Көкшетау, 2015 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет3/4
Дата29.03.2017
өлшемі4,71 Mb.
#12544
1   2   3   4

Ботаника-биологиялық ерекшеліктері. Жер алмұрты мен күн түйнегі кіндік тамырлы. Тамыры тереңге бойлайды. Орталық тамырынан көпшілік ірілі-ұсақты тамыршалары жан-жаққа жайылып өседі және олар топырақ қабатының 10-30 см қабатында орналасады. Өсімдіктің жер астында 15 см тереңдікте сабақтары (столоны) пайда болып, оның ұшында түйнектер байланады. Түйнектердің пішіні дөңгелекше, алмұрт тәріздес, түйреуіш немесе ұзынша келеді. Салмағы 10 грамнан 100 грамға дейін болады. Түйнектерінің сыртқы қабаты нашар дамуына байланысты ол ұзақ сақталмайды.


Сабағы біржылдық, тік, шеңбер тәріздес түктері қатты және жақсы бұтақтанған. Биіктігі 1,5-4,0 м дейін өседі.

Жапырағы қарапайым, сағағы ұзын, пішіні жұмырқа тәріздес, қалың түктілі. Жапырағының саны орта есеппен 20-30 дана.

Гүлшоғыры – себет тәрізді, гүлдері түтікше келген. Гүлінің желектері сарғыш немесе қызғылт-сары түсті. Өздігінен, не болмаса айқас тозаңданады. Жемісі - қара сұр тұқымша. 1000 тұқымның массасы – 7-9 г.

Жер алмұртының түйнектері +4-6ºқ С жылылықта өсе бастайды да оның қалыпты өсуі + 8-12қ С жүреді. Өскіні мен қалыптасқан өсімдігі жылуды аса қажет етпейді және – 6қ С шыдайды. Жер бетінде орналасқан түйнегі - 10қ С дейін суыққа шыдайды. Оның осындай суыққа шыдамды қасиетін құрамындағы инулин мен аздап қант болуымен байланыстырады.

Және де бұл өсімдік ыстыққа да біршама шыдамды.

Ылғалды аса қажет етпейтін өсімдік. Ауаның құрғақшылық кезеңдерінде өсіп-өнуі жалғаса береді. Бірақ тамырына түйнек байланған кезеңінде суды көп қажет етуіне байланысты оны құрғақ аймақтарда өсіргенде суару тиімді. Топырақ ылғалдылығы толық ылғалдылықтың 50-60% деңгейінде болуы керек. Жамбыл және Алматы облыстарында бұл дақылдарды суармалы жерлерде өсірген тиімді.

Қысқа күннің өсімдігі. Күннің ұзақтығы оның гүлдену кезеңін ұзартады. Сондықтан оңтүстік аймақтарда жер алмұрты кеш гүлденіп, тұқымы піспей қалуы мүмкін. Өсу кезеңінің басында ғана жарықты көбірек қажет етеді.

Жер алмұрты мен күн түйнегі барлық топырақ түрлерінде өсе береді. Қышқыл, тұзды және батпақты жерлерде өсіп оңбайды.

Бұл өсімдіктер бейтарап және сәл қышқылдау құнарлы да жақсы қопсытылған, су сіңіру қабілеті жоғары топырақтарда жақсы өсіп, мол өнім береді.

Аурулар мен зиянкестерге төзімділігі орташа. Әсіресе ылғалды және қышқыл жерлерде көбірек залалданады. Көбінесе ақ шірік, бактерноз, склеротина аурулары кездеседі.

Зиянкестерден – проволочники жалған проволочники кездеседі, және мамыр қоңызының личинкасы түйнектерін зақымдайды.

Бұл өсімдіктердің аурулармен және зиянкестермен залалдануын төмендету үшін оның өсіру агротехникасының шарттарын бұлжытпай орындаған абзал.

Қазіргі кезде жер алмұртының мына сорттары шығарылып аудандастырылды: Находка, Вадим, Белая урожайная, Волжская 2, Киевская белая, Ленинградская, Скорспелка. Бұл сорттар – сүрлемдік, түйнектік және аралық болып бөлінеді. Оның көпшілігі мал азықтық сорттар.

Өсіру агротехникасы. Жер алмұрты мен күн түйнегін ферма жанындағы ауыспалы егісте, не болмаса одан тыс танаптарда өсіреді. Ең жақсы алғы дақылдар көпжылдық шөптердің қыртысы, күздік бидай болып есептеледі.

Себуге жер дайындау жұмыстары күзде танапты жақсылап (27-30 см тереңдікте) жыртудан басталады. Жыртудың алдында танапқа органикалық (30-40 тн/га) және фосфор-калий (P30K60) тыңайтқыштарын шашады. Көктемде культивацияның алдында әр гектарға 2,0-3,0 ц суперфосфат, 1 ц калий тұзын және 1 ц азот селитрасын берген тиімді.

Түйнекті ең қолайлы отырғызу кезі ерте көктем, яғни түйнек өсіп-өнгенге дейін. Тұқымдық материалды көктемде егіс танабын аудара жыртып түйнектерді жинап сұрыптау арқылы дайындайды. Отырғызуға майда (10-20 г) түйнектер де пайдаланылады.

Тұқым отырғызу әдісі кеңқатарлап (60-70 см) және қатардағы арасы 40-50 см.

Түйнекті шаршы-ұялап (60x60 немесе 70x70 см) отырғызуға да болады. Майда түйнектерді тұқымдыққа пайдаланғанда оны жиі отырғызған дұрыс.

Түйнек отырғызу картоп отырғызу сеялкаларымен, не болмаса қолмен, соқа немесе культиватор жүріп өткен ізге отырғызылады.

Түйнектің отырғызу тереңдігі 5-7 см, ал жеңіл топырақта 2-3 см тереңірек отырғызылады.

Гектарына отырғызу мөлшері түйнектің салмағына қарай 3 центнерден 8-10 центнерге дейін болады.

Жер бетіне өскіні көрініп шыққаннан кейін қатараралығы арамшөптерге қарсы 2-3 қайтара өңделеді (бұтақтану фазасына дейін). Екінші қопсыту кезінде әр гектарына 2 ц азот селитрасы шашылып қоректендіріледі.

Екінші және одан кейінгі пайдалану жылдары жер алмұрты мен күн түйнектерінің егістігі ерте көктемде тырмаланады және керек болған жағдайда 28-30 см тереңдікте аудармай жыртады. Осы әдіспен егістіктің орташа тығыздығын қалыптастырады да оның пайдалану ұзақтығын анықтайды.

Көк балаусасын жинауға сүрлем жинайтын комбаиндарды пайдаланады. Өсімдік 20-30 см биіктікте орылады. Өйткені, орылғаннан кейінгі сабағының түбіндегі пластикалық заттар түйнектің өнімін жоғарылатуға әсер етеді.

Түйнегін картоп қазатын, картоп жинайтын комбаинмен жинайды, не болмаса күзде және ерте көктемде соқамен жыртып жинайды.



Дәріс

Қазақстанның интродуцияланған мал азыктық дәстірлі емес өсімдіктер.

  1. Мал азықтық тарна , мал азықтық шалқан,мал азықтық қырыққабат

  2. Мал азықтық құндылығы.

  3. Биологиялық ерекшеліктері.

  4. Өсіру технологиясы.

Мал азықтық тарна Шаруашылық маңызы және таралуы.

Тарна (Brassіca napus rapіfera) қырыққабат (Brassіcaceae) тұқымдасына жататын мал азықтық тамыржемісті дақыл. Жерорта теңізі маңайында қыша мен қырыққабаттың кездейсоқ будандасуынан пайда болған. Тамыржемісті амфидиплоидты (2п=38) өсімдік. Көпшілік Еуропа, Азия елдерінде Ресейдің Батыс Сібір мен Қаратопырақсыз аймақтарында тараған (54-ші сурет).

Мал азықтық тарна құрамында құрғақ затының (10-16%), қант (5-10%) каротин, аскорбин қышқылы, минерал заттарының жеткілікті мөлшерде боуымен ерекшеленеді. Ол негізінен сауын сиырлардың сүттілігін көтереді және жас төлдердің өсуін тездетеді. Тарнаның пәлегін басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлемге, пішендемеге салады және шөп ұнына пайдаланады. 100 кг мал азықтық тарнаның тамыржемісінде 13,5 а.ө. және 0,7 кг қорытылатын протеин бар. Тарнаның тамыржемісіндегі көмірсуларының ішінде глюкоза көп те, фруктоза аздау. Тамыржемісінде шикі ақзат мөлшері 2,9% құрады. 1 кг тамыржемістің шикі ақзат құрамына негізгі аминқышқылдары 0,55 г лизин, 0,30 г метионин, 0,74 г аргинин кіреді. Тарнада айтарлықтай мөлшерде калий, фосфор, күкірт және кальций болады. Оның тамыржемісінің 100 г құрғақ затында 257 мг калий, 118 мг кальций, 102 мг фосфор мен күкірт бар.

Мал азықтық тарна құрамында аскорбин қышқылының мөлшері бойынша тамыржемістілердің ішінде бірінші орында. Оңтайлы өсіру ортасында 100 кг шикізатында аскорбин қышқылының концентрациясы 100 мг дейін жетеді. Және де ол қайнатып пісіргенде жойылып кетпейді. Тарна С витаминіне бай келеді, каротин аз кездеседі. Бірақта сары түсті сорттарында жеткілікті мөлшерде (100 г шикізатында 0,12 мг дейін) болады.

Тарнаның мал азығы ретінде пәлегі де өте бағалы. Онда азық мөлшері тамыржемісіндегісінен кем емес, ал ақзат пен минерал заттарының мөлшері бойынша одан бірнеше есе асып түседі.

Жапырағынан дайындалған мал азық ұны жоғары бағаланады. Оның 1 кг құрғақ затында 19,1% ақзат және 165 мг каротин кездеседі.

Мал азықтық тарнаны республиканың барлық аймақтарында өсіруге болады. Таулы аймақтарда жоғары өнім береді. Вегетациялық кезеңінің қысқа болуына байланысты тарнаны шабыннан кейінгі немесе аңыздық дақыл ретінде өсіруге болады.

Мал азықтық тарнаның тамыржемісінің өнімі әр гектардан 90 ц-ден 300-400 ц-ге дейін ауытқиды. Суармалы жерде тамыржемісінің өнімі 850-1050 ц/га дейін жетеді.



Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық тарна екіжылдық өсімдік: бірінші жылы тамыржемісін және көптеген жертаған жапырақтарын түзеді; екінші жылы гүлдерімен бұршаққыны және тұқым салған сабақтары өседі.

Тарнада шалқанға қарағанда кіндіктамыры онша дамымаған. Оның тек жас өсімдіктерінде ғана кіндіктамыры және бірінші әлсіз ажыратылатын жапырақтары кездеседі. Содан 1-1,5 айдан кейін қысқа сабақтарында ірі, жалпақ алақаны тарамданған жапырақтар және тамыры – тамыржемісін түзеді. Тамыржемісінің төменгі жағында жанама тамырлар және тамыршалар өседі. Тамыржемісінің пішіні көбінесе домалақ немесе сопақша-домаланған болып келеді. Тарнаның жер бетіндегі бөлігі жасыл түсті, күлгін немесе қызыл белгілерімен, жер астындағы тамыржемістері – ақ немесе сары түсті келеді.

Жапырағы қарапайым, бөлектенген, кейбіреуі тұтас келеді, жылтыр немесе түкті, түсі қошқыл-жасыл балауызданған. Сортына қарай жапырақтануы 20 дан 60% дейін. Жыныстық өркендері 1,5 метрге дейін жетеді.

Гүлшоғыры – шашақгүл. Ақтүсті тамыржемісті тарнаның күлтесі – ашық сары түсті, сары тамыржемісті тарнаның күлтесі – сары-қызғылт түсті.

Жемісі – бұршаққын. Тұқымының пішіні домалақ, түсі – қара-қоңыр. 1000 тұқымының салмағы 2,5-3,6 г. Мал азықтық тарнаның тұқымы топырақтың тұқым сіңіру қабаты +1-20С жылығанда өне бастайды, оңтайлы өніп-өсуі +20-220С жүреді. Себілген жылы тарнаның өнім жинауға дейінгі вегетациясының ұзақтығы – 11-145 күн, ал екінші жылы тұқымы піскенше – 90-110 күндей. Жалпы өнім беруі үшін температура жиынтығы 1300-15000С тең.

Мал азықтық тарна ылғалды көп қажет ететін өсімдік. Вегетациясының алғашқы айларында және дамуының соңғы кезеңінде суды көп керек етеді. Тарна егістігін қатты ылғалдандыруға да болмайды. Ондай жағдайда өсуі тоқтайды және өсімдік бактериозбен ауырады.

Мал азықтық тарна әртүрлі механикалық құрамды, құнарлы топырақта жақсы өседі. Ол балшықты, құмбалшықты және күлгін түсті шым топырақты жерлерде жақсы өсіп жоғары өнім түзеді. Тарнаның мал азықтыққа мына сорттарын өсіреді: Куузику, Вышегородская улучшенная, Красносельская, Эско, Сибирская кормовая т.б.

Өсіру технологиясы. Ферма маңындағы мал азықтық және көкөністік ауыспалы егісте тарнаны отамалы дақылдардан және көк азыққа себілген біржылдық бұршақ тұқымдас шөптерден кейін орналастырады. Танаптық ауыспалы егісте оны күздік астық, дәнді бұршақ, отамалы дақылдардан кейін орналастырады. Тарнаны қырыққабат тұқымдастардан кейін себуге болмайды.

Негізгі топырақ өңдеу жұмысы алғы дақылға байланысты жүргізіледі. Тарна терең жыртылған, жақсы қопсытылған топырақта жақсы өсіп дамиды.

Күзде танапты негізгі өңдеу алдында әр гектарға 30-40 т көң, 2-3 ц суперфосфат, 1,0-1,5 ц калий тұзын шашады. Көктемде тұқым себер алдында әр гектарға 1,0-1,5 ц аммиак селитрасын шашады. Тарнаның тұқымын себер алдында көлеміне қарай ірі және ұсақ екі фракцияға бөліп, себуге ірі тұқымдарды пайдаланады. Тарнаны ерте көктемде көкөніс сепкіштерімен себеді (СОН-2,8, СКОН-4,2 т.б.). Себу әдісі кеңқатарлы қатараралығын 45-60 см. Себу мөлшері әр гектарға 2-3 кг өнгіш тұқым. Тұқым сіңіру тереңдігі жеңіл және орташа топырақта 2-2,5 см, ауыр топырақта – 1-1,5 см. Тарнаны көшеттермен отырғызғанда оларға СРДН-2, СКН-6А, РПШ-4 т.б. машиналарды пайдаланады. Көшеттерді шаршы-ұялап (60х60 см), не болмаса кеңқатарлап (60 см) себеді. Тарнаның қатараралығын пәлегі қатты өсіп қосылып кеткенше әртүрлі тереңдікте (4-5 см-ден 10-12 см дейін) 3-4 рет қопсытады. 2-3 жапырақ салған кезеңінде сирету жұмысы жүреді. Қатардың әр метрінде 3-4 түптен қалдырады.

Вегетация кезеңінде тарнаны 3 ретке дейін суарады: 1ші – сирету жұмыстарынан кейін, 2ші – тамыры жуандайтын кезеңінде; 3ші – жиынға 25-35 күн қалған кезде жүргізеді.

Тарнаны бөлектеп жинайды. Алдымен пәлегін роторлы шапқыш-ұсатқышпен (КИР-1,5, УБД-3А т.б.) жинайды. Пәлегін жинап алғаннан кейін тамыржемісін тамырқазғыштармен (ККГ-1,4 т.б.) жинап, ферма маңындағы қоймаға немесе шұңқырға тасиды.

Мал азықтық шалқан

Шаруашылық маңызы және таралуы. Мал азықтық шалқан (Brassіca rapa L.) қырыққабат тұқымдасына жататын екі жылдық мал азықтық тамыржемісті өсімдік. Ол ерте заманнан көкөніс ретінде гректерге және римдіктерге белгілі болған. Ресейде шалқанды 19 ғасырдың орта кезінде өсіре бастаған. Оның екі түрі өсіріледі. Асханалық түрі – шомыр, мал азықтық түрі – шалқан деп аталады (55-сурет).

Шалқан сиырдың сүттілігін көтереді және шошқаға, үй қоянына, құстарға жақсы мал азығы болып есептеледі. Оны жас күйінде пісіріп, не болмаса сүрлем түрінде пайдаланады. Шалқанның пәлегі жақсы мал азығы, онда протеин, күл заттары, аскорбин қышқылы және каротин жеткілікті мөлшерде. 100 кг шалқан тамыржемісінде 9 а.ө. және 0,4 кг қорытылатын протеин, жапырағында – 11,2 а.ө. және 0,9 кг қорытылатын протеин бар. Жапырағын сүрлем, түйіршіктер, шөп ұны түрінде пайдаланады.

Шалқанның өсімдігі су үлесінің молшылығымен ерекшеленеді, құрғақ затының үлесі 7-14% ғана. Құрғақ затының айтарлықтай үлесін (40,0-54,3%) көмірсулары түзеді. Шалқанда витаминдер мен минерал заттары көптеп кездеседі. Оның 1 кг тамыржемісінде 210-270 мг витамин С, 9,7 мг витамин РР, 0,4 мг витамин В2, 0,2-0,4 мг В1 және 1,4 мг пантотеон қышқылы бар.

Мал азықтық шалқан

Жасыл жапырақтарының құрамында 0,29-0,39% кальций, 0,056-0,079% фосфор, 100 г шикі затында 2,8-3,6 мг темір, 3,4 мг кобальт кездеседі. Шалқанның жаңа жинаған өнімдерінде аминқышқылдарының барлық топтары бар. 1 кг тамыржемісінде 11-16 мг аргинин, 5-7 мг фенилаланин, 5-7 мг лизин, 5-10 мг изолейцин, 0,9 мг триптофен, 1,4 мг метионин, кейбір кездері гистидин және валин да болады. 1 кг жапырағында 10-13 мг каротин бар. Сонымен қатар шалқанның жапырағы мен тамыржемісінде қыша майының эфирі кездеседі. Соның салдарынан сауын сиырлар оны көбірек жеп қойса сүттің дәмін бұзады. Сүрлемінде қыша майының құрамы 60% дейін төмендейді.

Мал азықтық шалқан тез пісетіндігімен және жоғары өнім беруімен ерекшеленеді. Оны малазықтық тамыржемістілердің ішінде көбірек өсіреді. Ресейдің мал азықтық ҒЗИ (бұрынғы В.Р.Вильямс атындағы ВНИИК) мәліметтері бойынша Москва облысының кейбір шаруашылықтарында мал азықтық шалқанның әр гектарынан 700-1000 ц дейін тамыржемісінің өнімі алынған. Пәлегінің өнімі 150-300 ц/га дейін.

Қазақстанда мал азықтық шалқанды тез пісуіне байланысты барлық аймақтарда өсіруге болады. Көбінесе оны солтүстік облыстарда және таулы аймақтарда өсіру тиімді.



Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық шалқан себілген жылы тамыр мойнында ірі жапырақтар, көлемі және пішіні жағынан әртүрлі болып келетін тамыржемістерін түзеді. Көктемі салқын және ылғалды ұзаққа созылған жылдары кейбір өсімдіктері «жалған» гүл салып шалқанның өнімін төмендетеді.

Тамыр жүйесі негізінен 60-80 см тереңдікте орналасады, кейбір тамырлары 150-160 см тереңдікке бойлап өседі.

Тамыржемісінің пішіні домалақ, домалақ-конус және конус тәрізді. Көпшілік сорттарының жеміс еті ақ, тек кейбіреулерінің ғана сары түсті келеді.

Жапырағы қарапайым бөлшектенген шеті бүтін, немесе тісті тұтастары аз кездеседі, түкті, жоғары көтерілген немесе жартылай көтерілген жинақталған жертаған. 4-6 жапырақ түзген кезеңінен бастап тамыржемісі өсе бастайды. Екінші жылы тамыржемісінен жақсы бұтақтанған жапырақтанған, биіктігі 80-150 см дейін жететін жеміс салатын өркендері өседі.

Шалқанның тұқымы +2-30С өне бастайды. Өскіндері көктемгі -3-40С дейінгі, ал ересек өсімдігі -70С дейінгі суыққа шыдайды.

Гүлшоғыры – дәнжарнақ, гүлінін күлтелері сарғыш-жасыл немесе сарғыш-қызғылт түсті. Жемісі – ұзынша бұршаққын. Тұқымы сопақша-домалақ, ұсақ (тарнаның тұқымынан ұсақтау), түсі қоңыр. 1000 тұқымының салмағы 1,7-2,7 г. Мал азықтық шалқан тарнаға қарағанда суыққа төзімді. 12-180С жылылықта жоғары өнім түзеді. Тамыржемісі күзгі үсіктен зиян шегеді. Бірінші жылы вегетация кезеңінің ұзақтығы 110-120 күн, екінші жылы – жемісін отырғызғаннан тұқымы піскенге дейін 75-95 күн. Мал азықтық шалқан құнарлы, ылғалы орташа және жеңіл құмбалшықты, аздаған қышқыл (рН-6-6,5) топырақтарда жақсы өсіп мол өнім қалыптастырады. Және де оны құрғатылған батпақты жерде өсіруге болады. Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары және кальций, цинк, кобальт бор және т.б. микротыңайтқыштары шалқанның өнімін жоғарылатады.

Мал азықтық шалқанның шаруашылықта Эсти Наэрис, Московский, Волынский ранний круглый, Скороспелый ВИК сорттары өсіріледі.

Өсіру агротехникасы. Мал азықтық шалқанды негізгі, аңыздық және шабыннан кейінгі дақыл ретінде өсіреді. Ол шабыннан кейінгі егістікте жоғары өнім береді. Негізгі топырақ өңдеуге танапты тереңдете жыртудан басталады. Шалқанды жақсы қопсытылған топыраққа себеді. Тығыз топырақта тамыржемісі нашар өседі.

Шалқан себілетін танапты көктемде 2-3 рет (аралығына 6-7 күн салып) қопсытады. Арамшөптерді жою үшін қопсытуды әртүрлі тереңдікте (15-17 см, себер алдында 5-10 см) жүргізеді.

Танапта негізгі өңдеу алдында гектарына 20-30 т көң және соған қосып 2-3 ц аммиак селитрасын, 3-4 ц калий тұзын, 3-4 ц суперфосфат шашады.

Себу әдісі – кеңқатарлап (30,45,60 см). Себу мөлшері: тамыржемісін алу үшін гектарына 1,5-2,5 кг, жапырақ массасын алу үшін – 2-4 кг өнгіш тұқым.

Тұқым себу тереңдігі 1,5-2,5 см. Шалқан тамыржемісінен жақсы өнім алу үшін әр гектардағы өсімдік тығыздығы 80-90 мың болғаны тиімді. Күтіп-баптау жұмыстарына тығыздау, тырмалау, қатараралығын қопсыту және шоқтау жұмыстары жатады. Бірінші қопсыту 5-6 см тереңдікте толық өскіні пайда болғаннан бес-алты күннен кейін жүргізіледі. Екінші – үшінші әр қопсытулар 8-10 күннен кейін 8-12 см тереңдікте жүргізіледі. Өскіндерді шоқтау жұмыстары 2-3 жапырақ салған кезеңінде культиватормен (КРН-4,2 т.б.) орындалады. Қатардағы өсімдік топтарының арасы 20 см етіп шоқтайды. әр ұяда 2-4 өсімдіктен қалдырады. Ұядағы өсімдіктерді сирету шоқтағаннан 2-4 күн өткесін жүргізеді.

Мал азықтық шалқанды бөлектеп жинайды. Алдымен пәлегін жинағыштармен (УБД-3, КИР-1,5 т.б.) орады, тамыржемістерін картоп жинағышпен немесе комбайнмен (ККГ-1,4 т.б.) жинайды.

Бүтін, зақымданбаған тамыржемістерді арнайы қоймаларда не болмаса траншеяларда сақтайды.

Мал азықтық қырыққабат (Кормавая капуста, Brassіca subsponttance)

Мал азықтық қырыққабат екі жылдық, өнімі жоғары өсімдік. Табиғатта жабайы түрі Жерорта теңізінің аймағында кездеседі. Сол жерден Европаның көпшілік елдеріне тараған. Россияда бұл өсімдікті екі ғасырға жуық өсіріп, пайдаланып келеді.

Мал азықтық қырыққабат барлық малдардың түріне, құсқа бағалы азық болып табылады. Оны көк балауса ретінде, сүрлем түрінде малды қоректендіреді. Әсіресе сауын сиырларға берген тиімді.

Бұл мал азықтық өсімдік қоректік заттарға бай, құрамында минерал тұздары, витаминдер көптеп кездеседі. Көк балаусасында 12-14% құрғақ зат бар да, оның 4-6% қанттың үлесіне тиеді. Құрғақ затында 17,9% протеин, 15,7% белок, 3,4% май және 46,4% азотсыз экстрактивті зат болады. 1 кг жапырағында 60-100 мг С витамині және 42,5 мг каротин кездеседі.

Өсімдігі минералды заттарға бай. 1 кг көк балаусасында 2,17 г кальций, 0,43 г фосфор, 0,70 г натрий бар. 100 кг көк балаусасында 15-16 азықтық өлшем және 1,5-1,8 кг қорытылатын протеин болады. 1 кг азықтық өлшемге 110-115 г қорытылатын протеин келеді.

Мал азықтық қырыққабатта қанттың мөлшері жеткілікті (4-6%) болуына байланысты ол өте жақсы сүрлем береді. Және де оны басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлемге салуға болады. Сүрлемінің құрамында сүтті қышқылының (2,27%) мөлшері жағынан ол күнбағыстың, жер алмұртының сүрлемінен жоғары. Сүрлемнің дәмі, иісі өте жақсы болады, малдар ерекше сүйсініп қоректенеді. 1 кг сүрлемінде 16 г белок, 23,6 мг каротин болады.

Мал азықтық қырыққабат сүрлеміндегі қоректік заттардың қорытылу коэффициенті басқа сүрлемдік дақылдарға қарағанда жоғары. Тек қана ондағы майдың қорытылуы басқалардыкінен төмендеу.

Мал азықтық қырыққабат суыққа өте төзімді өсімдік. Суыққа қатып қалған өсімдігі жасыл күйінде сақтала береді. Күн жылып жібіген кезде өсімдік дәмділігін, қоректілігін жоғалтпайды, онымен мал сүйсініп қоректенеді. Қырыққабаттың осы ерекшелігін ескере отырып оны күзде қар түскенге дейін көк конвейерге өсіруге болады.

Германияда мал азықтық қырыққабатты қолдан кептіріп жоғары белокты, жақсы қорытылатын құрғақ мал азығын дайындайды.

Қазіргі кезде оны Россияның көпшілік облыстарында, Закавказьеде, Молдавияда, Орталық Азияда мал азығына өсіреді.

Мал азықтық қырыққабаттан өсірген аймағының климат-топырақ жағдайына байланысты гектарынан 300 ден 900 ц дейін көк балауса жиналады. Суға жеткілікті төмен жерлерде және суармалы танаптарда өнімі 1500 ц/га көк балаусаға дейін жетеді.

Ірі қара малға оны тәулігіне 20-25 кг дейін береді. Одан көп берген жағдайда көк балаусасындағы глюкозинолаттардың мөлшерінің көп болуына байланысты мал анемиямен ауруы мүмкін.



Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық қырыққабат айқасгүлділер немесе қырыққабат тұқымдасына жататын өсімдік. Кіндік тамырлы, ұршық тәріздес, тамырсабақтары аз тараған, тамыр бүршіктері көп емес. Өсімдік түптенген кезде сабағының төменгі жағынан қосымша тамырлар пайда болады да ол өсімдіктің жақсы жетіліп өсуіне ықпал жасайды.

Екіжылдық өсімдік. Қауданды қырыққабаттан ерекшелігі, ол қаудан байламайды. Бірінші жылы тек домалақ немесе ұршық пішінді шырынды сабақ (көсеусабақ) өседі. Оның биіктігі 1-1,5 м, диаметрі-5-10 см дейін, көп жапырақты болады.

Жапырақтары ірі, жалпақ, қалақша пішінді. Бір өсімдікте 17-20 жапыраққа дейін болады. Екінші жылы жапырағының түпкі қолтығында орналасқан бүршіктерінен ұрықты өркендер өсіп шығады.

Гүлшоғыры-шошақгүл, гүлінің құрылысы қырыққабатқа тән пішінде дамиды. Гүлі ірі, немесе орташа. Күлтесі сары, сирек ақ түсті келеді.

Жемісі- бұршаққын, өздігінен шашылмайды. Тұқымы дөңгелекше, ұсақ, түсі қара-қошқыл, 1000 тұқымының массасы 3-5г.

Мал азықтық қырыққабаттың бірінші жылғы вегетациялық кезеңі 140-160, екінші жылы-тұқымы піскенше-80-90 тәулікке тең.

Мал азықтық қырыққабат суыққа төзімді өсімдік. Тұқымы топырақ жылылығы +20С болғанда өне бастайды. +17-200С жылылықта жақсы өсіп дамиды. Өнгеннен бастап мал азығына орғанға дейін 15000С белсенді температура жиынтығы жұмсалады.

Бұл дақыл суды көп қажет етеді. Жоғарғы өнім топырақ ылғалдылығы 60-70% (толық ылғал сиымдылығының), ауа жеткілікті мөлшерде ылғалды болғанда алынады.

Мал азықтық қырыққабат жарық сүйгіш өсімдік. Ол бірінші жылы да, екінші жылы да мол жарық түсіп тұрғанда жақсы өсіп дамиды. Қалың себілген жағдайда өсуі нашар.

Одан жоғары өнім жинау үшін топырақтың құнарлығы, құрылымы жоғары және жақсы қопсытылған болуы тиісті. Жеңіл және орташа балшықты және аздаған батпақты топырақта жақсы өседі. Біздің республика жағдайында оны өзен алқаптарында өсіруге болады.

Қазіргі кезде оның Мозговия зеленая, Вологодская, Тысячеголовая, Подмосковная, Полярная 227 сорттары өндірісте өсіріледі.

Өсіру агротехникасы. Мал азықтық қырыққабатты мал азықтық ауыспалы егісте орналастырады. Оның биологиялық ерекшелігіне байланысты ылғалды, төмен орналасқан танаптарда себеді. Оған жақсы алғы дақылдар: астық, дәнді бұршақ дақылдары, көп жылдық шөптердің қыртысы, картоп.

Мал азықтық қырыққабат арамшөптерден тазарған, топырақ беті жақсы дайындалып тегістелген танапқа себіледі.

Ол үшін негізгі топырақ дайындау жұмысы алғы дақылды жинап алғаннан кейін танапты жақсылап қопсытып, сүдігер жыртудан басталады. Сүдігер жыртудың алдында танапқа гектарына 30-40 тн көң шашады.

Танапты ерте көктемде тырмалайды. Егер арамшөптер көп қаптап кеткен жағдайда көктемде тайыздау (15 см) жыртады немесе тереңдетіп (10-12 см) культивация жібереді. Осы технологиялық жұмыс кезінде танапқа үстеп толық минерал тыңайтқышын (N30-45P60K60 кг/га ә.з.) берген тиімді. Тұқым себер алдында танапқа сақина тығыздағыштар жіберіп тегістеп, тығыздайды.

Тұқымды себуге дайындау жауапты жұмыс. Себер алдында тұқымды ауру қоздырғыштарға, зиянкестерге қарсы дәрілейді. Мал азықтық қырыққабат көпке дейін көшетімен көбейтіліп келді. Бұл үшін көп шығын және қолдың күші керек болды. Соңғы уақытта Бүкілодақтық мал азықтық ғылыми-зерттеу институтының (ВИК) тәжірибесі көрсеткендей қырықабатты тұқымымен көбейтуге тиімді болатыны белгілі болды.

Тұқымды көкөніс сепкіштермен (СОН-2,8 А, СКОН – 4,2), кең қатарлап (60-70 см) себеді. Себу мөлшері гектарына 1,5 – 3,0 кг. Себу тереңдігі 1,5 – 2,0 см. Сепкеннен кейін танапты тағы тығыздайды. Себу мерзімі ерте себілетін астық дақылдарының мерзіміне сәкес келеді. Содан кейін танапты күтіп-баптау жұмысы басталады. Сепкеннен кейін тұқым өніп шыққанша танапқа көлденеңдетіп жеңіл тырмалар жүргізіледі. Сөйтіп жаңа шығып келе жатқан арамшөптермен күреседі және топырақ бетіндегі қабыршақтарды жойып, ылғалдың буланып ұшып кетуін тежейді.

Тұқым жарнағынан алғашқы жапырақтар шыққан соң бірінші культивация жіберіледі (4-5 см тереңдікте). Содан 6-8 күннен кейін екінші культивация жіберіледі (8-10 см тереңдікте). Вегетация кезінде кем дегенде 4 рет культивация жіберіледі. Қатараралығын культивациялаудың мақсаты арамшөптерді жою, топырақты қопсыту, ылғал сіңіруін жоғарылату.

Соңғы культивацияны өсімдік түбін көмумен аяқтайды.

Өсімдік екі-үш нағыз жапырақ түзгеннен кейін егістікке көлденең культивация жіберіп, шоқтау немесе топтау (букетировка) жұмыстары жүргізіледі. Шоқтау көлемі 20-25 см. Бұл жұмысты қолмен де жүргізеді. Әр ұяда екі-үш өсімдік қалдырады. Вегетация кезінде егістікті екі реттей үстеп қоректендіреді.

Ауа-райының құрғақ кезінде қырыққабатты бірнеше рет суғарады. Суару мөлшері гектарына – 150-400 м3. Вегетация кезіндегі суландыру мөлшері гектарына 2000-2500 м3 шамасында.

Мал азықтық қырыққабатты күзден бастап алғашқы қар түскенге дейін жинайды. Көк балаусасымен мал азықтандырады, сүрлемге салады, не болмаса ферма жанына жинап, үйіп, бетін қармен қалың жауып қояды. Үйіндінің үсті қатып қалғанымен, астыңғы жағы көктей жақсы сақталады. Оны жеке дара да, не болмаса басқа сүрлемдік дақылдармен араластырып та сүрлемге салуға болады. Сүрлемге салған кезде одан көп шырын бөлініп шығуына байланысты оны сабан кесінділерімен араластырып салған тиімді.

Қырыққабатты көшетімен отырғызғанда, тұқымын 30-40 күн бұрын көшет өсіретін жерде, немесе жақсы дайындалған ашық топырақта өсіреді. Танапқа үш-төрт жапырақты көшетті қатар аралығын 60-70 см, көшет арасын – 35-40 см етіп ерте астық тұқымдасты себу кезінде отырғызады. Көшет отырғызар алдында және одан кейін танапты жақсылап суарады. Көшетпен отырғызылған танапты жазғы күтіп-баптау жұмыстары тұқымымен сепкен танапқа ұқсас. Қырыққабатты сүрлем жинайтын комбаиндармен жинайды. Күзгі ору жұмыстарын бірінші үсік түскенше жүргізуге болады.

Тұқымдықты ерте көктемде жыртындының астына ұялап (70х70 см немесе 70х60 см) отырғызады. Аналық сабақтарды бірінші жылдыққа қарағанда тереңдеу отырғызады. Содан кейін күтіп, баптау жұмыстары жүргізіледі (үстеп қоректендіру, суару, қопсыту т.б.).

Тұқымын іріктеп екі-үш ретке дейін жинайды. Бұршаққын бар бұтақтарын жинап, кептіреді. Содан кейін комбаинмен не болмаса арнайы молотилкамен бастырады.



Дәріс Аз тараған бақша дақылдар. Мал азықтық бақша дақылдар- асқабақ, қарбыз.

1. Маңызы және таралуы.



2. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

3. Сорттары.Агротехника ерекшеліктері.



Асқабақ

Шаруашылық маңызы және таралуы. Асқабақ (Cucurbіta) асқабақ тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Оның жемісі жас күйінде малға жақсы азық. Асқабақты сабақтарымен бірге немесе басқа астық қалдықтарымен сүрлемге салуға болады.

Асқабақ жеңіл қорытылуымен және жоғары қоректілігімен ерекшеленеді. Оның 100 кг жемісінде 16 а.ө. және 0,4 кг қорытылатын протеин бар. Құрамында көмірсулары, витаминдер және минерал тұздары кездеседі. Қант мөлшері 12% дейін жетеді және бақша дақылдарының ішінде асқабақта ғана крахмал кездеседі. Витаминдерден С1В1В2РР, Е және каротин жеткілікті мөлшерде кездеседі. Минерал заттардан калий, фосфор және кальций, микроэлементтерден – мыс және кобальт бар. Асқабақ ірі қараларға, шошқалар мен құстарға бағалы азық болып есептеледі. Қазақстанда асқабақты барлық жерлерде өсіруге болады. Тамыржемістілерге қарағанда асқабақ өсіруге шығындар аз жұмсалады. Суармалы жерлерде асқабақтың әр гектардан жемісінің өнімі 200-400 ц дейін жетеді.



Биологиялық ерекшеліктері. Асқабақтың үш түрі тараған: мал азықтық іріжемісті (C.maxіma), мускатты асханалық (C.mochate L.) және кәдімгі қатты қабықты (C.pepo L.). мал азығына алдынғы екі түрі өсіріледі.

Тамыры кіндікті, жақсы дамыған, топырақтың 2-3 м тереңдігіне дейін өседі. Жанама тамырлары күшті дамыған, көбінесе жырту қабатында орналасады. Асқабақтың өздеріне тән ерекшеліктері: тамырларында көптеген шашақшалары болуында және соның көмегімен топырақтан қоректік заттарды, суды қарқынды сіңіреді. Сабағы жерге төселіп өседі, ұзынсабақтылары 15 м дейін. Орталық сабақтарынан 1ші; 2ші және одан кейінгі бұтақтары тарайды. Іріжемісті асқабақтың сабағы цилиндр тәрізді, кәдімгі асқабақтыкі қырлы келеді. Жапырағы қарапайым, сағақты, түкті, іріжемістілерінде шетінде ойықтар болады, кәдімгі асқабақтыкі бесқалақты келеді. Жапырақтар қойнында бұтақша мұртшалары болады және олардың басқа өсімдіктерге жабысуы арқылы сабақтың беріктігін сақтайды. Асқабақтың бір өсімдігінің жапырақ алақаны 32 м2 дейін жетеді.

Асқабақ бірүйлі, дара жынысты өсімдік. Гүлі жеке-дара ірі күлтелі, бесжапырақты. Жемісі – көптұқымды қабықты шырынды.

Ірі жемісті және кәдімгі асқабақтың жемісі домалақ, түсі боз және сары-қызғылт, шырыны сары немесе қызылдау-сары, массасы 10 нан 30 кг дейін. Жемісінің ішкі қуыс жолдарында тұқым салынады. 1000 тұқымның салмағы 180-210 г.

Асқабақ – жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы топырақтың тұқым сіңіру қабаты +12-130С өне бастайды, оптималды температура +33-350С. ең жақсы өсіп-даму температурасы 20-250С тең. Көктемгі бозқырауға өте сезімтал, -10С төмендегенде асқабақ қатты зақымданады.

Асқабақ ыстыққа біршама төзімді, қарбызға қарағанда салқынды жақсы көтереді. Асқабақтың транспирациялық коэффициенті 750-800 тең, бірақта осыған қарамастан ол құрғақшылыққа төзімді келед, ксерофитті өсімдіктерге жатады. Өйткені асқабақтың тамыр жүйесінің жер бетіне жайыла орналасуына байланысты суды сіңіру қаблеті жоғары болып келеді. Асқабақ саздақ топырақтарда жақсы өнім береді.

Өсіру агротехникасы. Асқабақ ең жақсы алғы дақылдар тың және тыңайған жерлер, көпжылдық шөптердің қыртысы, күздік астық және бұршақ тұқымдас дәнді дақылдар. Күзде негізгі топырақ өңдеу алдында танапқа толық минерал тыңайтқышын (N60Р60К30-40 кг/га ә.з.) не болмаса органикалық тыңайтқыштар (20-30т/га көң) шашады. Тұқым сепкен мерзімде және өсімдіктер гүлдеген кезінде үстеп қоректендіреді (N30Р40кг/га ә.е.з.). көктемде танапты тырмалайды және тұқым себер алдында 1-2 рет қопсытады (культивациялайды). Танап арамшөптерден неғұрлым таза болса, соғұрлым асқабақтың өскіндері біркелкі жақсы қалыптасады.

Себер алдында тұқымды +30-350С жылылықта 3-5 тәулік қыздырады, жылы суда бөрттіреді (20-30 мин). Мұндай тұқымдар 8-10 күннен кейін көктеп шығады. Тұқымды топырақ қабаты (5-10 см) +120С жылығанда жүгері сепкіштерімен ленталы әдіспен себеді (1,4-2,1м х 0,7-1,4м). Себу мөлшері 3-5 кг/га өнгіш тұқым. Танапты жазда күтіп-баптау жұмыстарына мыналар жатады: көктегенге дейін тырмаланады, қатараралықтары өңделеді (1ші-12-15 см, 2ші-3ші-8-10 см тереңдікте жүргізіледі). Суармалы егістіктерде өсіру тиімді. Вегетациялық кезеңде егістіктің орналасу жағдайына, аймағына қарай 3-8 рет (500-700м3/га) суарылады: 1ші көктегеннен 17-20 күннен соң, келесілері әрбір 10-15 күн сайын.

Асқабақты күзгі бозқырау түсердің алдында бір-ақ рет жинайды және жемістері +2-50С жылылықтағы қоймаларда бүлінбей ұзақ сақталады.
Мал азықтық қарбыз

Шаруашылық маңызы және таралуы. Қарбыз (Cіtrullus) асқабақ тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Қарбыздың отаны – Африкадағы Калахари және Набиб шөлдері. Басқа бақша дақылдары секілді қарбызды жас күйінде мал азығына және сүрлемге пайдаланады. 100 кг жемісінде 10-12 а.ө. және 0,3 кг қорытылатын протеин бар. Қарбыздың жемісінде жеңіл қорытылатын қант көптеп кездеседі. Оның негізін фруктоза құрады, глюкоза мен сахароза онша көп болмайды. Мал азықтық қарбыздың құрамында 0,36-0,75% пектин (жемісінің сақталуын жоғарылататын), С1А1В1Д витаминдері, фолиев қышқылы және темір кездеседі.

Мал азықтық қарбызбен азықтанған қара малдың, шошқалардың өнімі мен оның сапасы көтеріледі.

Қазақстанда мал азықтық қарбызды барлық аймақтарда өсіруге болады. Бірақта оңтүстік аймақтарда жақсы өнім береді. Суармалы жерлерде әр гектардан жемісінің өнімі 200-400 ц дейін жетеді.

Биологиялық ерекшеліктері. Қарбыздың шаруашылықта екі түрі өсіріледі: асханалық қарбыз (C. edulіs) және мал азықтық қарбыз (C. colocynthoіdes).

Тамыры – кіндіктамырлы, 2-3 тереңдікке бойлайды. Одан көптеген (15-22) жанама тамырлар жойылып тарайды.

Сабағы жерге төселіп өседі, бірінші және екінші реттегі бұтақтардан тұрады. Жапырақтары ұзын сағақты, өте тілімделген, күннің көзіне қызып кетуден қорғайтын қою түк басқан.

Қарбыз бір үйлі, дара жынысты өсімдік. Жылуға өте жоғары талап қояды. Тұқымы топырақ себу қабаты +14-160С өне бастайды. өскіндері 8-10 тәулік аралығында пайда болады. Толық өскін шыққаннан 30-40 тәулік өткесін аталық, одан кейін аналық гүлі ашылады. Алғашқы жемістері сортына және өсу жағдайларына қарай тозаңданғаннан 35-48 тәулік өткесін пісе бастайды. Түйнекжемістері күзгі суық түскенше байлана береді, бірақ олар пісіп үлгермейді. Қарбыздың өсіп-дамуына ең қолайлы температура +26-280С.

Қарбыз жарық сүйгіш өсімдік, сол себепті оның жоғары өнімі күн сәулесі мол аймақтарда алынады. Қарбыздың мал азықтық түрі құрғақшылыққа айтарлықтай төзімді, транспирациялық коэффициенті 550-600 тең. Ол жеңіл құмдақ, қара-қоңыр топырақта жақсы өнім береді.

Қарбыз фосфор тыңайтқыштарын береді. Қазіргі кезде мал азықтық қарбыздың мынадай сорттары өсіріледі: Дисхим, Богарный 112, Бродский 37-42, Пектинный т.б.



Өсіру агротехникасы. Қарбыз қыртысты дақылдарға жатады. Тыңайған жерлерде және көпжылдық шөптерден кейін себілгенде жоғары өнім қалыптастырады.

Топырақты негізгі өңдеу алдында гектарына 3-4 ц суперфосфат, 1-2 ц калий тұзын, көктемде 1-1,5 ц аммиак селитрасын сіңіреді. Көктемде танапты тырмалайды және тұқым сепкенше 1-2 рет қопсытады (культивациялайды). Арамшөптерді барынша жоюға тырысады, гербицидтер де шашуға болады. Танапты тегістейді, тығыздайды.

Тұқымды себер алдында күн көзіне қыздырады, суға бөрттіреді. Ол үшін оларды 4-5 тәулік күндіз 20-250С түнде 2-30С жылылықта ұстайды.

Тұқым себуді топырақтың тұқым сіңіру қабаты (6-8 см) 12-130С жылығанда жүргізеді. Ең бастысы өскіндер көктемгі үсіктерге ұрынбауы керек. Тұқымды ұялап себеді (СКГН-6А, СКГН-6В т.б.) әр ұяға 4-5 тұқымнан салады. Тұқымның ірілігіне байланысты әр ұяның қоректік алаңы 1,4х0,7 м-ден 2,1х1,4 м дейін алынады.

Топырақ бетінде пайда болған қабыршақтарды және арамшөптердің ақ жіптерін жою үшін өскін пайда болғанша жеңіл тырмамен тырмалайды. Жаз кезінде арамшөптер өсуіне байланысты танапты 2-3 рет қатараралығын 10-14 см тереңдікте қопсытады. Өсімдікте 1-2 нағыз жапырақ пайда болған кезде сирету жұмыстары жүргізіледі. Вегетация кезеңінде гектарына 500-550м3 мөлшерде 4-5 рет суарады.

Мал азықтық қарбызды жемісіндегі мұртшасы қурай бастағанда жинайды. Жиналған өнімді жақсы желдетілген температурасы +2-30С, ылғалдылығы 60-70% жайларда сақталады. Не болмаса сүрлемге салады.



Кәді

Шаруашылық маңызы және таралуы. Кәді (Cucurbіta pepo L.) асқабақтың түртарамына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Бақша дақылдарының ішінде кәді тез пісетін жеміске жатады. Оның жемісі піспей жатып та, піскен жас күйінде де және сүрлем күйінде де малға сапалы азық болып есептеледі. 100 кг жемісінде 7,5-9,0 а.ө. және 0,3-0,4 кг қорытылатын протеин бар. Жемісі көмірсуларына, витаминдер мен минерал тұздарына бай. Ол клетчаткаға бай көлемді азықтар қатарына жатуына байланысты малдың ас қорыту органдарының жұмысын белсендетіп, ірі азықтардың сіңімділігін реттейді, нәтижесінде алынатын мал өнімін жоғарылатады. Кәдінің піскен кезінде 5-10% құрғақ зат, 2,3-2,8% қант және 100 г шикі массасында 35-40 мг каротин болады.

Қазақстанда кәдіні барлық аймақтарда өсіруге болады. Бірақта жылуды аса керек етпеуіне байланысты оны орталық және солтүстік облыстарда өсіру тиімдірек. Кәдінің әр гектардан жемісінің өнімі 400-500 ц дейін жетеді.

Биологиялық ерекшеліктерді. Кәді өзінің мал азықтық қасиеттері бойынша асқабаққа ұқсас келеді.

Тамыр жүйесі жақсы дамыған, орталық тамыры 1,5 м дейінгі тереңдікке дейін өседі, жанама тамырлары жан-жағына 1,4 м дейін жайылады. Тамырының негізгі массасы (60% дейін) топырақтың 10-30 см қабатында орналасады.

Сабақтары қысқалау, жақсы түптенген, асқабақ сабағына ұқсас. Жапырағы бесқалақты ұшы үшкірленген, ұзын сағақтарында кезектесіп орналасқан. Гүлі – даражынысты, айқас тозаңданады. Піскен жемісі цилиндр тәрізді, сопақша, ұзындығы 40-50 см, қабығы ақшыл-сары немесе қою-жасыл жолақты, шырыны бостау, дөрекілеу келеді.

Кәді – жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы +10-120С өне бастайды. Өскіндері 6-7 тәулікте пайда болады. Толық өскін бергеннен 25-30 күннен кейін гүлдене бастайды да одан 30-35 күн өткесін жемісі піседі. Бақша дақылдарының ішінде кәді ең суыққа төзімдісі.

Кәдінің тамыр жүйесінің күшті дамуына байланысты уақытша құрғақшылыққа төзімді келеді. Сол себепті ол ылғалы орташа аудандарда (300мм жоғары) қанағаттанарлықтай өнім береді. Кәдінің өте ерте пісіп жетілуіне байланысты үздіксіз жеміс беруі жалғаса береді. Жемісін көктей жинаған жағдайда тамыр жүйесінің дамуы күшейеді, нәтижесінде жапырақтануы қарқынданады, өркендері жақсы күшейеді және аналық гүлдері мен түйіндері көбейіп тезірек дамиды.

Кәді қаратопырақты және құнарлы құмбалшықты топырақтарда жақсы өседі. Шаруашылықта кәдінің Грибовские 37 және Одесские 52 сорттары көп тараған.



Өсіру технологиясы. Кәдіні ауыспалы егістікте көпжылдық шөптерден, күзгі астық және отамалы дақылдардан кейін орналастырады. Кәдіні өсіруге танапты дайындау жұмыстары асқабақ пен мал азықтық қарбыз өсіруге ұқсас келеді.

Кәдіні қоректік алаңдарын 1х1 немесе 2х2 етіп, әр ұяда бір-екі өсімдік орналастырып себеді. Әр гектарға тұқым себу мөлшері 3-5 кг шамасында. Тұқым 4-6 см тереңдікке себіледі.

Кәді себілген танапты өскіндері пайда болғанша жеңіл тырмалармен тырмалайды. Қатараралықтары толықтай айқындалғасын бірінші қопсыту жұмысы жүргізіледі, екінші қопсыту алғашқы нағыз жапырағы түзілгесін, үшіншісі – арамшөптер басуына қарай жүргізіледі. Үшінші- төртінші жапырақ салғасын ұяларда сирету жұмыстары жүргізіледі. Суармалы танаптарды уақытымен суарып отыру қажет.

Кәдіні көктей өнімін жинаған сайын суарып отырады (300-400м3/га).

Мал азығына кәдіні жемісі пісіп жетілместен сыртқы қабығы жұмсақ және жеміс еті шырынды, ұзындығы 13-18 см болғанда жинай бастайды. Жемісін кешіктіріп жинаған жағдайда жаңа түйіндер пайда болып дамуы төмендеп, нәтижесінде өнімі төмендейді.

Кәдінің жемісін сағағымен жинайды, сонда ол жақсы сақталады. Қойма температурасы 00С және ауа ылғалдылығы 80-90% болғанда кәді 10-12 күн

бойы сақталып дәмін жоғалтпайды. Кәдінің жемісінің сақталғыштығы төмен болуына байланысты малға көк азық ретінде беріп отырады.

Дәріс

Жүрек жапырақты қатыран (Катран сердцелистный, Сrатbе соrdifоlіа)

Қатыран түршелерінің халық шаруашылығында маңызы әрқилы. Ол мал азығына, көкөніске, техника дақылдары ретінде, сәндік өсімдік ретінде пайдаланылады. Мысалы Стевен қатыранын, ақжелек орнына пайдаланады. Оның тамырын мемлекетгік дайындау орындары қадбылдайды. Кочи қатыранында қант пен крахмалдың көп болуына байланысты ол техникалық дақылдар есебінде пайдаланылады. Абиссиним қатыранында майдың мөлшері жоғары (36% дейін) болғандықтан оны өсімдік майын алу үшін пайдаланады.

Алайда қатыран негізінен мал азықтық қасиеті жағынан өте маңызды өсімдік болып есептеледі. Оның жабайы түрлерімен көпшілік малдар сүйсініп қоректенеді. Кейбір табиғи жайылымдарда малдың түяғымен оның күрып кетуі мүмкін. Сондықтан қатыран өскен шалғындарда мал бағуды дүрыс жүйеге көшіру бүгінгі күннің талабы болуға тиісті (19-сурет).

Жүрекжапырақты қатыран қырыққабат түқымдасына жататын көпжылдық, қүрғақшылыққа төзімді мал азықтық өсімдік. Табиғатта Жерорта теңізі аймағында кездеседі. Бүрынғы Одақ көлемінде Солтүстік Кавказда өседі. Бүл өсімдіктің мал азығына пайдаланыла бастағанына көп болған жоқ. Алғаш рет қатыран Украинаның, Краснодар, Коми республикасының күрғақ аудандарында өсіріле бастады.



Қатыранның көк балаусасының мал азыктық маңызы мал азықтық қырыққабатқа жақын. Оны барлық маддар сүйсініп жейді. Көбінесе оны қой-ешкіге береді. Қатыраннан шөп ұнын дайындайды, басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлемге салады.

Ерте көктемде қар кете салысымен көгеріп шығып тез өсе бастайтын биологиялық ерекшелігі оны көк конвейер ретінде пайдалануға болатынын көрсетті.

19-сурет. Жүрек жапырақты қатыран. 1,2-өсімдіктің өскіні және

гүлдеген кезеңі; 3-гүлшоғыры; 4 жөне 5-жемісі мен тұқымы (сол

жақта үлкейтілге

Жүрек жапырақты қатыранның орташа өнімі гектарына 400-500 ц-ге тең. Ең жоғары өнімі 900-1000 ц/га көк балауса оолды.

Катыранда кездесетін қоректік заттар мөлшері жағынан ол жүгеріден, жоңышқадан кем түспейді. Онда көбінесе протеин мөлшері көптеп кездеседі. Катыранньң алғашқы даму фазаларында протеин мөлшері 33-36% (қүрғақ затында) дейін кездеседі. Соңғы даму фазаларында протеин мөлшері төмендейді. Қатыранның әр гектарынан 15-20 ц-ге дейін протеин жинауға болады (мысалы Украинада). Мүндай өнімді бұрыннан өсіріліп келе жатқан дақылдар бере алмайды.

Катыранның белогі аминқышқылдарына бай келеді. Онда 17 аминқышқьшдары кездеседі.

Олардың ішінде көп кездесетіндері: лизин, аргинин, гястидин жөне трипрофан. Және де қатыранның басты ерекшелігі оның өсімдігіндегі аминқышқылдарының өсіп-дамуыкың ақырғы фазаларына дейін сақталуында. Сол ерекшелігіне байланысты оның түқымын жинап алғаннан кейін де сүрлемге салуға болады.

Қатыранның көк балаусасында клетчатка мөлшері көп болмайды –12-16% Оның шанақтанып гүлдене бастағанда клетсатка мөлшнрі 12-16% шамасында ғанаа болады. Керісінше, онда күл заттарының мөлшері көп кездеседі (14-18%дейін)де олардың төрттен бірін кальций құрайды.

Қатарын өсімдіктеріне каротин оның шанақтанған фазасында көптеп кездеседі 60-90 мг (1 кг құрғақ затында). Әсіресе каротин алшынында көп болады.

Өсімдікте ең жоғарғы аскорбин қышқылы салқын айларда байқалады, яғни көктемде және жаздың екінші жартысынан әрі қарай.

Қатыранның көк балаусасында жапырақ мөлшері 60-70% құрайды.Онымен қой ешкі , шошқа жақсы қоректенеді.Қара мал үйренгенше онша жемейді де, үйреніп алғасын жақсы жейді. Олар тәулігіне 25-30 кг\ға дейін қатырынның көк балаусасын жейді.

Қатырынның 100 кг көк балаусасында 13азықтық бірлік ж\е 1,9 кг қорытылатын протеин кездеседі. Өзінің малазықтық қоректілігі жағынан қатыран малазықтық қырыққабатпен қатар. Қатыранның ерте фазасында шабылып алынған көк балаусасынан шөп ұнын дайындайды. Оны барлық малдар сүйсініп жейді. Оңын құрамында протеин мөлшері 130-140 мг\кг дейін кездеседі.

Қатыранның ерте даиу фазаларында өсімдіктегі қант мөлшері 10-15 дейін болады (құрғақ затында).Сондықтан ол жақсы сүрленеді. Бірақ гүлдегенде тұқымднған кезенінде қанттың мөлшері төмендейді. Сол себептен осы кезенінде оны басқа сүрлемдік дақылдармен (жүгері,аю балдырғаны т.б) араластырап сүрлемге салған тиімді. Бұл үшін көбінесе қатыранның алшынын ( екінші орымын) пайдаланады. Бірінші жинау көбінесе көк азық немесе шөп ұнын дайындауға пайдаланады.

Қорыта келгенде қатыранды ерте көктемнен күздің аяғына дейін мал азығын пайдалануға болады. Оны әртүрлі аймақтарда зерттеудің нәтижесінде оның әртүрлі ауа- райына бейімделгіш екені анықталады. Қатыранды Қазақстанның барлық аймақтарында өсіріп, пайдалануға болады.

Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

Айқышгүлділер тұқымдасына жататын "Крамбе" туысы әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Қазіргі кезде оның 30 шақты түрі кездеседі. Бұрынғы Одақ көлемінде қатыранның 17 түрі анықталған да олардың барлығы көпжылдық өсімдіктер.

Солардың ішінде мал азықтық маңызы жағынан кіндік тамырлы. Орталық кіндік тамырынан жан- жаққа тамыршалар жайылуы онша емес. Ол екі деңгейде жүреді. Топырақтың бірінші қабатында (0-50см) тамырының өсуі жақсы болса, екінші қабатында да (100-200 см) тамыры өсіп бірақта жайылуы азаяды.

Қатыранның тамырының осылй өсіп-дамып орналасуы оның құрғақшылыққа төзімділігін айқындайтын ерекшелігі болса керек.

Сабағы жалаңаш келеді, биіктігі 1,5-2,5 м-ге дейін өседі, жақсы бұтақтанған. Бір түпте 3-7 сабаққа дейін болады. Сабақ түрінен өскен жапырақтары ұзынсағақты, ірі, пішіні жұмыртқа немесе жүректәрізді болып келеді. Сабағында орналасқан жапырақтары кішілеу сағақтары қысқа болады.

Гүлшоғыры ңрң шашақгүл, диаметрі 1,5-1,7 м дейін. Айқас тозанданатын өсімдік. Жемісі ашылмаған екі мүшелі бұршаққында бір, кейбір кезде екі тұқым болады. Пішіні жаңғақ секілді, қырлы, сырты жүйкеленген.1000 тұқымнын массасы 30-35 г.

Жүрекжапырақты қатыранның көк балаусасында глюкозинолаттар көбірек кездеседі де, малдар оны көктей аса сүйсініп жемейді. Сондықтан келешекте осы өсімдікпен айналасып, селекциялық жолмен жаңа сорттары мен будандарын шығарған кезде өсімдіктің осы кемшіліктерін неғұрлым азайтқан жөн.

Әр өсімдік 10 мың тұқымға дейін болады. Қатыранның көбею коэффициенті жоғары 100-ден 300-500 дейін. Әр өсімдігінен 300-500 г тұқымға дейін өнім алуға, немесе әр гектардан 20-25 ц-ге дейін тұқым жинауға болады. Сол себепті жүрекжапырақты қатыранды өсімдік майын алу үшін де себуге болады.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей қатыран тұқымның ұрығы көпшлік жағдайда тұқым піскен кезде жақсы дамыған сатыда болады да алғашқы тамыршалар мен сабақша бүрлері айқын көрініп тұрады.


Тұқымның тыныштық кезеңі болмайды, сондықтан оны жинап алған соң ертеңіне себуге пайланауға болады. Тұқымының сыртқы қабыршағы қатты, болады. Оны себер алдында тазалап алып тастау керек. Не болмаса тұқымын стратификациядан өткізу керек, немесе қыс алдында себу керек. Ол топыракта жатып сыртқы қабаты жұмсарып көктемде жақсы өніп шығады.

Катыран көктеп шыкқанда оның тұқым жарнағы топырақ бетіне шығады. Өскіндері айқышгүлділерге тән ерекше пішінде болады. Топырақ бетіне шыққан тұқым жарнағы бір айдан артық жас өсімдікке қызмет етіп күнсеулесін қабылдайтын мүше болады. Өскін шыққаннан кейін 8-1 күн өткен соң бірінші нағыз жапырағы пайда болады.

Қатыранның бірінші жылы тамыр жүйесі жақсы өсіп. қалыптасады. Бірінші жылғы вегетацияның аяғында олардың тамыры 2 м-ге дейін және одан терең бойлайды. Орталық тамырының түбінің диаметрі 6 см-ге дейін жетеді.

Келесі жылы ерте көктемде 3-4 см тереңдікте орналасқан бүршіктері өсе бастайды. Бір өсімдікте өсетін бүршіктер саны 5-9 данаға дейін болады. Жер бетіне өсіп шыққан бүршіктерден 3-4 күннен кейін жертаған жапырақтар өсе бастайды. Жер бетіне шыққан әр бүршіктен 7-15 данаға дейін жапырақ шығады. Көктеп шыққаннан бір айдай өткесін (мамырдың І-ІІ онкүндігінде) кейбір өскіндерінен жыныстық сабаю ар пайда бола бастайды. Осы кезден бастап қатыранның өсуі қарқынды жүреді. Алғашқы 20 күннің ішінде тәулік бойға өсуі 9-11, ал кейбір күндері 15 см-ге дейін жетеді. Содан кейін өсуі баяулайды да маусымның аяғында тоқтайды. 30-35 күн ішінде қатыранның сабағының биіктігі 2,5 м-ге дейің жетеді. Маусымның алғашқы жартысында қатыран жаппай гүлдей бастайды. Гүлінің тіршілігі 3-4 күндей болады. Әр-гүлшоғыры 10-13 күннің ішінде гүлдеп болады. Жалпы қатыран егістігінің гүлдеу ұзақтығы 20-22 күнге созылады. Тұқымының пісуі тамыз айының басына тура келеді, яғни гүлденгеннен кейін 40-50 күн өткесін. Тұқымы біркелкі піседі. Тұқымы пісе бастағанда сабағы сарғая бастайды. Тұқымы жоғары жағынан төмен қарай піседі. Тұқымы жақсы сақталады, өздігінен шашылмайды.

Тұқым салған өсімдіктің вегетациялық кезеңі 145-150 күндей. Тұқым жинап алғасын қатарынан сабағы мен жапырағы қурап қалады да өсімдік түбінен кайтадан жертаған жапырақтар шыға бастайды.

Өсімдіктің жыныстық -өскіндер бермеген сабақтары. көктемде шыкқан жапырақтардан басқа жаз бойы 8-17 данаға дейін жақсы дамыған жапырақтар береді. Алғашқы пайда болған көктемгі жапырақтар өліп, жазда пайда болған жапырақгар күзге дейін өсе береді.

Қатыранның көпшілік өсімдіктері жыныстық сабақтар кұрмайды да жапырақтары қарқынды өсе береді.

Ал ұялап себілген қатыранның әр ұяда бір, екі немесе үш өсімдік жъныстық өскін береді. Әр ұяда өсімдік саны көбейген сайын оның көпшілігі тұқымдық өскіні азайып, вегетативтік ; массасының өсуі қарқынды жүреді. Мысалы, бір ұяда бір,



өсімдіктен болса ол танаптың 80% өсімдігі гүлдейді, екі өсімдіқ болса — 46%, ал 5-7 өсімдік болса тек кана 20-30% ғана гүлдейді.

Қатыранның өсіп-өну үзақтығы оның өсіру агротехникасына және пайдалану карқынына байланысты. Егер де оны көк азыққа жиі шауып отырмаса ол 15 жыл және одан да көп өсе береді.



Орташа жиілікте себілген катыранды өнімін төмендетпей 8-10 жыл бойы пайдалануға болады. Жүрек жапырақгы қатыран басқа айқышгүлділер тұқымдастары сияқты суыкқа төзімді келеді. Көктемде оның жапырағы -5-7°С суыққа шыдайды.

Көбінесе оның өсімдігі қар астына көк жапырақ күйінде кетеді. Оның аязға төзімділігі сабағыньгң түбінде және тамырында қыс алдында көмірсуы мен крахмалдың (45%) көп қолдануына байланысты.

Ол жоғары температураға да жақсы шыдайды. Қатыран жарықты жақсы көретін өсімдік. Сондықтан бірінші жылы ол арамшөптермен көлеңкеленіп калмауы керек.

Катыран кұрғақшылыққа төзімді. Ол далалық аймақтың өсімдігі. Бірақ қатыран топырақ пен ауаның жақсы ылғалданған жағдайында жоғары өнім қалыптастырады. Ол су тұрып қалған, немесе ылғалы көп жерлерде сиреп кетеді де, сақталу ұзақтығы азаяды.

Қатыранның топыраққа қоятын талабы да әртүрлі. Ол орта балшықты құнарлы топырақта жақсы өседі. Құм және батпақгы жерлерде нашар өседі. Топырақтың қышқылдығын және ыза суының топырақ бетіне жақын орналасқанын сүймейді.

Катыран топырақ құнарлығын жақсы көреді, минерал тыңайтқышын бергенде өнімі 2 есеге дейін артады. Және де ол жазда үстеп қоректендіргенде жақсы өнім береді.

Ескере кету керек катыранның топырақ құнарлығына талабы, минерал

тыңайтқыштарыньң оның өңім құруға әсері әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ.

Өсіру агротехникасы. Жүрек жапырақты қатыранды ферма жанындағы арнайы не болмаса танаптық ауыспалы егіске орналастырады. Егістік танапты қатыран себер алдында бірнеше айдай таза пар күйінде ұстаған дұрыс. Алғы дақылды жинап алғасын танапты қопсытады да терендетіп топырақтың астыңғы қабатын аудармастан жыртады. Жырту алдында танапқа минерал тыңайтқышьш, керек болған жағдайда әк береді. Органикалықт тыңайтқышты топырақтың және қатыраи өсіретін жердің ауа райына қарай әр гектарға 40 тоннадан 80 тоннаға дейін шашады. Алғашқы және келесі жылдарға қоректік зат бола алатындай етіп фосфор және калий тыңайтқыштарын көбірек мөлшерде береді. Танапты негізгі жыртқаннан кейін күздің аяғына шейін арамшөптерден тазартады. Егер арамшөптер көп болған жағдайда оны өңдеумен катар 2,4Д тобына жататын гербицидтер шашады.

Қатыран себер алдында танапты қопсытып бетін тегістейді. Осылай етіп дайындаған танапта қатыран жақсы өніп-өседі де, сол жылғы күтіп-баптау жұмыстары аз жүргізші шығын көп болмайды.

Қатыранды күзде сепкен тиімді. Осы кезеңде сепкеңде оның тұқымы топырақта жатып стратификациядан өтіп, көктемде жақсы өніп шығады. Ал көктемде себетін болса катыранның тұқымын 2-3 айдай жасанды стратификациядан өткізу қажет. Ол үшін тұқымды ылғалданған құмда немесе ағаш үгіндісінде көкөніс сақтайтын складта температурасы — 2-6° шамасында 80-90 күндей ұстау керек.

Қатыранды күзде сепкенде шаршы-ұялап, не болмаса арасын 70 см етіп себу әдістерін қолданады. Ұялап себу әдісінде нүктелеп сепкенге қарағаңда тұқымның далалық өнгіштігі жоғары болады. Ал нүктелеп сепкеңде катыранның далалық өнгіштігі не бәрі 20% болды.



Егер көктемде сепкен жағдайда катыранның қатараралығын кеңірек етіп себу керек. Сол кезде келесі жылдары өсімдік бір біріне әсер етпей жақсы өседі де өнімділігі көп жылға сакталады.

Тұқым себу үшін жүгері сепкіштерін пайдаланады.

Себу мөлшері әр гектарға 15 кг шамасында. Әр үяға 20-25 данадан тұқым 70x70 см үлгісінде сепкенде бір ұядан 7-8 өскін алуға болады. Себу тереңдігі 2-3 см шамасында. Тұқым себілгеннен кейін танапты тығыздайды. Көктемде өскін шыкқаннан кейін танапты көлденеңінен тырмалайды. Өскіңдері толық шыққасын танапты зиянкестерге қарсы гексахлоранмен (10-15 кг/га) тозаңдандырады (әсіресе айқышгүлділер бүргесіне қарсы).

Танапта жазда күтіп-баптау жұмыстары тиянақты жүргізіледі.

Вегетация кезеңінде танапты арамшөптерге қарсы 2-3 рет қатараралығын культивациямен өңдейді. Бірінші өңдегенде танаптың әр гектарына 40-50 кг азот тыңайтқышын, ал соңғы культивациянын астьна сондай мөлшерде фосфор және калий тыңайтқыштарын береді. Маусымның аяғында қатардағы өсімдіктердің арасы қосылып өсіп кеткенде өндеу жұмыстары тоқтатылады.

Бірінші жылы қатаранның көк балаусасының өнімі әр гектардан 200-300 ц-ден кем болмаған жағдайда шауып алады. Өнімін көк азыкқа, не болмаса сүрлем салуға пайдаланады. Егер қатыран бірінші жылы нашар өсіп дамыса оны шаппайды. Екінші және одан кейінгі жьлдары катыранды күтіп-баптау жұмыстары қиынға түспейді. Тек қана оның қатараралығын арамшөптерге қарсы бірнеше рет өңдесе

болғаны. Бірінші рет қатараралығын ерте көктемде катыран көктеп келе жатқанда жүргізеді де сол кезде оны азот тыңайтқышымен (40-60 кг/га ә.з.) қоректендіреді. Екінші қопсыту қатыранды бір шауьш алғасын жүргізіледі. Осы кезде де катыранды азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіреді 40-60 кг/га ә.з.). Екінші рет алшынды жинап алғасын танапқа фосфор және калий тыңайтқыштары беріледі (топырақта мөлшеріне қарай 60-120 кг/га ә.з.).

Катыранның көк балаусасын сүрлемге гүлдеген кезінде жинайды. Бірінші ору маусымның орта кезіне келеді. Шауып алғаннан кейін катыранның алшыны жақсы өсіп, екінші оруға келеді.

Катыранның алшынын ертерек шауып алған кезде өнімі төмен болады да жыныстық өсу бүршіктері нашар дамиды. Ал енді алшыннын кештетіп қазан айьның соңында

жинағанда оның өнімі 1,5-2,0 еседей көтеріледі және жыныстық бүршіктері толықтай дамып қыста жақсы сақталады. Яғни қатыранның алшынын оңтайлы шабу мерзімі күзде суық түскеннен кейін болып есептеледі.

Қатыранның көк балаусасын сүрлем жинайтын комбаиндармен (КС-2,6), немесе шапқыштармен (КИР-1,5) жинайды.



Катыранның ылғалдылығы өте жоғары болуына (84-88%) байланысты оны 8-10 см шамасында ұсатады.

Катыран екінші жылы тұқым береді. Оның тұқымын алу үшін арнайы танапқа себіледі. Сирек себілген қатыранның тұқымының өнімі және сапасы жоғары болады.



Дәріс Дәстүрлі емес ксерофит топты дақылдар.

1.Морфологиялық белгілері бойынша изен ,терескен, сораң, жэне т.б. оқып үйрену және ажырата білу.

2.Жем-шөпке жэне тұқымға өсіру технологиясы.

Изень (Прутняк, Cochia prostrala) Теріскен

Изень көпжылдық алабота тұқымдастарына жататын жартылай бұташықтарға жатады. Ол республиканың құрғақ аймағы және Қазақстанның жайылымдық өсімдіктерінің ең сапалысының бірі. Изень көбінесе құмды сілемдерде кездеседі, бұталармен, жартылай бұталармен, астық тұқымдастарымен аралас шөлді, шөлейтті және далалық аймақтарда өседі.

Бұл өсімдіктің негізгі үш экотүрі болады: құмдық изень-құмдақ және құмды топырақтарда өсіп-өнеді; саздақ изень-сазды және сортаңды топырақтарда, даланың таулы аймақтарында өседі; тасты изень - (аралықты) аласа таулы жердегі тасты топырақтарда кездеседі. Осы экотүрлерін қосып бір түрге ғана жатқызады.

Сабағының биіктігі 10-нан 75 см дейін болады, ал кейбір жақсы жылдары 1 метрге дейін жетеді. Сабақтары көтеріңкі немесе тіке өседі, түптілігі әртүрлі дәрежеде. Жыныстық сабақтары көп. Жапырақтары мол және ұсақ жалпақ, топты немесе жартылай шұңғыл, кейде жіп тәріздес-түкті, ұзындығы 0,05-0,8 см, ені 0,5-2,0 мм.

Гүл шоғыры масақ немесе шашақ тәріздес, гүлдік түйнектері алшақ, көп бөлігінде 3-5 данадан гүл жапырағы жиналған. Гүл серігі үлпілдек, жалпақ төбешіктер тәрізді, немесе ұзыншалау, жұқа қабықты , түп жағына қарай жіңішкереді. Ұрығы (тұқымы) домалақша сопақ, немесе дөңгелек келеді, шеңбері 2 мм шамасында. Түсі қызыл-қоңыр, ортасы екі жағына бытыраңқы. 1000 тұқымының салмағы 0,08-1,2 г шамасында (30-шы сурет).

Изеннің экотүрлерінің негізгі айырмашылығы мынада: сазды изен тік өседі және аздап шашыраңқы пішінді, өсімдік өркендері аздау, сарғыш-қызыл түсті болып келеді. Сабақтары осалдау, жапырақтары ұсақ, ені 1 мм шамасында. Тұқым өнімділігі жоғары.Құмдық изень бұталары жартылай жатыңқы өсімдік, өркендері көп, түсі жасыл-сарғыш, жапырақтануы жақсы, жапырағының ені 1,4-1,6 мм, түктілігі жоғары. Тұқым өнімділігі төмен.

Тасты изень тік өседі және аздап жайылыңқы пішінді бұталары көп. Өркендері көп болмайды. Сабақтары қызыл-сары, сарғыш қызыл реңдері көк. Жапырақтануы нашар, аздаған түкті . жапырағы ұсақ, ені 1,0-1,2 мм шамасында. Тұқым өнімділігі жақсы.

Изень 20-шы ғасырдың 30-шы жылдарында жерсіндіріліп мәдени дақыл ретінде шаруашылықта өсіріле бастады. Бірақ оның алғашқы сорттары тек 70-ші жылдары ғана Өзбекстанда, Қырғызстанда және Қазақстанда пайда бола бастады.




30-шы сурет. Изень

Изеннің бағалы биологиялық қасиеті оның құрғақшылыққа және ыстыққа, аязға төзімділігі.

Оның тамыры топыраққа 2,5-3,5 м., кейде 6 м тереңдікке дейін кетеді, жақсы дамыған бүйірлік тармақтарының көлденең тамырлары 1 м, одан әрі тереңдікке тарайды. Изеннің құрғақшылыққа төзімділігі жапырақ бетінің құрылысының ерекшелігіне байланысты. Ол қар аз жылдары және қыстың аяздарында- 400С дейінгі аязға шыдайды, бірақ ерте көктемдегі қатқаққа өте сезімтал.

Изеннің өсіп-жетілуінің өте ұзақ болуына (180-200 күн) байланысты, ол Қазақстанның шөлді, шөлейтті және далалық құрғақ аймақтарында жаздық-күздік және қыстық жайылымдар құру үшін өте бағалы өсімдік болып саналады. Ол көктемде өте баяу өсіп, көк балауса бере қоймайды. Изень жайылымын бірқалыпты тиімді пайдаланғанда өз-өзінен себілу есебімен 15 жылға дейін пайдалануға болады. Изень барлық малдар үшін өте бағалы жайылымдық өсімдік. Ал қойлар үшін оны семіртетін жайылымдық. Оның өнімділігі табиғи жайылымдарда гектарына 1,0-4,0 дейін, шөлді, шөлейтті жерлерде құрғақ шөбінің өнімі 7-20 ц дейін жетеді.

Изеннің жайылымдық көк балаусасы да пішені де өте сапалы мал азығы. Изенді екпе жайылымдарда күйреуікпен және теріскенмен араластырып сепкенде әр гектардан алынатын өнімі көбейеді де, сапасы жоғарылайды. Изеннің жайылымдық өсімдік ретінде келешегі мол. Қазіргі кезде республикада изеннің екі сорты шығарылған. Олар: Алматылық құмдық, Задарьялық.

Келешекте изеннің әр экологиялық ортаға бейімделген сорттары мен будандарын шығару ғылымның алдында тұрған міндеттер.


Теріскен (Терескен серый, Ceratoіdes pappose)

Теріскен көпжылдық, соратұқымдастарына жататын жартылай бұташық. Қазақстанда құрғақ далаларда, шөлейттер мен шөлдерде кең тараған өсімдік. Көбінесе құмдақ және құмды топырақтарда, тасты және ұсақ тасты беткейлерде, жағалауда және шөлді өзендердің суалып бара жатқан арналарында кездеседі. Кейде таза бұталық құрап өсетін жерлері де болады. Бұлар әсіресе Памирдің биік таулы жерлерінде кездеседі.

Теріскен соңғы 15-20 жылда жерсіндіріліп мәденилендірілген сапалы малазықтық жайылымдық өсімдік. Ол жаздық-күздік немесе қыстық жайылымдар жасау үшін таза күйінде де, немесе күйреуік пен изенмен араластырып сеуіп те пайдаланылады. Оның мал азықтық қасиеті жоғары.

Теріскеннің сабағының биіктігі 40-100 см және одан да жоғары, төменгі жағы тармақты. Жапырақтары кезекті, жұмыртқа тәрізді немесе топты-қияқты, түбіне қарай жіңішкерген немесе қысқаша жапырақ сағақтарында жұмырланған.

Гүлдері бұташықтар ұшына қарай гүл шоғырына жиналған, түктермен жабылған. Жемістерінің түгі қалың. Түгіне байланысты бүкіл өсімдік сұп-сұр болып келеді. Тамыр жүйесінде өзектілік басым және ол 5 м тереңдікке дейін бойлап өседі (31-ші сурет).

Теріскен қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Күзгі, қысқы аязға да өте шыдамды. Барлық топырақ түрлерінде өсе береді.

Теріскен жайылымдарда 20 жылдан артық сақталып оттылығын жоғалтпайды. Оның біржылдық тармақтары мен жапырақтарын түйе, жылқы, қойлар жыл бойы жейді. Шөлді аймақтарда теріскенді пішен дайындау үшін жиі пайдаланады. Бірақ оны тықырлап төмен шабуға болмайды. Егер екі-үш жыл тырмалап пішенге шапса теріскен құрып кетуі мүмкін.

Теріскендік екпе жайылымдардың құрғақ салмақтық өнімділігі гектарына 6-12 ц шамасында.

Қазақстанда теріскеннің мына сорттары шығарылып аудандастырылған: КЛХ-2 және Арыстық. Теріскенді әрі қарай зерттеп, оның биологиялық ерекшеліктерін, мал азықтық маңыздарын тереңдете анықтау және жаңа сорттары мен будандарын шығару келешектің міндеттері.
Дәріс. Дәстүрлі емес және аз тараған дақылдар мен өсімдіктерді тиімды пайдалану тәсілдері.

1. Жасыл конвейер жүйесінде, аралық дақыл ретінде, жайылымдарда жэне т.б. пайдалануға болатын дақылдар.

2.Дәстүрлі емес және аз тараган дақылдарды қолдануда жасыл конвейер жүйесі.

Табиғи және екпе жайылымдардан арзан мал азығы алынады. Бірақта республика аймақтарының көпшілік шаруашылықтарында олар жыл бойы жайылым кезеңдерінде малды үздіксіз көк азықпен қамтамасыз ете алмайды да, нәтижесінде мал шаруашылығының қарқынды дамуына мүмкіншіліктер төмендеуде.

Жасыл конвейер дегеніміз малды көктемгі-жазғы-күзгі кезеңдерде үздіксіз көк азықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Малдың жылдық азық мөлшерінің құрылымының қоректілігі бойынша 45% дейінгісі жайылымдық көк азыққа тиесілі. Оның маңызы әсіресе күйіс қайтаратын малдар үшін өте жоғары. Жаз кезінде мал рационында көк азықтық үлесі 80% дейін жетеді, ал кейбір жағдайларда ол жеке-дара азық көзі болып табылады. Сол себепті жайылым кезеңінде малды көк азықпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жайылымдықтарды және арнайы себілген мал азықтық дақылдарды пайдалана отырып жасыл конвейер жүйесі құрылады. Шабындықтар мен жайылымдардан алынатын көк азықтың өзіндік құны басқа азықтарға (пішен, пішендеме, сүрлем т.б.) қарағанда 2-3 есеге дейін төмен.

Қазіргі кезде жасыл конвейердің үш түрі қолданылады: 1) табиғи мал азықтық жерлерді пайдалану; 2) екпе көпжылдық шөптерді және біржылдық мал азықтық өсімдіктерді пайдалану; 3) аралас түрлерін (табиғи және екпе шөптер) пайдалану. Жасыл конвейердің бұл топтары мал ұстап бағудың белгілі бір жүйесіне бағытталған. Табиғи жайылымдарда мал негізінен еркін бағылатын болса, басқа түрлерінде малды бағып немесе қорада ұстап азықтандырады.

Табиғи шалғындықтардағы жасыл конвейер жүйесінде малдар жайылым кезеңінде жайылымдарда бағылады. Мұндай жасыл конвейер жайылымдық жерлері жеткілікті, өнімі сақталған (далалық, шөлейт, таулы аймақтарда кездеседі) жерлерде немесе жоғары өнімді суармалы жайылымдары бар шаруашылықтарда енгізіледі. Табиғи мал азықтық жерлердегі жасыл конвейерді ұйымдастыру үшін жайылымды мал бағу кезеңдеріне дұрыс таңдаудың маңызы зор. Екпе көпжылдық шөптер мен біржылдық мал азықтық дақылдардан тұратын жасыл конвейердің табиғи конвейерден айырмашылығы олардың көк шөбін орып, тасымалдап малды қорада қолдан азықтандырады. Мұндай жасыл конвейер көпшілік мал азықтық жерлері егістікке жыртылып жайылымдықтары азайып кеткен орманды-далалық, далалық аймақтардың шаруашылықтарында қолданылады. Жасыл конвейердің бұл жүйесінде мал өнімінің өзіндік құны жоғарылап кетуіне, ал кейбір жағдайларда көк азықтық сапасының төмендеп кетуіне әкеліп соқтырады (көк шөп шабылғаннан малға бергенше біраз уақыт өтіп, сапасы төмендейді).

Жасыл конвейердің аралас түрлеріне табиғи, екпе жайылымдарды және егістіктен алынатын шырынды азықтарды (екпе көпжылдық шөптер және біржылдық мал азықтық дақылдар) пайдаланады. Жасыл конвейердің бұл түрі малға керекті барлық көк шөптің 45-50% жайылымдық жерден алынған жағдайда ұйымдастырылады. Аралас немесе құрама жасыл конвейері басқа түрлеріне қарағанда шаруашылықта кеңінен тараған.Өйткені конвейердің бұл түрінде малды көк азықпен қамтамасыз ету және оны ұйымдастыру жұмыстары экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімдірек болып келеді. Республиканың әртүрлі аймақтарында орналасқан шаруашылықтарда жасыл конвейерді жобалаған кезде алдымен жайылымдықтан алынатын көк азық көлемін және оның кезеңдер бойынша бөлінуін қадағалау керек. Көк азықтың керекті мөлшерін анықтағанда бағылатын малдың түріне, жынысына, жасына және олардан жоспарланған мал өнімдеріне (сүт, ет, жүн т.б.) байланысты мал басына, жайылымдық кезеңнің ұзақтылығына, мал бағылуының басталуы мен аяқталуына қарай жасыл конвейерден түсетін тәулік, айлық және барлық кезеңдік көк азық көлемі есептеледі. Соған қоса әр кезең сайынғы керекті көк азық көлемі 10-15% көтеріледі (ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты т.б. сақтандыру қоры).

Төменгі кестеде мал басына бір тәулікке керекті көк азық мөлшері келтірілген. Бір басқа керекті көк азық мөлшері


Малдың түрі және топтары

Тәулік бойына керекті көк шөп кг

Сауын сиырларға (тірі салмағы 450 кг): сүт өнімі тәулігіне 8 кг

40-45

сүт өнімі тәулігіне 10-12 кг

45-55

сүт өнімі тәулігіне 14-16 кг

55-65

сүт өнімі тәулігіне 18 кг жоғары

65-70

1 жастан жоғары қара малға

30-35

1 жасқа дейінгі бұзауға

18-20

Бұқаларға




Қойларға (ірі)

6-8

Қозыларға

2-3

Жылқыларға (ірі)

30-40

1-3 жастағы жылқыларға

25-30

Мал басына тәулік бойына керекті көк азық мөлшерін белгілегеннен кейін табындағы (отардағы) мал басына және жайылымдық кезеңнің ұзақтығына қарай көк азықтық барлық жайылымдық кезеңге керекті мөлшері анықталады. Жайылымдық кезеңнің ұзақтығы шамамен орманды-далалық және далалық аймақтарда 150-200 күн, шөлейт аймақта 200-270 күн, шөл аймақта 240-310 күнге дейін және одан да көпке созылады.

Жасыл конвейер үшін өсімдік түрлері бірінің малға желінуі аяқталған кезде келесі малға жегізуге дайын болатындай етіп таңдалады. Жасыл конвейерге алынған дақылдардың пайдалану жүйесі себу мерзімдері арқылы да реттеледі. Пайдалану кезеңдері бойынша мал азықтық өсімдіктерді 4 топқа бөлуге болады. Бірінші топқа көктемгі кезде көк азық алынатын дақылдар: күздіктер – қара бидай, рапс, тритикале, күздік қара бидай мен күздік сиыр жоңышқа қоспасы немесе күздік рапс пен қоспасы, көпжылдық ерте пісетін шөптер (жима тарғақ, шалғындық түлкіқұйрық, мүйізбас шөп т.б.) таза не қоспалар күйінде. Екінші топқа әртүрлі мерзімдерде себілетін жаздық маусым-шілде айларында көк азық алынатын дақылдар: сұлы, сиыр жоңышқа, біржылдық үйбидайық және олардың қоспалары, жоңышқа, көпжылдық бұршақ астық қоспалары (жоңышқа+қылтықсыз арпабас, жоңышқа+жима тарғақ, мүйізбас шөп+шалғындық атқонақ т.б.), астық тұқымдас шөптер (шалғындық бетеге, жима тарғақ, қылтықсыз арпабас т.б. екінші-үшінші орымдары). Үшінші топқа жаздың аяқ кезінде көк азық беретін дақылдар: 3ші-4ші мерзімдерде себілген біржылдық өсімдіктердің аралас егістіктері – егістік бұршақ+сұлы, сиыр жоңышқа+сұлы, сиыр жоңышқа+үйбидайық, көпжылдықтардың, судан шөбінің алшындары, көктемде таза күйінде және қоспаларда себілген жүгері, шабыннан кейінгі себілген біржылдықтар – жүгері мен судан шөбінің, қонақ жүгерінің, май бұршақтың қоспалары, сұлы мен ас бұршақтың және күнбағыстың қоспалары және де асқабақ, қызылша, кәді, біржылдықтардың аңыздық егістіктері. Төртінші топқа күз айларында көк азық және шырынды азықтар беретін мал азықтық өсімдіктер: мал азықтық тамыр-түйнек жемістілер, бақша дақылдары, мал азықтық қырыққабат, аңыздық және қайталап себілген сұлы мен сиыр жоңышқаның, ас бұршақтың, күнбағыстың және басқа да суыққа төзімді дақылдармен қоспалары.

2.Дәстүрлі емес және аз тараган дақылдарды қолдануда жасыл конвейер жүйесі

Жасыл конвейерді ұйымдастырғанда дақыл түрлерін көп алмауға тырысады. Өйткені оларды өсіру, жинау, тұқымдарын табу қиындықтар туғызады. Шаруашылықтарда жасыл конвейерге 7-8 дақылдар, табиғи және екпе жайылымдар, көпжылдық және біржылдық шөптер, сүрлемдік дақылдар, мал азықтық тамыр жемістілер, бақша дақылдары алынады. Аралық дақылдар өсіруге көңіл бөлінуге тиісті, соның нәтижесінде егістік жерді пайдалану 20-30% дейін өсетіні және алынатын көк азықтың қоректілігі артатыны белгілі.

Төменгі кестелерде жасыл конвейерді республиканың кейбір аймақтарында ұйымдастыру жобалары келтірілген.

Мал азықтандыруға сүрлем, пішендеме,шырынды азықтарды жасыл конвейер жүйесінде қолданудың маңызы өте зор. Бұл жағдайда жасыл конвейер толықтай пайдаланып сауын сиырларының сүт өнімдері 2-3 есеге дейін өсетіні көптеген зерттеулер мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың көрсеткіштерінен белгілі.


Қазақстанның орманды-далалық аймағында сауын сиырға арналған жасыл конвейер жобасы (Қарабалық тәжірибе стансасының мәліметі)


Конвейерге дақылдар және олардың реттік жолдары

Себу мерзімі

Пайдалану мерзімі

Күздік қара бидай

өткен жылдың тамызы

25.05-5.06

Көпжылдық бұршақ-астықты шөп қоспасы (жоңышқа+қылтықсыз арпабас+эспарцет+еркек шөп)

өткен жылдардың егістігі

6.06-30.06

Бұршақ - сұлы қоспасы (ас бұршақ+сұлы)

1ші мерзім 25-28.04


1-10.07

Бұршақ – сұлы қоспасы

ІІ-мерзім 8-10.05

11-20.07

Бұршақ – сұлы қоспасы

ІІІ мерзім 18-20.05

21-31.07

Бұршақ – судан немесе

Іші мерзім




Бұршақ – тары қоспасы

8-10.06

1-10.08

Бұршақ – тары қоспасы

ІІші мерзім 18-20.06

11-20.08

Жүгері

15-20.05

21-31.08

Бұршақ – сұлы қоспасы

ІVмерзім 8-10.07

1-20.09

Жаздық рапс

20-30.07

21.09

Мал азықтық қызылша (немесе қант қызылша)

10-15.05

10-15.09

және мал қорада тұрғанда


Қазақстанның далалық аймағында 100 бас сиырға (тәулік көк азық нормасы 50-60 кг) арналған жасыл конвейер жобасы

(салмағы 400 кг тәулік сүт өнімі 10 кг)


Конвейерге дақылдар және реттік пайдалану жүйелері

Себу мерзімі

Пайдалану мерзімі

Табиғи жайылымдар

І мерзім


-

24.04-1.05

ІІ мерзім




15.09-1.10

Екпе ижайылымдар







І мерзім

өткен жылдары

1.05-5.05

ІІ мерзім




1.10-20.10

Күздік қара бидай

өткен жылдары тамызы

5.05-20.05

Көпжылдық шөп

І мерзім

өткен жылдары

20.05-10.06



Сиыр жоңышқа+сұлы 1ші кезең себу

1-5.04

10.06-20.06

Көпжылдық шөп ІІ мерзім

өткен жылдары

20.06-5.07

Сиыр жоңышқа+сұлы 1ші кезең себу

15-20.04

5.07-10.07

Жүгері, судан шөбі, қонақ жүгері+май бұршақ

1ші кезең себу



1-10.05


10.07-5.08



2ші кезең себу

15-20.05

5.08-20.08

3ші кезең себу

1-10.06

20.08-10.09

Қайталап 4ші-6ші кезеңдер себу

25.05-20.06

20.08-10.09

1ші кезеңде себілген дақылдар (судан шөбі, қонақ жүгері) алшыны

1-10.05

10.09-15.09


Шырынды бақша дақылы

20-25.04

10.07-1.09

Шырынды бақша дақылы

20-30.04

20.10-1.11

Екпе шөптер және табиғи жайылымдар алшыны

-

1.09-15.10

Мал азықтық қырыққабат

5-10.04

1.08-15.09

Шөлейт аймақта суармалы жердегі жайылымдық жасыл конвейердің жобасы (ірі қара малға)


Мал азықтық дақылдар

Себу мерзімі

Пайдалану кезеңі

Табиғи жайылым

-

Оның көлеміне және орналасқан аймағына қарай (жайылым кезеңдерінде)

Жоңышқа, 4-5 шабыс

Өткен жылғы егістер

20.04-20.10

Күздік қара бидай + ас бұршақ

күздігүні

1.05-15.05

Сұлы + асбұршақ

Ерте көктемде

20.05-5.06

Судан шөбі 3-4 шабыс

10-20.04

5.06-20.10

Жүгері (көктемде сепкен)

10-20.04

10.07-10.09

Мал азықтық қызылша

Ерте көктемде

25.08-25.09

Ерте жиыннан кейінгі сепкен жүгері (шабыннан кейінгі дақыл)

1.06-10.06

15.09-20.10

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарында пішен және пішендеме дайындауға арналған жасыл конвейер жобасы



Дақылдар

Себу мерзімі

Жинау мерзімі

Жоңышқа 1ші орым

Өткен жылғылар

6-11 мамыр

1 кезең (шанақтанғанға дейін)







2 кезең (шашақтанған кезде)




12-23 мамыр

3 кезең (гүлдене бастағанда)




20-30 мамыр

Күздік қара бидай, күздік бидай

Өткен жылғы

15 мамыр

Сұлы+сиыр жоңышқа; сұлы-ас бұршақ; арпа+сиыр жоңышқа

1-10 сәуір

15 маусым

Жоңышқа 1 жылғы егістік

1-5 сәуір

15-25 маусым

Жоңышқа 2ші орым

Өткен жылғылар




1ші кезең




20-26 маусым

2ші кезең




26-30 маусым

3ші кезең




30 маусым-5 шілде

Судан шөбі







Жоңышқа 1ші егістік

5-10 сәуір

15-20 маусым

2ші орым

1-5 сәуір

20 шілде-5 тамыз

Жоңышқа 3ші орым

Өткен жылғылар

5-8 тамыз

1ші кезең







2ші кезең




8-15 тамыз

3ші кезең




15-21 тамыз

Қонақ жүгері, судан шөбі 2ші орым

5-10 сәуір

20 тамыз-1қыркүйек

Жоңышқа, 4ші орым

Өткен жылғылар

17қыркүйек-16 қазан

Шаруашылықтарға ұсынылған жасыл конвейер үлгілерінің әртүрлі табиғи аймақтарда және малдардың түрлеріне қарай айтарлықтай ерекшеліктері бар. Мұндай ерекшеліктерге мал азықтық дақылдарды таңдау, себу мерзімдері мен оны пайдалану жүйелері жатады.



Оқытушымен бірлескен студенттің өзіндік жұмысы

ОБСӨЖ

1. Жаңа және аз таралған дақылдар. Ұғымдардың сипаттамасы

2.Ауылшаруашылық дақылдарды агроклиматтық аудандастыру
1 Жаңа және аз таралған дақылдар. Ұғымдардың сипаттамасы

Түрлі әдеби көздерде «жаңа дақылдар» және «аз таралған дақылдар» ұғымдары түрліше ұғынылады.

Өз кезінде осы ұғымдарды анықтаған Н.И.Вавилов бұған жаңа, белгісіз өсімдіктерден басқа берілген аймақтан тыс жерлерде белгілі, бірақ жергілікті жағдайларда аз таралған, практикада кең таратуды қажет ететін дақылдарды да жатқызу керектігін жазған.

Аз таралған дақылдарға тән мысал мысал ретінде дәстүрлі егіп өсіру ареалы біздің республикамыздың оңтүстік-шығысында (Шымкент, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарында) жататын бал құмайды алуға болады.

Алайда соңғы зерттеулерді ескерер болсақ, егіп өсіру шекарасы солтүстік ендіктің 500 –на дейін ауысып, қазіргі кезде солтүстік Қазақстанның қуаң және құрғақ далалы ауыл шаруашылық зоналарын қамтиды.

Аз таралған дақылдарға егістік аумағының құрылымында бір пайыздан аз орынды алатын дақылдарды жатқызады.

«Жаңа дақылдар» ұғымына шаруашылықтағы қандай да бір қолданысқа жарайтын пайдалы қасиеттері бойынша дақылдар қатарына енгізілген жабайы флора өсімдіктері де кіреді. Мысалы, байкал тараны (Polygonum divariacatum Z), ботаниктер мен шалғынтанушылардың сипаттамалары бойынша көпжылдық төбелі тамырсабақты өсімдік болып табылады және Монголия, Қытай, Японияның табиғи флорасында таралған. Сабақ жиілігінің айтарлықтай жоғары болуы себепті, өткен жүзжылдықтың 60-жылдарында-ақ оны перспективалы жемшөп дақылы деп есептеп, елдің түрлі континенталды ауа райы бар аймақтарындағы далалық жемшөп өндіруге енгізудің мүмкіндіктері зерттеле бастады.

.2. Ауылшаруашылық дақылдарды агроклиматтық аудандастыру

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық жерлері европалық өлшемдер бойынша орасан зор территорияны қамтиды және түрлі табиғи-климаттық зоналарда орналасқан. Осылайша, КСРО аумағында өткен жүзжылдықтың 70-жылдарында қабылданған табиғи-шаруашылық аудандастыруға сәйкес, біздің республикамызда 4 табиғи провинция мен бір таулы табиғи-шаруашылық облыс орналасқан:

- далалық зона – кәдімгі және оңтүстік қара топырақта, ылғалмен жеткілікті

қамтамасыз етілмеген, жылумен орташа және ортадан жоғары қамтылған;

- жартылай қуаң және қуаң, жылумен орташа және ортадан төмен қамтылған,

орташа қуатты қара топырақ басым, карбонатты, сортаң комплексті қара

топырақ кең таралған;

- құрғақ далалы зона – қарақоңыр және қоңыр топырақ, ылғалмен аз қамтылған,

жылумен ортадан жоғары қамтылған;

- өте құрғақ, жылумен орташа қамтылған, қарақоңыр, қоңыр сортаңдау топырақ

пен сортаң комплекстер кең таралған;

- ортаазиялық таулы облыстың бөлігі – таулы сұр топырақ, таулы қоңыр,

таулық-шалғынды-далалық топырақ.

Сондықтан, өндірістік жағдайларда, салыстырмалы түрде біртекті және аз аумақтық өлшемдері бар кеңістік құрылымдарына бөлу қабылданып, ауыл шаруашылық зоналар анықтамасы берілген. Олар әкімшілік облыстардың ішінде белгіленген.

Дербес жағдайда, республиканың солтүстік облыстарында мыналар ерекшеленген:

- орманды-далалы ауыл шаруашылық зона. Солтүстік-Қазақстан және Қостанай

облыстарының солтүстік және солтүстік-батыс әкімшілік аудандарында

орналасқан.

- орташа қуаңдау далалық ауыл шаруашылық зона. Қостанай, Солтүстік

Қазақстан және Ақмола облыстарының кәдімгі қара топырағындағы подзона

мен осы облыстардың оңтүстік қара топырақтарындағы подзонаны қамтиды.

- шоқылы-жазықты ауыл шаруашылық зона. Мұнда Солтүстік Қазақстан және

Ақмола облыстарының әкімшілік аудандары кіреді.

- құрғақ далалы зона. Павлодар облысын, Ақмола және Қостанай

облыстарының оңтүстік бөлігін, және де Солтүстік Қазақстан облысының

оңтүстік-шығыс бөлігін қамтиды.

Ауыл шаруашылық зоналардың жылдың әртүрлі мезгілдерінде түсетін жауын-шашын мөлшері, аязсыз периодтың ұзақтығы және негізгі зоналық топырақтардың құнарлылығы бойынша өзара едәуір айырмашылықтары бар. Сондықтан жоғарыда аталған зоналардағы ауыл шаруашылық дақылдардың жиыны тек түрлік құрамы бойынша ғана емес, сорттары және сорттық агротехникасы, яғни агроклиматтық аудандастыруы бойынша ерекшеленеді.

Ғалымдар зерттеп, практика көрсеткендей, орманды-далалық ауыл шаруашылық зонада күздік дақылдарды: күздік қара бидай, күздік бидай және қара бидай-бидай буданын егіп өсіру перспективалы. Әлемдік практикадан белгілі болғандай, күзгі бидай жазғы бидайдың ең таңдаулы сорттарына қарағанда 3 ... 5 ц/га өнімді артық береді, өйткені ол өнімді көбірек уақыт қалыптастырады. Бұл ауыл шаруашылық зонада 20 ... 25 ц/га өнімге дейін түсім беретін асбұршақты бидайға егіп өсіру перспективалы.

Далалық ауыл шаруашылық зонадағы оңтүстік қара топырақта, керісінше, күзгі дақылдарды егіп өсіру, қары аз қыс және көктемдегі температураның жиі ауысуының кесірінен, келешексіз.

Құрғақ далалы зона мен қуаң жазық далада дәнді құмайды егіп өсіру перспективалы. Осы жағдайларда дәнді-бұршақты дақылдардың ішінде жылдар бойынша тербеліс амплитудасы салыстырмалы түрде көп болмай 10 ... 15 ц/га дән беретін ноқат (қойбұршақ) өнімді болып табылады. Онымен салыстырғанда, дәндік мақсаттарда егілген бұршақ, өте ылғалсүйгіш дақыл ретінде, тұқым қалыптастыру фазасына әр жылда жете бермейді, ал кейбір қуаңшылық жылдарда тіптен өнбей қалуы мүмкін.

Жүгеріні корнажға егіп өсіруде (жүгері собықтарын балауызданып және толық пісу фазасында сүрлеу) ең үлкен өнімділік пен жемшөптік бірліктердің шығымын орташа пісетін топтың будандары қамтамасыз етеді, өйткені олардың балауыздық пісуі үшін 24000 белсенді температура қажет. Технологияға қажетті пісу дәрежесіне олар тек құрғақ далалы зона мен одан оңтүстікке қарай жете алады. Мұндай жағдайларда олар 120 ... 130 ц/га балауызданып піскен собықтарды береді. Орманды-далалық және орташа қуаң зоналарда белсенді температуралар (+100-тан жоғары) қосындысы жекелеген жылдарда ғана 1900 ... 20000-қа жететіндіктен олар піспейді және корнажға жарамайды. Бұл ауыл шаруашылық зоналарда 60 ... 80 ц/га балауызданып және толық піскен собықтар беретін ерте пісетін топ будандарын егіп өсіру перспективалы. Орташа пісетін топ будандары қысқа жаз жағдайында ерте пісетіндерге қарағанда өнімділігі төмен.
Оқытушымен бірлескен студенттің өзіндік жұмысы

1 Дақылды игеру тарихы
Дақылдық өсімдік ретінде құмай ерте заманнан белгілі. Құмайлық дақылдардың отаны деп Африканың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Судан таулы үстіртін атайды. Ол жерде құмайдың түрлері жабайы түрде әлі күнге дейін өсуде. Н.И.Вавилов (1967) өсімдіктердің қалыптасу орталықтары мен ошақтарын анықтау кезінде, құрамына Үндістандық, Оңтүстік Қытайлық және Аралдық ошақтары кіретін Оңтүстік Азиялық орталықта басқа дақылдармен бірге құмай да қалыптасты деп есептеген. Ол мұнымен қатар, аумағы бойынша шағын, бірақ дақылдардың жоғары полиморфизмімен ерекшеленетін, оның ішінде құмай да көрсетілген, Абиссияниялық (Эфиопиялық) орталықты да атап өткен.

Н.И.Вавиловтың Африкадағы егіншіліктің дамуы туралы теориясын дамыта отырып, В.А.Шнирельман (1980) былай жазады, жергілікті таза африкандық егіншіліктің ежелгі ошағы африкандық тары мен құмай дақылға енгізілген қазіргі Орталық және Оңтүстік-Шығыс Сахара территориясында орналасқан. Мысырда құмай мен судан шөбін ерте заманнан жемшөптік мақсаттарда қолданған, ал құмай дәні жергілікті тұрғындардың дәстүрлі тағамы болып саналады. Азия елдерінде (Үндістан, Қытай) оны ертеден азықтық және жемшөптік дән алу үшін өсіреді.

XVIII ғасырдың соңында құмайды Солтүстік Америка елдерінде егіп өсіре бастады. Оны бұл елдерге Азиялық континенттің шығыс бөлігінен жеткізген болатын. П.Д.Уолтонның (1986) материалдары бойынша, АҚШ-қа жемшөптік құмай 1909 жылы әкелінген және көп ұзамай перспективалы және бағалы дақыл деп танылған. Бұдан кейінгі жылдарда АҚШ-тың оңтүстігінде сүтті сиырларды жаю үшін құмай мен судан шөбінің буданын кең қолдана бастады. Бұл будан судан шөбі мен құрақ құмайды (Sorghum arundinaceum), немесе екі түсті құмайды (Sorghum bicolor L.) будандастыру арқылы алынған. Судан шөбі тәрізді будандар жақсы жемшөптік қасиеттерге ие болып, құрғақшылыққа төзімділігімен, құмайға қарағанда ерте пісуімен, судан шөбіне қарағанда өнімділігінің үлкендігімен ерекшеленді.

ТМД елдерінің территориясында құмайды 2,5-3,0 мың жыл бұрын өсіре бастады.

XVIII және XIX ғасырлардың шегінде құмай Ресейдің еуропалық бөлігінде, Украинаның және Солтүстік Кавказдың оңтүстігінде тарала бастады. Орыс әскерлері Қытай мен Кореядан дәндік құмайдың тұқымдарын «қытай тарысы» атымен және бал құмай тұқымдарын «қант құрағы» атымен алып келген. Бал құмайды жемшөп ретінде алғаш рет орыс агроном-зерттеушісі А.А.Измаильскийдің басшылығымен оңтүстік Украинада, Херсон маңында еккен. Нәтижелері жериеленушілердің жоғары бағасына ие болды. Бастапқы кездегі шамалы аумақты алатын бал құмайдың өндірістік себулерін 1913 жылдан бастап жасай бастады (Н.М.Гурова, 1985). Негізінен Украина мен Солтүстік Кавказда жинақталған егіс аумақтарын кеңіту, алғашқыда құмайлық дақылдар кеш пісетін дақылдар түрінде келтірілгендіктен, тежеліп отырды. Уақыттың бұл кезеңінде оларды егіп өсіру шекарасы оңтүстік-батыста 30000С, солтүстік-шығыста 25000С-ден астам белсенді температуралар (+100-тан жоғары) қосындысымен анықталып отырды. Бұл шекаралардың сыртында олар шағын участоктарда өсіріліп, күзгі суықтар олардың өсуін тұқым пісуне едәуір уақыт жетпестен үзіп тастайтын. Сондықтан да ол кезеңде құмайлық дақылдар бұл жерде кең өрістенбеді.

Жемшөптік құмайдың тәжірибелік-өндірістік егістерін мал шаруашылығы жақсы дамыған шаруашылықтарда 1951 жылы ұйымдастыра бастады (Г.П.Высокос, 1954). Бал құмайды дақылға енгізудің сәтті үлгісі Ставрополь өлкесі болып табылады, мұндағы егу аумағының жартысынан көбі жауын-шашынның жылдық мөлшері 350 мм-ден кем болатын қуаңшылық аудандарда орналасқан. П.М.Шориннің мәліметтеріне сүйенсек (1976), 16 жылдағы көк балаусаның орташа өнімділігі (1958-1973 жж) мың гектер егіске 179,5 ц/га.

Қазақстанда құмай дақылын зерттеуге байланысты тәжірибелер 1908 жылы Темір тәжірибелік егісінде С.А.Шаяновпен ұйымдастырылды. Кейін оның базасында жемшөп және жайылымдардың Ақтөбе тәжірибелік станциясы құрылды (С.А.Шаянов, 1960). 1927 жылдан бастап құмайды бұл жерде едәуір ауданға еге бастады. Жемшөп дақылдары өнімділігінің салыстырмалы бағасы, орта есеппен алғанда 1927-1931 жылдарда, жүгері мен судан шөбіне қарағанда жылдар бойынша өнімділіктің ең аз амплитудасы бар ең үлкен өнім алынғанын көрсетті.



Оңтүстік Қазақстан облысының қамсызданбаған тәлімі жерінде Қаз АШҒА жемшөп және жайылымдар институтының Келес тірек бөліміндегі тәжірибелерінде 1954-1956 жж орта есеппен сүтті-балауызданып пісу кезеңінде жемшөп бірлігіне аударғанда құмайдың өнімділігі – 17,7 ц/га, күнбағыстікі – 9,5 ц/га, жүгерінікі – 8,8 ц/га құрады. Есептердің нәтижелері көрсеткендей, жүгері собықтардың қалыптасу фазасында жиналған, өйткені осы кезеңде өсуін тоқтатып, кеуіп қалатын.

Красноводопад селекциялық станциясы сүрлемдік дақылдардың салыстырмалы талдауын жүргізді. Станциядағы қамсызданбаған және қамтылған тәлімі жер жағдайында 1958-1960 жж орта есеппен 1га-дан мынадай жемшөп бірлігі алынған: жүгері – 21,7 ц/га, күнбағыс – 17,1 ц/га, бал құмай – 40,9 ц/га (А.А.Лукашев, 1960).

Біздің республикамыздың солтүстік аймақтарында құмай XVII ғасырдан бастап дақылданған. Оның алғашқы егістері Орал қаласының маңында болған (П.И.Подгорный, 1963). Алайда құмай бойынша зерттеу жұмыстары кешірек басталды. Львов тәжірибелік егісінің есептері көрсеткендей (К.Д.Дмитриев, А.А.Лукашев, 1964), Қостанай облысының құрғақ далалы зонасында құмайдың көк балаусасының өнімділігі 300 ц/га-ға жеткен. 1950-ден 1959 жылдар аралығында көк балаусаның өнімділігі орта есеппен 142 ц/га-ды құрады (78,3 ... 300 ц/га). Құмайлық дақылдарды, және де судан шөбін егудің тиімділігі көріне бастағаннан кейін егістер жылма-жыл кеңіп, Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстарының бірқатар шаруашылықтарына енгізілді.

Қазақстанның солтүстік облыстарында құмай дақылдарының кең таралмауы бірқатар себептермен түсіндіріледі:


  • ерте пісетіндердің, сонымен қатар жоғары түсімі бар сорттардың тұқымдарын өнеркәсіптік өндірудің болмауы;

  • бал құмай мен судан шөбі негізіндегі буданның тұқымының болмауы;

  • шаруашылық басшылары мен мамандары тарапынан егіп өсіру технологиясының аймақтық ерекшеліктерін жеткілікті білмеуі;

  • бал құмай осы аймақтың қиын климаттық жағдайларында.


2 Егіп өсіру ареалы және түсімділігі
Бал құмай – жоғары өнімді дақыл. Бұл туралы оны сүрлемге үнемі дайындап жүрген аудандардағы өндірістік жетістіктерге, сонымен қатар ғылыми-зерттеушілік мекемелердегі жасалған тәжірибелердің нәтижелеріне сүйеніп айтуға болады. Кубандағы бал құмайды өсірудің алғашқы жылдарында-ақ 1972-1976 жылдары орта есеппен озат шаруа қожалықтарында 404 ц/га алынды және Краснодар өлкесінің сорт сынау участоктары мен ғылыми мекемелерінде 645 ц/га көк балауса алынды. Мұнда 1976 жылы орта есеппен 350 ц/га жинаған (И.А.Шепель, 1976). Сонымен қатар, бал құмай өнімділігі бойынша басқа сүрлем дақылдарынан қалыс қалмағандығы айтылған.

90-шы жылдары Солтүстік Кавказ, оңтүстік Украина, Поволжье, Орта Азияның жеткіліксіз немесе тұрақсыз ылғалдану аудандарында сүрлемдік бал құмайды жекелеген жерлерде барлық сүрлемдік дақылдардың 25%-ын құрайтын едәуір үлкен аумақтарға еккен. Осы уақытта АҚШ-та жемшөп дақылдарының ішінде аудан бойынша бал құмай екінші орында болып, тек жүгеріден қалыс қалған.

Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі (М.А.Юлдашев, 1996) және Орал өзенінің сағасындағы (Б.А.Түркменбаев, 1993) агротехникалық тәжірибелер осы аймақтардағы егістердің өсу перспективасын растайды. Бұған қоса, соңғы жылдардағы өнімділік деңгейі бал құмайды енді енгізе бастаған 70-ші жылдардың басымен салыстырғанда едәуір өскен.



Қазақ егіншілік ҒЗИ мәліметтеріне сүйенсек (Л.И.Драченков және басқалар, 1984), Қазақстанның оңтүстігінің жағдайларында құмайдың аудандастырылған сорттарының көк балаусасының өнімділігі тәлімі жерде бұл дақылды жан-жақты игерудің басындағы 220 ... 250 ц/га-ға қарсы 500 ц/га құраған. Суару кезінде, бал құмай өз мүмкіндіктерін толық көрсеткенде, өнімділік 870 ц/га-ға жеткен.

Солтүстік Қазақстанда да бал құмайды өнімді сүрлемдік дақылдар қатарына қосатын нәтижелер алынған. Торғай облысының (қазіргі кезде Қостанай облысының) қуаң аудандарында, М.Е.Жетпісовтің (1978) мәліметтеріне сүйенсек, сүрлемдік дақылдар жүгеріден көк балаусаның өнімділігі бойынша кем түсіп, бірақ абсолютті құрғақ заттың жиыны бойынша асып түскен.

1985 жылдан бастап Қостанай АШҒЗИ-да сүрлемдік дақылдардың салыстырмалы бағалануы жүргізілді (П.В.Петренко және басқалар, 1988), олардың ішінде бал құмай жүгеріден 1 га–дан жемшөптік бірліктердің шығымы бойынша артық болған.

Бал құмайды бұрынғы Көкшетау облысының орташа-қуаң зоналарында енгізу кезінде жақсы нәтижелер алынған. Тайыншы ауданының шаруа қожалықтарында 1989-1993 жылдар аралығында көк балаусаның өнімділігі 230 ц/га, жүгерінікі – 183 ц/га құрады.

Дәл осындай мәліметтер Павлодар облысының шаруашылықтары бойынша да алынған. Мұнда қуаң дала жағдайында бал құмай өнімділігі бойынша жүгеріден асады.

Біздің аймақта жиналған өндірістік тәжірибені қорытындылағанда, бал құмайдың артықшылығы жартылай қуаң және қуаңшылықты жылдары артатынын байқау қиын емес.

Солтүстік Қазақстанның егіншілік ауыл шаруашылық зоналарында жүргізілген агроклиматтық аудандастыру нәтижесінде Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының орманды-далалы зоналарында бал құмай пішендік пісу дәрежесіне 50-75% ықтималдықпен жететіні анықталды. Көптеген зерттеушілердің жұмыстарында расталғандай, ерте фазаларда оның өнімділігі басқа сүрлемдік дақылдарға қарағанда төмен болады.

Орташа қуаң далалы зонада бал құмайдың орташа ерте сорттарының сүттеніп пісу кезеңіндегі өнімін алу мүмкіндігі 80 ... 85%-ға жетеді. Бұл сорттарда өнімділік потенциалы, ерте пісетіндерге қарағанда жоғары.

Тек құрғақ далалы зонада бал құмайдың орташа ерте сорттары үшін сүттеніп пісу кезеңіндегі өнімін алу ықтималдығы 95 ... 100%-ды құрайды. Жылдың жылы периоды үшін жауын-шашын мөлшері 200 мм-ге жететін бұл жағдайларда, бал құмай өнімділігі бойынша басқа дақылдар арасында басым бола алады.
3 Ботаникалық сипаттамасы
Ежелгі және жер шарында кең таралған дақыл ретінде – құмайдың көптеген экологиялық-географиялық және сорттық түрлері бар. Құмайдың алғашқы ботаникалық сипаттамаларында, 1592 жылдан бастап, оны дақыл деп атаған.

Бұдан кейін де көптеген сипаттамалар болғанменен, жүйелеу бойынша мамандар бірауыздан Карл Линней сипаттамаларын қабылдайды. Ол 1753 жылы құмайдың 3 түрін сипаттады: Holcus Sorghum, H.saccarutus және H.bicolor. Тек 1912 жылы жүйелеушілер құмай классификациясын Sorghum аталатын 4 топпен толықтырды.

Қазіргі кезде ботниктермен құмай өсімдіктерінің субтропикалықтан бастап қоңыржай белдеуге дейін өсірілетін 63 түрі сипатталған: 33 дақылдық және 30 жабайы бір жылдық және көп жылдық түрлері. Sorghum түрінің жүйеленуі соңғы 60 жылда бірнеше рет қайта қаралған және қазіргі күнге дейін соңғы нұсқасы жоқ.

ТМД елдерінде құмайдың өз классификациясы бар. БӨИ-ның құмайлық өсімдіктерінің әлемдік коллекциясын 50 жыл бойы зерттеп келген біздің еліміздің белгілі құмайтанушысы Е.С.Якушевский (1980) олардың үлкен географиялық түрлілігін жүйелеп, жаңа қасиеттерін ашты. Бұл оған бұдан ертерек ұсынылған классификацияларды қайта қарап, Sorghum түрінің жекелеген түрлерге бөлінуінің табиғи принциптерін ұсынуға жол ашты. Мұндай жүйелеудің кемшіліктері болғанменен, эволюциялық-филогенетикалық тұрғыдан қарағанда табиғи, практикалық тұрғыдан алғанда өсімдіктанушыларға, генетиктерге және селекционерлерге қолайлы және түсінікті болып табылады.



Бал құмайдың келесі түрлерін бөледі:

  1. Гвинейлік;

  2. Кафрлық;

  3. Негритяндық;

  4. Нандық, түр тармақтары:

а) кәдімгі гаолян;

б) балауыз тектес гаолян;

5. Бал, түр тармақтары:

а) тармақты;

б) жиырылған;

6. шашақты, түр тармақтары:

а) шығыс-еуразиялық;

б) батыс-еуразиялық;

7. Судан шөбі;

8. жомарт құмай.

Бал құмай – биік өсетін өсімдік, Солтүстік Қазақстан жағдайында ол 2,5 ... 3,0 м-ге жетеді. Ол жақсы сүрлемдік дақылдарға жатады, өте жақсы желінеді және қортылады.

Құмай тұқымдары бір ұрық тамыршасынан өскінденеді. Келесі кезеңдерде құмай өсімдіктері топыраққа 2,5 м-ге дейін тереңдейтін, шашақты типтегі қуатты тамыр жүйесін түзеді. Тамыр мойынынан жоғары сабақтың төменгі түйіндерінен ұзындығы 6 ... 10см ашық жасыл түсті ауа немесе қосымша (тірек) тамырлары шығады. Олар арқылы да қоректену жүреді.

Сабақ түзу, тегіс. Бал сорттарында сабақтың ортасы шырынды, түрлі дәрежедегі қантты. Қант негізінен сабақтың ортаңғы немесе төменгі буынаралықтарында орналасады.



Сабақтың төменгі табанынан бастап концентрация 17 ... 20%-ды құраған, ал жоғарғы бөлігінде (шашақгүл аяғында) – 24 ... 28%. Зерттелетін сорттардағы қанттар мен сахарозаның қосындысының ең төменгі концентрациясы төменгі буынаралықта (қанттар қосындысы бойынша – 10,8 ... 13,1%; сахароза бойынша – 2,5 ... 4,8%) байқалған, ал сабақтың ортасына қарай олардың мөлшерінің артуы байқалған. Қанттан қосындысының максималды концентрациясы ортаңғы (жоғарыдан 3-ші және 4-ші) буынаралықтарда көрсетілген. Ал оның ең үлкен мөлшері сабақта дәннің балауызданып пісу кезеңінде болады.
Сабақтың буынаралықтарының саны 5-25 аралығында өзгереді, әр сортта бұл сан салыстырмалы түрде тұрақты: ерте пісетіндерде 5-10; орташа пісетіндерде 11-15; кеш пісетіндерде 16-25. бал құмайдың өнімді түптілігі 2-ден 5 ... 8-ге дейін.

Жапырақтар балауыз қабығымен жабылған, олардың саны сорттық ерекшелігіне байланысты және ерте пісуіне қарай 10-нан 25-ке дейін өзгереді. Басқа астық тұқымдастарға қарағанда бал құмай жапырақтарының үштен екісі толық піскенше жасыл түсін сақтайды, бұл оның биожиынтығының жоғары қоректілігінің белгісі.

Гүл шоғы – тармақталған шашақгүл. Тік тұратын, жатық және майысқан шашақгүлді сорттарын айырады.

Құмайда өздігінен тозаңдану басым, айқас тозаңдану 25 ... 50%-ға жетеді. Бал құмайдың жемісі – түрлі формадағы дәнек. Жалаңаш және қабықты дәнектері бар сорттары болады. Ақ, қара және қызғылт түске боялған дәнектері бар сорттарын айырады. Боялған дәнектерде дәнекті өсу кезінде зеңденуден сақтайтын глюкозид танин болады. 1000 дәннің массасы – 24 ... 45 г және одан артық.


4 Бал құмайдың селекциялық үрдісінің дамуы
Жаңа аудандардағы құмайлық дақылдардың таралуы, бастапқыда, олардың дәстүрлі өсірілуінің аудандарында қолдануға жол ашылған сорттарының негізінде жүргізілді. Бұл кезеңде Қазақстанда да құмаймен селекциялық жұмыстар басталды. Құмай селекциясы бойынша алғашқы тәжірибелер 1925 жылы Красноводопад селекциялық станциясында жасалды. Мұнда әлемдік коллекцияның көптеген үлгілері сыналды.

1935 жылы селекционер А.К.Гольбек дәндік құмайдың 2 сортын енгізді: Красноводопадское 246 және Маньчжурский гаолян 65. Бұл сорттардың өсімдіктері жоғары қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленіп, саңырауқұлақ аурулрына ұшырамайтын. Кейінгі жылдарда, соңғы жүзжылдықтың екінші жартысынан бастап, бүкіл әлемде құмайлық дақылдар селекциясының жаңа бағыты ретінде будандастыру басталды, ал көп таралған сорттардың орнына будандар өсіріле бастады. Олардың ішіндегі ең перспективалы болғандары - комбинациялық мүмкіндіктері тексерілген топтарды будандастыру арқылы алынғанқарапайым будандар болды (А.В.Синицина, 1974). Олар бірінші ұрпақтың үлкен тегістілігімен, жоғары гетерозистік әсерімен және қарапайым тұқым шаруашылығымен ерекшеленді.

Әлемдік селекцияның негізгі бағыттары:

- қазіргі өндіріс талаптарына сай жоғары өнімді және ерте пісетін будандар

жасау;


- құрғақшылыққа және тұздылыққа төзімділік;

- жапырылуға, кеселдерге, зиянкестерге және құстармен шұқылуға төзімділік.

Құмай селекциясының бұл бағытындағы жоғары өнімді және жоғары гетерозисті будандарды дайындауда үлкен жетістіктерге Қазақстан селекционерлері жетті. Құмай дақылдарының селекциясы республикада 1976 жылы Қазақ шалғынды-жайылымдық шаруашылық ҒЗИ-да басталды, ал 1987 жылы егіншілік ҚазҒЗИ-да басталды. 1989 жылы «Құмай» республикалық бағдарламасы жасалып тұқым дайындау бойынша арнайы тұқым шаруашылықтары құрылды. Тұқымдарды бал құмай егістері 100 мың га-ға жуық жерді алатын республиканың солтүстік облыстарына шығара бастады. Құмай-судандық будандарға егістікті кеңейту жұмыстары сәтті жүрді. Бұған жылына суперэлитаның 1 мың ц тұқымын дайындайтын Ақтөбе тәжірибелік станциясының дамыған тұқым шаруашылығы септігін тигізді. Селекция барлық құмайлық дақылдар бойынша жүргізілді: дәндік, бал, құмай-судандық будан бойынша. Осы жұмысты 1976-2002 жылдар аралығында басқарған ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы В.М.Макаровтың басшылығымен құмайлық дақылдардың сорттары мен будандарын жасауға және бал құмай селекциясын теориялық негіздеуге үлкен үлес қосылды. Егіншілік ҚазҒЗИ-ң селекциялық жұмысы нәтижесінде құмайлық дақылдардың 16 сорты мен буданы жасалды.

Бал құмайдың өнімділігінің бұдан кейінгі өсуі жоғары өнімділік гетерозисі бар құмай-судандық буданды қолдану және өндіріске енгізу мүмкіндігімен тығыз байланысты. Мұнымен қатар, құмай-судандық будан құмай (сабақтардың қанттылығы, қуатты тамыр жүйесі) мен судан шөбінің (жапырақтануы, көрпекөктігі және сабақтарының жақсы желінуі) жағымды қасиеттерін жинақтаған. Қуатты тамыр жүйесінің арқасында құмай-судандық будандар топырақтық және ауа құрғақшылығына төзімді, тұздар концентрациясын жақсы көтереді. Жапырақтарындағы балауыз қабатының арқасында олар булануға азырақ ылғал жоғалтады. Құмай-судандық будан қысқа аязсыз кезеңі бар республикамыздың солтүстік облыстарында өндіріске енгізуге перспектиалы болып табылады.
ОБСӨЖ 2 тапсырма. Біржылдық дәнді бұршақ дақылдар.

1. Мал зықтық құндылығына баға беру жэне шаруашылықтың нақты жағдайларында өсіру мумкіншылығын анықтау.

2. Сорттары және олардың сипаттамасы.



СӨЖ- 1. Дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін оқып үйрену.

2.Дақылдардың өсіру агротехникасын оқып үйрену.

3.Бір дақылға өсіру операциялық технологиясын даярлау.
ОБСӨЖ -1. 2 -тапсырма бойынша жұмыс тапсыру.

Мал азықтық бөрібұшақ (Люпин кормовой, Lupіnus L.)

Шаруашылық маңызы және таралуы. Мал азықтық бөрібұршақ біржылдық немесе көпжылдық бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік. Бұдан 4-6 мыңдай жыл бұрын Грецияда, Египетте, Римде өсіре бастаған. Оның тұқымын тұзды суға салып, бөрттіріп тамаққа және мал азығына пайдаланған. Ресейге бөрібұршақ өткен ғасырдың басында әкелініп, өсіріле бастады. Қазір Беларуссияда, Прибалтикада, Украинада, Ресейдің қарашіріксіз аймақтарында тараған. Оның көлемі 1 млн гектардай. Қазақстанда мал азықтық бөрібұршақ әлі күнге дейін кең тарай қойған жоқ. Оның басты себебі – оның тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың жоқтығы .

Және де осы дақылдың ғылыми тұрғыда зерттелген экологиялық ортаға бейімделген өсіру агротехникасы өндіріске әлі ұсынылмай келеді. Бұл әрине келешектің жұмысы.

Осы кезге дейін бөрібұршақты ең алдымен көк тыңайтқыш (сидерат) есебінде өсіріп, пайдаланып келді. Оның әсері танапқа гектарына 30-40 тн органикалық тыңайтқыш (көң) шашқанмен бірдей.

Құнарлығы нашар топырақта өскен кейбір түршелері гектарына 180-200 кг тең азот қалдырады. Тұқымында және көк балаусасында қорытылатын протеин (бір азықтық өлшемге 180-240 г) көптеп кездеседі. Бірақ бұрынғы өндіріске ұсынылған сорттарының құрамында 1-2% дейін ащы және улы алкалоидтардың (люпинин, люпанин, спартеин т.б.) болуына байланысты бөрібұршақ мал азығына көп пайдаланылмады. Соңғы уақытта оның алкалоидсыз сорттарын (0,0025-0,2% дейін) шығаруға байланысты мал азықтық маңызы қатты артты. Әсіресе ол топырағы құмды, құнарсыз аймақтарда арзан белокті мал азығының негізгі көзі болып табылатыны белгілі болды.

Мал азықтық бөрібұршақты дән, жем, сабан, көк балауса, сүрлем және шөп ұны ретінде пайдаланады. Оның дәнінде 40-49% дейін белок, 12% көмірсуы және 5,5-6,0% дейін май бар. Сондықтан оны ұнтақтаған күйінде немесе басқа белогі аз құрама жемдерге қосып малға береді. Бөрібұршақтың белогінде аминқышқылдары, әсіресе триптофан, лизин, цистин көтеп кездеседі.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс жылы аймақтарында бөрібұршақты аңыздық егістікке өсіріп мал жайылымына пайдалануға болады.

Мал азықтық бөрібұршақ, өнімі жоғары дақыл. Көк балаусасының өнімі гектарына-400-600 ц. Құмды құнарсыз топырақта өнімі 200-250 ц/га дейін жетеді. Тұқымының өнімі гектарына 10-15 центнерден 30 ц дейін болады.

Негізгілері мыналар: Быстрорастущий 4, Академический 1, Киевский мутант, Немчиновский 846.

Қазақстанда шығарылған сорттар жоқ, осы аталған сорттар аудандастырылған.

Өсірі технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Малазықтық бөрібұршақты дән алу үшін өсіргенде оған жақсы алғы дақылдар отамалы және күздік дақылдар. Көк балауса алу үшін оны әртүрлі ауыспалы егісте өсіріп, екпе пардан, жаздық дақылдардан кейін себеді. Және оны аңыздық, шабыннан кейінгі егісте, тығыз егісте өсіреді.

Топырақ дайындау. Күзде алғы дақыл жиналып алынғасын танапты негізгі жырту алдында аңызды сыдыра өңдейді. Содан кейін топырақты тереңдетіп сүдігер жыртады. Көктемде тырмаланып ылғал жабылады. Арамшөптер көктей бастағанда, тұқым себу алдында культивация жіберіп топырақты қопсытады, тегістейді, тығыздайды. Арамшөптерді толықтай жою үшін культивация кезінде топыраққа гербицидтер шашады (прометрин, линурон немесе басқа түрі).

Тыңайтқыштар беру. Танапқа фосфор-калий тыңайтқыштарын берген тиімді (Р90-120К60-90 кг/га ә.з.). Тыңайтқыштарды күзде сүдігер көтергенде береді. Не болмаса көктемде себер алдындағы культивация кезінде береді.

Қышқыл торпыраққа себілген егістікті ерте көктемде азот тыңайтқышымен (N12-20 кг/га ә.з.) үстеп қоректендіру өте тиімді.



Тұқұмды себуге дайындау және себу. Тұқымдық материал жақсы іріктелген, дәріленген болуы керек. Тұқымды себер алдында бөрібұршаққа арналған нирагинмен өңдейді. Себу мерзімі ерте астық дақылдарын сепкен кезге сәйкес болады. Орташа себу мөлшері әр гектарға 1-1,2 млн. өнгіш тұқым, немесе сары бөрібұршақ үшін 150-180 кг, ақ және жіңішке жапырақты бөрібұршақ үшін 180-200 кг өнгіш тұқым. Сары және жіңішке жапырақты бөрібұршақ үшін себілу тереңдігі құмдақ топырақта 3-4 см, саздақ топырақта- 2-3 см. Ақ бөрібұршақты 3-5 см тереңдікке себеді.

Егістікті күтіп-баптау. Бөрібұршақтың егістігін күтіп-баптау жұмысы ең алдымен арамшөптерді жоюға бағытталған болады. Тұқым өніп шыққанға дейінгі танапты көлденеңінен тырмалау жұмыстары сазды топырақта жүргізіледі. Құмдақ топырақтағы егістікте тырмалау жұмыстары жүргізілмейді.

Егістікті жинау. Бөрібұршақтың дәні ерте және бірқалыпты піскен кезде оны комбайнмен тура орады. Ору мерзімі орталық сабақтағы барлық бұршаққынның қоңырланып піскен кезінде жүргізіледі. Егер егістіктегі өсімдік бұршаққыны біркелкі піспеген жағдайда бөлектеп ору әдісін қолданады. Бөлектеп жинау бұршаққын 70-80% қоңырланып піскенде басталады. Дестеге салынған массаны 6-10 күннен кейін комбайнмен бастырады.

Мал азықтық бөрібұршақты көк балаусаға шанақтанған кезеңінде жинайды. Сүрлемге жинау кезі тұқымының сүттеніп піскен кезінде жүргізіледі.



Ноқат (Нут, Cіces arіetіnyt)

Шаруашылық маңызы және таралуы. Ноқат біржылдық дәнді бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдік. Ноқат азық-түліктік және мал азықтық дақыл ретінде өсіріледі. Көбінесе оның тұқымын алу үшін өсіреді. Оның дәнінде 19% белок, 4-7% май, 48-56% азотсыз экстрактивті зат болады, оны құрама жем ретінде мал азығыныа пайдаланады. Ноқаттың ашық түсті сорттары азық-түлікке, ал қоңыр тұқымдары- мал азығына пайдаланылады. Ноқаттың көк балаусасын мал (қойдан басқасы) онша жемейді, өйткені оның өсімдіктерінің құрамында қымыздық және алма қышқылдары болады. Ноқаттың 100 кг дәнінде 115,3 а.ө. және 16,5 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенінде- 57,2 а.ө. және 9,8 кг қорытылатын протеин болады.

Ноқаттың ұсақ тұқымды түрлерінің отаны кіші Азия, ірі дәнді түрлерінің отаны жерорта теңізі маңайы болып есептеледі. Осы жерлерде ноқатты ерте заманнан өсіріп келген.

Дүние жүзінде ноқат 10 млн. гектарға себіледі де оның 8 млн. гектардайы Азия елдерінде себіледі. Ноқаттың аздаған көлемі балқан түбегіндегі елдерде, Францияның оңтүстігінде, Испанияда, Мексикада себіледі. Және де ноқат ерте заманнан Орта Азияда, Сырт Кавказда себіліп тамаққа, мал азығына пайдаланылып келген (50-сурет).

Ноқат Қазақстанда көптен бері аздап өсіріліп келеді. Оны Ақмола облысының жергілікті тұрғындары өздерінің бақшаларында өсіре бастаған (Ю.Кравченко, 1935).

Ноқат құрғақшылық аймақтарда басқа дәнді бұршақ тұқымдастарына қарағанда жақсы өсіп жоғары өнім береді. Оның дәнінің өнімі әр гектардан 11-35 ц дейін жетеді.

Өсіру агротехнологиясы. Ноқатты ауыспалы егіс жүйесіндегі тыңайтылған отамалы дақылдардан, таза парға себілген бидайдан кейін орналастырған тиімді. Ноқаттың өзі де көптеген жаздық дәнді дақылдарға жақсы алғы дақыл болады. Оны себуге топырақ өңдеу жүйесі жаздық бидайдікіне ұқсас жүреді. Ноқат көбінесе фосфор тыңайтқыштарын қажетсінеді. Тұқымды себер алдында нитрагинмен өңдеу жақсы нәтиже береді. Оның оңтайлы себу мерзімдері: Солтүстік Қазақстанда 10-20 мамыр; Орталық Қазақстанда 5-15 мамыр; ал еліміздің басқа облыстарында-жаздық астық дақылдарын сепкеннен кейін. Ноқатты негізінен кең қатарлы тәсілмен (45,60 см) гектарына 0,4-0,5 млн. өнгіш тұқым себеді. Ал арамшөптерден таза танаптарға жай қатарлап, әр гектарға 0,7-0,8 млн. өнгіш тұқым себуге болады. Тұқымды ылғалды қабатқа, 5-8 см тереңдікке себеді. Тұқым себілгеннен кейін топырақ тығздалады. Арамшөптердің өскінін жою үшін және пайда болған топырақ қабыршағын жою мақсатымен тұқым өнгенше және өскін бергеннен кейін егістікті тырмалайды. Кең қатарлы егістіктерде қажеттігіне қарай қопсыту жұмыстары жүргізіледі (культивациялау). Ноқат негізінен бір мезгілде пісуіне байланысты оны тікелей орып бастырған жөн. Егістік арамшөптермен ластанған жағдайда ноқатты бөлектеп жинау ұсынылады.

Ноғатық (Чина, Hathyrus satіvus)

Шаруашылық маңызы және таралуы. Егістік ноғатық біржылдық дәнді бұршақ тұқымдас өсімдік. Оны негізінен мал азығы ретінде және тамақтық өнім алу үшін өсіреді. Ноғатықтың отаны Оңтүстік-Батыс Азия (ұсақ тұқымды түрлері) және Жерорта теңізі жағалауындағы (ірі тұқымды түрлері) елдер болып есептеледі. Бұрынғы Одақ көлемінде ноғатықты Россияның орталық облыстарында, Алтай өңірінде, Украинада өсірді. Ноғатықтың егістігі Закавказьеде және Орталық Азия республикаларында орналастырылды (51-ші сурет).

Дүние жүзінде ноғатықтың 100 шақты түрлері кездеседі. Олардың көпшілігі көпжылдық өсімдіктер. Ал мәденилендіріліп егістікте өсірілетіні тек бір жылдық өсімдік түрлері.

Ноғатықтың дәнінде 25-35% дейін белоктік зат кездеседі. Оның дәнінен өте құнарлы малазығы дайындалады.

Ноғатықтың 1 кг дәнінде 280-300 г протеин, 20,4 г лизин, 1,6 г метионин, 2,5 г триптофан, 34 г аргинин кездеседі. Ноғатықтан сапалы шөп дайындалады. Оның шөбі малға өте жұғымды, құрамында 18% протеин болады. Мал азығы ретінде ноғатықтың сабанын да пайдаланады. Ноғаттықтың 100 кг дәнінде 106 а.ө. және 22,3 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенінде-52 а.ө. және 14,5 кг қорытылатын протеин болады.

Ноғатық өсімдігі өндіріске де пайдаланылады. Одан пластмасса, фанера дайындалады. Ноғатық көптеген астық дақылдарына жақсы алғы дақыл. Және оны жасыл тыңайтқыш ретінде қолдануға болады.

Ноғатық топырақ талғамайды. Ол көпшілік топырақ түрлерінде өсе береді. Бірақта батпақты, жер асты ыза суы жақын орналасқан жерлерде өспейді. Гектарынан 15-20 ц тұқым жиналып, 200-250 ц көк балауса дайындалады.

Қазақстанда ноғатықтың Кинельская 7 және Степная 287 сорттары аудандастырылған.

Өсіру агротехникасы. Ноғатық дақылын ауыспалы егісте отамалы дақылдардан кейін, не болмаса күздік және жаздық дәнді дақылдардан соң себеді. Ноғатық өсіретін танап күз айынан бастап дайындалады.

Сүдігер көтерер алдында алғы дақылдан босаған танап 5-10 см тереңдікте сыдыра өңделеді. Содан 10-15 күннен кейін танапты 22-25 см тереңдікте жыртады. Қыс айлары қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Ерте көктемде танап тырмаланып ылғал жабылады. Тұқым себер алдында танапты тұқым сіңіру тереңдігінде культивациялап қопсытылады және тырмаланады. Тұқым себер алдында және сепкеннен кейін танап тығыздалады. Жер жағдайына және оның құнарлылығына сәйкес күзде, жырту алдында танапқа толық минерал тыңайтқышын (N60P60K60) шашады.

Ноғатық тұқымын ерте себілетін дәнді дақылдармен бір мезгілде себеді. Ол мезгіл Алматы облысы бойынша наурыз айының аяғы және сәуір айының бас кезіне сәйкес келеді.

Ноғатықты қатарлап себеді. Себу мөлшері- тұқымының ірілігіне қарай гектарына 0,8-1,0 млн. өнгіш дәнге тең, не болмаса 120-140 кг. Себу тереңдігі 6-8 см, ал жеңіл топырақта-10 см.

Ноғатықты мал азығына пішен, пішендеме дайындау үшін сұлымен немесе арпамен араластырып себу өте тиімді. Оны судан шөбімен де аралас себеді.

Ноғатық егістігін күтіп-баптау жұмыстары, оның тұқымы өнбей тұрып тырмалаудан басталады. Өскіні жер бетіне толық шыққаннан кейін де тырмалауға болады. Ол үшін БИГ-3 инелі тырмалар қолданылады. Кеңқатарлап себілген ноғатық арамшөптермен ластануына қарай жаз бойы 2-3 рет культивацияланады. Арамшөптер көп басып кеткен жағдайда гербицидтер (прометрин, линурон т.б.) бүркіледі. Мол өнім жинау үшін ноғатық егістігін жаз бойы 2-3 рет суаруға да болады (500-600 м3/га).

Ноғатықты пішенге толық гүлденген кезінде жинайды. Ору биіктігі 6-8 см-ден төмен болмауы керек. Тұқымға арналған ноғатық ортаңғы бұршақтары қатайып піскенде орылады. Тұқымдық бөлектеп орылады. Тұқым дестеде жатып әбден піскесін комбайнмен бастырылады.
Жасымық (Чечевица, Lens esculente)

Жасымық біржылдық бұршақ тұқымдас өсімдік. Шыққан отаны Гималай және Гиндукуш аймақтары болып есептеледі. Россияға жасымық 14-ші ғасырда әкелінген. Қазіргі кезде бұрынғы одақ көлемінде оның 50-60 мың гектардай егістігі бар. Ол көбінесе Россияның Орталық Қаратопырақты аймақта, Арменияда, Украинада, Татарстанда, Батыс және Шығыс Сібірде себіледі. Қазақстанда жасымық өте аз себіледі (4ші-сурет).



Шаруашылық маңызы. Жасымық белоққа өте бай дакыл. Оны дәнге, көк балаусаға, пішенге және сүрлемге өсіреді. Дәні өте бағалы құрама жем, онда белок мөлшері (30%) ноқаттан, асбұршақтан жоғары. Лизин мен метионин мөлшері жағынан барлык бұршақ тұқымдасынан жоғары. Және де онын дәнінде көмірсулары, витаминдер, В1, В2, РР және С көптеп кездеседі. Малға және құсқа құрама жем ретінде жасымықтың қалдықтарын да пайдаланады. Жасымықтың көк балаусасы мен пішені өзінің құнарлығы жағынан ерекшеленеді. Малдар онымен сүйсініп қоректенеді.

Пішенінде белок мөлшері 18-20% дейін және қоректілігі жағынан жоңышқаның пішенінен кем түспейді.

Мал азығына және де жасымықтың сабанын және топанын пайдаланады. Онда белок мөлшері 12-15% дейін болады.

Жасымықтың дәнінің әр гектардан өнімі 10-14 ц. дейін. Көк балаусасының әр гектардан өнімі 80-150ц. ал пішенінің өнімі –34-40ц/га дейін болады.



Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Жасымық - біржылдық шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы. Орталық бас тамыры жіңішке, одан 0-40 см тереңдікте көптеген жанама тамырлар өсіп жан-жаққа тарайды. Орталық және жанама тамырларында түйнек бактериялар түзіледі.

Сабағы тік өседі немесе аздап жатағандау, төртқырлы. Бұтақтануы өте жақсы. Биіктігі 30см –ден 70-80 см дейін болады.

Жапырағы күрделі қосқанатты, 2-8 дана қосқатардан тұрады. Жапырағының пішіні ұзынша немесе сопақша келеді. Гүлі ұсақ, жеке дара немесе 2-3 гүлден жиналған. Түсі-ақ, кейбір кездері көк болады.

Жемісі-қысқа бұршақбас, пішіні ромбы тәріздес, ішінде 1-3 дана дәні болады. Тұқымы домалақ не болмаса бүйірінен жапырылған, түсі сары, жасылдау, қызғылт, сұр, қоңыр немесе қара болып келеді.

Дәнінің көлемі жағынан ірі немесе ұсақ болып бөлінеді. 1000 дәнінің массасы 25-80 г.

Жасымық жылуды аса қажет етпейді. Оның тұқымы +4-50С жақсы өне бастайды. Вегетативтік органдарының жақсы өсуіне қолайлы жылылық 12-160С, генеративті органдарының жақсы өсуіне +17-210С керек. Вегетация кезеңінде керекті температура жиынтығы 14500-18500С шамасында.

Ылғалды қажет ететін өсімдік. Тұқымының бөртіп өне бастауы үшін оған тұқым салмағының 75-95% ылғал керек. Ылғалды көп қажет ететін кезеңі гүлдегенге дейін. Бірақта жасымық ас бұршаққа қарағанда құрғақшылыққа төзімді келеді, сондықтан оны жауын-шашыны көп емес аудандарда өсіруге болады.

Жасымық топырақты аса көп талғамайтын өсімдік. Ол батпақты, құмдақ топырақта жақсы өседі. Құм топырақта, ауыр батпақты топырақта нашар өседі.

Қазіргі кезде жасымықтың 10-шақты сорты шығарылып өндіріске ұсынылған. Оның ең көп тарағандары: Петровская 4/105 және Днепровская сорттары.

Өсіру агротехникасы. Жасымықты далалық және мал азықтың ауыспалы егістерде көк балаусаға аңыздық дақыл ретінде себуге болады. Дән алу үшін оны екпе парға орналастырады.

Танапты алғы дақылды жинап алғасын күзде тереңдетіп (22-27см) жыртады. Көктемде танапты тырмалап ылғал жабады. Содан кейін 8-12 см тередікте культивациямен өңдейді. Тұқым себер алдында танапты тегістеп тығыздайды.

Алғы дақылға органикалық тыңайтқыштар берілген жағдайда, ол жасымықтың өнім түзуіне жақсы әсер етеді. Сүдігер жыртар алдында танапқа фосфор-калий (30-45кг/га ә.з) тыңайтқыштарын шашу пайдалы. Көктемде топыраққа тұқыммен суперфосфат түйіршігін (20-30кг/га ә.з) берген тиімді.

Себуге таза, біркелкі ірі, дәрілеген тұқымды пайдалану керек. Тұқымды себер алдында 2-3 күндей далаға шығарып күнге қыздырады және бір күн қалғанда нитрагинмен өңдейді.

Жасымықты ерте себетін астық тұқымдастармен (арпа, сұлы) бір мезгілде себеді. Оны қатарлап не болмаса тар қатарлап себеді. Мал азығына оны арпамен, сұлымен қосып себу тиімді және таза өзін де себеді.

Жасымық қоспасының әр гектарға себу мөлшері 2-2,5 млн/дана, ұсақ тұқымының мөлшері 2,5-3,0 млн/дана, (салмақ мөлшері-100-200 және 80-100кг/га).

Жасымық қоспасының әр гектарға себу мөлшері мынадай болуы керек: 80-100 кг жасымық және 40-50 кг сұлы немесе арпа. Тұқым сіңіру тереңдігі 5-7 см. Тұқым себілгеннен кейін танапты тығыздайды.

Танап бетінде қабыршақ пайда болған (жаңбырдан кейін) жағдайда оны жасымық өскін бергенше, ал өскін пайда болған жағдайда (биіктігі 6-7см дейін) жеңіл тырмамен өңдеп қабыршақты жояды.

Жасымықтың тұқымының пісуі біркелкі емес. Сондықтан оны бөлектеп жинау керек. Оны дестеге түсіру жасымықтың төменгі жағында орналасқан бұршақтары 60-70% сарғайғанда жүргізіледі. Сабағы аса биік емес жасымық танабын тура жинауға болады. Бұл жағдайда бұршағы 80-85% дейін піскен болуы керек. Тұқым жинауға астық жинайтын комбайндарды қолданады.

Бақылау сұрақтары


  1. Дәнді бұршақ дақылдарының мал азығында маңызы қандай?

  2. Дәнді бұршақ дақылдарын мал азығына қалай пайдаланған тиімді?

  3. Мал азықтық бөрібұршақтың мал азығына пайдалану қалай жүргізілуі тиісті?

  4. Ноқаттың мал азығына пайдалану келешегін сипаттаңыз?

  5. Ноқат пен ноғатықта қанша белок мөлшері бар?

  6. Дәнді бұршақ дақылдарының пішенінде қанша азықтық өлшем (а.ө.) болады?

  7. Жасымықты мал азығына қандай аймақтарда өсіруге болады?

  8. Қазақстанда шығарылған дәнді бұршақ дақылдарының сорттарын атаңыз?


ОБСӨЖ Мал азықтық қырыққабат( Кормовая капуста, Brassica subsponttanсе)

Аз тараған мал азықтық тамыржемістілер.

1. Жалпы сипаттамасы, таралуы.

2. А/ш малдарды азықтандырудағы маңызы.Биологиялық ерекшеліктер,сорттары.

3. Өсіру технологиясы..



Мал азықтық қырыққабат екі жылдық, өнімі жоғары –өсіммдік. Табиғатта жабайы түрі - Жерорта теңізінің аймағында кездеседі. Сол жерден Еуропаның көпшілік елдеріне тараған. Ресейде бұл өсімдікті екі ғасырға жуық өсіріп, пайдаланып келеді(26-сурет).

Мал азыктық қырыққабат барлық малдардың түріне, құсқа бағалы азық больп табылады. Оны көк балауса ретінде, сүрлем түрінде малды қоректендіреді. Әсіресе сауын сиырға берген тиімді.

26-сурет. Мал азықгық. қырыққабат 1,2-өсімдіктің өскіні және



бірінші жылгы өсу кезеңінің аякщалғаны; 3-сабағының гүлі бар

бәлігі; 5-тұкымы, (сол жақта үлкейтілген)

Бұл мал азықтық өсімдік қоректік заттарға бай, құрамында минерал тұздары, витаминдер көптеп кездеседі. Көк балаусасында 12-1,4% қүрғақ зат бар да, оның 4-6% қанттың үлесіне тиеді. Қүрғақ затында 17,9% протеин, 15,7% белок, 3,4% май және 46,4% азотсыз экстрактивті зат болады. 1 кг жапырағында 60-100 мг С витамині және 42,5 мг каротин кездеседі.

Өсімдігі минералды заттарға бай. 1 кг көк балаусасында 2,17 г калыіий, 0,43 г фосфор, 0,70 г натрий бар. 100 кт көк балаусасында 15-16 азықтық өлшем және 1,5-1,6 г қорытылатын протеин болады. 1 кг азықтық өлшемге 110-115 г қорытылатын протеин келеді.

Мал азықгық қырыкқабатта қанттың мөлшері жеткілікті (4-6%) болуына байланысты ол өте жақсы сүрлем болады, және де оны басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлем салуға болады. Сүрлемінің қүрамында сүтті қышқыльп (2,27%) мөлшері жағынан ол күнбағыстың, жер алмүрты); сүрлемінен жоғары. Сүрлемнің дәмі, иісі өте жақсы болады, малдар ерекше сүйсініп қоректенеді. 1 кг сүрлемінде 16 г белок, 23,6 мг каротин болады.

Мал азықтық қырыққабат сүрлеміңдегі қоректік заттардың қорьтылу коэффициенті басқа сүрлемдік дақылдарға карағанда жоғары. Тек қана ондағы майдың қорытылуы басқалардан төмендеу.

Мал азыктық қырыққабат суыққа өте төзімді өсімдік. Суыққа қатып калған өсімдігі жасыл күйінде сақгала берсе. Күн жылып жібіген кезде өсімдік дәмділігін, қоректілігін, жоғалтпайды, мал оны сүйсініп жейді. Қырыққабаттың оссь ерекшелігін ескере отырып оны күзде қар түскенге дейін конвейерге өсіруге болады.

Германияда мал азыктық қырықкабатты қолдан кептіріп жоғары белокты, жақсы қорытылатын құрғақ мал азығын дайындайды. Қазіргі кезде оны Ресейдің көпшілік облыстарында, Кавказда, Молдавияда, Орталық Азияда мал азығына өсіреді.

Мал азықтық қырыққабаттан өсірген аймағының климат-топырақ жағдайына байланысты гектарынан 300 ден 900 ц дейін көк балауса жиналады. Суға жеткілікті төмен жерлерде және суармалы танаптарда өнімі 1500 ц/га көк балаусаға дейін жетеді.

Ірі қара малға оны тәулігіне 20-25 кг дейін береді. Көп берген жағдайда көк балаусасындағы глюкозинолаттардың мөлшерінің көп болуына байланысты мал анемиямен ауруы мүмкін..



Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық қырыққабат айқасгүлділер немесе қырыққабат түқымдасына жататын өсімдік. Кіндік тамырлы, ұршық тәріздес, тамырсабақтары аз тараған, тамыр бүршіктері көп емес. Өсімдік түптенген кезде сабағының төменгі жағынан крсымша тамырлар пайда болады да ол өсімдіктің жақсы жетіпіп өсуіне ықпал жасайды.

Екіжылдық өсімдік. Қауданды қырыкқабаттан ерекшелігі, ол каудан байламайды. Бірінші жылы тек домалақ немесе ұршық пішінді шырынды сабақ (көсеусабақ) өседі. Оның биіктігі 1-1,5 м, диаметрі-5-10 см-ге дейін, көп жапырақты болады, жапырақтары ірі, жалпақ, қалақша пішінді. Бір өсімдікте 17-20 жапыраққа дейін болады. Екінші жылы жапырағының түпкі қолтығында орналаскан бүршіктерінен ұрыкты өркендер өсіп шығады. Гүлшоғыры шашақ гүл, гүлінің қүрылысы қырыққабатқа тән пішінде дамиды. Гүлі ірі, немесе орташа. Күлтесі сары, сирек ақ түсті келеді.Жемісі бұршаққын, өздігінен шашылмайды. Тұқымы дөнгелекше, ұсақ, түсі кара-қошқыл, 1000 түқымьшың массасы 3-5г. Мал азыктық кырықкабаттың бірінші жылғы вегетациялық кезеңі 140-160, еккінші жылы тұқы мы піскенде-80-90тәулікке тең.

Мал азыктық қырыққабат суыққа төзімді өсімдіқ. Тұқымы топырақ жылылығы +2°С болғанда өне бастайды. +17-20°С жылылықта жақсы өсіп дамиды. Өнгеннен бастап мал азығына орғанға дейін 1500°С белсенді температура жиынтығы жұмсалады. Бүл дақыл суды көп қажет етеді. Жоғарғы өнім топырақ ылғалдылығы 60-70% (толық ылғал сиымдылығы-ның), ауа жеткілікті мөлшерде ылғалды болғанда алынады.

Мал азықтық қырыққабат жарық сүйгіш өсімдік. Ол бірінші жылы да, екінші жылы да мол жарық түсіп тұрғанда жақсы өсіп дамиды. Қалың себілген жағдайда өсуі нашар.Одан жоғары өнім жинау үшін топырақтың қүнарлығы, қүрылымы жоғары және жақсы қопсытылған болуы тиісті. Жеңіл және орташа балшықты және аздаған батпақты топырақта жақсы өседі. Біздің республика жағдайында оны өзен алқаптарында өсіруге болады.

Қазіргі кезде оның Мозговия зеленая, Вологодская, Тысячеголовая, Подмоековная, Полярная 227 сорттары өндірісте өсіріледі.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет