Конкурс: «Жас ғалымдар»



бет3/6
Дата06.02.2022
өлшемі350,93 Kb.
#54060
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6
Жобаның кезеңдері: Ғылыми жоба кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі сонымен бірге тіркемелерден тұрады.
Жобаның гипотезасы \болжамы\ А. Сейдімбек шығармаларындағы нақыл сөздерді зерттеп түсіндірер болсақ, оқырманның ұмытылып бара жатқан нақыл сөздерін еске қайта саламыз.


Жобаның обьектісі: Ғылыми жинақталғн мәліметтер, шығармашылық ізденістер.


Еңбектің ғылыми жаңалығы: А. Сейдімбек шығармалары мектеп бағдарламасында көп болмағандықтан, оқушыларға таныстыру.


Жобаның маңызы: Мектеп оқушыларына ұмытылып бара жатқан нақыл сөздерді қайта жаңғырту.


Кіріспе


«Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана. Сондықтан, азапты өмірді тәңірдің сыбағасына балай жүріп, өткеннің асылдары болашақ ұрпақтың жан-жүрегін жылытуы үшін қол жалғап жіберуіміз қажет-ақ".
А. Сейдімбек

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек– белгілі этнограф-жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Халқымыздың тарихын түгендеп, дәстүрін дәуірлеткен халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі бола білген, ұлт руханиятының жанашыры. Ақселеу Сланұлы Сейдімбек Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу аулында 1942 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген. Әкесі Слан Екінші дүниежүзлік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы - Аманбектің тәрбиесінде өскен. Қазіргі уақытта, Қарағанды облысындағы өзі туып - өскен Жаңаарқа, Шет аудандарының құрметті азаматы.


1936-1941 жылдары Ақселеу Сейдімбек 1961 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетіне (Алматы) оқуға түсіп, 1968 жылы ҚазМУ-ді журналистика факультетін бітіріп шығады. Университетте оқып жүріп, 1963-64 жылдары Троицк қаласында әскери міндетін атқарып қайтады. Университетте оқыған жылдар ол үшін білім айдынына құлшына құлаш ұрған, әсіресе, тарих, философия, мәдениеттану, этнология, фольклортану салаларына ынта-ықыласпен ден қойған, сөйтіп, жүйелі білім алып шығуды мұрат тұтқан жылдар болды. Сонымен бірге ол университеттің "Журналист" газетін шығарушы алқаның және М.Әуезов атындағы Әдеби бірлестіктің мүшесі, "Қайнар" колжазба журналының бас редакторы, Москвадағы қазақ жастары құрған "Жас тұлпар" атты мәдени қозғалыстың Қазақстандағы өкілі болып, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарға сергек араласа бастайды.
1959 жылы Жаңаарқа ауданының орталығында №1 қазақ орта мектебін бітірген соң, комсомолдық жолдамамен Қызылтау, Ақтау кеншарының мал шаруашылығында үш жыл еңбек етеді. Акселеу Сейдімбектің өскен ортасы, әсіресе, аудан орталығынан шалғайдағы мал шаруашылығында еңбек еткен жылдары оның сана-сезімін қалыптастырған, ел өмірінің дәстүрлі болмысына көз қанықтырған, тіптен болашақ шығармашылық ізденістеріне түбегейлі ықпал еткен тағдыр-талайлы жылдар болған.
Тарихтың әр қилы кезеңінде әлеуметтік-саяси ахуалмен тағдырлас ұрпақтың қалыптасып отыруы табиғи үрдіс. Екінші дүниежүзлік соғыстың аласапыранынан кейінгі әлеуметтік ауыртпашылық жылдарында қазақ ауылдары төрт түлік малдың сүмесімен күн көруге мәжбүр болды. Сөйтіп, әлі де болса этностың жадынан көмескіленіп үлгермеген көшпелі өмір салттың шаруашылық-мәдени жүйесін қазақ ауылдары өздерінің әлеуметтік өмірлеріне негіз етті. Сол өмір салтпен өзектес дәстүрлі мәдениет те үзілмей сабақтасып, өмірдің алуан арнасында көрініс тауып отырды. Міне, осындай тарихи - әлеуметтік ахуалда, дәлірек айтқанда XX ғасырдың
40-50-60 жылдарында дәстүрлі тәлім-тәрбие көрген, болмыс-бітімі ұлттық қасиеттерге мейлінше қанық ұрпақ қалыптасты. Бұл ұрпақты қазақ даласында үш мың жылдай дәурен сүрген көшпелі өмір салттың сүт кенжесі деуге болады. Ақселеу Сейдімбектің азамат ретіндегі болмысын айғақтайтын айқын қасиеттерінің ең бастысы — оның жалтақсыз ұлтжандығы. Бұл ұлтжандылық - әйтеуір бір ұлтқа тиесілі болғандықтан, қиқуға ілесетін пендешіліктен ада, халқының қадыр-қасиетін терең танып-түсінуден туындаған құрбаншыл ұлтжандылық. Содан да болуы керек, ол өзінің ғылыми-шығармашылық ізденістерінде ұдайы ұлттың рухани дәулетін еселеп, бұрын із түспеген соныға құлаш ұрып, жаңалыққа жаршы болып, әсіресе, халық мұрасының еленбей жатқан қырларын түгендеп отыруға айырықша құштар болды. Оның шығармашылық және ғылыми еңбегінің бедерлі тұстарын былайша саралауға болады: бұрын жиналмаған да зерттелмеген қара өлең мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналымға түсірді; алғаш рет қазақ эпостарының қара сөзбен насихатталуына мұрындық болды; алғаш рет Гомер туындыларын қазақ оқырманына таныстырды. Алғаш рет тарихты жеке тұлғалар арқылы зерделеу идеясына ден қойды; Қазақстанда этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етті; сөйтіп, көшпелілердің төлтума мәдениетіне деген категориялық ұғымның орнығуына тегеурінді үлес қосты; қазақтың музыкалық мәдениетінде бес мектептің барын алғаш рет саралап танып, олардың даралық сипаты мен типологиялық тұтастығын айғақтап берді; қазақтың ән өнерінің тарихи-эстетикалық қасиетін алғаш рет кешенді қалпында танытуды мақсат еткен телехабарлар сериясын жасады; әр қилы пікір-бағаға қарамастан халық мұрасы ретінде алғаш рет қазақтың бейпіл, сөздерін жинап, оның ғылыми басылымын жарыққа шығарды; белгілі тұлғалар өмірінің ғибратты сәттерін жинақтауға себепші болған "Деген екен" айдарын бастап берді. Сөз жоқ, мұның бәрі де халықтың рухани дәулетін сабақты жібіне дейін түгендеуді мұрат тұтқан ұлтжанды азаматтың қам-харакеті екені кім-кімге де күмән келтірмесе керек. Осындай қасиеттерінің арқасында оның есімі халық арасында айырықша құрметке ие. Ақселеу Сейдімбек өзінің "Күй шежіре" (1992) атты кітабында былай деген болатын: "Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана. Сондықтан, азапты өмірді тәңірдің сыбағасына балай жүріп, өткеннің асылдары болашақ ұрпақтың жан-жүрегін жылытуы үшін қол жалғап жіберуіміз қажет-ақ". Бұл сөз оның өмірі мен шығармашылығының бағдарламасы іспеттес.



Каталог: arc -> attach -> 481
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
attach -> Ән – көңілдің ажары. Ән салатын киелі мекен – сахна. Әлемді тыныштықта мейірімділік пен махаббат тербейді. Қазақтың ән өнері, тіл байлығымыздың кеңдігі секілді өзінше бір әрі мен нәрі бойына тараған қазақы иісі бар, ән әлемінде
481 -> Өзім үш деңгейлік оқыту бағдарламасымен танысып,оқып-үйренгенімді тәжірибе барысында іске асыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет