Конференцияға елімізге танымал қоғам қайраткерлері Ә. Кекілбаев О. Асанғазы, А. Смайыл, Ә. Ахметов, М. Жолдасбеков, Ж. Әбділдин және еліміздің жоо өкілдері, ғалымдар қатысады



Дата15.09.2017
өлшемі23,01 Kb.
#33938
Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің

баспасөз-қызметі

Қазақстан Республикасы

Астана қ. Мирзоян көш. 2

тел: 8 (7172) 70-95-00 (31 116, 31-118)
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 2013 жыл 12 наурыз.

2013 жыл 13 наурыз күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЖОО-ның үздік оқытушысы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Еңбек ардагері» медалінің, мемлекеттік стипендияның иегері, еліміздегі бірнеше жоғары оқу орындарының құрметті профессоры Мырзатай Серғалиевтің 75 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция өтеді.



Мырзатай Серғалиевтің 75 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция аясында М.Серғалиев атындағы аудиторияның тұсау кесері болады.

Конференцияға елімізге танымал қоғам қайраткерлері Ә.Кекілбаев О.Асанғазы, А.Смайыл, Ә. Ахметов, М. Жолдасбеков, Ж. Әбділдин және еліміздің ЖОО өкілдері, ғалымдар қатысады.

М.Серғалиев – қазіргі оқу үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген «Қазіргі қазақ әдеби тілі» (1991; 2006) оқу құралын, «Синтаксистік зерттеулер» (2004, 2006); «Синтаксис мәселелері» (2006), «Стилистика негіздері» (2006) т.б. зерттеу еңбектерінің авторы. Сонымен қатар, «Орысша-қазақша сөздік» (2001, 2003) және «Қазақша-орысша сөздіктерді» (2004) құрастырды. Ғалым еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің арақатынасы мәселелеріне байланысты өзіндік пікірлерін авторлар ұжымы дайындаған «Қазақ грамматикасы» (2002) еңбегінің «Сөз тіркесі», «Құрмалас сөйлем» және «Күрделі синтаксистік тұтастық» тарауларында ұсынды.

Профессор студенттерге қазақ тілінің стилистикасынан дәріс оқыды және жинаған ғылыми-әдістемелік тәжірибесі мен тіл білімінің соңғы жылдарғы табыстарын назарға ала отырып, «Стилистика негіздері» оқулығын жазып шықты.

Ғалымның 2005 жылы С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, З.Шашкин, С.Шаймерденов, танымал сыншы М.Қаратаев сияқты қаламгерлер тілінің стилін қарастырған «Көркем әдебиет тілі», 2003 жылы Ғ.Мүсіреповтің шешендік өнерін алғаш рет зерттеу арқауына айналдырған «Ғ.Мүсірепов және тіл мәдениеті» атты еңбегі жарық көрді. 2006 жылы «Өнеге» кітабы мен баспасөз беттеріндегі М.Әуезов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ш.Есенов, К.Аханов, З.Қабдолов, Е.Букетов бастаған көрнекті ғылым қайраткерлері, С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков, А.Тоқпанов бастаған театр тарландары, мектептегі шәкірттік жылдар туралы естеліктері мен эсселері жарияланады.


Өткізу күні: 2013 жыл 13 наурыз

Өткізу орны: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,
Оқу-зертханалық ғимарат, Қажымұқан көшесі 11,

204 дәрісхана



Өткізу уақыты: 10.00

Байланыс үшін: 8 (7172) 709-548

Әсел Сарсенбинова, координатор-журналист

+7-701-742-88-24

Ляйля Рахманова, журналист

+7-702- 363-60-05

Еркежан Садуақасова, баспасөз-қызметінің жетекшісі



+7-701-366-35-99
Каталог: upload -> iblock -> d27
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет