Конспект жау. 20 тест тапсырмасын құрастыру Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұны, рәсімделуі мен қорғау параметрлері



Дата07.02.2022
өлшемі15,95 Kb.
#86615
түріКонспект
Байланысты:
Қазақ тіл әдістеме
Мәдени шаралар, Мәдени шаралар, Қазақ тіл әдістеме, Қазақ тіл әдістеме

21.10.2020 жыл.
14. Курстық жұмыс жазуға қойылатын талаптар
Үйге тапсырма:

  1. Дәрісті түсініп оқып, конспект жау.

  2. 20 тест тапсырмасын құрастыру


Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұны, рәсімделуі мен қорғау параметрлері
.Курстық жұмыстың (жобаның) рецензиясы мен студенттердің жұмысты қорғау деңгейін есепке ала отырып, курстық жұмыс (жоба) келесі пратметрлер негізінде бесбаллдық жүйе бойынша бағаланады:
Өзекті тақырыптар, заманауилық жағдай мен тиісті ғылым саласының даму болашағына , тәжірибелкі тапсырмаларға сәйкестілігі.
Зерттеудің мәнін, мәселесін, нысанын нақты анықтай білу, мақсатын, міндетін және жұмысшы гиптезасын құрастыру.

  1. Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша монографиялық және кезеңдік әдебиеттерге сынды талдау жасай білу, зерттелетін мәселенің тарихы мен қазіргі жағдайына сипаттама бере білу.

  2. Зерттеу әдістемесін меңгеру.

  3. Алынған нәтижелерді талдап, жалпылай білу, негізделген тұжырымдар мен тәжірибелік ұсыныстар жасау.

  4. Берілген тапсырманы шеші деңгейі, алынған нәтижелердің дұрыстығы.

  5. Мазмұндық жағынан: қисындылығы мен жүйелілігі, материалдың толық баяндалуы, жалпы сауаттылық.

  6. Сыртқы безендірілуі: Титулды беттің, жұмыс тақырыбының, пайдлнған деректер тізімінің Қосымшасына сәйкес.

Аталған параметрлерге байланысты келесі бағалар қойылады:
– «Үздік«: жұмысқа қойылған барлық талаптардың сақталуы; жұмыстың шығармашылық сипаты, нәтижелердің сауатты әрі нақты баяндалуы, қорғау барысында қойылған сұарқтарға толық және аргументті жауап беру.
«Жақсы«: жұмыстың рефератты бөлімі жоғары деңгейде орындалған, зерттеу бөлігі мен жұмыс қорытындысы жеткілікті емес. Зерттеу нәтижесі толық баяндалмаған.
-«Қанағаттанарлық«: мәселенің түпкі мәні тоолық ашылмаған, зерттеу бөлігі тиісті түрде мұқият орындалмаған, бірақ алынған нәтижелер тәжірибелік жұмыста пайдаланылуы мүмкін. Зерттеудің нәижелерін баяндау бөлігі мен қорғау кезіндегі қойылған сұрақтардың жауаптары айтарлықтай аз.
«Қанағаттанбайтындай»: курстық жобаның негізгі талаптарының сақталмауы, материалды меңгермеі және сұрақтарға жауап бере білмеу.
Курстық жұмыс (жоба) бойынша қанағаттанбайтын баға алған оқушыларға:
-аталған пән бойынша қорытынды бақылау тапсырмасына рұқсат берілмейді;
-тиісті пәндік (циклдық) комиссияның шешімі бойынша басқа жаңа тақырып таңдау немесе бұрынғы курстық жұмысты (жобаны) түзеу құқығы беріледі.
Курстық ұмысты (жобаны) қорғау тиісті пәндік (циклдық) комиссияның шешімі бойынша оқытушылар есебінен құрылған комиссиямен қабылданады.
Оқушылардан қабылданған курстық жұмыстар (жобалар) колледдің мұрағатында екі жыл мерзім ішінде сақталады. Сақталу мерзімі аяқталғаннан кейін барлық курстық жұмыстар (жобалар) акт бойынша есептен шығарылып, жойылады.
Оқыту-әдістемелік құндылығы бар курстық жұмыстар (жобалар) тиісті пәндік (циклдық) комиссияларда сақталады және колледждің оқу құралы ретінде қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет