Конкурс: «Жас ғалымдар»


Шығармаларындағы нақыл сөздер



бет5/6
Дата06.02.2022
өлшемі350,93 Kb.
#54060
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6
Шығармаларындағы нақыл сөздер: «Аққыз» повесінің негізгі идеясы Наймантай есімді жігіт тапқылығының арқасында махаббаты үшін күресіп сүйген аруы Аққызға қол жеткізеді.«Аққыз» шығармасындағы нақыл сөздер:

  1. «Жігіттің өз жұрты күншіл, қайын жұрты міншіл ,нағашы жұрты сыншыл».

  2. Қарамаса қатын,бақпаса мал кетеді.

  3. Қыз жат жұрттық.

  4. Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.

  5. Азаматтай арудың досы да бар, дұшпаны да бар.

  6. Қаз тойғанына емес,орғанына семіреді.

  7. Жақсыда жаттық болмас.

  8. Ат жалында бесті қымыздың қызуы бар.

  9. Өлген адам өліп кетті, ердің құнын еселеп даулағанмен қайтып келмейді.

  10. Жел болмаса, шөптің басы қимылдамас.

  11. Бір аяғы көрде, бір аяғы жерде.

12 Есті жігіт елдестіріп, есер жігіт жауластырар.

  1. Білезігіңді алғаны білегіңнен ұстадым дегені,

  2. Алқаңды алғаны, кеудеңе шықтым дегені,

Бөркіңді алғаны, басың мендік дегені.

  1. Жас көңілде жарық бар.

  2. Күтпеген қалжың,шындықтан қатты тиер.

  3. Не болса да,намысты қолдан берме.

17 .Қоянды қамыс,батырды намыс өлтіреді.

  1. Ақ түйенің қарны жарылған күн.

  2. Білектің күшімен бас иілсе де, жүректер иілмес.

  3. Адам болар жігіттің етек жеңі кең болар.

  4. Махаббатсыз дүние бос.

  5. Жігітті ісінен таны.

  6. Кісі болар баланың, кісінен танимын .

Тұлпар болар жылқының кісінегенінен танимын.

  1. Жалғызы бар кісінің шығар шықпас жаны бар.

  2. Жүректілік жігіттің қасиеті.

  3. Қаз тойғанына емес, орғанына семіреді.

«Қыз ұзатқанда», «Күзеуде», «Бір атым насыбай» «Ақ иық»повесіндегі
нақыл сөздер.

  1. Жетімнің басын сипасаң, өлгенің риза болар.

  2. Енесі тепкен құлынның, еті ауырмас.

  3. Әйелің жаман болса,мейманың кетеді,

  4. Ұлың жаман болса,жиғаның кетеді,

Қызың жаман болса,жеті атаң түбіңе жетеді.

  1. Менің қолымдағы сенікі.

  2. Арамға семіргеннен де таза арықтың өзі жақсы.

  3. Жүк ауырын нар көтереді.

  4. Сараңнан сарқыт жегенше, иттен тартып же.

  5. Теңін тапса,тегін бер.

  6. Өлгеннің артынан,өлмек жоқ.

  7. Қыран құстың баласы, ұшса келмес ұяға

  8. Өлгенім тіріліп,өшкенім қайта жанды.

  9. Астамшылығың болса, Құдайға тәуба қыл.

  10. Досқа күлкі,дұшпанға таба.

  11. Жетімнің қарны жетеу.

  12. Өткен күннен белгі жоқ.

  13. Құдай өзінің талайына бермесе,танауын тесіп тартсаң да түк шықпайды.

  14. Өліге деген құрмет, тірілер үшін.

  15. Тапқаным тамағыма,жұтқаным жұлыныма жұғын болып жүрген жоқ.

  16. Ыстығына күйіп,суығына тоң.

  17. Өтымен кіріп,күлімен шық.

  18. Астың аттан,аузың ақтан құрғаған жоқ.

  19. Иттің аузына түскен май жаншылмай шықпайды.

  20. Жаттың дәулетіне жанын қинағанды қой.

  21. Жоқшылық бірді-бірге сүйеу етіп,байлық бірді-бірге күйреу еткен заман.

  22. Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.

  23. Қазақта бір атым насыбай сұраудың айып-шамы жоқ.

  24. Адамның басы-Алланың тасы.

  25. Қыстың көзі-қырауда.

  26. Не аламын,не қолыңнан өлемін.

  27. Көз бір уыс топыраққа тояды.

  28. Алмақтыңда, салмағы бар.

  29. Алтын тыққан аштан өледі.

  30. Тоты құс бойына қарап, зорланады, аяғына қарап қорланады.

  31. Ат тұяғын ат басар.

  32. Сабыр түбі, сары алтын.

  33. Жазымыштан,озымыш жоқ.

  34. Құс патшасы патшаға лайық.

  35. Қан соқтаның қаңсығы.

  36. Оқу-инемен құдық қазғандай.

  37. Мал төлді болсын.

  38. Жақсы арына құл, жаман малына құл.

  39. Сегізде тісім түсті, сексенде ісім түсті.

  40. Тайдың жүрісі,баланың жұмысы білінбейді.

  41. Аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесін.

Әңгімелерден нақыл сөз: «Тауға біткен жалбыз», «Аңшы өтірік айтпайды», «Бүркіт» Автор әңгімелерінің алдындағы сөзінде табиғатты аялау керек. Табиғатты аяламасаң, анаңның ақ сүтін ақтамағанмен тең. «Адам табиғаттың қамқоршысы болу керек» - деген

  1. Сақтықта қорлық жоқ.

  2. Табиғат тылсым дүние.

  3. Құланның қасынуына, мылтықтың басылуы.

  4. Аңшылық кәсіпте, нәсіпте болмас.

  5. Ат өледі, құс қашады.

  6. Боз тоқтыда құйрық қалды,бозша қызда бұғақ қалды.

  7. Қыстың басы мүйіз болса,аяғы киіз болар.

  8. Құзғын ас таңдамайды

  9. Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.

  10. Табиғат тал бесігің

  11. Табиғат тіршілік аясы.

  12. Аңды ерінбеген атады, я көрінбеген атады.

  13. Бөрік кигеннің намысы бір.

  14. Ит тамақ үшін үреді, құс тамағы үшін ұшады.

Ғалым-этнограф 1999 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры және кафедра меңгерушісі болып еңбек етті. Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. Жазушының өсиеті бойынша, Ақселеу Сейдімбек Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесіндегі Қарауылтөбеге жерленді. 19 күнгі қаралы митингке Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Асанәлі Әшімов, Алдан Смайыл, Ғалым Жайлыбай, Серік Тұрғынбеков қатысып, ерен еңбектерін сөз етті.

Каталог: arc -> attach -> 481
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
attach -> Ән – көңілдің ажары. Ән салатын киелі мекен – сахна. Әлемді тыныштықта мейірімділік пен махаббат тербейді. Қазақтың ән өнері, тіл байлығымыздың кеңдігі секілді өзінше бір әрі мен нәрі бойына тараған қазақы иісі бар, ән әлемінде
481 -> Өзім үш деңгейлік оқыту бағдарламасымен танысып,оқып-үйренгенімді тәжірибе барысында іске асыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет