Компьютерлік желілері туралы түсінік, оның тағайындалуы. Желі


Домен аттары қызметі (DNS)



бет11/11
Дата07.02.2022
өлшемі24,68 Kb.
#85677
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Компьютерлік желілері туралы түсінік

Домен аттары қызметі (DNS). Адамдарға санмен берілген IP-адре­стермен жұмыс істеген ыңғайсыздау болады, бірақ көбінесе белгілі бір мағынасы бар домендік ат жеңіл есте қалады. Сондықтан домендік аттарды соларға сәйкес IP-адрестерге түрлендіру керек болады. Міне, осы жұмыспен домен аттары қызметінің сервері DNS (Domen Name System) айналысады.

Файлдарды тасымалдау қызметі (FTР). Файлдарды тасымалдау жұмысы желі арқылы программалық файлдарды алу кезінде, көлемді құжаттарды немесе солардың сығылған архивтік файлдарын тасымалдауда жиі қажет болады. FTP қызметінің дүниежүзілік желіде өз серверлері бар, оларда мәліметтер архиві орналасқан.


IRC қызметі. IRC (Internet Relay Chat) қызметі нақты уақыт кезеңінде бірнеше кісі тікелей әңгімелесіп қарым-қатынас жасауы үшін қажет. Кейде IRC қызметін чат-конференция немесе жай чат деп атайды. IRC жүйесінде қатынасып сөйлесу тек бір канал аралығында және бұл жұмысқа бірнеше адам ғана қатынасады.
ICQ қызметі. Бұл қызмет осы сәтте Интернетке қосылып отырған кісінің желілік IP-адресін іздеуге арналған. Бұл қызметті пайдалану үшін оның орталық серверінде тіркеліп, жеке идентификациялық нөмір UIN алу қажет.
Интернетке әрбір қосылған сайын сіздің компьютеріңізде тұрған ICQ программасы сіздің ағымдағы IP-адресіңізді анықтап, оны қызмет орталығына жібереді де және ол адресті сіздің әріптестеріңізге жібереді. Байланыс орнатылғаннан кейін ары қарай қатынасу IRC қызметі сияқты жалғаса береді.


Жаңа тақырыпты бекіту /сұрақ-жауап әдісі/

  • Желі дегеніміз не?

  • Жергілікті желі Ауқымды (ғаламдық) желілер?

  • Виртуальды байланыс туралы түсінік?

  • Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі?

  • Виртуальды байланыс ерекшеліктері?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет