғыш зерттеушісі болды. XIX ғасырда Орталық Азияны ғылми түрғыдан дүрыс зерттеп, оның жаратылыс жағдайын, халқының эдет-ғүрпын анықтау Орыс география қоғамының басшылыгымен жүргізілді. Әсіресе Орталық Азияны зерттеуде Н. М. Пржевальскийдіц еңбегі география ғылымында өте маңызды орын алады. Пржевальскийге дейін де Ішкі Азияда Филипп Ефремов, қазақ халқының тұңғыш ғалым-саяхатшысы Шоқан Уәлиханов пен Г. Н. Потанин болған. Н. М. Пржевальскийден кейін, Орталық Азияны Қытай, Монголия жерлерін, Тибетті оның замандастары, шэкірттері — М. В. Певцов, Г. Е. Грумм-Гржимайло, В. И. Роборовский, П. К. Козлов, В. А. Обручев т. б. зерттеді.

Филипп Сергеевич Ефремов 1774 жылы Россия мен қазақ даласының шекарасындағы Теңгіз қарауылына әскери қызмет атқаруға келеді. Бұл кезде Орынбор мен Илецк арасындағы кең жазықтағы жол үстіне орналасқан кішкене селода не бары 20 солдат күзетте түрған. Бір күні тыныш жатқан селоға көп әскер келіп кіргенде шекара күзетшілері оларға қарсы тұрды, бірақ күші жетпеді. Ефремов Орынборға қарай шегінді, жау ауыр жаралы Ефремовты жолдастарымен бірге қолға түсіреді де, оны Бұхара ханы Даниярбекке алып барады.

Тұтқында жүрген Ефремов тәжік тілін үйреніп, шығыс халыңқарының әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Даниярбек оған сенім білдіріп, әскері ішінде он басы етіп тағайындайды, мұсылман дінін қабылдауды ұсынады, бірақ Ф. Ефремов одан бас тартады.

Ефремов Бұхара хандығының Хиуа хандығына қарсы соғысында асқан ерлік көрсетіп көзге түседі. Әскери жорық кезінде ол Хорезмде болып Қызылқұм, Қарақұмды аралап, талай рет Амудариядан өтіп, Орта Азия жерін аралайды. «Жер жаннаты» атанған Самарқантта да болады.

Ефремов ұзақ уакыт Бүхарада тұрады. Оның соғыста көрсеткен ерлігі үшін жүз басыға тағайындайды, бірақ ол еліне кайтқысы келеді. Ефремовке Орта Азия ханының қол астынан қашып шығу оңай емес, қашқан соң қолға түспеу керек. Енді қолға түссе тек ба­сы кесілетінін біледі. Өлтірмесе тұтқынға істейтін амалы тағы бар, ол да өліммен тең: әуелі құлақ-мұрнын кеседі, өкшесін тіліп азаптайды. Жара жазылған соң адам өкше­сін баспай әрең-әрең жүретін болады. Ол енді қаша алмайды.

Ефремов ақыры қашуға бел байлады. Даниярбектің кілтшісі парсы қызының көмегі-мен жолдама қағазды қолға түсіреді. Бірақ жолдама Хиуаға барады деудің орнына Қоқанға барады деп жазылыпты. Сөйтіп, орыс офицері Бұхарадан Қоқан хандығына қашып шығып, Ресеи саудагерімін деп Самаркант, Қоканға барып, Ферғана ойпатынан, Тянь-Шань тауынан асып Қашқарияны аралады. Сөйтіп, Ефремов қазақ даласынан бастап, бүкіл Орта Азия мен Орталық Азияны аралап, Англияға, одан Ресеике барды. Жолжөнекей керген-білгенін, естігенін күнделігіне жазып отырды. Оның 8 жылдан асқан бұл сапары география зерттеуіне жаңа материал берді. Саяхатшының Қашқария, Қашмир, Үндістан аралығындағы сауда жолы туралы жазғаны бағалы еді. Бұл жолды Ефремовтен кейін 100 жылдан соң ағылшындар мен немістер де зерттеді. Бірақ осы сауда жолы мен Азияның басқа жерлері туралы тұнғыш ма­териал берген Ефремов болатын.

П. П. Семенов Тянь-Шанский (1827—1914) Орталық Азияның тұңғыш зерттеушісі, саяхатшы, ғалым, географ. Ол XIX ғасырдың орта кезінде дүние жүзі география ғылымына әлі нақты белгісіз Тянь-Шань тау жотасын ашты. Сол үшін ол Семенов Тян-Шанский аталды. Ол Орыс география қоғамын үздіксіз 40 жыл басқарды. Ғалымның өмірбаянын, ғылми еңбектерін зерттеушілер шетел ғалым­дарының: «Ресейде бірнеше мамандықты игерген Семенов бар» — дегенін келтірді. Расында, ол географ, геолог, ботаник, энтомо­лог, этнограф, суретші әрі сурет өнерін зерттеуші, бұл салаларда өте маңызды із қалдырған ғалым.

Семенов жас кезінде-ақ планетамыздың ең үлкен материгі — Азияны зерттеуді арман еткен. Ол алғашқы жұмысын Тянь-Шань тауларын зерттеуден бастады. Кейін Орталық Азияны зерттеу жұмыстарына басшылық етті.

Семенов зерттеуіне дейін дүние жүзілік гео­графия карталарына Орталық Азия белгісіз «Ақ таңдақ» болатын.

XII ғасырда Азия туралы Европаға түңғыш деректер әкелген Венеция саяхатшысы Марко Поло еді. Бірақ, одан кейін алты ғасыр өтсе де бірде-бір европалық саяхатшы Орталық Азияны зерттей алмады, Орталық Азия ғылымға жұмбақ болып қала берді. Берлинде, адамдар ағылып келіп-кетіп жататын қарапайым үйдің музей-кітапхана тәрізді кең залында екі адам сөйлесіп тұр. Олар мұндағы сан алуан экспонаттарды: кітаптарды, суреттерді қарайды. Әсіресе жан-жануардың қаңқасын, тау жыныстарының коллекциясын көріп, көп әңгімелеседі. Ақ шашты қарт адам жас жігітке қабырғадағы суреттерді көрсетіп, түсіндіріп жатыр. Бұлардың бірі осы үйдің иесі немістің атақты ғалым-географы Александр Гумбольдт та, екінші Семенов еді. Жас жігіт Орталық Азия­ны зерттеуге аттанар алдында Гумбольдпен ақылдасуға келген. Гумбольдт өз тарапынан оған жол болсын айтады әрі бұл сапардың қиын екендігін ескертеді. Ақырында ол: «Егер сіз маған Тянь-Шань тауларынан бірнеше тау жыныстарын өкеліп берсеңіз мен дүниеден армансыз көз жұмар едім»,— деп қоштасады.

Семеновтың Берлинге баруында мән бар еді, өйткені бұған дейін неміс ғалымдары: Карл Риттер, Фердинанд Рихпофен, Александр Гумбольд ескі деректерге сүйеніп, «Азия» деген атпен бірқатар кітап жазған. Бұлар құнды деректер болса да қатесі көп болатын. Семенов 1856 жылдың көктемінде Тянь-Шань тауларын зерттеуге аттанады. Петербургтен шыққан саяхатшы поезбен Москваға келеді. Ол кезде Сібірге, Қазақстанға темір жол тартылмаған. Сондықтан ол Горький (Новго­род), Қазан қалаларына ат арбамен жетіп, 1 июньде Омбы қаласына келеді. Саяхатшы мұнда Омбы кадет корпусын жаңа ғана бітіріп шыққан жас офицерлер Потанин мен Шоқан Уәлихановқа ерекше назар аударды. Шоқан жайында кейін былай деп жазды: «Омбыда мен Шоқан Шықғысұлы Уәлихановты көрдім. Бұл — ерекше қабілетті адам. Омбыда кадет корпусыньщ курсын үлкен табыспен бітірді, кейіннен мен арқылы Петер­бург университетінде лекция тыңдады. Сөйтіп, ол француз, неміс тілдерін жақсы үйреніп, Шығыс тарихының өсіресе, қырғыз рулас халықтар тарихының маманы болып алды... Осы талантты жас адамға генерал Гасфорттың ерекше назарын аударуға өзімнің міндетім деп есептедім; менің ойым, Тянь-Шань саяхатынан қайтып келгенше Уәлихановты кырғызша киіндіріп, Қашқарияға жіберу болды және оны Уалиханов кейіннен ойдағыдай толық орындап шықты».

Бұдан кейін Семенов суыт жүріп Барнаул, Змейногор қалалары арқылы, Ульба, Уба, Ертіс өзендерінің бойымен Семейге келіп, ондағы досы Федор Михайлович Достоевскийге жолығады. Семейден 6 тамызда шығып, 31 тамызда Верныйға (Алматы) келеді. Саяхатшы Верныйда кәп аялдамады, Ұзынағаш,Қаскелең, Талғар арқылы жүріп, Тянь-Шаньның тау аралық ойыстарын, жоталары тізбегін, биік шыңдарын, зерттеп қайтты. Алғаш рет Ыстықкөлде болды. Дәл осы жолы ол Шу өзенінің басы Ыстықкөлден басталмай, таудан басталатынын анықтады. Семенев 1856—57 жылдардың қысын Барнаулда өткізді де, жаз шығысымен Верныйға кайта оралып, тағы да Тянь-Шань тау жоталарын зерттей бастады. Ыстықкөлдің шығысында болды. Көптеген минералды заттар, тау жыныстарын, өсімдік түрлерін жинады. Тянь-Шань тауларын картаға түсірді. Сондай-ак. Тянь-Шаньның биік шыңы - «Хан-тәңірін» ашты, оның биіктігін 6995 м деп есептеді. Сөйтіп, саяхатшы Тянь-Шаньның құз-қияларын картаға тұңғыш рет дұрыс түсіріп, оны дүние жүзі география ғылымына ашып берді.

Семенев өзінің зерттеу жүмыстарының бірін былай деп қорытты: Тянь-Шань шөгінді тау жыныстарынан құралған, Гумбольдтың ойлағанындай, мұнда жанар тау (вулкан) калдықтары жоқ. Тянь-Шаньда қар сызығы теңіз деңгейінен 4000м биікте жатады, бұл өңірдің ауа райы құрғак, болып келеді. Тянь-Шань тауларындагы мұздықтар Альпі таулары мұздықтарынан үлкен.

Семенев Ресей география ғылымының негізін қалаушы. Ол Ресей Ғылым академиясының жане Ресей мен шетелдердегі 73 ғылми қоғам ұйымдарының құрметті мүшесі болды. Петр Петрович Семенов Тян-Шан­ский 1914 жылы 11 наурызда 87 жасында кайтыс болды. Көптеген географиялық жер аттары, өсімдік пен жануарлар оның есімімен аталды. Бұл халықтың оған деген шынайы ескерткіші.




Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835—1865) балалық шағы Көкшетауда Сырымбеттегі аулында өтті. Жасынан өнер-білімге бейім алғыр жас 1847 жылы Омбыдағы кадет корпусына түсіп, оны 1853 жылы бітірді. Бұдан кейін ол Омбы генерал-губернаторының қол астында әскери қызмет атқарды. Шоқан шығыс халқының тұрмысын, мәдениетін, тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеумен шұғылданды. 1856 жылы Шоқанның Омбыде П. П. Семенов — Тян-Шанскиймен кездесуі оның болашағына көп әсер етті. Ғалым-географ талантты жастың экспедицияларына көмектесіп, оны Орыс география қоғамына тартты. 1855 жылы Же­тісу өлкесін, Ыстықкөл өңірін, Құлжа маңын зерттеді. Жас ғалым бұл саяхатында әр жақты тарихи-географиялық және этнографиялык, материал жинады. Ол осы сапарында бұл өңірді зерттеушілермен: ЕгорКовалев­ский,Врангель,Хоментовский,Василий, Обуховтармен кездесіп пікірлесті. Білгіштігіне, ғалымдығына көзі жеткен Орыс география қоғамы 1857 жылы өзіне толық мүше етіп алды. Шоқанды Омбыда болған кезінде, тіпті Кадет корпусында оқып жүргенде-ақ жолдас-тары, оқытушылары оның зейінділігін таныған. Оқуды бітіріп қызметке келісімен ол Ом­бы интеллигенттері, ғалымдары және әскери адамдармен қарым-қатынас жасады. Әрине, оның өжеттігін көре алмайтындар да болды. Олар сол кезде Омбы арқылы қазақ даласына отарлау саясатын жүргізіп отырған, шетелдік чиновниктер еді. Шоқан оларды елемеді. Оның дос больп, бірлесіп қызмет істескен адамдары демократиялық идеядағы жаңашыл орыс интеллигенттері болды. Олар: өзімен бірге оқыған досы, Азияны зерттеуші, атақты саяхатшы Г. Н. Потанин, орыс гео­графия ғылымының атасы, Тянь-Шаньды зерттеуші П. П. Семенов Тян-Шанский, өзінің оқытушылары — С. Сотников, Н. Ф. Костылецкий, Гонсевский, В. П. Лободовский, аса көрнекті ғалымдар Н. И. Березин, Д. И. Менделеев, Е. П. Ковалевский, Омбыдағы чиновниктер К. К. Гутковский, Ц. М. Капустин, Хоментовский, Перемышельский, петрашевшілер — С. Ф. Дуров, Ф. М. До­стоевский, тағы басқалар.

Шоқан Ішкі Азияны тұңғыш зерттеуші болды 1856—1857 жылдары Тянь-Шань тауларын аралап, Түркістан өлкесін зерттеп, Ыстықкөл жағасында болып, тұңғыш рет геогра­фия ғылымына Орта Азия, Қазақстан тура­лы өте бағалы ғылми материалдар берді. Шоқан аса жауапты, әрі қауіпті іске — Азия­ны зерттеуге бел байлады, «Әлімбай» деген лақап атпен Семей саудагері Мұсабайды ертіп, Батыс Түркістанға жол тартты. Онда әр жақты зерттеу жұмысын жүргізді. Қашқарияда болған кезде Шоқан халық өмірімен танысып, алты шаһарды: Яркент, Қашкар, Янги-Гисар, Қотан, Ақсу, Турфанды анықтады. Алты шаһардың өрқайсының өзіндік тарихы бар. Мәселен, сол кезде Яркентте еркектерді құлдыққа, әйелдерді күңдікке сататын болған. «Алты шаһар бейне бір ғияван сахарада суалып, тынысы тары­лып бара жатцан өмір сияқты. Ондай жағдайға ұшыратушы мусылман дінінің салдары»,— деп жазды Шоқан.

Сезік тудырып алған Шоқан, көзге түспей тұрғанда, елге оралуға асығады. «Қашқарияда бір орыс офицері «жасырынып жүрміс» деген лақап алты шаһарға тарап кетеді. Тіпті ол лақап Орта Азия хандығының қол астындағы әкімдердің құлағына да шалынады. 1859 жылы 11 наурызда Мүсабай керуені әріп-тестерімен қоштасып, салтанатты тұрде шаһардан шығып, «Темен» өзеніндегі ағаш көпірден өтіп, елге кайтады. Шоқан шаһарда қауіпті жағдайда жүрсе де көптеген ескі кітаптарды — әлемге аты әйгілі «Тазкириян Ходжаған» қолжазбасын тауып алып, оны жеке нарға артып алады. Нарға теңделген кебежеде сол кітаптардан басқа — тау жы-ныстарының, минералды заттардың коллекциясы, ескі киім-кешек үлгісі, жергілікті халыктың этнографиясын танытатын өр тұрлі бұйымдар, бағалы заттар көп болатын.

Сөйтіп, Шоқан 1859 жылы 12 сәуірде Вер­ный қаласына қайтып келді. Науқас меңдеткен әлсіз Шоқан қалада біраз тынығады. Кейін Петербургке шақырылды. Шоқан сонда ғалымдар алдында өз саяхаты туралы есеп берді, астана қауымын қазак, жерімен таныстырды. Ол Петербургте қызу қызмет атқарды, астана өміріне қатысты. Талантты жас ғалымның өсіп, ғылыммен шұғылданіп, қоғам жұмысына қатысуын достары қызу қуаттады, ол көп уақыт орыс интеллигенттерінің арасында болды.

Шоқан Петербургте Генералдық штабтың әскери ғылым комитетінде, Азия департаментінің география қоғамында қызмет істеді. Ол қызметтен бос кезінде университетке барып, көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдады. Генералдық штабта Шоқан Орта. Азия мен Шығыс Түркістанның, Балқаш пен Іле Алатауы аралығының, ЬІстықкөлдің, Құлжа қаласының карталарын жасады. Ол география қоғамында атақты неміс географы К. Риттердің еңбегін баспаға әзірледі. Орта Азия мен қазақ жерінің географиясын, этнографиясын жазды, бүл жайында қоғам мүшелеріне лек­ция оқыды.

П. П. Семенов Тян-Шанский, Г. Н. Пота­нин, Ф. М. Достоевскийлер Шоқанды астанада көптеген ғалымдармен, ақындармен жазушылармен таныстырды. Олар талантты жас қазак, жігітінің ғылыммен шұғылданғанын көрді. Шоқан география қоғамында А. Н. Бекетовпен, Т. П. Ковалевскиймен, Ф. Р. Остен-Сакенмен, И. И. Захаровпен тағы басқа көптеген ғалымдармен танысып, олармен бірге қызмет атқарды. Шоқанның Пе­тербургке әкелген әр жақты материалдарын көптеген ғалымдар: А. Ф. Голубев, Д. И. Ро­мановский, П. П. Семенов Тян-Шанский, М. И. Венюков, Ф. Р. Остен-Сакен, Е. П. Ко­валевский, А. А. Татаринов, П. И. Лерх тағы басқалар пайдаланды.

Шоканның жаңашыл, демократиялың көзқараста екенін білген патша Александр ІІ оның еңбегін бағалау былай тұрсын, оны астыртын қуғын-сүргінге ұшыратты. Оның үстіне оның ауруы меңдеп, астанада тұруға болмады, қызу жүріп жатқан ғылми-зерттеу жұмыстарын, сүйікті достарын қалдыруға тура келді. Сөйтіп, Шоқан астанада не бары бір жарым жыл тұрып, 1861 жылы қазақ даласына оралды. Туған жердің таза ауасы дертке дауа болар деп ойлаған еді.

Шоқан елге келген соң науқастығына қарамастан біржола ғылыммен шұғылданды. Омбыдағы, Петербургтегі достарына қазақ даласынан материалдар жіберіп, үнемі хат жазысып тұрды. Әрине, мұның бәрі оның науқасын меңдете түсті, қазақтан шыққан тұңгыш саяхатшы-ғалым 1865 жылы 25 мамырда қайтыс болды.

Өткен ғасырдың алдыңғы қатарлы демократиялық идеядағы орыс интеллигенттері Шоқанның мезгілсіз қайтыс болуына қатты қайғырды. «Шоқан шығыс тану әлемінің үстінен құйрықты жарық жүлдыздай ағып өтті»... деп жазды академик Веселовский. Шоқанның өмірі қысқа болды, бірақ ол халқына, ғылымға бағалы мол мұра қалдырды.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет