Көкшетау, 2015 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет4/4
Дата29.03.2017
өлшемі4,71 Mb.
#12544
1   2   3   4

Өсіру агротехникасы. Мал азықтық қырыққабатты мал азықгық ауыспалы егісте орналастырады. Оның биологиялык ерекшелігіне байланысты ылғалды, төмен орналасқаіі танаптарда себеді. Оған жақсы алғы дакылдар: астық, дәнді бұршақ дақылдары, көп жылдықшөптердің кыртысы, картоп.

Мал азықгық кырықкабат арамшөптерден тазарған, топырак беті жақсы дайындалып тегістелген танапка себіледі Ол үшін негізгі топырақ дайындау жұмысы алғы дакылды жинап алғаннан кейін танапты жақсылап қопсытып, сүдігер жыртудан басталады. Сүдігер жыртудың алдында танапқа гектарына 30-40 т көң шашады.

Танапты ерте көктемде тырмалайды. Егер арамшөптер көп каптап кеткен жағдайда көктемде тайыздау (15 см) жыртады немесе терендетіп (10-12 см) культивация жібереді. Тұқымды көкөніс сепкіштермен (СОН-2,8 А, СКОН — 4,2), кең қатарлап (60-70 см) себеді. Себу мөлшері гектарына 1,5 — 3,0 кг. Себу терендігі 1,5 — 2,0 см. Сепкеннен кейін танапты тағы тығыздайды. Тұқым жарнағынан алғашқы жапырақтар шыкқан соң бірінші культивация жіберіледі (4-5 см терендікте). Содан 6-8 күннен кейін екінші культивация жіберіледі (8-10 см терендікте). Вегетация кезінде кем дегенде 4 рет культивания жіберіледі. Қатараралығын культивациялаудың мақсаты арамшөптерді жою, топырақты қопсыту, ылғал сіңіруін жоғарылату. Соңғы культивацияны өсімдік түбін көмумен аяктайды.

Өсімдік екі-үш нағыз жапырақ түзгеннен кейін егістікке көлденең культивация жіберіп, шоқтау немесе топтау (букетировка) жүмыстары жүргізіледі. Шоқтау көлемі 20-25 см. Бүл жүмысты қолмен де жүргізеді, Әр үяда екі-үш өсщдік калдырады. Вегетация кезіңде егістікті екі реттей үстеп крректендіреді.

Ауа-райының күрғақ кезінде қырықкабатты бірнеше рет суғарады. Суару мөлшері гектарына — 150-400 м3. Вегетация кезіндегі суландыру мөлшері геқтарына 2000-2500 м3 шамасында.

Мал азыктық қырыққабатты күзден бастап алғашқы қар түскенге дейін жинайды. Көк балаусасымен мал азықтандырады, сүрлемге салады, не болмаса ферма жанына жинап, үйіп, бетін қармен қалың жауып қояды. Үйіндінің үсті катып калғанымен, астынғы жағы көктей жақсы сакталады. Оны жеке дара да, не болмаса баска сүрлемдік дакьшдармен араластырып та сүрлемге салуға болады. Сүрлемге салған кезде одан көп шырын бөлініп шығуына байланысты оны сабан кесінділерімен араластырып салған тиімді.

Қырыкқабатты көшетімен отырғызғанда, тұқымын 30-40 күн бүрын көшет өсіретін жерде, ңемесе жақсы дайындалған ашық топыракта өсіреді. Танапка үш-төрт жапырақты көшетті қатар аралығын 60-70 см, көшет арасын — 35-40 см етіп ерте астық тұқымдасты себу кезінде отырғызады. Көшет отырғызар алдында және одан кейін танапты жақсылап суарады. Көшетпен отырғызылған танапты жазғы күтіп-баптау жұмыстары тұқымымен еепкен танапка үқсас. Кырыкқабатты сүрлем жинайтын комбаиндармен жинайды. Күзгі ору жүмыстарын бірінші үсік түскенше жүргізуге болады.

Мал азықтық қырыққабаттың тұкым шаруашылығымен айналысу аса қиындыққа түспейді. Онымен барлық шаруашылыктарда айналысуға болады. Ол үшін бірінші жылы аналық материал өсіріліп, екінші жылы оны арнаулы танапка көшіріп отырғызып, одан тұқым алады.

Аналық материалды ірі, жақсы өскен өсімдіктерден дайындайды. Олардың жапырактарын сағағынан 1 см-ге дейін қалдырып, кесіп алып тастайды. Осылай дайындалған аналықты арнайы жақсы желдетілген сақтау қоймаларында қараңғы жерге, бетіне құм сеуіп сақтайды. Қойманың

жылылығы +1 °-1 ° С шамасында, ылғалдылылығы 90-95% болуы керек.



Аналық көсеу сабақты отырғызар алдынан 3 жұма бүрын танаптың шетіне әкеліп, топырақпен жауып орналастырады. Оның бетін суықтан қорғап, қалыңдатып сабанмен жабады. Содан кейін бетіндегі сабанды күн сайын азайтып, оған күн түсуін қадағалап отырады. Отырғызар алдында оның бүршіктері мен жапырағы көгеріп өсуге дайын болады.

Тұқымдықты ерте көктемде жыртындының астына ұялап (70x70 см немесе 70x60 см) отырғызады. Аналық сабақтарды бірінші жылдыкқа қарағанда терендеу отырғызады. Содан кейін күтіп, баптау жұмыстары жүргізіледі (үстеп қоректендіру, суару,. қопсыту т.б.).



Тұқымын іріктеп екі-үш ретке дейін жинайды. Бұршақкын бар бұтақтарын жинап, кептіреді. Содан кейін комбаинмен не болмаса арнайы молотилкамен бастырады.
Аз тараған тамыржемістілер: тарна,мал азықтық шалқан,мал азықтық қырыққабат

турнепс, мал азықтық сабыз.

1. Жалпы сипаттамасы, таралуы.

2. А/ш малдарды азықтандырудағы маңызы.

3. Мал азықтық жэне қант қызылша.
Биологиялық ерекшеліктер,сорттары.5. Өсіру технологиясы.б.Тарна, турнепс, мал азықтық сэбіз. Морфологиялық жэне биологиялық ерекіделіктері. Сорттары. Агротехника ерекшеліктері.

Түсініктемелер:


  1. Тамыр жемістілердің тұқымдарын, өскіндерін, жапырақтарын, тамырларын анықтағанда «Мал азығын өндіру практикумы» оқулығын қолдану керек.

  2. Сорттардың жэне будандардың сипаттамаларын, басқа дақылдарда қолданған тәсіл бойынша жүргізіңіздер.

  3. Биологиялық өнім анықтамасын әдістемелік нүсқау бойынша жүргізіңіздер. Көрсеткіштерді кестеге жазыңыздар.

  4. Дақылдың таңдауы студенттің өз шаруашылығында дақылды өсіру мүмкіндігін ескеріп жүргізеді. Өз шаруашылығының топырақ-климат жағдайларын, тамыржемісінің түрін суармалы немесе суармасыз жерде өсіру мәселелері шешіледі.

  5. Есептеу эдістемесі және операциялық технологиясын дайындау, өткен тапсырмаларға берілген түсініктемелер бойынша жүргізіледі.

ЕСЕПТЕР

1. Өз шаруашылығыңызға суармалы немесе суарылмайтын жерлерде мал азықтық тамыр жемістілердің біреуіне операциялық өсіру технологиясын дайындаңыз.



Өзін-өзі тексеру сүрактары

  1. Мал азықтық тамыр жемістілердің негізгі түрлері, олардың мал азықтық қүлдылығы, әр түрлі аймақтағы өсіру аумағы, өнімділігі.

  2. Мал азықтық жэне қант қызылшаның, тарының, шалқанньщ, сэбіздің биологиялық ерекшеліктері жэне аймақтық әр түрлі топырақ-климат аудандарындағы өсіру технологиясы мен орналастыру орынын таңдау ерекшеліктері.

  3. Мал азықтьщ тамыр жемістілердің өсуі. Алғы дақылдар, суару жэне суарусыз өсіру мүмкіндігі, топырақты негізгі өңдеу, себу мөлшері, себу тэсілі, егісті күтіп-баптау, сабақ жиілігін қалыптастыру

Тамыр-түйнек жемістілер

Мал шаруашылығын қарқынды дамыту жолына қойған шаруашылықтарда мал азықтық айтарлықтай үлесін көмірсуларына бай тамыртүйнекті жемісті дақылдар құрауы керек. Әсіресе сүт бағытындағы ірі қара малдар үшін мұндай мал азықтары өте пайдалы, өйткені олар ірі азықтар мен құрама жемнің мал организмінде жақсы қорытылып сіңірілуін жақсартады. Сонымен қатар тамыржемістілердегі кездесетін сілтілі металдар мал организміндегі қышқылды-сілтілі теңдікті ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Егістікте тамыржемістілердің өнімі басқа мал азықтық дақылдарға қарағанда жоғары келеді. Бірақта оның өсіріп, өнімін алу әлі күнге дейін көп шығындарды талап етеді. Мысалы тамыржемісті азықтық 1 азықтық өлшемін өндіру үшін пішенінің сүрлемнің өніміне қарағанда 1,5-4,0 есеге дейін шығын көп жұмсалады екен. Сол себепті тамыртүйнекжемісті дақылдарды өсіретін шаруашылықтар алдында оның өзіндік құнын төмендетуге бағытталған міндеттер тұр. Алдымен тамыржемісті азықты өсіру технологиясын барынша механикаландыру, жиналған өнімді сақтау және өңдеп малға беру технологиясын жетілдіру керек.

Мал шаруашылығымен айналысатын кешендерге мал азығы үшін мал азықтық бақша дақылдарын пайдаланудың да маңызы жоғары. Ол үшін мал азығына бақша дақылдарының азықтық сорттарымен қатар стандартсыз асханалық сорттарды өсіріп пайдалануға болады.

Қазіргі кезде республика бойынша жалпы мал азығы құрамында тамыржемісті азықтар көп емес (1,0% дейін), ал шырынды азық құрамында 10-12% шамасында ғана.

Келешекте мал шаруашылығында, әсіресе сүт өндіретін кешендерде, сүт өнімін жоғарылату үшін шырынды азық құрамында тамыртүйнек және бақша дақылдары кем дегенде 35-40% болуға тиісті.

Бұл дақылдардың құрамында жеңіл қорытылатын көмірсулары көптеп кездеседі. Тамыржемісті азықтар мал рационының қантты-протеинді тепе-теңдігін ұстап тұрады (100 г қорытылатын протеинге 120-150 г. Көмірсуы келеді). Тамыржемістілердің пәлегі де жақсы мал азығы болып есептеледі. Тамыржемістілердің өнімінің 35-50% пәлегі құрады. Тамыр-түйнек өнімі жоғарылаған сайын пәлек үлесінің мөлшері азаяды (20-30%). Тамыржемістілердің пәлегі тамырларына қарағанда протеинге, витаминге және құрғақ затына бай келеді (9 кесте).

Оны жас қалпында, сүрленген түрінде не болмаса шөп ұны ретінде мал азығына пайдаланады.
1-кесте. Мал азықтық тамыржемістілердің химиялық құрамы, %


Дақылдар

Су

Протеин

Май

Клетчатка

Аэз

Күл

Мал азықтық қызылша:

Тамыржемісі -

пәлегі -


84-88


87,0

1,3-1,4


2,7

0,1


0,4

0,8-1,0


1,8

9,1-12,3


5,4

0,8-1,0


3,0

Қант қызылшасы:

Тамыржемісі -

пәлегі-

77,0


83,0

1,6


2,6

0,2


0,7

1,4


2,7

19,0


8,5

1,0


3,0

Мал азықтық сәбіз:

тамыржемісі-

пәлегі-

86-90


75-84

0,5-1,4


2,1-4,2

0,1-0,2


0,5-0,6

1,0-1,2


2,4-4,1

8,0-9,8


8,3-11,8

0,7-0,8


2,2-4,6

Мал азықтық тарна:

тамыржемісі-

пәлегі-

86-90


83-85

0,6-1,5


2,6-3,0

0,1-0,3


0,5

1,0-1,6


2,0-2,5

6,8-10,5


6,2-8,5

0,6-0,9


2,9-3,2

Мал азықтық шалқан:

тамыржемісі-

пәлегі-


89,9


87,4

1,0


2,1

0,1


0,4

1,0


2,1

4,7


1,4

0,6


1,5


Мал азықтық тамыр жемістілер

Мал азықтық қызылша.

Өсіру агротехникасы. Егістікте мал азықтық қызылша үшін жақсы алғы дақылдар күздік астық дақылдары, отамалы дақылдар және біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер болып есептеледі. Мал азықтық ауыспалы егістігінде оны бақша дақылдарынан астықты-бұршақты шөп қоспаларынан кейін себеді.

Мал азықтық сәбіз

Өсіру агротехникасы. Мал азықтық сәбізді танаптық және малазықтық ауыспалы егістіктерде өсіреді. Оған жақсы алғы дақылдар күздік астық дақылдары, дәнді бұршақ дақылдары, техникалық және отамалы дақылдар.

Күзде сүдігер жырту 30-35 см тереңдікке дейін жүргізіледі. Отамалы дақылдар өсірілген танапты сүдігер жыртар алдында бір-екі рет дискілейді. Көктемде сүдігер тырмаланады және екі ізбен қопсытылады. Тұқым себер алдында танап тегістеліп сақиналы катокпен тығыздалады. Тұқымын себер алдында ірілігіне қарай бөледі. Себуге ірі тұқымдарды пайдаланады. Тұқым себер алдында қабықтайды (дрожжирования) және зиянкестер мен ауруларға қарсы дәрілейді (фентиурам т.б.).

Сәбізді ерте көктемде себеді және қыс алдында топырақ қатпай тұрып себуге болады.

Себу әдісі – кеңқатарлап және екі-үш қатарлы жолақтармен себеді. Екі қатарлы жолақпен сепкенде аралығын 45 см, жолақтар арасын 60 см етіп себеді. Мал азығына бір қатарлы-аралықтарын 45 және 60 см етіп те себеді.

Себу мөлшері кеңқатарлап жолақтап сепкенде гектарына 5-8 кг. Тұқым себу тереңдігі 1,5-2,5 см. Бірінші рет сәбіз танабын өскін бергенше 4-5 см тереңдікте, екінші рет - өскін бергесін 5-6 см тереңдікте, үшінші рет – 3-4 жапырақ салғасын 8-10 см тереңдікте қопсытады. Үшінші қопсыту кезінде өсімдіктердің арасын 5-6 см етіп сиретеді.

Бірінші сирету кезінде танапқа әр гектарына 20 кг аммиак селитрасын, 50 кг суперфосфат және 20 кг хлорлы калийді шашады. Екінші рет өсімдікті қоректендіру соңғы сирету кезінде жүргізіледі (N20P30 К20).

Сәбіз танабына арамшөптерге қарсы гербицид қолданады (прометрин, линурон т.б.). Бұл жұмысты тұқым сепкенге дейін, одан кейін және 10-12 нағыз жапырақтар түзгесін жүргізіледі.

Мал азықтық сәбізді тамыржемісінде қоректік заттар және каротин толығымен қорланғасын жинайды. Оның биологиялық пісіп-жетілуі жертаған жапырақтарының қурай бастағанынан белгілі. Жинау жұмыстары жаңбырсыз ашық күндері жүргізіледі. Алдымен сәбіздің пәлегін шапқыш-ұсақтағышпен (КИР-1,5 т.б.), содан кейін тамыржемісін картоп – қазғышпен (КТН-2Б т.б.) немесе көтермелі қызылша жинағышпен (СНШ-3, СНС-2М т.б. ) жинайды. Қыста ұзақ сақтау үшін зақымданбаған бүтін тамыржемістерін таңдайды.


Мал азықтық тарна

Өсіру технологиясы. Ферма маңындағы мал азықтық және көкөністік ауыспалы егісте тарнаны отамалы дақылдардан және көк азыққа себілген біржылдық бұршақ тұқымдас шөптерден кейін орналастырады. Танаптық ауыспалы егісте оны күздік астық, дәнді бұршақ, отамалы дақылдардан кейін орналастырады. Тарнаны қырыққабат тұқымдастардан кейін себуге болмайды.

Негізгі топырақ өңдеу жұмысы алғы дақылға байланысты жүргізіледі. Тарна терең жыртылған, жақсы қопсытылған топырақта жақсы өсіп дамиды.

Күзде танапты негізгі өңдеу алдында әр гектарға 30-40 т көң, 2-3 ц суперфосфат, 1,0-1,5 ц калий тұзын шашады. Көктемде тұқым себер алдында әр гектарға 1,0-1,5 ц аммиак селитрасын шашады. Тарнаның тұқымын себер алдында көлеміне қарай ірі және ұсақ екі фракцияға бөліп, себуге ірі тұқымдарды пайдаланады. Тарнаны ерте көктемде көкөніс сепкіштерімен себеді (СОН-2,8, СКОН-4,2 т.б.). Себу әдісі кеңқатарлы қатараралығын 45-60 см. Себу мөлшері әр гектарға 2-3 кг өнгіш тұқым. Тұқым сіңіру тереңдігі жеңіл және орташа топырақта 2-2,5 см, ауыр топырақта – 1-1,5 см. Тарнаны көшеттермен отырғызғанда оларға СРДН-2, СКН-6А, РПШ-4 т.б. машиналарды пайдаланады. Көшеттерді шаршы-ұялап (60х60 см), не болмаса кеңқатарлап (60 см) себеді. Тарнаның қатараралығын пәлегі қатты өсіп қосылып кеткенше әртүрлі тереңдікте (4-5 см-ден 10-12 см дейін) 3-4 рет қопсытады. 2-3 жапырақ салған кезеңінде сирету жұмысы жүреді. Қатардың әр метрінде 3-4 түптен қалдырады.

Вегетация кезеңінде тарнаны 3 ретке дейін суарады: 1ші – сирету жұмыстарынан кейін, 2ші – тамыры жуандайтын кезеңінде; 3ші – жиынға 25-35 күн қалған кезде жүргізеді.

Тарнаны бөлектеп жинайды. Алдымен пәлегін роторлы шапқыш-ұсатқышпен (КИР-1,5, УБД-3А т.б.) жинайды. Пәлегін жинап алғаннан кейін тамыржемісін тамырқазғыштармен (ККГ-1,4 т.б.) жинап, ферма маңындағы қоймаға немесе шұңқырға тасиды.

Өсіру агротехникасы. Мал азықтық шалқанды негізгі, аңыздық және шабыннан кейінгі дақыл ретінде өсіреді. Ол шабыннан кейінгі егістікте жоғары өнім береді. Негізгі топырақ өңдеуге танапты тереңдете жыртудан басталады. Шалқанды жақсы қопсытылған топыраққа себеді. Тығыз топырақта тамыржемісі нашар өседі.

Шалқан себілетін танапты көктемде 2-3 рет (аралығына 6-7 күн салып) қопсытады. Арамшөптерді жою үшін қопсытуды әртүрлі тереңдікте (15-17 см, себер алдында 5-10 см) жүргізеді.

Танапта негізгі өңдеу алдында гектарына 20-30 т көң және соған қосып 2-3 ц аммиак селитрасын, 3-4 ц калий тұзын, 3-4 ц суперфосфат шашады.

Себу әдісі – кеңқатарлап (30,45,60 см). Себу мөлшері: тамыржемісін алу үшін гектарына 1,5-2,5 кг, жапырақ массасын алу үшін – 2-4 кг өнгіш тұқым.

Тұқым себу тереңдігі 1,5-2,5 см. Шалқан тамыржемісінен жақсы өнім алу үшін әр гектардағы өсімдік тығыздығы 80-90 мың болғаны тиімді. Күтіп-баптау жұмыстарына тығыздау, тырмалау, қатараралығын қопсыту және шоқтау жұмыстары жатады. Бірінші қопсыту 5-6 см тереңдікте толық өскіні пайда болғаннан бес-алты күннен кейін жүргізіледі. Екінші – үшінші әр қопсытулар 8-10 күннен кейін 8-12 см тереңдікте жүргізіледі. Өскіндерді шоқтау жұмыстары 2-3 жапырақ салған кезеңінде культиватормен (КРН-4,2 т.б.) орындалады. Қатардағы өсімдік топтарының арасы 20 см етіп шоқтайды. әр ұяда 2-4 өсімдіктен қалдырады. Ұядағы өсімдіктерді сирету шоқтағаннан 2-4 күн өткесін жүргізеді.

Мал азықтық шалқанды бөлектеп жинайды. Алдымен пәлегін жинағыштармен (УБД-3, КИР-1,5 т.б.) орады, тамыржемістерін картоп жинағышпен немесе комбайнмен (ККГ-1,4 т.б.) жинайды.

Бүтін, зақымданбаған тамыржемістерді арнайы қоймаларда не болмаса траншеяларда сақтайды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

Аграрлы-экономиқалық институтының

Институт ОӘК төрағасы

Аға оқытушы Бекимова Г.Б

___________________________

«5 »09 2015 ж.

«Өсімдіқ шаруашылығы және топрақтану» кафедрасы

(кафедраның толық атауы)

Аужанова М.А.

(автордың аты-жөні, тегі)

5В080100 Агрономия «Аз таралған дақылдарды жерсіндіру»
(мамандық шифры, атауы)

мамандығының студенттері үшін

(пәннің атауы)

пәні бойынша тәжірибеліқ жұмыстарға арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқу нысаны:күндізгі
Көкшетау 2015ж.

Әдістемелік нұсқаулар «Аз таралған дақылдарды жерсіндіру»

пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және курс зертханалық жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

«Өсімдіқ шаруашылығы және топрақтану» кафедрасының отырысында

Хаттама № « 27 »08 2015 ж. қарастырылған.

Кафедрасының меңгерушісі ,а/ш.ғ.к. Аужанова М.А.


Институт оқу-әдістемелік кеңесі (ОӘК)

Хаттама №1 «3 » 09 2015 ж.

Қаралып ұсынылды.
Институт ОӘК төрағасы аға оқытушы _________ Бекимова Г.Б.
Мазмұны






бет

1

Біржылдық дәнді бұршақ дақылдар

180

2

Көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас шөптер

185

3

Көген тамырсыз бидайық-пырей бескорневищый


188

4

Забайкал тараны биологиялық ерекшеліктері



190

5

Шай жүгері


193

7

Аз тараған мал азықтық тамыржемістілер Қант жэне мал азық қызылшаның, тарнаның, сәбіздің тамыр жемістері


200

8

Көпжылдық буршақ тұкымдас

Шабдар Құлмақ ұқсас жоңышқа




205


Тәжірибеліқ сабақ

тапсырма1 «Біржылдық дәнді бұршақ дақылдар.»

Сабақ мақсаты:

Біржылдық дәнді бұршақ дақылдар мал азықтық бөрібұшақ, ноқат,ноқаттық,жасымық

морфологиялық белгілері бойынша айырмашылық белгілерін оқып үйрену жэне ажырата білу.

Өсімдіктің құрылыс ерекшеліктерімен танысу(тамыр жүйесі,сабағы,жапрығы,гүл шоғырлары,дән)

Өзіндік тексеру сұрақтарға жазбаша жауап беру.

Жадығаттар, жабдықтар жэне оқулықтар



  1. Бұршақ тұқымдас шөптер (мал азықтық бөрібұшақ, ноқат,ноқаттық,жасымық ) тұқымдарының (жемістерінің) қоспасы.

  2. Бұршақ тұқымдас шөптердің өсімдіктері, гербарийі.

  3. Суреттер, кестелер, үлкейткіш әйнектер, талдау тақталары, сызғыштар.

  4. Мал азығын өндіру практикумы.

  5. Ауылшаруашылық егістік дақылдары альбомы.

1 кесте-Бүршақ түқымдас шөптер жапырақтарының айырмашылық белгілері

Туыстық атауы,

түрі


(қазақша, орыс-

ша,лат


Жапырақ-тардың суреті

Жапырақ құрлысы

Жапыр-ақтың пішіні

Жапырақ-

тардың сабағының ұзындығы



Орталық жүйке

Жапырақ-

шалардың


беттерінің

пішіні


Мал азықтық бөрібұшақ (Люпин кормовой, Lupіnus L.)



















Ноқат (Нут, Cіces arіetіnyt)



















Ноғатық (Чина, Hathyrus satіvus)



















Жасымық (Чечевица, Lens esculente)




















Мал азықтық бөрібұшақ (Люпин кормовой, Lupіnus L.)

Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Бөрібұршақ (fupіnus l.) туысының 200-дей түрлері кездеседі. Соның ішінде мал азықтық маңызы жоғары болып шаруашылықта өсіріліетіні Сары бөрібұршақ (l. luteus), жіңішке жапырақты бөрібұршақ (l. angustіfolіos), ақ бөрібұршақ (l. albus) және көпжылдық бөрібұршақ (l. polyphyllus).

Сары бөрібұршақ ең көп тараған түрі (егістіктің 80%). Өсімдіктің биіктігі 1 м дейін, жапырағы 3-13 жапырақшалардан құралған, гүлі сары, хош иісті, жемісі 3-6 тұқымды, түкті, піскенде өздігінен жарылып шашылады, тұқымы қабырғасынан сығымдалған ақ, немесе қызғылт түсті, қара дақтары бар. 1000 тұқымының массасы 125-150 г. Жеңіл топырақта жақсы өнім береді. Сары бөрібұршақтың тұқымы піскен кезінде де, сабағы жұмсақ қалпында сақталып, малға жақсы азық болуымен ерекшеленеді.

Жіңішке жапырақты (көкшіл) бөрібұршақ ерте пісетін түрі және солтүстік жақта өсіруге бейімделген. Өсімдіктің биіктігі 1,5 м, дейін өседі, жапырағы 5-9 жіңішке жапырақшалардан тұрады. Гүлі көкшіл немесе ақшылдау, қысқа гүлшоғырына жиналған. Жемісінде 6 дөңгелекше, бүйректәрізді ақшыл мрамор түсті тұқымдар бар. 1000 тұқымының массасы 150-180 г. Жіңішке жапырақты бөрібұршақ керісінше тұқымы піскенде сабағы қатайып кетеді.

Ақ бөрібұршақ оңтүстік аймақтарға өсіруге бейімделген. Құнарлы топырақтарда жоғары өнім береді. Вегетация кезеңі ұзақтау. Өсімдіктің биіктігі 1,5 м дейін. Жапырақтары ірі, 7-9 керісінше жұмыртқа тәріздес, ақ және ақшыл-көк гүлдерден құралған. Жемісі ірі, ішінде 2-3 тұқымы бар, ұзынша келген өздігінен шашылмайтын, ептеп түктілеу. Тұқымы ақ, немесе ақшыл-қызғылт. 1000 тұқымының массасы 240-450 г. Тұқымында белоктан кейін май көп болады (15% дейін).

Көпжылдық бөрібұршақ суыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Оны солтүстік аймақтарда өсіруге қолайлы. Бір жерде өнімін азайтпай 8-10 жылға дейін өседі. Бірінші жылы жертаған жапырақтар өседі де, келесі жылдан бастап сабағы өседі. Өсімдіктің биіктігі орташа, бірнеше жақсы жапырақтанған сабақтардан тұрады. Жапырағы ірі, 9-15-тей ұзынша-жұмыртқа тәріздес жапырақшалардан тұрады. Шамалы түкті келеді. Гүлшоғырының ұзындығы 50 см дейін жетеді, гүлі көк, көкшіл-күлгін, немесе ақшыл. Жемісі ұсақ, қалың түкті, ішінде 3-5 ептеп сығылған дөңгелекше келген тұқымы бар. Тұқымының түсі ақшыл түстіден қара түстіге дейін болады. 1000 тұқымының массасы 30-70 г. Тұқымын себер алдында скарификациялау керек, әйтпесе өнгіштігі нашар.

Бөрібұршақтың жоғарыда аталған түрлерінің тамыр жүйелері кіндік-тамырлы, басты тамыры 2 м тереңдікке дейін өседі. Тамырының негізгі массасы топырақ қыртысының жыртылу қабатында орналасады. Тамыр жүйесі топырақтан қоректік заттарды жақсы сіңіру белсенділігімен ерекшеленеді.

Жоғарыда келтірілген мал азықтық бөрібұршақтың барлық түрлерінің жаңа сорттары шығарылып өндіріске енгізілді. Олардың ішінде алкалоидсыз және алкалоиды аз сорттары көп.

Негізгілері мыналар: Быстрорастущий 4, Академический 1, Киевский мутант, Немчиновский 846.

Қазақстанда шығарылған сорттар жоқ, осы аталған сорттар аудандастырылған.

Ноқат (Нут, Cіces arіetіnyt)

Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Ноқат көптеген түрлерді біріктіреді, олардың ішінде кең тарағаны мәдени ноқат (cіcerarіetіnum) бір жылдық өсімдік.

Сабағы қырлы, тік өседі, жақсы бұтақтанған, биіктігі 30-60 см, жапырылмайды.



Тамыр жүйесі кіндікті. Тамырындағы азот жинайтын түйнек бактериялары 3-4 жапырақ шыққанда пайда болады, ал гүлдеген кезеңінде ең жоғарғы деңгейге жетіп, ауадан азот сіңіру процесіне қатысады. Бұл түйнектер топырақтың беткі қабатындағы (0-20 см) тамыр жүйесінде мол болады.

Жапырақтары дара қауырсынды әрі түкпен көмкерліген, 11-17 эллипске ұқсас жапырақшасы болады. Сабағын, жапырағын және дән жарнақшаларын қою түктер басып тұрады. Ол түкшелерден алма, лимон, қымыздық қышқылдары бөлінеді.

Гүл шоғырлары ақ, сары, күрең және қызғылттау болады. Ақ гүлдіден-сарғылт дәнді, ал басқа түрлерінен қоңыр түсті дәнді өсімдіктер шығады. Қоңыр түсті дәндерді малға, құсқа азық ретінде пайдаланады.

Тұқымы бұрышты-сопақ пішінді “тұмсықты” болады. Ноқаттың қойбас бұршақ деп аталуы содан да болар. Дәннің беті тегіс, кейде қатпарланған. Ұсақ бұршақты түрлерінің 1000 дәнінің салмағы 60-100 г., ал ірі дәнді түрлерінің салмағы 400-500 г дейін болады. Қазақстанда аудандастырылған ноқат сорттарының 1000 дәнінің салмағы 200-350 г шамасында.

Ноқатта адамға және мал организіміне өте қажетті амин қышқылдары мөлшері (тиразин, триптофан, лизин т.б.) жөнінен басқа бұршақ дақылдарынан кем түспейді. Оның дәнінде 50 пайыздан астам амин қышқылдары кездеседі.

Ноқат өте жоғары белокті жемшөп ретінде жүгері немесе арпа дәндерімен араластырып малға беріледі. Сонда сауын сиырлардың сүттілігі, тауықтардың жұмыртқалағыштығы артады.

Малға азық ретінде ноқаттың сабанын да береді. Оны ұсақтап, булап берген пайдалы. Ноқат сабанында 5,5% белок, 43,3 азотсыз экстрактивті заттар, 45,1% клетчатка және 6,9% күл бар.

Ноқат жылу сүйгіш өсімдік. Сонымен бірге суыққа да өте төзімді. Оның тұқымы топырақ қабатының жылылғы +2-50С болған кезде өсіп-өне бастайды, ал өскіні көктемгі-110С дейінгі үсікке шыдайды.

Ноқат құрғақшылыққа және ыстыққа өте төзімді дақыл. Жаңбырлы және жаз айларының салқын жылдары ноқаттың көпшілік сорттары әртүрлі саңырауқұлақ ауруларымен (аскохитоз, фузариоз т.б.) залалданады, және де өсімдіктің тозаңдануы, тұқым салуы төмендейді. Ноқаттың көпшілік сорттарының піскен бұршақтары шашылуға бейім болады.

Ноқат топырақ талғамайтын дақыл. Ол құмды және жеңіл сұр топырақты жерлерде жақсы өседі. Ауыр топырақты жерлерде сабақтары, бұтақшалары іріленіп, гүлдеу кезеңі ұзарады да, дәнінің өсіп-жетілуі нашарлайды. Топырақтың реакциясының бейтарап немесе әлсіз сілтілеу болғаны жөн.

Ноқатты қуаңшылық аудандарда еккен тиімді. Қазақстанда ноқаттың Юбилейный, Краснокутский 123, Волгоградский 10, Кинельский 17 сияқты аудандастырылған және келешегі бар сорттары өсіріледі.

Ноғатық (Чина, Hathyrus satіvus)

Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Ноғатық біржылдық дәнді-бұршақ дақылдарының қатарына жатады. Сабағы төрт қырлы, өте жақсы бұтақтанған, сабағының биіктігі 25 см-ден 100 см-ге дейін жетеді. Ал ылғалды және құнарлы топырақтарда сабағының биіктігі 130 см дейін өседі. Негізгі сабағының төменгі жағынан 5-8 дана қосалқы ірі бұтақтар өседі.

Жапырағы қосқауырсынды, ланцетті бір түп қияқ тәрізді жіңішке, ал ұшы мұртшаланып келеді. Жапырағының ұзындығы 60-80 мм, көлденеңі-6-8 мм.

Тамыры-діңгек тамырлы. Өте жақсы жетілген. Көптеген қосалқы тамырлар құрады. Орталық тамыры 2 м тереңдікке дейін өседі.

Гүлі-ақ, жасыл, қызғылт. Бұршағы- жалпайған сопақ, сына пішінді, әр түсті. Ноғатық екі түрлі: ірі дәнді және кіші дәнді болады. Олардың 1000 ірі дәнінің салмағы-250-600 г, 1000 майда дәнінің салмағы-150-250 г.

Ноғатық құрғақшылыққа төзмді өсімдік. Бірақ гүлдей бастаған кезде ылғал жетіспесе тұқымдық өнімі төмендеп кетеді. Оның құрғақшылыққа төзімділігі басқа дәнді бұршақ дақылдарынан жоғары.

Ноғатық жылылықты ас бұршақтан көп керек етеді. Оның тұқымы +2-30С жылылықта өнеді. Ал 16-200С жылылықта жақсы өніп-өседі. Өскіні-60С үсікке шыдайды. Ауаның жылуының жетіспеген жағдайында ол жақсы пісіп жетілмейді. Вегетациялық кезеңі ауа райына қарай 80 күннен 120 күнге дейін созылады. Оның өсімдігінің гүлдеуі ұзаққа созылады.

Ноғатық топырақ талғамайды. Ол көпшілік топырақ түрлерінде өсе береді. Бірақта батпақты, жер асты ыза суы жақын орналасқан жерлерде өспейді. Гектарынан 15-20 ц тұқым жиналып, 200-250 ц көк балауса дайындалады.

Қазақстанда ноғатықтың Кинельская 7 және Степная 287 сорттары аудандастырылған.


Жасымық (Чечевица, Lens esculente)

Жасымық біржылдық бұршақ тұқымдас өсімдік. Шыққан отаны Гималай және Гиндукуш аймақтары болып есептеледі. Россияға жасымық 14-ші ғасырда әкелінген. Қазіргі кезде бұрынғы одақ көлемінде оның 50-60 мың гектардай егістігі бар. Ол көбінесе Россияның Орталық Қаратопырақты аймақта, Арменияда, Украинада, Татарстанда, Батыс және Шығыс Сібірде себіледі. Қазақстанда жасымық өте аз себіледі (4ші-сурет).



Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Жасымық - біржылдық шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы. Орталық бас тамыры жіңішке, одан 0-40 см тереңдікте көптеген жанама тамырлар өсіп жан-жаққа тарайды. Орталық және жанама тамырларында түйнек бактериялар түзіледі.

Сабағы тік өседі немесе аздап жатағандау, төртқырлы. Бұтақтануы өте жақсы. Биіктігі 30см –ден 70-80 см дейін болады.

Жапырағы күрделі қосқанатты, 2-8 дана қосқатардан тұрады. Жапырағының пішіні ұзынша немесе сопақша келеді. Гүлі ұсақ, жеке дара немесе 2-3 гүлден жиналған. Түсі-ақ, кейбір кездері көк болады.

Жемісі-қысқа бұршақбас, пішіні ромбы тәріздес, ішінде 1-3 дана дәні болады. Тұқымы домалақ не болмаса бүйірінен жапырылған, түсі сары, жасылдау, қызғылт, сұр, қоңыр немесе қара болып келеді.

Дәнінің көлемі жағынан ірі немесе ұсақ болып бөлінеді. 1000 дәнінің массасы 25-80 г.

Жасымық жылуды аса қажет етпейді. Оның тұқымы +4-50С жақсы өне бастайды. Вегетативтік органдарының жақсы өсуіне қолайлы жылылық 12-160С, генеративті органдарының жақсы өсуіне +17-210С керек. Вегетация кезеңінде керекті температура жиынтығы 14500-18500С шамасында.

Ылғалды қажет ететін өсімдік. Тұқымының бөртіп өне бастауы үшін оған тұқым салмағының 75-95% ылғал керек. Ылғалды көп қажет ететін кезеңі гүлдегенге дейін. Бірақта жасымық ас бұршаққа қарағанда құрғақшылыққа төзімді келеді, сондықтан оны жауын-шашыны көп емес аудандарда өсіруге болады.

Жасымық топырақты аса көп талғамайтын өсімдік. Ол батпақты, құмдақ топырақта жақсы өседі. Құм топырақта, ауыр батпақты топырақта нашар өседі.

Қазіргі кезде жасымықтың 10-шақты сорты шығарылып өндіріске ұсынылған. Оның ең көп тарағандары: Петровская 4/105 және Днепровская сорттары.

Бақылау сұрақтары


  1. Дәнді бұршақ дақылдар тобының : мал азықтық бөрібұшақ, ноқат,ноқаттық,жасымықтың тамыр жүйесінің;сабағының,жапрақтарының, гүлдерінің, жемістерінің тұқымдарыныңқұрылыс ерекшеліктері қандай

  2. Кандай дақылдар дәнді бұршақ дақылдар тобына жататын және олардың азықтық манызы.

  3. Қазақстанда шығарылған дәнді бұршақ дақылдарының сорттарын атаңыз?



Тәжірибеліқ сабақ

Тапсырма2 Көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас шөптер

1. Астық түқымдас шөптерді гүл шоғырлары бойынша анықтауды үйрену.

2. Астық түқымдас шөптерді түқымдары бойынша анықтауды үйрену.

Сабақ мақсаты:

Жима тарғақ, тарлау қияқ, тамырсабақсыз бидайық ,көпшабысты үйбидайық түрлерімен танысу жэне зерттеп білу аырмашылық белгілері бойынша сипаттама беріңіз.

Жадығаттар, жабдықтар жэне оқулықтар


  1. Астық тұдымдас шөптер тұқымдарының (жемістерінің) қоспасы.

  2. Астық түқымдас шөптердің өсімдіктері, гербарийі.

  3. Суреттер, кестелер, үлкейткіш әйнектер, талдау тақталары, сызғыштар.

  4. Ауылшаруашылық егістік дақылдары альбомы.

Түсін іктемелер:

1.Анықтаманың кестелерін (Мал азығын өндіру практикумы) қолданып,масақтары мен масақшалары бойынша еркекшөптің түрлерін анықтап үйрену.

2.Өзіндік тексеру сүрақтарына жазбаша жауап беріңіз.

3.Тапсырманы орындағанда (көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер) берілген түсініктемелерді пайдалану керек.
1кесте-Көп жылдық астық тұқымдас шөптердің соттарына шаруашьшьщ биологиялық сипаттама

Түрлер

жэне сор-

ттары


Өсу-даму

кезеңі, тәулік

(пішенге, тұқымға)



Құрғак

шылықка

төзімділігі

Су басымына

қатысы


Қысқа

төзімділігі



Орылым

саны


Егістікке

рұксат


етілген сортгары






















ЖИМА ТАРҒАҚ (Ежа сборная)

Морфологиялық ерекшеліктері. Жима тарғақтың өсіп толық дамыған ересек өсімдіктердің бойы биік (130-150 см) болып түптеніп өсетіндіктен көп сабақты болады да, жапырақты келеді (жапырақ ұзындығы 70 сантиметрге жетеді). Жапырқтары, әсіресе, сабақтың төмеенгі жағында мол болады.

Жапырағы мол болатындығы себепті оның мал азықтық құны жоғары. Жапырақ қынабы ашық, алақаншалары ірі. Ірі шоғыры-бір жақты қалақш тәрізді шашақбас. Дәні сүйір, сұр түсті, мың дәнінң слмағы 1,1-8 г.

Жима тарғақтың тамыр системасы жақсы дамыған. Ол типті бір метрге дейін тереңге кетіп жан-жаққа мейлінше мол тарамдалады. Соның нәтижесінде тығыз шымбайлап, топырақтың құрылымын жақсарта түседі.

КӨП ШАБЫСТЫ ҮЙБИДАЙЫҚ (РАЙГРАС)

Бұл мал азықтық шөп табиғатта жабайы түрінде бұрынғы Одақтың Европалық бөлігіндегі ылғалды аймақтарының шалғындықтарында, сондай-ақ Орта Азия тауларында, Батыс Закавказьяда кездеседі. Мәдени дақыл түріне айналғалы көп болғанмен, оның егісі әлі де болса кеңінен тарай қойған жоқ.

Райграстың үш түрі мәдени дақыл ретінде кездеседі: көп шабындық райграс, биік бойлы райграс және жайылымдық райграс. Мұның үшеуі де тамыр жүйесі жақсы дамыған астық тұқымдастарға жатады.

Бұлардың бірінен-бірін оңай ажыратуға болады.



Биік бойлы райграс. Гүл шоғыры-шашақбасты келеді. Масақшалары қос гүлді, оның төменгісінің ұзынша иілген қылтығы бар. Тұқымның көлденеңі 1,5 мм, ұзындығы 8-10 мм, түп жағында ақ сары түгі болады; мың тұқымның орташа салмағы 2 грамдай.

Биік бойлы райграс ауа райы жылы үсікке шалдығады және құрғақшылыққа төзімсіз келеді. Сондай-ақ ұзақ уақыт су шаюға, көлеңкеде өсуге және жер асты ыза суының жақындығына да шыдамсыз келеді.

Сортаң және сазды топырақты жерлерден басқа жердің бәрінде жақсы өнім бере алады. Қыстап шыққан соң көктемде ерте көктейді, алайда мал жайылуын төзімсіз келеді.

Оны негізінен пішен үшін себеді.



Тарлау қияқ

Жабайы түрінде далалы және шөлейт аймақтардың сортаң және сортаңдау топырақты жерлерінде өседі. Ол көпшілігінде Батыс және Шығыс Сибирб, Еділ өзенінің шығысында сондай – ақ Қазақстанның батыс, солтүстік және солтүстік шығыс обылыстарында кездеседі. Мұнда ол жалпы табиғи өсімдіктер ассоциациясының дені болып көлемді жерлерде өседі. Тарлау қияқ табиғи жағдайда бойы 25 – 80 м, ал екпелі түрінде 100 – 120 см жететін сирек түпті өсімдік. Тамыры шашақты болып, әдетте 1,5 м тереңге жетеді де төңерегіне 1 метірге дейін жайылып өседі. Сабағы жіңішке, жылтыр, тек масағының асты ғана бұдыр келеді, жапырағы көкшіл немесе қоңырқай жасыл, қатаң, шеті бүктелген. Масағы жасылдау, пісіп жетілгенде қоңыр күреңденіп кетеді.

Тарлау қияқ биологиялық ерекшеліктері бойынша жайылымдық шөпке жатады. Өйткені тұрқы қысқа жапырақтарымен мен сабақтары шөп машиналарымен шапқанда майда кесінділерге айналып, жинап алуға қиындық келтіретіндіктен оны пішен үшін шабу тиімсіз.

Тарлау қияқтың жақсы қасиетінің бірі - қар кетісімен қаулап көктеп өсуі. Сондай - ақ бұл өсімдік күзде де алшындап өсіп, оның көгі мал жаюға жарайды. Мал оны көктемде, әсіресе дамуының бастапқы кезеңінде оның құрамында протеиіні және жайылым ғылыми – зерттеу институтының мағлұматтарына қарағанда ( Прянишников С.Н., Бекмуханбетов Э.Н. ) түптену фазасында тарлау қияқ азығының абсолютті құрғақ затында 25,72 пайыз, сабақ шығару фазасында 18,66 пайыз, гүлдеу фазасында 17,72 пайыз, шикі протеин болса, алшын көк балаусасының құрамында протеин оданда мол – 23,50 – 27,34 пайыз болады.



Қоңырбастар (астық) түқымдасына жататын көпжылдық мал

азықтық шөптер-еркекшоп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, көкшіл сүр бидайық, итқонақ, (Тимофеевка), бетеге ж.б. егістікте шөп өсіруде маңызды орын алады.



Қазақстанда астық түқымдас шөптерден еркекшөп, қылтықсыз арпабас, коген тамырсыз бидайық алдыңғы қатардан орын алады, егістіктегі көпжылдық шөптердің 80%-ке жуығы осы шөптердің үлесіне тиеді. Соңғы жылдары көкшіл сүр бидайық та өсіріле бастады. Түптену оркендерінің даму сипаты мен бүтасының қүрылысы бойынша олардың барлығы борпыддақ бүталы астық түқымдас шөптерге жатады, тек қана қылтықсыз арпабас қана жер сабақтанып (коген тамырланып) түптенеді.

Астық түқымдас мал азықтык шөптерді гүлденген күйде анықтау. Астық түқымдас шөптер түрлерін гүлденген есімдік күйінде анықтаған жақсы, алайда гербарийланған немесе кептірілген есімдік бүталарын пайдалануға да болады. Гүл шоғырларының типіне (қүрылысына) қарай барлық көпжылдық астық түқымдас шептер масақты жөне шашақты (сіпсебасты) топтарға бөлінеді. Анықтама 83-кесте бойынша жүргізіледі.

Қазақстанда пайдалануга рүқсат етілген қылтықсыз арпабас сорттары:

Восточно-Казахстанский -Шығыс Қазақстан МАТС-да шығарылған. Сорт орманды-далалық экологиялық тобына жатады.

Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден бірінші шабысқа дейін 47-52 тәулік, түқымының пісуіне дейін 97-108 төулік. Қыстың суығына төзімділігі жақсы, қуаңшылыққа тезімді, алайда ылғалдалуға жақсы өсер етеді, маддың жайылуы мен таптауын жеңіл көтереді, 1972 (1,4,6,7,9,12).

Лиманный -Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, орманды далалық экологиялық топқа жатады. Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден алғашқы шабысқа дейін 47-58 төулік, түқымының пісуіне дейін 79-88 тәулік, көктемде және әрбір шабыстан кейін жақсы көктейді. Қүрғақшылыққа орташа, ал қысқа жақсы төзімді, 1975 (1).

СИБНИИСХОЗ 189 -Сібір АШҒЗИ-да шығарылған, далалық экологиялық топқа жатады, өсіп-жетілу кезеңі бірінші шабысқа дейін 50-56 тәулік қысқа төзімділігі орташа, қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, 1957 (1,11,12).

Степной (№ 460) -Қарабалық МАТС-да шығарылған, далалық экологиялық топқа жатады. Өсіп жетілу кезеңі көктемгі көктеуден алғашқы шабысқа дейін 53-70 төулік, көктемде жақсы көктейді, ал шабылғаннан кейін қарқынды коктеп өседі. Қуаңшылыққа, қыстың суығына төзімділігі жақсы, мол ылғалға жақсы қажетсінеді, малдың таптауын жеңіл көтереді, 1966 (2,4,9).

Акмолинский 91, 1998 (11); СИБНИИСХОЗ 88, 1994 (2,12); Тік (жағалаулық) қылтықсыз арпабас Целиноградский 30, 1991 (3).
ТАПСЫРМА Көген тамырсыз бидайық-пырей бескорневищый

  1. Кеген тамырсыз бидайықтың морфологиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену.

  2. Сорттардың шаруашылық-биологиялық сипаттамасын оқып-үйрену.

  3. Мал азығы мен түқымға өсірудің операциялық технологиясын жасау.

Морфологиялық ерекшеліктері. Гүл шоғыры –масақ. Масағы жабайы өсетін тамыр сабақты бидайыққа өте ұқсас келеді. Тұқымының ұзындығы 8-11 мм, көлденеңі 1,5-2,0 мм, пішіні ұзынша келген сарғыш сұр түсті болады. 1000 дәнінің салмағы 2,2-3,8гр. Сабағы жіңішке, тік өседі, бойының биіктігі 50-100 см шамасында. Тамыр жүйесі жақсы дамыған. Ол 100 см, тіпті одан да төмен тереңдікке бара алады. Жапырағы ұзын және жіңішке де молдылығы жағынан еркекшөптен басым.

Көген тамырсыз бидайық Қазақстанның орманды дала жөне далалық аймақтарында өсірілетін көпжылдық мал азықтық өсімдік. Ол « регнерия туыстығына (Кое§пегіа) жатады, Қазақстанда оның 40-тан аса түрлері өседі. Егістікке коген тамырсыз бидайық (Кое§пегіа Ігасһусаиіоп) жөне талшықты бидайық (Кое§пегіа йЬгоза) енгізілген. Бүлар төбелік типтегі, борпас астық түқымдас, қуатты тамыр жүйесі, 1,0-1,2 м терендікке бойлайды. Шөптесін бүтасы көптеген жіңішке сабақтардан түрады, биіктігі 0,6-1,1 м жапырақтануы 24-30%. Жапырақтары жіңішке, үзын, қатты. Гүл шоғыры-борпылдақ (борпас) қосқатарлы масақ, үзындығы 8-15 см, масақшасы 2-3 гүдді, айқас тозанданатын өсімдік. Жемістері (егістік материал)-қабықты дәндер. 1000 түқымның массасы 2,5-3,5 г. даму типі-күздік-жаздық. Талшықты бидайық кеген тамырсыз бидайыққа қарағанда ерте піседі (коктемгі коктеуден шабылмалы пісуіне дейін 45-50 төулік, тұқымныңпісіуне дейін 65-75 төулік), масағы үзын (12-16 см), доға төрізді иілген, ал түқымдары күштірек түктенген және күлгін



ренді.Бидайықтың кейбір морфологиялық белгілері 6-суретте келтірілген.

6-сурет. Бидайық. 1-егін кегі кезеңіндегі өсімдік; 2-көген тамырлы бидайықтың масақтану кезеңіндегі өсімдігі; 3,4,5-көген тамырлы бидайықтың масақтары, масақшасы және жемістері (сол жақта-үлкейтілгендері); 6-кеген тамырсыз бидайық өсімдігінің төменгі бөлігі; 7,8,9-көген тамырсыз бидайықтың масақтары, масақшасы, жемістері (сол жақта-үлкейтілгендері).



Қазақстанда пайдалануға рүқсат етілген көген тамырсыз бидайық сорттары:

Карабалыкский -Қарабалық МАТС-да шығарылған. Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден масақтануға дейін 62-66, түқымның пісуіне дейін 84-100 төулік. Кектемде жөне шабылғаннан кейін баяу көктейді, қуаңшылыққа орташа, ал қысқа жақсы төзімді, 1959 (1,7,9,12).

Колутонский (Арман) -Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған. Бүтасы тік өседі, борпас, сабағы түкті, биіктігі 65 см дейін. Бүтақтануы жоғары жапырақтануы 54% дейін. Көктемде және бірінші шабылғаннан жақсы кектейді, ал екінгі шабыстан соң баяу. Көктеуден шабылмалы пісуіне дейінгі вегетациялық толық пісуіне дейін 90 төулік. Қүрғақшылыққа және қысқа тезімді сорт, 1994 (1).

көкпііл сүр бидаиық-пырей сизый-аскорүкок сіаіісім

Көкшіл сүр бидайық (орташа бидайық)-А§горугоп §1аисшп, көпжыддық, қысқа көген тамырлы төбелік типтегі астық түүқымдас, шабындық және жайылымдық өсімдік. Сабақтары тік өседі, буындарында біршама жуанданған, жалаңаш, жақсы жапырақтанған. Жапырақтары түкті, көкшіл сүр түсті. Гүл шоғыры үзындығы 7-10 см борпас масақ, көпгүлді, өлсіз қылтықты. Жемісі-дән, 1000 түқымның массасы 2,5-3,0г. Пайдалануға рүқсат етілген сорттары:

Ростовский 31 - Зерноград МАТС-да шығарылған. Тік өсетін бүтасының биіктігі 65-90 см, бүтада 23-56 сабақ болуы мүмкін. Масақтануға дейін сабақтары нөзік, жапырақтары сызықты, көкшіл сүр-жасылдау, жүмсақ. Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі кектеуден шабылмалы пісуіне дейін 49-77 тәулік, шабылғаннан кейін жөне кектемде баяу көктейді, қуатты тамыр жүйесі бар, шөптесінде үзақ уақыт сақталады. Қысқа жөне қуаңшьшыққа төзімділігі жоғары, 1974 (1,4,9,12).

Омич-Сібір АШҒЗИ-да шығарылған, 1989 (1,7,9).

Карабалыкский сизый, 1998 (7).

Жоғарыда аталған сорттардан басқа кәпжылдық астық түқымдас шөптердің төмендегідей сорттары пайдалануға рүқсат етілген:

Шалғындық бетеге: Каргалинская, 1991 (3); Пензенская, 1989 (6).

Сібірлік пырейник: Гуран, 1974 (1,12).

Даурлық пырейник: Нарынкольский, 1991 (3).

Ситник ломколоснигі: Бозойский, 1975 (1,2,3,4,5,6,7,9,11,12,13); Шортандинский, 1975 (1,3,9,11,12).

Тікарпабас : Целиноградский 30, 1991 (3).

Жима тарғақ: Заилийская, 1993 (3); Каркара, 2000 (3).

Қазақстанда көгалға (көгалдық шөптер) себуге рүқсат етілген шалғындық қоңырбас сорты Барон, 1985 (3,5,8,13,), түрліжапырақты бетеге сорты Изумрудная, 1986 (3,5,8,13).

Пайдалануға рүсат етілген басқа түқымдастардыд көпжылдық және біржылдық осімдіктері: Қара сексеуіл сорты; Жан-Сая, 2000 (8,13); Шашақты амарант сорты: Атлант, 1995 (3,4,13); Изен (прутняк) сорттары - Алма-Атинский песчаный 1, 1985 (3); Бактоген, 1999 (3); Задарьинскин, 1990 (13); Күйреуік сорттары-Айдарлинский 1, 1985 (3); Сэн, 2000 (8,13): Теріскен сорттары-Арысский, 1990 (13); КЛХ-2, 1990 (3); Қызыл-қүм, 1999 (13); Чолон (азжапырақты эления) сорты: Сырдарьинский, 2000 (8,13).

Бақылау сүрақтары

  1. Қазақстанда егістікте жөне шалғындық жайылымдық шаруашылықта өсірілетін көпжылдық астық түқымдас шөптердің азықтық қүндылығын сипаттау.

  2. Көпжылдық астық түқымдас шөптердің негізгі түрлері және оларды Республика мен Солтүстік Қазақстанның топырақ-климат аймақтарына орналастыру.

  3. Астық түқымдас бидайық ж.б. шөптердің морфологиялық ерекшеліктері, жапырақтануы.

  1. Көпжылдық астық түқымдас шөптердің өсіп-даму ерекшеліктері. Топырақ-климат жағдайларына байланысты өнімді пайдаланудың үзақ-өміршендігі.

  2. Көпжылдық астық түқымдас шөптердің биологиялық ерекшеліктері (жылуға, ылғалға, топыраққа талаптары). Қазақстанның негізгі топырақ-климат аймақтарында өнімділігінің потенциальды мүмкіндігі. Агротехника мен себілгеннен кейінгі жағдайларға байланысты танаптық өнгіштігі жөне өсімдіктерінің сақталуы.

  3. Республика мен Солтүстік Қазақстанда пайдалануға рүқсат етілген көпжылдық шөптердің сорттары.

  4. Көпжылдық астық түқымдас шөптерді мал азығы мен түқымға есіру агротехникасының ерекшеліктері:

а. алғы дақыддар мен жамылғысыз және жамылғылы себутәсілдерінің жағдайлары;

б. қалыптасқан жағдайларға байланысты себу мерзімдеріннегіздеу;

в. себу кезеңіндегі нақты жағдайларға байланысты түқымныңсебу мөлшері мен олардың сіңіру терендігі;

г. тыңайтқыштар молшерін есептеудің ерекшеліктері жоне олардыкөпжылдық шоптерге енгізу;

д. бірінші және одан кейінгі тіршілік жылдарындағы шоптердіңегістігін күтіп-баптау.

10. Мал азығын жинау және дайындау технологиясы. Малазығын дайындаудың прогрессивті технологиялары.
Тапсырма Забайкал тараны биологиялық ерекшеліктері

Забайкал тараны (горец забайкальский растопыренный) Polygonum dirarictum Z- Биіктігі өсу аймағына және табиғи жағдайларына байланысты 120-дан 225 см-ге дейін жетеді. А.Ф.Степанов хабарлануына қарағанда (2001)Ом МАУ тәжірибе үлескісінде (Омск,Ресей) өсімдіктер 220-240 см дейін, ал өндірістік үлескіде 120-150 см дейін жетті. Көпжылдық, жоғары өнімді өсімдік. Шөп өсімі шаруашылықта көп уақытқа дейін (8-10 жыл) пайдаланылады. Осылай РМКМ-деғі ''Зерендинский'' өндірістік үлескесі 20 га көлемімен тіршілік кезенінің 12-ші жылында құрғақ зат есебімен 92,4 ц/га өнім берді.

Забайкал таранының биологиясын көп уақыт зерттеу нәтижесінде оның өнімділігі 8 және одан да көп жылдар бойы кемімейтіндігі анықталды. А.Е.Деминаның (1986) зерттеулері арқасында забайкал таранныңы көпжылдар (8 жылдан аса) өсіру мүмкіндігі анықталды.

Подмосковьеде (А.Г.Яртиев,1970) гүлдеу кезенінің басында алғашқы 2 жылда 64 және 330 ц/га өнім алынса, келесі 6 жылда өнімділік - 440-752 ц/га жасыл масса шегінде өзгерді.

Батыс Сібірде (А.Ф.Степанов,1996) құрғақ зат өнімділігі 74,4 ц/га. Бұл тәжірибелер 1988-1995 жылдар аралығында жүргізіліп, ондағы сүрлемдік дақыл ретінде қолданылатын жүгері өнімінен 30,8% жоғары болды.

Оның көпжылдық өнімділігінің сақталуының себебі деп, Иркутск ауылшаруашылық академиясының зерттеушілері, оның биологиялық ерекшеліктерін айтады, әсіресе үнемі жаңарып тұратын, тереңге кеткен тамырының ерекшелігін атаған.

Забайкал тараны - жаздық өсімдік. Тұқыммен және тамырсабақпен көбейеді. П.Ф.Медведев және А.И.Сметанникова (1981) мәліметі бойынша, плантацияларды тамыр сабақтармен отырғызуға болады. Оларды ұзындығы 8-10см етіп дайындап кең қатар (70см) әдісімен отырғызады.

Тамыр жүйесі күшті, топырақ қабаттарына терең енген, өте жуандалған. Тамырсабақ саны бір өсімдікте 7-9, тамыр жүйесінің толық дамуы 3 жылдан кейін басталады. Бірінші жылы тамыр жүйесі жер үсті бөліктеріне қарағанда қарқынды дамиды. Жақсы қыстап шығу үшін тамыр мойнында 3-4 жаңару бүршіктері және бастапқы бүршіктердің өсуі үшін пластикалық заттардың жеткілікті мөлшері болуы керек. Дамудың бұл кезенің – тамыр жүйесін қалыптастыру - алғашқы күзгі қатқақ түскенше дейін өтіп үлгеруі тиіс.

Біздің республикамыздың солтүстігінің климат жағдайы қатқақтан кейінгі кезеннің созылып кетуі мүмкін болуымен сипатталады (20-25 күн). Бұл кезде тамыр мойнының пластикалық заттарын жұмсау арқылы 40-60% бүршіктер өз өсуін жаңартады. Нәтижесінде қыстауға өсімдіктер әлсіз болады да, көктемде сирек шалғын береді. Сондықтан, себу мерзімінде агроклиматтық ресурстарды ескеруі керек. Тамыр жүйесінің даму ұзақтығы 100-120 күннен кем болмауы тиіс.

Забайкал таранының түптену қуаттылығы айтарлықтай ауытқып тұрады және төменде келтірілген факторларға байланысты:

- плантация жасына;

- алғашқы өсімдік жиілігінің қалыптасы мен себу әдістеріне;

- әр жылдың су және қоректік режиміне.

Профессор А.Ф.Степанов (1996) мәліметтері бойынша, өсімдіктегі өркен саны 3...4-тен 10...12-ге дейін өзгеріп тұрды.

Өркенді қалыптастыру қарқындылығы мен өсімдік жиілігін қолайлы денгейге дейін реттеу барысында забайкал таранының әртүрлі ластағыштарға бәсекелестігі жоғарылай түседі.

Бірақ, алғашқы 2-3 жыл, тамырсабақ арқылы сабақ жиілігі қалыптасқанша, ол армшөптерден қорғалуы тиіс.

Фенологиялық зерттеулер бойынша бірінші жылы, әсіресе, жаздың I жартысында забайкал таранының жер үсті мүшелері баяу дамиды. Отырғызғаннан кейін 10-12 күннен соң өскендер пайда болады. 16-18 күннен соң сабақтану басталады. Шоқылы-жазықты жерлерде гүлдену кезені тамыздың II жартысынан басталады (егер 15-17 мамырда егілсе) тіршілігінің бірінші жылының вегетациясы аяқталуында 35-45см биіктікке жетеді.

Тамыр жүйесі жер үсті бөліктеріне қарағанда қарқынды өсіп, 70-90см тереңдікке кетеді.



Келесі жылдардағы дамуы температураның +10ºС тұрақты өтуінен басталады. Шоқылы-жазықты зоналарда өсуі 7...12 мамырға келеді. Шанақтануы қысқа мерзімге созылады – 16...24 күн және негізінен маусымның аяғы шілденің басында басталады. Гүлдену және жеміс салуы созылыңқы болады. Пісу гүлшоғырдың астынан басталады. Астынғы бөлігі мен бүйір гүлшоғырлардың пісуінің айырмашылығы 18 және одан да көп күн. Сондықтан, гүлдеу мен тұқым пісу кезені 2 айға дейін созылады. Көпжылдық деректер бойынша орташа вегетациялық кезені 120...131 күнді құрайды.

Вегетациялық кезенінің ұзақтығы бойынша көпжылдық шөптер арасында забайкал тараның орта пісетін түрлерге жатқызуға болады.

Забайкал тараны құрғақшылыққа төзімді. Құрғақ зат түзу үшін аз ылғал жұмсайды. Бұл қасиетті Подмосковье зерттеушілері (Г.В.Чубарова, 1974) оның тереңге кететін тамыр жүйесінің болуымен түсіндіреді. 3 және 4-ші жылы тамыр 160...180см тереңдікке кетеді.

Иркут облысындағы зерттеулер нәтижесінде (Ш.К.Хуснитдинов, Г.Г.Курявцева, 2001) забайкал таранының басқа сүрлемдік дақылдармен салыстырғанда құрғақшылыққа төзімдірек екендігі анықталды. 1м топырақ қабатындағы су жұмсау коэфинциенті забайкал таранында 241, ал жүгеріде - 356, күнбағыста - 412 болып табылады.

Құрғақшылыққа төзімділігіне қарамастан 60-80 ц/га құрғақ зат түзу үшін оған жақсы ылғал мөлшері қажет. Сондықтан, агроклиматтық аудандастыру кезінде ылғал мөлшерін, топырақ құнарлығын ескерген жөн. Жер асты суларының жақын орналасуы да маңызды рөл атқарады.

100 кг жасыл масса түзу үшін азот жұмсауда жүгеріден жоғарғы, ал фосфорды 15-18% аз жұмсайды. Жылжымалы фосфор және калийі жоғары топырақтағы өскенде 100 ц/га құрғақ зат алынады. Қысқы аяздарға жақсы төзеді. А.Ф.Степанов материалдары бойынша -5-8ºС қатқақтарда тек жоғарғы бүршіктер ғана зақымдалған. Кейінгі вегетациясы бүйірлік бүршіктер арқасында жүзеге асады.

Жақсы тозаңданады да жақсы тұқым өнімділігін береді.



Бақылау сұрақтары

1. Қандай биологиялық ерекшелігі жерінен арамшөптерге қарсы тұру әрекеті жақсы дамыған?

2. Бұршақ тұқымдастардан және дәстүрлі сүрлемге пайдаланатын өсімдіктерден забайкал таранынын химиялық құрамы немен ерекшеленеді?
Тапсырма Шай жүгері

Сабақтың мақсаты:



Өсімдіктің құрлыс ерекшеліктерімен танысу.

  • Негізгі түрлерінің шашақбастарының (гүлшоғыры) құрлысының суретін салу.

  • Шай жүгерінің жіктеуін оқып-үйрену және сипаттама беру.

  • Шай жүгерінің маңызды сорттары мен будандарына шаруашылық си-паттама беру.

  • Топырақ -климат жағдайына байланысты шай жүгеріні астыққа жэне сүрлемге өсіру технологиясын дайындау.

Өзіндік тексеру сұрақтарға жазбаша жауап беру.

Жадығаттар мен жабдықтар:



  1. Шай жүгерінің тамыр жүйесі, жапырақтары жэне гүл шоғырлары, толық жетілеген өсімдік

  2. Шай жүтерінің гербарий жэне тұқымы

  3. Шай жүгерінң эр түрлі масақ басы

  4. Ауылшаруашылық егістік дақылдары альбомы

9 кесте Шай жүгерінің пайдалануға жіберілген сорттарының

Белгілер

Сорттар

1. Түр тармағы







2. Шашақбас түрі







3. Шашакбастың ұзыңдығы







4. Дэннің кауыздылығы







5. 1000 дэн массасы, г







6. Дэннің түсі







7. Тез піскіштігі







8 Өсу-даму мерзімі, тэулік







9. Жапырылуға төзімділігі







10. Құрғақшылыққа төзімділігі







11. Пайдалануы (өсіру мақсаты)







12. Кең тараған аудаңдар, пайдалануға жіберілген облыстар







Түсініктеме.

  1. Тапсырманы орындағанда «Мал азығын өндіру практикумы» оқу құралдарын жэне жоғарыда ұсынған басқа әдебиеттерді пайдалану керек.

  2. Негізгі түр тармақтарын дәптерлеріңізге кесте ретінде толтырыңыз, суреттерін салыңыз.

  3. Пайдалануға жіберілген сорттар сипаттамасын кесте ретінде келтіріңіз.

Морфологиялық ерекшеліктері. Сорго Sorgum туысына жатады, оның құрамына 30-дан аса түрлер кіреді, олардың ішінде біржылдық және көпжылдықтар болады. Маңызды төрт түрі бар: кәдімгі сорго, джугара, гаолян, судан шөбі, жабайы түрі құмайда бар. Шаруашылықта пайдалануына байланысты сорго 4 топқа бөлінеді: астықты, қанттық, шөптесін және сыпыртқы. Астықты сорго астыққа және аздап мал азығына өсіріледі, қанттық оның сабағында 20% дейін қант болатындықтан сүрлемге, көкбалаусаға пайдаланылады.

Соргоның тамыржүйесі 2,5-3,0 м тереңдікке бойлайды, бұл жағынан жүгеріге уқсас, 3-4-ші жапырақтар түзілгөнде екінші (түйін) тамырлар пайда бола бастайды да, өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Соргоның шашақтану кезеңінде сүйеніш (ауа тамырлары, сүйеніш функциясынан басқа өсімдіктерді су және қоректік заттармен қамтамасыз етеді) тамырлары пайда болады. Егін кектегеннен кейін 30-40 күннен соң өсімдіктер қарқынды турде тамыр жүйесін дамытады, тамырлардың сөткесіне артуы 2-3 см-ге жетеді, бұл кезеңде жер бетіндегі өсімдіктің массасы баяу дамиды. Суармалы жағдайда сорго 8-ден 25-ке дейін түйін аралығын түзеді де 2,5-6 м биіктікке жетеді. Ерте пісетін сорттары-5-10 түйін аралығың орташа пісетіндері 11-15, көш пісетіндері -16-25 және одан да жоғары түйін аралығын қалыптастырады. Сабақтарда бөгдө бұталар пайда болуы да мүмкін Жапырақтар саны ерте пісетін сорттарда 10-ға дейің орташа мерзімде пісетіндерінде 10-15, кеш пісетіндерінде 16-25 болады.

Соргоның гүлшоғыры-сіпсебас. 1000 дәннің массасы 20-45 г. Сорго түптенуге қабілетті және түріне, сортына, өсіру жағдайларына байланысты оның шамасы 1,5-6,0 дейін жетеді.

Ботаникалық сипаттамасы

Ежелгі және жер шарында кең таралған дақыл ретінде – құмайдың көптеген экологиялық-географиялық және сорттық түрлері бар: Holcus Sorghum, H.saccarutus және H.bicolor.

Қазіргі кезде ботаниктермен құмай өсімдіктерінің субтропикалықтан бастап қоңыржай белдеуге дейін өсірілетін 63 түрі сипатталған: 33 дақылдық және 30 жабайы бір жылдық және көп жылдық түрлері. Sorghum түрінің жүйеленуі соңғы 60 жылда бірнеше рет қайта қаралған және қазіргі күнге дейін соңғы нұсқасы жоқ.

Бал құмайдың келесі түрлерін бөледі:



  1. Гвинейлік;

  2. Кафрлық;

  3. Негритяндық;

  4. Нандық, түр тармақтары:

а) кәдімгі гаолян;

б) балауыз тектес гаолян;

5. Бал, түр тармақтары:

а) тармақты;

б) жиырылған;

6. шашақты, түр тармақтары:

а) шығыс-еуразиялық;

б) батыс-еуразиялық;

7. Судан шөбі;

8. жомарт құмай.

Бал құмай – биік өсетін өсімдік, Солтүстік Қазақстан жағдайында ол 2,5 ... 3,0 м-ге жетеді. Ол жақсы сүрлемдік дақылдарға жатады, өте жақсы желінеді және қортылады.

Құмай тұқымдары бір ұрық тамыршасынан өскінденеді. Келесі кезеңдерде құмай өсімдіктері топыраққа 2,5 м-ге дейін тереңдейтін, шашақты типтегі қуатты тамыр жүйесін түзеді. Тамыр мойынынан жоғары сабақтың төменгі түйіндерінен ұзындығы 6 ... 10см ашық жасыл түсті ауа немесе қосымша (тірек) тамырлары шығады. Олар арқылы да қоректену жүреді.

Сабақ түзу, тегіс. Бал сорттарында сабақтың ортасы шырынды, түрлі дәрежедегі қантты. Қант негізінен сабақтың ортаңғы немесе төменгі буынаралықтарында орналасады.

Сабақтың төменгі табанынан бастап концентрация 17 ... 20%-ды құраған, ал жоғарғы бөлігінде (шашақгүл аяғында) – 24 ... 28%. Зерттелетін сорттардағы қанттар мен сахарозаның қосындысының ең төменгі концентрациясы төменгі буынаралықта (қанттар қосындысы бойынша – 10,8 ... 13,1%; сахароза бойынша – 2,5 ... 4,8%) байқалған, ал сабақтың ортасына қарай олардың мөлшерінің артуы байқалған. Қанттан қосындысының максималды концентрациясы ортаңғы (жоғарыдан 3-ші және 4-ші) буынаралықтарда көрсетілген. Ал оның ең үлкен мөлшері сабақта дәннің балауызданып пісу кезеңінде болады.

Сабақтың буынаралықтарының саны 5-25 аралығында өзгереді, әр сортта бұл сан салыстырмалы түрде тұрақты: ерте пісетіндерде 5-10; орташа пісетіндерде 11-15; кеш пісетіндерде 16-25. бал құмайдың өнімді түптілігі 2-ден 5 ... 8-ге дейін.

Жапырақтар балауыз қабығымен жабылған, олардың саны сорттық ерекшелігіне байланысты және ерте пісуіне қарай 10-нан 25-ке дейін өзгереді. Басқа астық тұқымдастарға қарағанда бал құмай жапырақтарының үштен екісі толық піскенше жасыл түсін сақтайды, бұл оның биожиынтығының жоғары қоректілігінің белгісі.

Гүл шоғы – тармақталған шашақгүл. Тік тұратын, жатық және майысқан шашақгүлді сорттарын айырады.

Құмайда өздігінен тозаңдану басым, айқас тозаңдану 25 ... 50%-ға жетеді. Бал құмайдың жемісі – түрлі формадағы дәнек. Жалаңаш және қабықты дәнектері бар сорттары болады. Ақ, қара және қызғылт түске боялған дәнектері бар сорттарын айырады. Боялған дәнектерде дәнекті өсу кезінде зеңденуден сақтайтын глюкозид танин болады. 1000 дәннің массасы – 24 ... 45 г және одан артық.

Бал құмайдың перспективалы сорттары мен будандары

Қазақстанның солтүстік облыстарында өндіріске қолдануға жіберілген бал құмайдың будандарын жасаудың осы аймаққа тән ерекшеліктері бар. Оларды тұқымдарын қысқа жаз жағдайында алу мүмкін болмайтын, тектік формалар құрамына кіретін, орташа және кеш пісетін топтар негізінде республиканың оңтүстігінде жасайды. Сондықтан Солтүстік Қазақстанда олардың ішінен зерттеліп, ғылыми-негізделген модель бойынша ең перспективалылары салыстырмалы бағаланып, таңдалады.

Бал құмайдың және басқа сүрлемдік дақылдардың түрлі сорттары мен будандарына жасалған экологиялық сынақтардың нәтижесінде (И.Ф.Костиков, Е.Д.Оспанов, 1998) 1990-1997 жылдары келесі мәліметтер белгілі болды:

1 - кесте

Бал құмай және құмай-судандық будандардың 1990-1994 жылдардағы

өнімділігі (И.Ф.Костиков, Е.Д.Оспанов, 2003)



Сорт, будан

өнімділік, ц/га

Көк балауса

Абсолютті құрғақ зат

ц/га

%

Цунами 85 (St)

352

60,0

17,0

Ставропольдік 36

412

90,9

22,0

Камышиндік 8

413

92,8

22,4

Қаскелеңдік 1

494

96,0

19,4

Қазақстандық 16

300

35,1

11,7

Қазақстандық 1

468

52,4

11,1

Алматылық 81

340

59,7

17,5

Ұжымдық 10

477

73,1

15,5

НСР05

73,6

12,0





Цунами 76. Жүгері БҒЗИ (Днепропетровск қ., Украина) және шалғынды-жайылымдық Қазақ ҒЗИ-ның ортақ селекциясында дәндік құмайдың Аласа (низкорослое) 93 және Днепропетровтық 69 стерильді топтарын будандастыру нәтижесінде алынды. Гибрид биік өседі (3,5 ... 4,0 м). Жақсы жапырақтанған, сабағы –жасыл, 14-15 буынаралықтары бар. Сабақ шырынындағы қанттың мөлшері – 10-12%.

Шашақгүл –тік тұратын (26-30 см), қопсыған, құба-қоңыр түсті. Дәні дөңгелек, сары құба, қабықшалы, ақ эндоспермалы.

Орташа кеш пісетін. Алматы облысында аудандастырылған.

Алматы облысының Іле суармлы участогындағы сынақ жылдарында көк балаусасының өнімділігі стандартты Сүрлемдік 72 буданынан 59 ц/га артық болып, 1154 ц/га-ды құрады. Көкшетау АШҒЗИ-ң тәжірибелік алаңында 1990-1992 жылдары көк балаусаның өнімділігі 384 ц/га, құрғақ заттыкі – 68,8 ц/га болды. Стандартпен - Молдавиялық 257 СВ жүгері буданымен салыстырғанда өнімділіктің артуы сәйкесінше 102,0 және 11,9 ц/га-ды құрады. Будан сүрлемдік конвейерді тұйықтаушы дақыл ретінде Солтүстік Қазақстан облысының аса құрғақ аудандарында (оңтүстік қара топырақтағы қуаңшылық және құрғақ далалық ауыл шаруашылық зоналары) егіп өсіруге перспективалы.

Ерте янтарь 161. 1962 жылдан бастап Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік облыстарында аудандастырылған. Жүгерінің ВҒЗИ-ң Синельковтық тәжірибелік станциясында жасалған. Биік өседі. Қолайлы жағдайларда 2,8 м-ге жетеді. Жапырақтануы мен түптілігі орташа. Сабақтарының шырынында 13-15% қант болады. Шашақгүл тіктелген, тармақтала-сығылған, ұзынша жұмыртқа типтес формада. Дәні – ұсақ, ашық қоңыр түсті, тез ұнтақталады, дәмі – ащы. Қабықшасыз 1000 дәннің салмағы – 16-20 кг. Дәннің жемшөптік сапасы жақсы. Орташа кеш піседі. Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 110-125 күн, сүрлемге жинауға дейін – 110-115 күн.

Сорт құрғақшылыққа төзімді. Қостанай облысының сорттық участоктарында көк балаусасының өнімділігі 247 ц/га (225 ... 270) және құрғақ затыныкі – 59,7 ц/га-ды (40,5 ... 78,9) құрады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында сүрлемге аудандастырылған.

Кинельдік 3. Кинель селекциялық станциясында Ерте янтарь 161 сортынан жеке іріктеу арқылы алынған.

Орташа ұзындықтағы өсімдік. Қолайлы жағдайларда 2,5 м-ге жетеді, түптілігі мен жапырақтылығы – орташа. Жасушалық шырындағы қант мөлшері – 16,2%.

Көк балауса таза күйінде және басқа қиын сүрлемделетін дақылдармен қоспада сүрлемделеді. Көк балаусаның жемшөптік сапасы жақсы.

Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 95-105 күн.

Павлодар облысында сүрлемге аудандастырылған. Павлодар облысының оңтүстік зоналарының жағдайында дәнге піседі. Сынақ жылдарында көк балаусаның өнімділігі – 187 ц/га құрады.

Қазақстандық 16. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да құстар шоқымайтын сорттарды будандастыру нәтижесінде алынды.

Ұзын, 2,0-2,5 м биіктікке жетеді, құрғақшылыққа, суыққа төзімді. Жоғары және төменгі температураларға икемді. Түптілігі мен жапырақтануы орташа. Сабақтарының шырынында 13,5-15,0%-ға дейін қант болады. Орташа кеш піседі. Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 115-125 күн.

Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егінінде өнімділігі 800-870 ц/га құрады. Павлодар облысында аудандастырылған. Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы ауыл шаруашылық зоналарында егіп өсіру перспективалы.

Ұжымдық 10. судан шөбінің сорттық жеке түрі. Жоғары өнімді сорттарды жалпы іріктеу нәтижесінде жасалған. Қазақ егіншілік ҒЗИ-дасинтетикалық селекция әдісімен үш байланыссыз формаларды будандастыру жолымен алынған.

Кеш пісетін форма. Өсу кезеңі – 125-135 күн. Биік. Суарғанда өсімдік бойы 3,0-3,5 м-ге жетеді, өнімділігі 900-950 ц/га көк балауса. Қазақстанның солтүстік облыстарында сүрлемге егіп өсіруге перспективалы.

Алматылық 81. Құмай-судандық будан. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да алынған. Сүрлемге және көк шөпке егіп өсіруге арналады. Түптілігі жақсы – 5-10 сабақ, жақсы жапырақталады.

Орташа піседі. Өскіндер шығудан бастап, шаруашылықта көк шөпке пайдалануға дейінгі кезеңі – 55-60 күн, сүтті-балауызданып пісуге дейін – 100-115 күн. Жапырақтар саны – 9-10 дана. Қазақстанның солтүстік облыстарында егіп өсіруге перспективалы.

Цунами 85. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да В.М.Макаров будандастыру әдісімен алған.

Орташа кеш піседі. Өсу кезеңі – 125-135 күн. Суыққа төзімді. «Гүлдену-балауызданып пісу» кезеңіндегі жасушалық шырындағы қант мөлшері 17-18%. Суарғанда көк балауса өнімділігі екі оруда 1100-1200 ц/га-ға жетеді. «А.И.Бараев атындағы дән шаруашылығы» Көкшетау ҒПО-ң тәжірибелік егісінде 1993-1997 жылдардағы абсолютті құрғақ заттың өнімділігі 56,7 ц/га құрады. Сорт Қазақстанның оңтүстік облыстарында қолдануға жарамды.

Будандық тұқымдарды себуге көшу стандарттар ретінде әлемдік коллекцияның ең үздік биотүрлерін алу арқылы олардың жүйелі салыстырмалы бағасын беріп отыру қажеттігін тудырды. Мұндай салыстыруларды, қолдану мақсатын (сүрлемге немесе көк балаусаға) және нақты ауыл шаруашылық зонаның агроклиматтық ресурстарын ескеретін, ғылыми негізделген модель параметрлері бойынша жүргізу қажет.



Өзін-өзі тексеру сүрақтары

  1. Шай жүгері астығының, көк балаусасының жэне одан дайындалған сүрлемнің мал азықтық құнарлығын сипаттау.

  2. Шай жүгеріні өсіру ерекшеліктері (тамыр жүйесі, сабағы, жапырақтары) жэне өнімнің қалыптасуы.

  3. Әр түрлі аймақтарда сүрлемге және астыққа өсіруін ескеріп шай жүгері сорттары мен будандарын сипаттау.

  4. Қоршаған орта факторларына (жылуға, ылғалға, топыраққа) қоятын талаптары бойьшша шай жүгерімен жүгеріге салыстыра отырып баға беру. Шай жүгеріні Қазақстанның эр түрлі аймақтарында сүрлемге жэне астыққа өсіру ерекшеліктері.

2.Сорго биологиялық ерекшеліктері. Сорго жүгеріге қарағанда жылу сүйгіш дақыл: оның тұқымы 11-12° жылылықта өсе бастайды, қолайлы өсу температурасы +20-25°, гүлденуі +16-18°-та, себуден пісуге дейінгі кезеңде қажетті белсенді температура жиынтығы ерте пісетін будандарда 2000-2200°, орташа мерзімде пісетін будандарда -2500°, кеш пісетіндерде - 3000°, тиісінше вегетациялық кезеңдері 110, 115-125 жәнө 135-140 күн құрады, солтүстік облыстарда тіпті ерте пісетін сорттардың өзі түқымға піспейді.

Қарағанды облысы жағдайында Ранний янтарь сорты көктеп шығу үшін 220°-270°белсенді температура жиынтығы қажет болды, себу-түптену кезеңіне 1000°-1400°, себу-шашақтануға -1400°-1500°.

Қысқа бозқыраусыз кезеңді ескере отырып өсімдіктер жинау қарсаңында шашақтану, әрі кеткенде сүттене пісу кезеңіне жетеді, басқа сөзбен айтқанда, дақылды өндіріске енгізу тасымал түқымға негізделген (Н.И.Можаев, В.С.Шейкиң 1982). Павлодар МСУ тәжірибелерінде 15 жылдың екеуінде ғана Ранний янтарь 161 сортының тұқымы алынды (1966 жөне 1971 жж), басқа жылдары соргоның тұқымы пісіп үлгермеді. Сорго төменгі температураға сезімтал: еркендері ~2°-3°-та өліп қалады.

Сорго тіпті астық тұқымдастардың екінші тобындағы дақылдардың ішінде де қуаңшылыққа ең төзімді дақыл. Соргоның транспирациялық коэффициенті 150-200. Шәлейт жерлер шекарасында, жүгері темен енім беретін аймақта сорго баға жетпейтін дақыл.

Көктегеннен кейін алғашқы 30-40 күн бойы ол баяу еседі, күшті қуаңшылық болса өсуін тоқтатады, ал жауын-шашын жауғаннан кейін қайтадан өсе бастайды. Массасының максималды өсуі екінші жартысында, өйткені осы мерзімде түскен ылғал жақсы пайдаланылады.

Қазақ АУ суармалы жерлерде жүргізген тәжірибелерінде 1 ц абсолют құрғақ зат қалыптастыруға жұмсаған су шығыны қатардағы әдіспен сепкенде 30,7 м3, кең қатарлы әдісте-38,7-40,3 м3, бұл өсімдіктердің суды аса тиімді пайдаланатының айғағы. Сорго құмдақ, ауыр саздақ топырақта өсе береді, сортаңдықты жеңіл көтереді, қысқасы бұл дақылдың топыраққа талғамы аз.

Шай жүгерінің аудандастыруға жіберілген сорттары: Камышинское 75, 1989 (6), Молдавский 40,1988 (3), Ставропольское 63,1992 (4).

Сүрлемге өсіруге аудандастыруға жіберілген сорттар: Казахстанское 16, 1998 (11), КИЗ 94, 2000 (3), Кинельское 3, 1978 (6,11), Красноводопадское 246,1964 (13), Ранний янтарь 161,1992(2,6),Силосный72, 1982(5), Цунами85,1993(8,13),

сіңіргіш шайжүгерініңсортгары: Веничное раннее, 1987 (11), Донское 35, 1985 (2 3,4,6); Шай жүгері - судан шөбі буданы: Алма-Атинский81, 1992(34,8,11,13).



Тәжірибеліқ сабақ

Тақырып Аз тараған мал азықтық тамыржемістілер.



Сабақтың мақсаты:

Тамыр жемістілердің түрлерін морфологиялық белгілері (тұқымы, егін көгі, жапырақтары және тамырлары) бойынша оқып-үйрену.

Тамыр жемістілердің анатомиялық құрылысын оқып-үйрену.

Егістікке рұқсат етілген сорттары мен будандарына шаруашылық-биологиялық сипаттама беру.



Жадығаттар мен жабдықтар:

  1. Қант жэне мал азық қызылшаның, тарнаның, сәбіздің тамыр жемістері.

  2. Гербарийлер (жапырақтар, гүлшоғырлар).

  3. Өсімдіктің өскіні.

  4. Тұқымдар.

  5. Кестелер, суреттер.

  6. Мал азығын өндіру практикумы.

7. Ауылшаруашылық егістік дақылдары альбомы.
Түсініктемелер:

  1. Тамыр жемістілердің тұқымдарын, өскіндерін, жапырақтарын, тамырларын анықтағанда «Мал азығын өндіру практикумы» оқулығын қолдану керек.

  2. Сорттардың жэне будандардың сипаттамаларын, басқа дақылдарда қолданған тәсіл бойынша жүргізіңіздер.

  3. Биологиялық өнім анықтамасын әдістемелік нүсқау бойынша жүргізіңіздер. Көрсеткіштерді кестеге жазыңыздар.

Мал шаруашылығын қарқынды дамыту жолына қойған

Мал азықтық тамыр жемістілер

Мал азықтық қызылша.

Шаруашылық маңызы және таралуы. Мал азықтық қызылша (Beta vulgarіs L.) алабота (Chenopodіaceae) тұқымдасына жататын шырынды мал азығы. Оның шыққан жері Жерорта теңізі маңайы, осы жерде мал азықтық қызылша жерсіндіріліп өндіріске енгізілген. Мал азықтық қызылша барлық малдардың түрлеріне, әсіресе сауын сиырларға және шошқалар үшін өте бағалы мал азығы. Оның тамыржемістерімен малды күзде, қыста және ерте көктемде қоректендіреді

Мал азықтық қызылшада ақзат мөлшері көп емес, бірақта оның құрамында бос аминқышқылдары болады. 100 кг тамыржемісінде 12,4 а.ө. және 0,3 кг қорытылатын протеин, 40 г кальций, 40 г фосфор бар. Мал азықтық қызылшаның бірден-бір бағалы қасиеті онда көмірсуларының, оның ішінде сахарозаның көптеп кездесуінде. Құрғақ затының мөлшері 11-12% болса оның 6-7% көмірсулары болып келеді.



Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық қызылша екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы ол ірі тамыржемісі мен жертаған жапырақтарын түзеді. Екінші жылы тамыржемісінің түбінде орналасқан бұйыққан бүршіктерден жеміс және тұқым беретін гүлсидамдар түзіледі. Тамыры кіндікті 0,8-2,8 м тереңдікке дейін өседі. Тамырының негізгі массасы топырақ қабатының 0-50 см орналасады. Орталық тамырдан жан-жағына 50-60 см дейін бүйір тамыршалар тарайды. Гүлсидамының биіктігі 1 м және одан да биік болады. Мал азықтық қызылша – суыққа төзімді дақыл. Тұқымы +3-40С жылылықта бөрте бастайды, 10-120С жылылықта өскіні жақсы түзіледі. 15-250С жылықта жақсы өсіп дамиды. Жақсы өнім түзу үшін вегетация кезеңіндегі керекті температура жиынтығы 1500-24000С.

Мал азықтық қызылшаның суға қатынасы жоғары. Тұқым шоғырының бөртуі үшін салмағының 120-160% су сіңіреді. Бірақта бұл дақыл ылғалды тиімді пайдаланады, транспирациялық коэффициенті 220-450 тең. Ылғалды ең керек ететін кезеңі жапырақ алақанының толықтай түзілген шағы. Осы кезеңде барлық қажетті судың 50-60% шығындайды. Өсімдіктің қалыпты өсуі үшін топырақтың ылғалдылығы толық су сиымдылығының 70% болуы тиісті (құрғақ топырақ салмағының 22%).

Мал азықтық қызылша – қысқа күннің өсімдігі. Оның тамыржемісінің қарқынды өсуі күннің ұзақтығы қысқара бастағанда байқалады. Күннің ұзақтығы оның вегетациялық кезеңін қысқартып гүлдердің көбеюіне әкелуі мүмкін.

Мал азықтық қызылша құмбалшықты, құмдық қаратопырақты жерлерде жақсы өсіп жоғары өнім түзеді.

Мал азықтық қызылшаның тамыржемістерін пішіні бойынша төрт топқа бөледі: цилиндр тәрізді, ұзынша-сопақтау, конический және домалақ пішінді. Бірінші топқа жататын кең тараған сорттары – эккендорфская желтая, триплоидный буданы Тимирязевский 56, екінші топқа – Победитель, Триплоид 1, Северная оранжевая; үшінші топқа – Полусахарная белая, Узбекская полусахарная, гибрид Тимирязевский 12 және төртінші топқа – Сахарная округлая 0143, Сахарная округлая 7.

Мал азықтық сәбіз

Шаруашылық маңызы, таралуы. Мал азықтық сәбіз (Daucus carota L.) – екіжылдық шатырша гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Бұл ерте заманнан тараған көкөніс дақылы, жер шарының барлық елдерінде тараған.

Сәбіздің отаны алдыңғы Азия, сол жерде оның мәдени түрі пайда болды. Сәбіз еттің дәмділігін және құс өнімін айтарлықтай көтереді. Сәбіздің тамыржемісі мен ұсақталған жапырақтары малдар мен құстарға тамаша азық. Олардың құрамында қорытылатын ақзаттар, кальций және каротин көптеп кездеседі (53-ші сурет).

Қазақстанда сәбізді Орталық және Солтүстік аймақтарда өсіреді, ал оңтүстікте суармалы жерлерде өсіруге тиімді. Оның әр гектардан тамыржемісінің өнімі 250-350 ц, пәлегінің өнімі – 35-70 ц шамасында.

Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Сәбіз екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы ол жертаған жапырақтар және тамыржемісін түзеді, ал екінші жылы тұқымы өсіп дамиды. Тамыры кіндіктамырлы топырақта 2 м тереңдікке дейін өседі. Тамыржемісінің төменгі жағынан төрт қатарлы орналасқан жанама бүйір тамырлары өсіп тарайды.

Сәбіз суыққа айтарлықтай төзімді өсімдік. Тұқымы +3-40С өне бастайды. Жақсы өсуіне оптималды температура +18-210С. Тұқымы толық өскін бергесін алғашқы кезеңде сәбіз көп ылғал қажет етеді. Тамыры жақсы өсіп-дамығасын ол уақытша құрғақшылықты жақсы көтереді. Сәбіз басқа тамыржемістілерге қарағанда құрғақшылыққа төзімді келеді.Бірақта сәбіздің жоғары өнімі ылғал қамтамасыз етілген жерлерден алынады.

Сәбіз – жарық сүйгіш өсімдік, көлеңкеде өсіп оңбайды. Тығыз себілген танаптың өнімі төмендеп кетеді. Сәбіз жеңіл құмбалшықты, құмдауыт топырақтарда және де өзен алқаптарында, құрғатылған батпақты жерлерде, қаратопырақты жерлерде жақсы өнім береді.

Мал шаруашылығына және құс шаруашылығына құнарлы азыққа сәбіздің Шантанэ 2401, Витаминная 6, Несравненная, Нантская, т.б. сорттары себіледі.



Мал азықтық тарна

Шаруашылық маңызы және таралуы. Тарна (Brassіca napus rapіfera) қырыққабат (Brassіcaceae) тұқымдасына жататын мал азықтық тамыржемісті дақыл. Жерорта теңізі маңайында қыша мен қырыққабаттың кездейсоқ будандасуынан пайда болған. Тамыржемісті амфидиплоидты (2п=38) өсімдік. Көпшілік Еуропа, Азия елдерінде Ресейдің Батыс Сібір мен Қаратопырақсыз аймақтарында тараған (54-ші сурет).

Мал азықтық тарна құрамында құрғақ затының (10-16%), қант (5-10%) каротин, аскорбин қышқылы, минерал заттарының жеткілікті мөлшерде боуымен ерекшеленеді. Ол негізінен сауын сиырлардың сүттілігін көтереді және жас төлдердің өсуін тездетеді. Тарнаның пәлегін басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлемге, пішендемеге салады және шөп ұнына пайдаланады. 100 кг мал азықтық тарнаның тамыржемісінде 13,5 а.ө. және 0,7 кг қорытылатын протеин бар. Тарнаның тамыржемісіндегі көмірсуларының ішінде глюкоза көп те, фруктоза аздау. Тамыржемісінде шикі ақзат мөлшері 2,9% құрады. 1 кг тамыржемістің шикі ақзат құрамына негізгі аминқышқылдары 0,55 г лизин, 0,30 г метионин, 0,74 г аргинин кіреді. Тарнада айтарлықтай мөлшерде калий, фосфор, күкірт және кальций болады. Оның тамыржемісінің 100 г құрғақ затында 257 мг калий, 118 мг кальций, 102 мг фосфор мен күкірт бар.



Мал азықтық тарна

Тарнаның мал азығы ретінде пәлегі де өте бағалы. Онда азық мөлшері тамыржемісіндегісінен кем емес, ал ақзат пен минерал заттарының мөлшері бойынша одан бірнеше есе асып түседі.

Жапырағынан дайындалған мал азық ұны жоғары бағаланады. Оның 1 кг құрғақ затында 19,1% ақзат және 165 мг каротин кездеседі.

Мал азықтық тарнаны республиканың барлық аймақтарында өсіруге болады. Таулы аймақтарда жоғары өнім береді. Вегетациялық кезеңінің қысқа болуына байланысты тарнаны шабыннан кейінгі немесе аңыздық дақыл ретінде өсіруге болады.

Мал азықтық тарнаның тамыржемісінің өнімі әр гектардан 90 ц-ден 300-400 ц-ге дейін ауытқиды. Суармалы жерде тамыржемісінің өнімі 850-1050 ц/га дейін жетеді.

Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық тарна екіжылдық өсімдік: бірінші жылы тамыржемісін және көптеген жертаған жапырақтарын түзеді; екінші жылы гүлдерімен бұршаққыны және тұқым салған сабақтары өседі.

Жапырағы қарапайым, бөлектенген, кейбіреуі тұтас келеді, жылтыр немесе түкті, түсі қошқыл-жасыл балауызданған. Сортына қарай жапырақтануы 20 дан 60% дейін. Жыныстық өркендері 1,5 метрге дейін жетеді.

Гүлшоғыры – шашақгүл. Ақтүсті тамыржемісті тарнаның күлтесі – ашық сары түсті, сары тамыржемісті тарнаның күлтесі – сары-қызғылт түсті.

Жемісі – бұршаққын. Тұқымының пішіні домалақ, түсі – қара-қоңыр. 1000 тұқымының салмағы 2,5-3,6 г. Мал азықтық тарнаның тұқымы топырақтың тұқым сіңіру қабаты +1-20С жылығанда өне бастайды, оңтайлы өніп-өсуі +20-220С жүреді. Себілген жылы тарнаның өнім жинауға дейінгі вегетациясының ұзақтығы – 11-145 күн, ал екінші жылы тұқымы піскенше – 90-110 күндей. Жалпы өнім беруі үшін температура жиынтығы 1300-15000С тең.

Мал азықтық тарна ылғалды көп қажет ететін өсімдік. Вегетациясының алғашқы айларында және дамуының соңғы кезеңінде суды көп керек етеді. Тарна егістігін қатты ылғалдандыруға да болмайды. Ондай жағдайда өсуі тоқтайды және өсімдік бактериозбен ауырады.

Мал азықтық тарна әртүрлі механикалық құрамды, құнарлы топырақта жақсы өседі. Ол балшықты, құмбалшықты және күлгін түсті шым топырақты жерлерде жақсы өсіп жоғары өнім түзеді. Тарнаның мал азықтыққа мына сорттарын өсіреді: Куузику, Вышегородская улучшенная, Красносельская, Эско, Сибирская кормовая т.б.



Мал азықтық шалқан

Жасыл жапырақтарының құрамында 0,29-0,39% кальций, 0,056-0,079% фосфор, 100 г шикі затында 2,8-3,6 мг темір, 3,4 мг кобальт кездеседі. Шалқанның жаңа жинаған өнімдерінде аминқышқылдарының барлық топтары бар. 1 кг тамыржемісінде 11-16 мг аргинин, 5-7 мг фенилаланин, 5-7 мг лизин, 5-10 мг изолейцин, 0,9 мг триптофен, 1,4 мг метионин, кейбір кездері гистидин және валин да болады. 1 кг жапырағында 10-13 мг каротин бар. Сонымен қатар шалқанның жапырағы мен тамыржемісінде қыша майының эфирі кездеседі. Соның салдарынан сауын сиырлар оны көбірек жеп қойса сүттің дәмін бұзады. Сүрлемінде қыша майының құрамы 60% дейін төмендейді.



Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық шалқан себілген жылы тамыр мойнында ірі жапырақтар, көлемі және пішіні жағынан әртүрлі болып келетін тамыржемістерін түзеді. Көктемі салқын және ылғалды ұзаққа созылған жылдары кейбір өсімдіктері «жалған» гүл салып шалқанның өнімін төмендетеді.

Тамыр жүйесі негізінен 60-80 см тереңдікте орналасады, кейбір тамырлары 150-160 см тереңдікке бойлап өседі.

Тамыржемісінің пішіні домалақ, домалақ-конус және конус тәрізді. Көпшілік сорттарының жеміс еті ақ, тек кейбіреулерінің ғана сары түсті келеді.

Жапырағы қарапайым бөлшектенген шеті бүтін, немесе тісті тұтастары аз кездеседі, түкті, жоғары көтерілген немесе жартылай көтерілген жинақталған жертаған. 4-6 жапырақ түзген кезеңінен бастап тамыржемісі өсе бастайды. Екінші жылы тамыржемісінен жақсы бұтақтанған жапырақтанған, биіктігі 80-150 см дейін жететін жеміс салатын өркендері өседі.

Шалқанның тұқымы +2-30С өне бастайды. Өскіндері көктемгі -3-40С дейінгі, ал ересек өсімдігі -70С дейінгі суыққа шыдайды.

Гүлшоғыры – дәнжарнақ, гүлінін күлтелері сарғыш-жасыл немесе сарғыш-қызғылт түсті. Жемісі – ұзынша бұршаққын. Тұқымы сопақша-домалақ, ұсақ (тарнаның тұқымынан ұсақтау), түсі қоңыр. 1000 тұқымының салмағы 1,7-2,7 г. Мал азықтық шалқан тарнаға қарағанда суыққа төзімді. 12-180С жылылықта жоғары өнім түзеді. Тамыржемісі күзгі үсіктен зиян шегеді. Бірінші жылы вегетация кезеңінің ұзақтығы 110-120 күн, екінші жылы – жемісін отырғызғаннан тұқымы піскенге дейін 75-95 күн. Мал азықтық шалқан құнарлы, ылғалы орташа және жеңіл құмбалшықты, аздаған қышқыл (рН-6-6,5) топырақтарда жақсы өсіп мол өнім қалыптастырады. Және де оны құрғатылған батпақты жерде өсіруге болады. Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары және кальций, цинк, кобальт бор және т.б. микротыңайтқыштары шалқанның өнімін жоғарылатады.

Мал азықтық шалқанның шаруашылықта Эсти Наэрис, Московский, Волынский ранний круглый, Скороспелый ВИК сорттары өсіріледі.

Өзін-өзі тексеру сүрактары


  1. Мал азықтық тамыр жемістілердің негізгі түрлері, олардың мал азықтық қүлдылығы, әр түрлі аймақтағы өсіру аумағы, өнімділігі.

  2. Тамыр жемістілердің (тұқым, егін көгі, жапырақ, тамыр) айырмашьшық белгілері.

  3. Тамыр жемістілер түрлерінің тамырларының анатомиялық құрылыс ерекшеліктері.

  4. Мал азықтық және қант қызылшаньщ, сәбіздің, тарьның жэне шалқанның морфологиялық ерекшеліктері.


Тәжірибеліқ сабақ

Көпжылдық буршақ тұкымдас-Шабдар Құлмақ ұқсас жоңышқа

Сабақтың максаты:

Өсімдіктердің морфологиялық белгілері, тұқымдары мен жемістері бойынша беде түрлерін анықтап үйрену.

Көпжылдық бұршақ түқымдас шөптердің ҚР егістікке пайдалануға жіберілген сорттарын оқып үйрену жэне шаруашылық сипаттама беру.

Жадығаттар мен жабдықтар жэне оқу қүралдары:

1. Бүршақ түқымдас шөптердің беде, мүйізді пышан (лядвенец) т.б. тұқым жинақтары.

2. Жапырақ, гүлшоғыры жэне түтас өсімдік гербарийі.



  1. Бүршақ тұқымдас шөптердің өскіні.

  2. Үлкейткіш әйнектер, сызғыштар, талдау тақталары.

  3. Мал азығын өндіру практикумы.

  4. Ауылшаруашылық егістік дақылдары альбомы Түсін іктемелер:

7. Анықтаманың кестелерін (Мал азығын өндіру практикумы) қолданып,
өсімдіктердің гербарийлары, жемістері мен түдымдары бойынша және т.б айырмашылық белгілерін анықтап үйрену.

8.Жоңышқа сортотиптерінің жіктеу әдістемесін меңгеру.

9.ҚР егістікке пайдалануға жіберілген жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа, беде сортарына сипаттама беру.

10. кестелер пішіні бойынша жүмыс дэптеріне жазып, суретін салыңыз.

11.Операциялық технология 16 тапсырмада мазмұндалған кескін бойынша жүргізіледі.

Шабдар (Шабдар, Trіfolіum resupіnotum)
Шабдар немесе фарсы бедесі біржылдық бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Жабайы түрінде кішкене өзеншелердің алқабында, шалшықты жерлерде Кавказда және оңтүстік Қырымда кездеседі. Сол жерлерден Орта Азияға тараған. Шабдар Ауғанстанда және Иранда өсіріледі. Н.И.Вавиловтың мәліметтері бойынша шабдар Ауғанстанның көптеген қала маңайларында (Кабул, Мазари-шариф т.б.) кеңінен себіліп шаруашылыққа пайдаланылады.

Тамыр жүйесі орташа дамыған. Сабағы тік және жайылып өседі. Сабағының биіктігі 20-30 см (70 см дейін) шамасында, қырлы, көбінесе іші қуыс. Жапырағы ланцет тәрізді, түсі ақшыл жасыл. Төменгі жапырағының сағағы ұзын, жоғары жапырақтары сағақсыз, сабағына жабысып өседі. Жапырағының көлемі орташа, пішіні кері жұмыртқа, ромбы тәрізді, шеті өткір тісті –1-2 см ұзындықта.

Гүлшоғыры жұмыргүл, ұсақтау, көптеп кездеседі, гүлі қызғылт, күлгін.

Тұқымы бұршақбас, дөңгелекше, 1-2 дән құрайды, 1000 тұқымының массасы 1,4-2,0 г.

Көк балаусасында көптеген ауыстырылмайтын аминқышқылдары, витаминдер, микроэлементтер кездеседі. Көк балаусасын да, пішенін де, одан өндірген шөп ұнтағын да мал сүйсініп жейді. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 110-130 күн. Шабдарды күздің аяғына дейін орып пайдалануға болады.

Шабдарды егістікте себуге болады. Оны оңтүстік аудандарда суармалы жерлерге орналастыру керек. Оған жақсы алғы дақыл отамалы дақылдар.

Себу мөлшері әр гектарға 15 кг тұқым. Себу тереңдігі 1-2 см. Закавказьеде шабдарды күзге себу тәжірибелері орын алған.

Шабдарды күтіп-баптау жұмыстары басқа біржылдық бұршақ тұқымдастарына ұқсас. Шабдарды мәдени жайылымдарда көпжылдық шөптерге қосып себу өте тиімді. Мұндай жайылымдар бірінші жылы мол өнім береді. Ондай жайылымдардың тиімділігі артады. Мәдени жайылымдарды шауып көк азық, көк конвейер ретінде де пайдалануға болады.

Шабдарды пішен алу үшін де себеді. Шабдарды тұқымға әр шаруашылық өзінде өсіруге болады. Тұқымдық шабдарды оның бұршақбасы 70-80% қоңырланып піскенде шөпшапқышпен дестеге салады да, содан кейін комбайнмен бастырады. Жиын кезінде ауа райы құрғақ болса тура комбаинмен жинайды.

Шабдарды аңыздық дақыл ретінде сеуіп мал азығына пайдалануға болады. Бұл жағдайда танаптың тиімділігі артады.

Шабдарды көк тыңайтқыш ретінде де пайдалануға болады.

Беденің шабдардан басқа бірнеше біржылдық түршелері кездеседі. Оның ішінде мал азығына маңыздысы және пайдалануға болатындары: Александрийский бедесі, Пунцовый бедесі, Жерасты бедесі (клевер подземный).

Әсіресе соңғысының мал азықтық маңызы ерекше. Оның шыққан отаны Жерорта теңізі аймағы болғанымен ол қазір Австралияда екінші отанын тауып сол елде кеңінен себіледі. Ол сол жерде өте маңызды жайылымдық өсімдік болып табылып жайылымға кеңінен қолданады. Жайылымды жақсартуға, мәдени жайылымдар жасауға жерасты бедесі өте перспективалы өсімдік ретінде танылды.

Біржылдық бедені Оңтүстік Қазақстанның көпшілік жерлерінде өсіруге болады. Келешекте бұл өсімдікті әрі қарай зерттеп, себілетін ортаға бейімделген экотиптерін анықтап, селекциялық жұмыстар жүргізу керек.

Және оның өсіру агротехникаларын зерттеп тиімді пайдалану жолдарын айқындау міндеттері тұр.
Құлмақ ұқсас жоңышқа (Люцерна хмелевидная, Medіcago lupulіna)

Жоңышқа туысына 100-ге тарта түрлері кіреді, оның жартысынан көбі көпжылдық өсімдіктер. Бұрынғы Одақ көлемінде жоңышқаның 60 түрі кездеседі де оның 20-сы бір жылдық өсімдіктер.

Жоңышқа дүние жүзіне кең тараған, ерте кезден пайдаланылып келе жатқан мал азықтық өсімдік. Оның кең көлемде өсірілетін түрлері көпжылдықтар: егістік жоңышқа, сары жоңышқа және буданды жоңышқа.

Соңғы уақытта жерсіндіріліп, мал азығына перспективалы ретінде ұсынылғаны: тяньшандық жоңышқа, бидайықты жоңышқа, көкшіл жоңышқа және біржылдық-құлмақ ұқсас жоңышқа.

Құлмақ ұқсас жоңышқа табиғатта көпшілік жерлерде тараған. Ол тек Қиыр Солтүстікте және шөл аймақта ғана кездеспейді. Экологиясы әртүрлі жерлерде-құрғақшылықты жерден-ылғалды жерлерге дейін өсе береді. Өзен алқаптарында, бұташықтар арасында тау беткейлерінде, жол бойларында өседі, кейбір кездері бақшалар мен огородтарда арамшөп ретінде де кездеседі.

Құлмақ ұқсас жоңышқа жоғары бағалы жайылымдық біржылдық өсімдік. Ол мал жайылымынан кейін тез өсіп алшын береді. Малдың аяғына төзімді, жайылымда күздің аяғына дейін өседі.

Және де бұл өсімдік өте бағалы сидерат (жасыл тыңайтқыш)-оның көк массасы топырақта тез шіріп қоректік затқа айналады.

Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Құлмақ ұқсас жоңышқа кіндік тамырлы, тамыршалары топырақ қабатында жан-жаққа жақсы дамыған өсімдік.

Сабағы жерге жапырылып жатып өседі, жіңішке, жақсы бұтақтанған, жақсы жапырақтанған. Сабағының биіктігі 60-70 см дейін өседі, ал күздік түрінікі-80-90 см дейін жетеді.

Жапырағы үштік, жапырақшалары ұсақ, ұзынша-ромбик тәріздес, жоғарғы жағы тісті. Жапырақ серігі қос-қостан, ұсақ, түсі сарғыш- жасыл.

Гүлінің күлтесі кішкентай (1-3 мм), сары, гүл тостағаншасы-түкті үшкір тісті, гүл сағағы қысқа. Гүлшоғыры- ұзынша жұмыртқа тәріздес, тығыз басты 10-30 гүлден құралады.

Бұршақбасы-бүйрек тәріздес, піскен кезде қара, біртұқымды. Тұқымы сары-зәйтүн түсті, ұзынша-эллипске ұқсас. 1000 тұқымының массасы 1,1-1,2 г.

Құлмақ ұқсас жоңышқаның тұқымының өнгіштігі 6-10 жылға дейін сақталады. Көп сақталған тұқымның қатты қабатты үлесі азаюы ықтимал.

Алғашқы кезеңде жоғышқаның өсуі баяу жүреді. Бірінші нағыз жапырақ тек 10-12 күнде пайда болады, ал екіншісі-өскін шыққаннан кейін 16-20 күн өткесін шығады.

Вегетацияның соңында (қыркүйек) өсімдіктің биіктігі орташа балшықты жерде 20-28 см, және жеңіл борпылдақ топырақта-35-40 см жетеді. Екінші жылы құнарлы топырақта өсімдіктің сабағының биіктігі 60-90 см болып жақсы бұтақтанады, жапырақтанады.

Бұл өсімдік жеңіл, қопсытылған топырақтарда жақсы өседі.

Құлмақ ұқсас жоңышқа құрғақшылыққа, суыққа төзімді өсімдік. Айта кету керек, бұл өсімдік жаздың салқын ылғалды кездерінде және де ыстық құрғақ жылдарында да көк балаусасының өнімін төмендетпейді. Аурулармен, зиянкестермен зақымданбайды.



Өсіру агротехникасы. Құлмақ ұқсас жоңышқаны көбінесе көпжылдық шөптермен қосып мәдени жайылымдар жасап оны бірінші жылы пайдалануға болады. Оған ерте пісетін астық дақылдарын бүркеме дақыл ретінде алып себеді. Бұл жағдайда бүркеме дақылды жинап алғасын себілген жоңышқа м ал жаюға пайдаланады.

Құлмақ ұқсас жоңышқаның тұқымын өсіру технологиясы әлі толық зерттелген жоқ. Сондықтан оның тұқымдық егістігін әр шаруашылық өзінде жүргізуі керек.

Келешекте құлмақ ұқсас жоңышқаның әр аймаққа бейімделген сорттары мен будандарын шығару міндеттері тұр. Бұл дақыл республикада мәдени жайылымдар жасауға көпжылдық шөп тұқымына қоспа ретінде пайдалануға өте қолайлы. Зерттеу жұмыстары осы бағытта жүргізілуі тиісті.
«Аз таралған дақылдарды жерсіндіру» пәні бойынша

Агрономия мамандығы

Бақылау сұрақтары

Тақырып Бал құмайды

1. Құрамында қанты бар шикі зат ретінде бал құмайды пайдалану

перспективалары қандай?

2. Қазақстанның солтүстік облыстарында аудандастыруға тез пісетін

түрлерінің қайсысының келешегі бар

3. Бал құмайдың силосты конвейерде арамшөптерден қорғау жүйесінің

маңызыдылығы

4. Силосты маңызы бар перспективті сорттары мен гибридтері

5. Жүгері мен бал құмайдың аралас егістіктерінде қолданылатын биологиялық

ерекшеліктері

6. Силосқа пайдалану гибридтердің негізгі параметірлерін негіздеу

7. Силос шикі заты ретінде пайдаланылатын бал құмайға қойылатын талаптар



Тақырып Забайкал тараны

1. Забайкал таранының шаруашылықта тиімді пайдалану түрлеріне сипаттама

беру?

2. Қандай биологиялық ерекшелігі жерінен арамшөптерге қарсы тұру әрекеті



жақсы дамыған?

3. Бұршақ тұқымдастардан және дәстүрлі сүрлемге пайдаланатын өсімдіктерден

забайкал таранынын химиялық құрамы немен ерекшеленеді?

4. Неге шығын мөлшері забайкал таранынын сүрлемге пайдаланғанда, жүгері

және күнбағысқа қарағанда аз? Технологиялық циклдарда қарастыру.

5. Оны кең масштабы менгеруде бұрын және қазіргі шектейтін факторлар

қандай?

6. Республиканың солтүстігіндегі забайкал таранын сүрлемдік конвейердегі



ерекшелігі және өндіру ареалы?

7. Забайкал таранымен жоңышқаның тұқым өнімділігі мен көбею

коэффиценттерін салыстыру?

Тақырып Жаздық рапс

1. Жаздық рапсты май өндірісінде пайдалану үшін келешектегі өндеу ареалы қандай?

2. Рапс тұқымдарын сақтауды және өнімін жинауды аңықтайтын оның биологиялық ерекшеліктері

3. Кеш жаздық конвейр жүйесінде жаздық рапсты өндеуге ықпалын тигізетін

биологиялық ерекшеліктері

4. Жаздық рапсты арамшөптерден, зиякестер мен аурулардан қорғау жүйесі

5. Бұршақ дақылдарымен салыстырғанда жаздық рапс биомассасының амин

қышқылды құрамы

6. Май өндірісінде пайдаланатын тұқым алу үшін жаздық рапстың келешегі бар сорттарының сипатта

Тақырып Ешкібұршақ

Солтүстік Қазақстанның жем-шөп өндірісіндегі шығыс ешкібұршағының маңызы



  1. Шығыс ешкібұршағының қандай биологиялық ерекшеліктері арам шөптерге төзімділігін жоғарылатып, оның егістіктерін пайдалану мерзімін ұзартаты?

  2. Кең таралған басқа бұршақ дақылдарымен салыстырғанда шығыс ешкібұршағының мал азықтық құндылығы және өнімділігі. Артықшылықтары неде?

  3. Тұқымға, дәруменді шикі затқа және пішенге өндеудің технологиялық ерекшеліктері

  4. Көп жылдық пайдалануда қоректік режимін реттеу

  5. Ерте жаздық жасыл конвейер жүйесінде ешкібұршақты өндеудің технологиялық айналымы (цикл)

  6. Ешкібұршақты тұқымға өндеу барысында зиянды жәндіктерден қорғау

Тақырып Дәнді бұршақ дақылдарының

  1. Дәнді бұршақ дақылдарының мал азығында маңызы қандай?

  2. Дәнді бұршақ дақылдарын мал азығына қалай пайдаланған тиімді?

  3. Сүрлем дайындауға тиімді бұршақ дақылын атаңыз?

  4. Мал азықтық бұршақтың таралуының келешегі қандай?

  5. Мал азықтық бөрібұршақтың мал азығына пайдалану қалай жүргізілуі тиісті?

  6. Ноқаттың мал азығына пайдалану келешегін сипаттаңыз?

  7. Ноқат пен ноғатықта қанша белок мөлшері бар?

  8. Дәнді бұршақ дақылдарының пішенінде қанша азықтық өлшем (а.ө.) болады?

  9. Жасымықты мал азығына қандай аймақтарда өсіруге болады?

  10. Қазақстанда шығарылған дәнді бұршақ дақылдарының сорттарын атаңыз?

Тақырып. Бір жылдық шөптер

  1. Бір жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің өсу мен даму ерекшеліктері.

  2. Сиыржоңышқаның негізгі түрлері және тұқымға өсірілетін айырмашылық белгілері.

  3. Бір жылдық бұршақ түқымдас шөптерді жем-шөпке жэне тұқымға өсіретін қолайлы аудандар.

  4. Жаздық сиыр жоңышқаның, асбұршақтың, далалық асбұршақтың, егістік ноғатықтың биологиялық ерекшелітері.

  5. ҚР егістікке пайдалануға жіберілген біржылдьгқ бұршақ тұқымдас шөптердің сорттары.

  6. Топырақ-климат жағдайларына байланысты жаздьщ сиыржоңышқаның, ас бұршақтын, далалық ас бұршақтың, егістік ноғатықтың жем-шөпке жэне тұқымға өсіру агротехника ерекшеліктері.

Тақырып Біржылдық астық тұқымдас шөптер

1. Бір жылдық астық тұқымдас шептердің жэне қырыққабат тұқымдас өсімдіктердің
мал азығына өндіруге жэне жасыл конвейер жасаудағы маңызы.

2Мал азықтық астық тұқымдас жэне қырыққабат тұқымдас өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне салыстырмалы сиапаттамасы.



  1. Солтүстік Қазақстандағы бір жылдық астық түқымдас шөптердің жэне қырыққабат тұқымдас өсімдіктердің егістікке рұқсат етілген сорттары.

  2. Бір жылдық астық тұқымдас шөптердің биологиясы жэне топырақ-климат жағдайьша байланысты тұқымға өсіру технологиясының ерекшеліктері.

5.Судан шөбінің, мал азықтық тарының, итқонақтың, қонақтарының, сүлының, күзгі қара бидайдың, рапстың, майлы шомырдың жэне т.б. жем-шөпке өсіру ерекшеліктері.

  1. Бір жылдық бұршақ-астық тұқымдас шөп қоспаларын қолданудың биологиялық жэне шаруашылық маңызы.

7. Әр түрлі топырақ-климат аймақтарына біржылдық бұршақ-астық тұқымдас
шөптердің қоспаларының сынарларын таңдау ерекшеліктері.

8.Бір жылдық бұршақ-астық тұқымдас шөптердің өсіру (агротехника) ерекшеліктері.

Тақырып Көпжылдық мал азықтық өсімдіктер

  1. Интродукция және оның өсімдік шаруашылығы мен мал азығын өндіру салаларындағы маңызы.

  2. Басқа аймақтағы өсірілетін Солтүстік Қазақстан егістікке кіргізуге жарайтын далалық флорадағы болашағы бар өсімдік түрлері жэне дақылдары.

  3. Осы топқа жататын өсімдіктер мен дақылдардың мал азықтық құндыльны.

  4. Осы топтың өсімдіктер тарауына жэне Солтүстік Қазақстан өндірісіне енгізуге кедергі болатьш негізгі себептер.

  5. Осы топқа жататын өсімдіктер мен дақылдардьщ биологиялық ерекшеліктері.

  6. Аз тараған дақылдардьщ тұқымдарын дайындау ерекшеліктері, себу мерзімі жэне себу тэсілі.

  7. Осы топқа жататын өсімдіктер мен дақылдардың өсіру ерекшеліктері.

Тақырып Біржылдық мал азықтық өсімдіктер

  1. Осы топқа жататын өсімдіктер мен дақылдардың мал азықтық құрыылығы.

  2. Солтүстік Қазақстан жағдайларына болашағы бар дақылдар мен өсімдіктер.

  3. Осы топқа жататын өсімдіктер мен дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері.

  4. Осы топқа жататын өсімдіктер мен дақылдардың биологиялық ерекшеліктері.

  5. Осы топқа жататьш өсімдіктер мен дақылдардық өсіру ерекшеліктері.

  6. Көпжылдық мал азықтъқ шөптер

  1. Осы топқа жататын өсімдіктер мен дақылдардың мал азықтық құндылығы.

  2. Солтүстік Қазақстан жағдайларьша болашағы бар дақылдар мен өсімдіктер.

  1. Осы топқа жататын өсімдіктер мен дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері.

  2. Осы топқа жататын өсімдіктер мен дақылдардың биологиялық ерекшеліктері.

  3. Осы топқа жататын өсімдіктер мен дақылдардьщ өсіру ерекшеліктері.

Тақырып Мал азықтық тамыр жемістілер

  1. Мал азықтық тамыр жемістілердің негізгі түрлері, олардың мал азықтық қүлдылығы, әр түрлі аймақтағы өсіру аумағы, өнімділігі.

  2. Тамыр жемістілердің (тұқым, егін көгі, жапырақ, тамыр) айырмашьшық белгілері.

  3. Тамыр жемістілер түрлерінің тамырларының анатомиялық құрылыс ерекшеліктері.

  4. Мал азықтық жэне қант қызылшаньщ, сэбіздің, тарьның жэне шалқанның морфологиялық ерекшеліктері.

  5. Мал азықтық жэне қант қызылшаньщ, тарының, шалқанньщ, сэбіздің биологиялық ерекшеліктері жэне аймақтьщ әр түрлі топырақ-климат аудандарындағы өсіру технологиясы мен орналастыру орынын таңдау ерекшеліктері.

  6. Мал азықтьщ тамыр жемістілердің өсуі. Алғы дақылдар, суару жэне суарусыз өсіру мүмкіндігі, топырақты негізгі өңдеу, себу мөлшері, себу тэсілі, егісті күтіп-баптау, сабақ жиілігін қалыптастыру

Тақырып Мал азықтық түйнек жемісті дақылдар

  1. Тошшсолнечник пен топинамбурды дақылға еңгізу тарихы.

  2. Толинсолнечник пен топинамбурдың маңызы жэне мал азықтық құндылығы.

  3. Топинсолнечник пен топинамбурдьщ биологиялық ерекшеліктері.

  4. Топинсолнечник пен топинамбурдьщ өсіру технологиясьшың ерекшеліктері.

5. Топинсолничниктің (жасыл балауса жэне түйнектері) жинау мерзімі мен технологиясы.
Аз таралған дақылдарды жерсіндіру»

пәні бойынша

тест тапсырмалары


1. Шығыс ешкібұршағының өсу ұзақтығы:

А) ұзақ жылдық

В) екі жылдық

С) бір жылдық

Д) көп жылдық

Е) орта жылдық


2. Гүлтәжінің 1000 дәнінің массасы,г

А) 1 г дейін

В) 10-20

С) 20-50


Д) 50-100

Е) 100-150


3. Қантты шайжүгерінің себу әдісі:

А) қатарлы

В)

С) тар қатарлы



Д) айқас

Е) кең қатарлы


4. Шығыс ешкібұршақ бұтақтануы бойынша қайсысына жатады:

А) жатаған

В) кыска бұталы

С) бұталы

Д)

Е)


5. Ноқат өсімдігінің биіктігі,см

А) 60-80

В) 170-200

С) 150-170

Д) 120-130

Е) 2 м жоғары


6. Байкал тараны қай тұқымдасқа жатады:

А) қарақұмық

В) күрделігүлділер

С) коңырбастар

Д) қиякөлең

Е) бұршақ


7. Қантты шайжүгерінің өсімдігінің биіктігі:

А) 40-60


В) 50-100

С) 100-120

Д) 120-140

Е) 2 м жоғары


8. Байкал таранының тамыр жүйесінің түрі:

А)


В) беткі

С)


Д)

Е)
9. Қантты шайжүгері қай тұқымдасқа жатады:

А) қоңырбастар

В) қарақұмық

С) күрделігүлділер

Д) қиякөлең

Е) бұршақ
10. Қай дақылдың тұқымдары егу алдында скарифицияланады:

А) ешкібұршақ

В) қантты шайжүгері

С) ноқат

Д) гүлтәжі

Е) байкал тараны


11. Ерте кезеңде жасыл конвейрде қолданады

А) байкал тараны

В) қантты шайжүгері

С) ноқат

Д) гүлтәжі

Е) ешкібұршақ


12. Ұзақ жылдылар тобының өсімдігі:

А) байкал тараны

В) ноқат

С) құйрықты гүлтәжі

Д) қантты шайжүгері

Е) шашақты гүлтәжі

13. Ноқат қай тұқымдасқа жатады:

А) қоңырбастар

В) қарақұмық

С) дәнді дақылдар

Д) қиякөлең

Е) бұршақ

14.Құрама жем мақсатқа қолданады:

А) ноқат


В) қантты шайжүгері

С) гүлтәжі

Д) байкал тараны

Е) шығыс ешкібұршақ

15. Қазақстанның таулы- шықты зонасы дағдайындағы қантты шайжүгерінің орташа өнімділігі;

А) 20-30


В) 30-50

С) 50-90


Д) 90-120

Е) 230-250

16. Байкал таранының гүлшоғырынң түрі:

А)


В) шашақ

С) масақ

Д) себет

Е)


17. Қантты шайжүгерінің құрамында ең көп:

А) ақуыз


В) қант

С) майлар

Д) күлді элементтер

Е) улы токсиндер

18.Байкал тараны тұқымының формасы:

А) үшқырлы жаңғақ

В) дән

С) жидек



Д) бұршақ

Е) түйнек

19. Шығыс ешкі бұршақтың перспективті сорты:

А) Цунами

В) Богряный

С) Гам


Д) Волгоградский

Е) Раний янтарь

20. Гүлтәжі желісінің формасы:

А) тұқымша

В) дән

С) жидек


Д) бұршақ

Е) түйнек

21. Ноқаттың құрамындағы протеин:

А) 2-4


В) 4-6

С) 8-10


Д)10-1112

Е) 20-дан астам

22. Қантты шайжүгерінің қолдану артықшылығы:

А) сүрлем

В) дән

С) шөпті ұн



Д) құрама жем

Е) шөп


23. Ноқаттың перспективті сорты:

А) Омский 90

В) Цунами

С) Волгоградский

Д) Дамсинский

Е) Галега

24. Ноқат сабағының түрі:

А) тік


В) жатаған

С)

Д)



Е) бұтақты

25. Шығыс ешкібұршақты қай топқа жатады:

А) әр түрі шөпті

В) қарақұмық

С) гүлтәжі

Д) байкал тараны

Е) шығыс ешкібұршақ

26. Құрамында дубильді заттары бар өсімдік:

А) ноқат

В) қантты шайжүгері

С) гүлтәжі

Д) байкал тараны

Е) шығыс ешкібұршақ

27. Шығыс ешкібұршақ 1000 тұқым массасы:

А) 50-100

В) 20-30


С) 5-10

Д) 100-150

Е) 150-200

28. Байкал таранының өмір сүруінің ұзақтығы:

А) бір жылдық

В) екі жылдық

С) ұзақ жылдық (10 жылдан астам)

Д) көп жылдық (3-4 жыл)

Е) орта жылдық (5-6)

29. Байкал таранының себу мөлшері, млн өн.т.

А) 0,5-0,6

В) 1-1,5


С) 1,5-2

Д) 2-2,5


Е) 3-3,5

30. Байкал тараны бұтағының биіктігі:

А) 40 см дейін

В) 50-90


С) 80-100

Д) 220-240

Е) 3 м астам
31. Ноқаттың 1000 тұқым массасы:

2. Гүлтәжінің 1000 дәнінің массасы:

А) 1 г дейін

В) 10-20


С) 20-50

Д) 50-100

Е) 250-300

32. Құрамында дубильді заттары бар өсімдік:

А) ноқат

В) қантты шайжүгері

С) гүлтәжі

Д) байкал тараны

Е) шығыс ешкібұршақ

33. . Қантты шайжүгерінің себу әдісі:

А) қатарлы

В)


С) тар қатарлы

Д) айқас


Е) кеңқатарлы

34. Байкал таранының тұқым пішіні:

А) үшқырлы жаңғақ

В) дән


С) жидек

Д) бұршақ

Е) түйнек

35. Сабақтану мінездемесіне қарай шығыс ешкібұршағы жатады:

А) жатаған

В) қысқарған

С) бұтақтар

Д)

Е)



36. Ноқаттың биіктігі:

А) 2 м дейін

В) 150-200

С) 150-170

Д) 120-150

Е) 60-80


37. Байкал тараны қандай тұқымдасқа жатады:

А) күрделігүлділер

В) қарақұмық

С) астық тұқымдас

Д) қиякөлең

Е) бұршақ

38. Қантты шайжүгерінің биіктігі:

А) 40-6


В) 80-100

С) 100-120

Д) 120-140

Е) 2 м дейін

39. Гүлтәжі желісінің формасы:

А) тұқымша

В) дән

С) жидек


Д) бұршақ

Е) түйнек

40. . Шығыс ешкібұршағының 1000 тұқым массасы:

А) 50-100

В) 20-30

С) 5-10


Д) 100-150

Е) 150-200

41. Байкал таранының тамыр жүйесінің түрі:

А)


В) беткі

С)

Д)



Е) айқас

42. Қантты шайжүгері қандай тұқымдасқа жатады:

А) қоңырбастар

В) қарақұмық

С) дәнді дақылдар

Д) қиякөлең

Е) бұршақ

43. Қай дақылдың тұқымдары егі алдында скарифицияланады:

А) ешкібұршақ

В) қантты шайжүгері

С) ноқат

Д) гүлтәжі

Е) байкал тараны

44. . Қантты шайжүгерінің қолдану артықшылығы:

А) сүрлем

В) дән


С) шөпті ұн

Д) құрама жем

Е) шөп

45. Ұзақ өмір сүретін өсімдік:



А) қантты шайжүгері

В) ноқат


С) құйрықты гүлтәжі

Д) байкал тараны

Е) шашақты гүлтәжі

46. Ноқат қандай тұқымдасқа жатады:

А) қоңырбастар

В) қарақұмық

С) дәнді дақылдар

Д) қиякөлең

Е) бұршақ

47. Өмір сүру ұзақтығы бойынша шығыс ешкібұршақ жатады:

А) бір жылдық

В) екі жылдық

С) ұзақ жылдық (10 жылдан астам)

Д) көп жылдық (3-4 жыл)

Е) орта жылдық (5-6)

48. . Қазақстанның таулы- шықты зонасы дағдайындағы қантты шайжүгерінің орташа өнімділігі;

А) 20-30

В) 30-50


С) 50-90
Д) 90-120

Е) 230-250

49. Қантты шайжүгерінің құрамында ең көп:

А) ақуыз


В) қант

С) майлар

Д) күлді элементтер

Е) улы токсиндер

50. Гүлтәжінің 1000 дәнінің массасы:

А) 1 г дейін

В) 10-20

С) 20-50


Д) 50-100

Е) 100-150

51. Шығыс ешкі бұршақтың перспективті сорты:

А) Цунами

В) Богряный

С) Гам


Д) Волгоградский

Е) Раний янтарь

52. Ноқаттың құрамындағы протеин мөлшері

А) 2-4


В) 4-6

С) 8-10


Д)10-12

Е) 20-дан астам





ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Можаев Н.И., Серікпаев Н.А. Мал азығын өндіру. Астана, 2009.

  2. Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Г.Ж. Мал азығын өндіру практикумы. Астана, 2008.

  3. Әубақіров Қ. Жаңа және аз тараған мал азықтық өсімдіктер. Алматы, 2007.

  4. Алимов Е. Агротехника возделывания прутняка на пастбищах пустынной зоны. - В кн.: Улучшение и рациональное использование пустынных пастбищ Казахстана. Алма-Ата: Кайнар, 1975.

  5. Бекмухамедов Е. Волоснец ситниковый для улучшения сухостепных и полупустынных пастбищ. - В кн.: Улучшение и рациональное использование пустынных пастбищ Казахстана. Алма- Ата: Кайнар, 1981.

  6. Белик В.Ф. Бахчевые культуры. М., 1980.

  7. Вавилов П.П., Кондратьев А.А. Новые кормовые культуры. М., 1975.

  8. Государственный реестр селекционных достижений, допущенных к использованию в Республике Казахстан. Алматы, 2002.

  9. Дмитриева С.И., Игловиков В.Г., Конюшков Н.С., Раменская В.М. Растения сенокосов и пастбищ. М.: Колос, 1982.

  10. Корма. Справочная книга. Под ред. М.А. Смурыгина. М., Колос, 1977.

  11. Киреев В.Н. и др. Кормовые корнеплоды. М., 1975.

  12. Медведев П.Ф. Малораспространенные кормовые культуры. Л., Колос, 1979.

  13. Милащенко П.З., Абрамов В.Ф. Технология выращивания и использования рапса. М.,1989.

  14. Можаев Н.И., Копытин И.П. Кормопроизводство. Алма-Ата, Кайнар, 1986.

  15. 12.Справочник по кормороизводству. Под ред. М.А.Смурыгина, Агропроиздат, 1985

  16. Шабалина М.А. Репа, турнепс, брюква. Л., 1975.

  17. Щепетков Н.Г. Культура кормовых корнеплодов в Северном Казахстане. Целиноград, 1982.



1 Жерсіндіру – жануарлар немесе өсімдік түрлерін табиғи ареалының шегінен бұрын мекендемеген жерлерге орын ауыстыру, көшіру.

2


3



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет