Конспектісі мамандығы: «5B011700 Қазақ тілі және әдебиет»


Жеке тұлға және оның құндылық бағыттары



бет6/8
Дата30.10.2019
өлшемі200,16 Kb.
#50857
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция бакалавриат


12.2 Жеке тұлға және оның құндылық бағыттары.

Жеке тұлғаның құндылық бағыттарын оның дүниетанымымен байланыстыруға болады. Өйткені, жеке тұлғаның құндылық деңгейі оның дүниетанымына тікелей байланысты

Адамның дүниетанымдық көзқарасы оның тiкелей өмiрлiк тәжiрибесiнен бастау алады және соған негiзделедi. Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмiр үндестiгi мен қарама-қайшылығы көрiнiс тапқан кезде ғана әсерлi және тиiмдi болып келедi.

Жеке тұлғаның дүниетанымы, дүниетанымдық бiлiмдер мен сенiмдер, дүниетанымдық көзқарастардың кең көлемге ие болуы және тереңдеуi қажеттiгiнен тұрады. Ал, қажеттiлiк дүниетаным сапасы ретінде сипат алады. Сенiм мен арман-мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бiр элементiнiң негiзiн құрайды, ол – қызмет-әрекеттiң бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементi – дүниетанымдық сенiм, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоционалды-жiгерлi даярлық.

Жеке тұлғаның дүниетанымдық тұрғыдан даму мәселесін жетілдіруді психология ғылымы айқындайды. Жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаны қалыптастырудың негізі екендігі ғылымда дәлелденген.

Жеке тұлғаның дүниетанымы – ақиқаттың жалпы көрiнiсiнiң жоғарғы деңгейiмен суреттелетін әлеуметтiк мәдениет пен интеллектуалды және эмоционалды-жiгер сипаттарын топтастыратын феномен. Яғни, жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытындыланған бiлiмдер мен оларды пайдалану бiлiктiлiгi, олардың ақиқаттылығы мен нәтижелiлiгiне деген сенiм, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар, қызмет-әрекетке деген даярлық сияқты компоненттер өзара байланысты болып келедi.

Л.И. Божовичтiң тұжырымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы – бiршама кешiктіріліп келетiн құбылыс, ол адамның жеткiншек шағында пайда болады, оның қалыптасу негiзi жалпы тәрбиелiлiк бағыттылық, дүниетану мен дүниенi сезiну жүйесi ретінде көрініс береді.

Ал, Б.Г. Ананьевтің пайымдауынша, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өзiне деген қатынасының ќалыптасуы жеке тұлғаның басқа қасиеттерiмен салыстырғанда ең соңғысы болып табылады. Ал, құндылық бағыттары – жеке тұлғаға қатысты iшкi және сыртқы ара қатынасының түрлi деңгейi мен формаларынан тұратын; жеке тұлғаның қоршаған дүниенi, өзiнiң өткен өмiрiн, бүгiнгiсi мен болашағын, сондай-ақ, өзiндiк “Мен” деген сезiмiнiң мәнiн ұғынудың ерекше формалары; жеке тұлға дамуының когнитивтi, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелiлiк саласының бiрлiгi мен ара қатынасын бiлдiретiн интегралды жеке тұлғалық ќасиет. Құндылық бағыттары – адамгершiлiк сананың өте тиянақты және терең көрiнiсi, ол тек жекелеген iс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мiнез-құлық пен іс-әрекеттiң бүкiл барысында көрiнiп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелiлiк ұстанымын iске асырады. Мақсат пен мiндеттерге сәйкес барлық тәрбиелiк ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелiлiгiнiң интегралды көрсеткiшi.

Құндылықтың пайда болуы адамдардың қажеттiлiгiн қанағаттандыратын iс-әрекетпен байланысты. Құндылық iс-әрекеттiң мақсаты ретiнде іске асырылады. Философия ғылымында құндылықты қоғамның тарихи құбылысы, субüект пен обüектiң iс жүзiнде өзара әрекеттесу кезеңі деп қарастырады. Құндылық адам мен оның қажеттiлiгiнiң қоршаған орта мен арасындағы байланыстырушы буын ретінде роль атқарады. Олай болса, адамға қатысты және оған пайда әкелетiн, адам қоғамының дұрыс бағытта дамуы және жеке тұлғаның толық жетiлуiне себептерiнiң бәрi -құндылықтар болып табылады.

Психологтар “құндылық” ұғымының жеке адамдарға қатысты жеке мәнiн сипаттайтындығына тоқталады. Сонымен “құндылық дегенiмiз – тарихи айқындалған қоғамның немесе топтың адамдарына шындық, мақсат және идеал ретiнде пайдалы және қажеттi құбылыстардың, қасиеттердiң, табиғат пен қоғамдық құбыластардың түйiнi. Құндылық тек өмiрдегi бар нәрсе емес, оны жүзеге асыру, ол үшiн күресу қажеттілігі. “Құндылық” ұғымын көптеген авторлар айқындалған қасиеттердi бөлiп шығару арқылы сипаттайды. Маңыздылық, пайдалылық, сүйкiмдiлiк, абырой сияқты қасиеттердiң айқындалатындығын түсіндіреді.

Кейбiр зерттеушiлер құндылық деп адамның мiнез-құлқында көрiнетiн жалпы әлеуметтiк бағыттылық деп түсіндірсе, тағы бiр зерттеушiлер оны жеке тұлғаның қандай да бiр әлеуметтiк құндылықтарға субъективтi қатынасы ретiнде қарастырады

Д.Н. Узнадзе құндылық бағыттарды, бiр жағынан, құбылыстардың белгiлi бiр семантикалық сипаттамасының, объектiнiң субъект үшiн маңыздылығының санада көрiнiс тауып, санада бекемделу формалары ретiнде қарастырса, екiншi жағынан, іс-әрекетке әзiрлiк формасы ретiнде, тиiстi жағдайларда жүзеге асатын сана мен іс-әрекет процестерiнiң бірлігі ретiнде қарастырады.

Дүниетаным дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес,сонымен қатар, қоғамның саналы мақсат-мүдделерi мен адамгершілік, әлеуметтiк, гуманистiк құндылықтар – өмiрдегi мiнез-құлықтың бағытын таңдауды, оның қоғам мен өз өзiне деген жауапкершiлiктi қатынасын анықтауы. Дүниетанымдағы құндылық бағдар сананың қайнар бұлағы ол адамның мәдениеттi, өркениеттi қалыптасуынан және оны дамытуға талпынған iс-әрекетiнінен көрінеді.
13 дәріс. Ұжым-тәрбие құралы - 1 сағат.

Мақсаты: педагогикалық процесте ұжымдық іс-әрекеттің ықпалдастығының ғылыми негіздерін сипаттау.

Жоспары:

1. Ұжым, балалар ұжымы ұғымдарына түсінік

2. Мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы



Негізгі ұғымдары: ұжым, балалар ұжымы, ұжымдық-танымдық іс-әрекет

13.1. Ұжым, балалар ұжымы ұғымдарына түсінік

Ұжым мәселесімен педагогтар мен қатар философтар, психологтар, әлеуметтанушылар және т.б. да айналысуда. Педагогикалық тұрғыдан теориясын қалыптастырып, дамытуға А.С.Макаренко, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, ВУ.И.Сороко-Росиннский, С.Т.Щацкий және т.б. ғалымдар өзіндік тұрғыдан атсалысты.



Әрине, педагогикада ұжым мәселесін А.С.Макаренко есімімен тікелей байланыстырамыз. Ол ұжымда жеке адамды қалыптастырудың теориялық негізін құра отырып, оның басты белгілерен атап көрсеткен. Яғни, ұжым- басқа да бір ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің іс-әрекетін ұйымдастыру; олардың арасында жауапкершілікті қарам-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.

Мектептерде балалар ұжымы сыныптардан тұрады және олар жалпы мақсаттарды жүзеге асыруға бірлесе араласып, жақын қарым-қатынас орнатады.

Сонымен оқушылар ұжымы дегеніміз ортақ мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізінде оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын айтамыз. Ұжымның жас ерекшелікке байланысты өзгешеліктері бар. Айталық балалар ұжымының үлкендер ұжымынан ерекшелігі:

  • қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған бірлескен іс-әрекеті;

  • ұжым мүшелерінің еркін қарым-қатынас жасауы;

  • ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;

  • өзін-өзі счайлау органдарының болуы. Көптеген зерттеушілер тапсырмаларды, рольдерді бөлудегі тең құқықтық, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп және т.б. да ерекшеліктерге тоқталған.

В.А.Сухомлинский балалар ұжымы- өте сезімтал аспап, ол тек педагог арқылы ғана дамиды, деп тұжырым жасаған. Бұл дегеніміз мұғалім ұжымның даму заңдылықтарын, сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін білуі тиіс дегенді білдіреді. Ұжвм дамуының негзгі заңдылығы – перспективалық бағыттарының болуында, яғни жаңа перспективалар байқалғанда ғана даму механизмі болады. А.С.Макаренко перспектвалық бағытты үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспективалар. Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының құлықтық дамуымен байланыстырады. Р.С.Немов, А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.

13.2. Мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы мен дамуы

Балалар ұжымымен мұғалімнің бірлесе жұмыс атқаруы белгілі бір кәсіби қасиет-сапаларды қажет етеді. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерін анықтау мәселесін А. Сатынская, В.А.Сластенин, Г.Сманова, К.Успанов және т.б. сынды ғалымдар қарастырған. Ал, Н.Д.Хмель біртұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып, педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп түсіндіреді. Яғни, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі “педагогтар-оқушылар” жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты.

Мұғалімнің оқушылармен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы сипатталады. Педагогикалық процесс барысында өзара қарым-қатынас және өзара ықпалдастық тәрбиелеуші механизм болып табылады, сонымен қатар іс-әрекеттегі ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Мұғалім өзінің тәжірибесі мен білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек. Ал, оқушылардың мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті олардың ұжымдық сипатын береді. Ұжымдық бірлескен іс-әрекетке сабақтан тыс уақыттағы қызмет түрлерінің де маңызы зор. Мұғалімдердің балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында олардың әлеуметтік белсенділігі ретінде күрделі тұлғалық-кәсіби қасиеттер қалыптасады. Ұжымды қалыптастыруда сынып жетекшісі маңызды роль атқарады, ол үнемі оқушылармен атқарылған жұмыстарды тіркеп оларға талдау жасап отыруы тиіс.

Ұжымды қалыптастыру барысында оларға қойылатын талаптардан бөлек оның жеке кезеңдеріне немесе А.С.Макаренко бойынша “сатыларына” тоқталар болсақ, оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей олардың қарым-қатынастарының нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар ұжымға формальды түрде топтастырылады. Яғни, сынып белсенділері болмағандықтан, мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл кезеңде мұғалім сабақта, сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды бірлесіп атқаратын іс-шараларға тартуы және ол балалардың өзімен жақсы таныс болуларына аса мсән беруі тиіс. Ұжымды дамытудың келесі кезеңінде талаптарды мұғалім ғана емес, сонымен қатар белсенді топ мүшелері де қоя бастайды. Сабақ барысында және сабақтан тыс іс-шаралар көбейіп, күрделеніп ауқымдана түседі. Ал, топ белсенділері тапсырмаларды жеке оқушылардың мүдделерін көздейтіндей емес, ұжым қажеттіліктеріне сай тұрғыда бөледі. Оқушылар өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттерінің қоғамдық маңызын түсіне бастайды. Оқушы ұжымының дамуының үшінші кезеңінде ұжымның әрбір мүшесіне де жекелеген талаптар қойылады. Оқушылардың өз-өзіні басқаруының деңгейі жоғарылап, қоғамдық пікірлер ескеріле бастайды. Яғни, мұндай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу құралы бола алады және әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады. Барлық даму сатыларында мұғалім үздіксіз тәрбиелеу міндеттерін атқарады.


ІІІ бөлім. Оқыту теориясы

14 дәрiс. Дидактика-оқыту теориясы- 1 сағат.

Мақсаты: оқыту теориясы және педагогикалық процестегі оқытудың мазмұнын ашып көрсету

Жоспары:

1. Дидактика-оқыту теориясы.

2. Оќыту – педагогикалыќ процестiң ќұрамдас бөлiгi.Оқытудың атқаратын қызметі

Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс, дидактика, оқыту процесi, тәрбие процесi, оқытудың қызметi, студенттердiң танымдық iс-әрекетi, прагматизм, ақыл-ой әрекетiн қалыптастырудың кезеңдiк теориясы, оқытудың заңдылықтары мен принциптертi.

14.1 Дидактика – оќыту теориясы.

Жоғарыда айтылғандай тұтас педагогикалық процестің компоненттері оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Екеуі өзара байланыста, тұтастықта жүргізіледі. Дегенмен бұл компоненттердің өзіндік ерекшеліктері де бар. Педагогикалық процесте оқыту процесі ерекше орынға ие. Оқыту барысында білім, білік, дағды және жеке қасиеттер қалыптастырылады. Оқыту процесінің теориялық негізін, оның заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін және т.б. мәселелерін педагогиканың өзекті саласы- дидактика атқарады. Дидактиканы дамытуда Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Ф.Гербарт, Д.Дьюи, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов және т.б. үлкен үлес қосты. Бұл ұғымды алғаш рет ғылыми тұрғыдан ендірген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Дидактика гректің didaktikos- оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан.

Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:


  • Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің );

  • Кімді оқытамыз (оқыту субъектілері);

  • Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері);

  • Неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны );

  • Оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы);

  • Оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.);

  • Оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер);

  • Оқыту нәтижелерін қалай бақылау мен бағалауға болады (оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері.).

Оќыту теориясы єдетте дидактика деп аталады. Дидактика сөзінің мєні – гректің didasko – «үйретемін», «оќытамын» деген ұғымынан бастау алған.

Дидактика «нені оќыту», «ќалай оќыту» мәселелерімен шұғылданатындыќтан мұны оќыту теориясы тұрғысынан ұғынып оќыту процесіне ќатысты оќушыға білім беру, оќыту заңдылыќтарына байланысты аќыл-ой тәрбиесінің негіздері жүйесінен ќарастырылады.

Оќыту технологиясы негiздерi – бiлiмнiң мазмұнын айќындайтын оќу жоспары, оќу бағдарламасы, оќулыќ пен оќу ќұралдарымен оның әдістеме саласындағы бiлiм, тәрбие беру жүйесiндегi заңдылыќтарды бiр-бiрiмен бөлмей бiрлiкте ќарайды.

Дидактика оќу орындарында оќытылатын барлыќ пєндерге ќатынасты, ортаќ заңдылыќтар мен ережелерді талќылайды. Сондай-аќ оќытудың негізгі мазмұнына байланысты мәселені меңгеру әдістері мен оны ұйымдастыру түрлерін аныќтайды. Былайша айтќанда, дидактика оќыту принциптерін, оќытуды ұйымдастыру әдістері мен түрлерін білдіреді. Сонымен ќатар дидактика жеке пєндерді оќыту ерекшеліктеріне ерекше зейін ќояды. Жеке пєндерді оќыту, білім беру, тәрбиелеуді пєндік дидактика, немесе сол пєннің әдістемесі деп те атаймыз. Дєлірек айтќанда, жеке пєн әдістемесі жалпы дидактикаға сүйенсе, жалпы дидактика тиісті деректерді жеке пєн әдістемесінен алып пайдаланады. Дидактиканың негізгі категориялары – білім беру, оќыту, сабаќ жүргізу, оќу, оќыту принциптері және мұның ќұрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, ќұралдары, оќытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика үнемі дамып, өркендеп отыратын сала. өйткені білім беру мен оќытуды терең зерттеп, оны меңгермейінше ғылымды жетілдіріп, өмір талаптарын орындап уаќыт мәресінен шығу мүмкін емес.



Оќыту – танымдыќ іс-әрекетінің психологиялыќ-педагогикалыќ негіздері. Оќыту – ұстаздар мен шєкірттің бірлескен әрекеті. Оќыту үрдісінің логикасын оның ќұрылымы аныќтайды. Ал ќұрылымды танымдыќ іс-әрекеттің кезеңдері бойынша сипаттасаќ, ол көбінесе мына жүйеде болады:

  • танымдыќ міндеттерді жете түсіну;

  • жаңа деректер мен түсініктерді ќабылдау;

  • ұғыну – жаңа деректер мен түсініктерді көңілге ќондырып, ойлану;

  • білімдік мағлұмат атќарылған іс-әрекетке байланысты дағдыны ќалыптастырып, оны бекітуді жетілдіреді;

  • меңгерген материалдарын өмір практикасында жүзеге асырып, іс жүзінде наќты ќолдана білу;

  • оќушының ұғым-түсінігі мен атќарған іс-әрекетінің ќандайлыќ дәрежеде екендігін талдап, меңгерген дағдысын тексеру, бағалау.

Танымдыќ ұғым түсінікті болса және онда ќойылған міндет айќын болса, оќушының өздігінен ізденіп, тиісті сауалдың шешімін табуға ынталы кіріседі де оќыту процесіндегі заңдылыќтар тиісті ретімен жүзеге асады. Сабаќ барысында жаңа деректермен танысып түйсінуі, ќабылдауы оны ұғынуға жол ашады. өйткені ќабылдау – адамға тікелей єсер ететін заттар, немесе ќұбылыстың санада бейнелену процесі болса, ал түйсіну сананың сыртќы єлеммен байланысы тұрғысынан түсінеміз, былайша айтќанда түйсік сезім мүшелеріне єсер еткен ќұбылыстардың шартты бейнеленуі.

Оќушыны жаңа материалдармен таныстыру, олардың тікелей ќабылдауына мүмкіндік туғызатын болса, бұл процесс таныстыру, баќылау, практикалыќ жұмыстар арќылы, немесе оқытушының жанама түсіндіруі, эвристикалыќ тұрғыда ізденту, оќулыќтар бойынша атќарылатын жаттығу, тапсырманы орындау бойынша жүзеге асады.

Меңгеру – білімдік мағлұматты түсініп, ондағы заңдылыќтар мен деректерді жинаќтап тиісті ќорытындыға келу. Меңгеру процесінде оќылған материалдар туралы ойластырып, келтірілген деректер мен дєлелдерді көңіліне бекітеді. Зейін ќойып, есіне берік саќтайды. Дєлірек айтар болсаќ, бекіту – оќушының алған білімін берік ұғынуына мүмкіндік беретін тиімді тєсіл. Осыны ескергендіктен тєжірибелі мұғалімдер жаңа сабаќтағы жаңа материалдарды оќушының тиянаќты меңгертуі кезінде де, өткен сабаќты пысыќтау, ќайталау кезеңдерінде де бекіту тєсілін түрлендіре отырып пайдаланады. Білімді бекіту саласындағы істер белгілі деректер мен дєлелдерді еске саќтаумен ғана шектелмейді, тиісті бағдарлама бойынша өтілген материалдарды белгілі бір жүйеге келтіру үшін де, шашыранды емес, жинаќты болу үшін де бір жүйеге келтіру үшін де ќолданылады.

Оќыту процесіндегі танымдыќ ќағида – наќты аңғарудан абстракты (дерексіз) ойлауға және одан практикаға көшу аќиќатты танудың диалектикалыќ реалды жолы екендігі ежелден айтылып келе жатќан шындыќ. Бұған оќыту жүйесі тұрғысынан ќарайтын болсаќ: наќты аңғару – түйсіну мен ќабылдау екені, абстракты (дерексіз) ойлау – мєнін түсініп, мәселенің болмысын ұғыну, ал практикаға көшу – білімді іс-әрекетте ќолдану арќылы процесті тексеріп, бағалау болып шығады.

Оќу процесін жүзеге асыруда мотивтің мєні зор. Мотив дегеніміз – єрбір тұлғаның объективтік мұќтаждығы мен ынтасынан туындайтын талпыныс. Олай болса, оќушының білуге, ұғынуға, оќуға деген ынталы мұќтаждығын демеп, талпынысын ќолдап іс-әрекетке пейіл сала кірісіп, ќойылған міндетті тиісті деңгейде атќаруын ќадағалау керек: Демек, шєкірттің білімге деген мұќтаждығы мен ынтасы мотивацияға негіз болса, олардың бұл талпынысын оқытушы терең сезіне отырып, оќытатын сабағын ќызыќты да тартымды болуына зейін ќоюға тиіс. Ол үшін таќырыпќа үйлесімді көрнекілік, техникалыќ ќұралдар, ойын, компьютор т.б. ретті түрде ќолданылуы керек.

Әрине, оќушының көздеген өзіндік маќсатына, перспективасына ұмтылдыратын мотивтер тұлғаны ешбір уаќытта бейжай ќалдырмайды. өзінің болашағы үшін таңдаған мамандыќќа, кєсіпке байланысты пєндерге шєкірттер ерекше назар салып, оған ынталы ыќыласпен ќарайды. Олардың талпыныс мотивтері бұл саладағы сұраќтар мен проблемаларды өзінше шешіп, атќарған іс-әрекетінің жүйесіндегі табысынан ќанағат тауып, ертеңіне деген ізденісі мен сенімі жетіле түседі. Осы тұрғыдан оќудың психологиялыќ сипаты – танымдыќ мотивтер оќушының жаңа білімді игеріп, оны ұғыну тєсілдерін тереңдетіп, өздігінен ізденуге кеңірек жол ашумен ќатар, алған білім-түсінігін өмірде ќолданып жүзеге асыруға ќұлшындырады. Ал єлеуметтік тұрғыдан ќарағанда мотивтер оќудағы белсенділік ынталылыќ, жауапкершілік және борышын терең сезінуіне мұрындыќ болады. Сондай-аќ мотивтердің жүзеге асуы оќушының тєлім-тәрбие, оќу саласындағы беделін өсіріп, дүние танымдыќ көзќарасының ќалыптасуына игі ыќпал жасайды.

Оқытушының назарында болатын басты мәселенің бірі – мотивтер оќушының жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Тұлғаны перспективтік талабына, көзќарасының жетілуіне орай, тиісті пєндерді меңгеруіне байланысты мотивтер жаңа арна тауып тиісті бағдарда өркен жая түседі.

14.2 Оќыту – педагогикалыќ процестiң ќұрамдас бөлiгi.Оқытудың атқаратын қызметі

Тиісті ғылым салаларына қарай оқу пәндерінің мазмұны сандық және сапалық параметрлері бойынша әр түрлі болып келеді. Оқу курсы үшін базалық білімдер таңдалып алынады; курстың қолданбалы аспектілері мамандықты ескере отырып жасалады, яғни мамандандыру курстары; сонымен қатар орындалатын оқу тапсырмалары тиісті түрде құрастырылады. Базалық білім –курсты оқытуға арналған негізгі педагогикалық мақсаттардың жиынтығы болып табылады.

Педагогикалыќ теориядағы басты ќағида: оќыту білімдендіру мен тәрбиенің ќұралы. Олай болса, тәрбиелей отырып оќыту барысында шєкірттің өркені өсіп, аңғарғыштығы мен байќағыштығы, зейіні жетіліп, ќиялы ќанат жайып єржаќты дамиды. Ой-түсінігінің өрістеуі негізінде іс-әрекетке, еңбекке, єлеуметтік ќарым-ќатынасќа дағдылану бастау алады.

Тәрбиелей отырып оќыту – ғылыми-теориялыќ тұрғыдан ќарағанда шєкірттің дүниетанымына, аќыл-ойына, адамгершілік сеніміне, мінез-ќұлыќ сипаттарының ќалыптасуына ыќпал етеді. Сондай-аќ меңгерген білімі өмір аќиќаттарын ұғынып, ондағы ќұндылыќтарды танып, оны өз өресіне лайыќ тұтына білуге жол ашады, тєлімдік мүмкіндіктің арнасын кеңейтедi. Былайша айтќанда, оќушы ќабілетінің дамуы білімін тереңдетіп, тєлім-тәрбиені бойға сіңіріп имандылыќ ќасиеттерінің ќұлшынысын жебей түседі.

Оќыта отырып тәрбиелеу – оќушының ғылыми-танымдыќ көзќарасы мен білімін және оны дұрыс ұғына білуін ќалыптастыру мен ќатар шєкірттің тєлім-тәрбиелік танымдыќ санасын жетілдіріп, адамгершілік түсініктің беки түсуіне игілікті єсер ететін мүмкіндігі уаќыт талабына орай үнемі өрістеп отыратын ќұбылыс.

Сонымен тєлімдік мүмкіншіліктерін ескере келіп, оќыту мен білім беру тиісті маќсаттылыќ бағдары болуы талап етіледі. Оќытудың тәрбиелік сипаты – оның ғылыми мазмұнына да тєуелді. Тәрбиелей отырып оќыту тұлғаны жан-жаќты дамытып, аќыл-есін, адамгершілік танымын, єлеуметтік түсінігін жетілдіреді, тұлғаның дүниетанымын, моральдыќ сенімін бекітеді және рухани көркеюіне ыќпал етеді. Тұжырымдай айтсаќ, оќыту оќушыны біліми түсінікпен ќаруландырып, тєлімдік өнегені ұғынып, оны өмірге үйлесімді жүзеге асыруға бағдарлайды.

Оқыту процесінің атқаратын қызметіне келер болсақ,ол: білімдендіру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру қызметтерін атқарады.

Білімдендіру қызметінде оқыту процесінде білім, білік, дағды қалыптастырылу көзделеді. Білім- нақты айғақтарды, мәліметтерді, ұғымдырды, ережелерді, заңдарды, теорияларды, формулаларды есте сақтау.

Білік- ережелерге сүйене отырып, кез келген іс-әрекетті жүзеге асыра білуі. Немесе, білімді тәжірибеде қолдана білуі.

Дағды- саналы іс -әрекеттің автоматтандырылған компоненті.

Тәрбиелеу қызметі- әлеуметтену процесінің табиғи жағдайына байланысты туындайды. Оқыту процесінде алынған білімдеріне сай олардың көзқарастары, ғылыми дүниетанымы, құндылық дүниесі, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады.

Дамытушылық қызметі: тұлғаны әржақты дамыту, яғни ойлау, сөйлеу, іс-әрекет және т.б. қасиеттердің дамуын көздейді. Бұл мәселеде дамыта оқытуға байланысты П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б. Эльконин және т.б. жүйе құрған.

Ұйымдастырушылық қызметіне оқыту процесінің тиімді нәтиже беруге байланысты ұйымдастыру жолдарын белгілейді.Педагогикалыќ маќсаттан туындайтын оќыту процесі – ұстаз тарапынан меңгертіліп, шєкірт тарапынан игерілуге тиісті ғылыми таным-түсінік, білімдік біліктерді жүзеге асыру жолындағы іс-әрекет болып табылады.

Оќыту процесінің логикасын оның ќұрылымы аныќтайды да негізгі маќсатќа байланысты тиісті міндеттер туындайды. Білім беру саласында оќыту процесінің міндеттері ќоғамның дамуындағы ғылыми-практикалыќ ќажеттіктің деңгейіне байланысты белгіленеді.

Оќыту міндеттерін шешуде ғылыми-білімдік таным түсініктерді түйсіну мен ќабылдау, оны ұғыну мен ойлану, дєлелді де дєйекті деректерді көңілде бекіту және өмірде жүзеге асыра білу салаларымен шарттас.

Оќыту процесінің маќсатына байланысты міндеттерді шешудегі ұйымдастыру ісінде оќушыны оќыту объектісі деп білсек, екінші жағынан ол субъекті. Осы орайдан оќыту процесінде ұстаздың шєкіртімен ынтымаќтастығы тек білімді меңгерумен ғана шектелмей, шєкірттің творчестволыќ еңбегінің өрістеуіне жол ашады. өзара бір-бірімен іштесе байланысќан білім-тәрбиелік мазмұн және оның формалары мен әдістері негізiнде тиісті нәтижеге жетудегі ќозғаушы күш – ќойылатын талаптың шєкірттің мүмкіндігіне үйлесімділігіне тєуелді. Оќыту, білім алу және дамуға байланысты заңдылыќтар мен принциптер және оның әдістемелік жолдары дидактика саласына байланысты ќарастырылды.

Сонымен оќытудың басты ќызметі адам баласының білім байлығының негіздерімен ќаруландырып, оны өзбетімен дамытып, игерген білімiн өмірде ќолдана білуге бағдарлау. Єрбір тұлғаның өздігінен ізденіп, өздігінен еңбектене алуына дағдыландыру. Мұндағы басты талаптар:


  • білімнің негізгі идеяларын түсіну, оны танымдыќ ұғымға айналдыру;

  • меңгерген білім арќылы ойын дамытып, өздігінен ізденудің жолын ашу;

  • білімнің жүйелілігі, ќисындылығы, бірізділігі, түсініктілігін ќамтамасыз ету;

  • меңгерген білімнің шеңберін кеңейтіп, жаңа білімге деген ќұлшынысќа жол ашу.

Демек, ќазіргі кезеңдегі білім берудегі басты шарт – тұлғаның өздігінен іздене білуін, оның уаќыт талабына үйлесімді шешімін таба білуге ќалыптастыру болуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет