Компьютерлік желілері туралы түсінік, оның тағайындалуы. Желі


Тарату тізімдері (Mail List)



бет10/11
Дата07.02.2022
өлшемі24,68 Kb.
#85677
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Компьютерлік желілері туралы түсінік

Тарату тізімдері (Mail List). Әдетте электрондық пошта екі компьютер арасында мәлімет тасымалдайды. Ал көптеген мәлі­меттер бір адамға емес, көпшілікке арналады, олар алдын ала жазылған тізім бойыншатаратылады. Мұндай тізімдер сервер­лерде жиналып тұрады, сол серверлерге арнайы тақырыптық мәліметтер де тұрақты түрде келіп түседі, сонан соң олар жазылған тізім бойынша газет-журналдар тәрізді таратылады.
Телеконференция қызметі (Usenet). Телеконференция қызметі келіп түскен мәліметті осы тақырыптағы конференцияға қатысушы­лар­дың бәріне, яғни белгілі бір топқа жөнелтеді. Мұндай топтар жаңалық­тар тобыдеп те аталады.
Көптеген мамандар өз мамандықтарына қатысты тақырыптар аймағында өтіп жатқан телеконференциялар мәліметтерін тұрақты түр­де қарап отырады. Мәліметтерді осындай тәсілмен шолып өту ин­формациямониторингі деп те аталады..
Кейбір топтарда конференция тақырыбына келіп түскен мәліметтерді алдын ала қарап шығып сұрыптау ісі жүргізіледі. Тақырыпқа сәйкес келмейтіндері (көбінесе жарнамалар) алып тасталынады. Мұндай конференциялар модельденетін топтарға жатады. Модельдеуді жүргізуші модератор рөлін адам немесе алдын ала белгіленген өзекті сөздерге байланысты мәліметті сұрыптаудан өткізетін программа да атқара алады. Егер программа қолданылса, онда автоматты модерация жүргізілді деп айтылады.
World Wide Web – бұл Web-серверлерде сақталатын, өзара байланыстағы миллиондаған электрондық құжаттардан тұратын біртұтас информациялық кеңістік. Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттардың бір бетіWeb-парақ деп аталады. Белгілі бір тақырып бойынша біріктірілген Web-парақтар жиыны Web-тораптардынемесе Web-сайттарды құрайды.
Web-парақтарды көруге арналған программалар броузерлар болып аталады. Кейде броузер сөзін браузер,көрсеткі деп те айта береді. Броузер құжатты оны жасаған автордың мәтін ішіне енгізілген арнайы командаларына сәйкес экранда бейнелеп көрсетеді. Сондай командалар тәгтер деп аталады. Тәгтер құжатты броузер арқылы қарағанда, мәтінді безендіріп форматтап береді, бірақ өздері көрінбейді. Құжат авторы тәгтерді алғаш жазған кезде оларды латын әріптерімен теріп бұрыштық жақшаларға () алып отырады. Күрделі тәгтердің бұрыштық жақшаларға алынған түйінді сөздерге қосымша атрибуттары (анықтауыш, сипаттама) немесепараметрлері болады. Осындай тәртіппен құжаттың алғашқы нұсқасы тәгтермен біріктіріліп HTML тілініңережелеріне сәйкес жазылады, ал құжат экранға шыққанда тәгтерсіз тек мәтін ғана көрініп тұрады. Құжат HTML (HyperText Markup Language) ­­- гипермәтінді белгілеу тілінде жазылатындықтанWeb – құжат HTML-құжатнемесе HTML форматындағы құжат деп айтылады.
Сонымен HTML тәгтері арқылы жазылатын Web – парақтардың ең маңызды ерекшелігі ­– олардың гипермәтіндік сілтемелері болуында. Мәтіннің бір сөзімен немесе суретімен басқа Web –құжатты гиперсілтеме арқылы байланыстырып қоюға болады. Осылай бір құжаттан екінші құжатқа гиперсілтеме көмегімен ауысып отыру мүмкіндігін Web-серфинг Web-навигация деп атайды.
Дүниежүзілік Web кеңістігіндегі кез келген файл адресі ресурстың ықшамдалған көрсеткіші ­ – URL арқылы анықталады. Сонымен, Интер­нет­тегі әрбір мәліметтің IP-адресі және URL көрсеткіші арқылы берілген домендік адресі болады. Соңғы адрес белгілі бір мағынасы бар сөз тіркесімен – символдармен беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет