Ойық жаралардың барысында аурудың өршуі жиі қайталанып, көп мерзімге созылған жағдайда олар біртіндеп асқазан немесе он екі елі ішек қабаттарын зақымдап, тереңдейді де көрші жатқан ағзалармен немесе тіндермен жанасып., сол ағзаларға, тіндерге қарай өтеді. Егер пенетрация қуыс ағзаларға қарайбағытталса асқазан мен он екі елі ішек пен сол ағза арасында жыланкөз пайда болады.
3. Көрші органдарға жара пенетрациясының аяқталуы.
Жиі жағдайда жара пенетрациясы кіші шарбы-ға, ұйқы безі басына, бауыр, 12 елі ішек байламына шығады. Жара пенетрацясы бауырға, өт қабына, көлденең тоқ ішекке және оның шажырқайына шығады
Асқазан мен он екі елі ішектің пенетрацияланған жарасы.
Клиникасында қатты ауырсыну синдромы дәрілік емдеуге жатпайды, ауырсыну таралады
Арқаға таралу жара пенетрациясы ұйқы безіне өткенде болады. Зерт-теуде бұлшық ет қатаюы (висцеро-моторлы рефлекс), локальды ауырсыну. Қан анализінде лейкоцитоз, СОЭ жоғарылайды.
Клиникасы.
Пенетрацияланған ойық жараларда науқастарды іртүрлі дәрежелі ауру сезімі тұрақты мазалайды және осы аталған белгілерге ойық жара жанасқан ағза ауруларының белгілері қосылуы мүмкін.
Ағза аралық жыланкөздер пайда болса, науқастарды ащы кекірік, жүрек қыжылы мазалайды, ал құсық өт сұйығы немесе тоқ ішек ішіндегі заттармен аралас шығады.
ЕМІ:
Бильрот I, Бильрот II тәсілдерімен асқазан резекциясын орындау.
Органға жара пенетрациясы органмен асқазан (12 елі шек) арасында патологиялық фистула пайда болады Ол арқылы жара органға өтеді. Фистула дамуы ауырсынумен, температура жоғарлауымен, лейкоцитозбен көрінеді. Құрсақ арты кеңістікке жара пенетрациясының ашылуы іш пердесімен жабылған жерде орна-ласқан жаралар кезінде болады. Асқыну құрсақ арты флегмонасына әкеледі
Органға жара пенетрациясы органмен асқазан (12 елі шек) арасында патологиялық фистула пайда болады Ол арқылы жара органға өтеді. Фистула дамуы ауырсынумен, температура жоғарлауымен, лейкоцитозбен көрінеді. Құрсақ арты кеңістікке жара пенетрациясының ашылуы іш пердесімен жабылған жерде орна-ласқан жаралар кезінде болады. Асқыну құрсақ арты флегмонасына әкеледі
Малигнизация.
Асқазанның ойық жара ауруы көп мерзімге созылған жағдайда жараның сапасы өзгеріп, ол қатерлі ісікке айналуы мүмкін.
Бұндай құбылыс аталған ауруға шалдыққан адамдардың 10-12 % -да кездеседі.
Жараның ісікке айналуы көбінесе, асқазанның кіші иілімінде орналасқан және каллезді ойық жараларда байқалады, ал он екі елі ішекте орналасқан ойық жаралардың малигнизациялануы өте сирек.
Асқазан жарасының қатерлі ісікке айналуы.
Клиникасы.
Ауру сезімінің бұрынғыдан өзгеше тұрақты мазалауы;