Көпжылдық астық түқымдас шөптер тобына жататын дақылдар және олардың шаруашылық және агротехникалық маңызы



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі28,59 Kb.
#96847
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сурактар Азыктандр Ондирис Документ Microsoft Office Word
11. Көпжылдық шөптердің түқым шаруашылығы.Можаев d (1)

6.Бақылау сүрақтары

  1. Көпжылдық астық түқымдас шөптер тобына жататын дақылдар және олардың шаруашылық және агротехникалық маңызы.

  2. Егістікте қолданатын еркекшөп түрлері және олардың айырмашылық белгілері?

  3. Көпжылдық астық түқымдас шөптердің негізгі түрлерінің: еркекшөптіц, қылтықсыз арпабастың, көген тамырсыз бидайықтың, т.б. морфологиялың белгілері.

  4. Көпжылдық астық түқымдас шөптердің қоршаған орта факторларына қоятын талаптары.

  5. Еркекшөп, қылтықсыз арпабас, т.б. қандай климат аймақтарында өсіруге болады?

  6. Республикада көпжылдык астық түқымдас шөптердің аудандастыруға жіберілген сорттары.

  7. Көпжылдың астық түқымдас шөптерді пішенге жене түқымға есіру технология ерекшеліктері.



1.Көпжылдық астық тұқымдас шөптер тобына жататын дақылдар және олардың шаруашылық және агротехникалық маңызы.
Астық тұқымдасы , қоңырбастылар (лат. Poaceae) – дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Еркекшөп – борпылдақ бұталы, астық тұқымдас, шашақты тамыр жүйесі күшті дамыған, көптеген ұсақ тамыршалар түзейтін дақыл. Түптерден 40-60 сабақ, өсіп дамиды. Сабақтары жіңішке, тік, биіктілігі 40-85 см. Жапырақтары ұзын, жіңішке, оралып келген, түрлеріне байланысты, түстері күрең, қоңыр-ашық-жасыл болып келеді. Гүл шоғыры – әртүрлі тығыздықтағы және мөлшердегі масақ. 1000 дәннің массасы 1,3-2,2 г.
Лиманный Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, орманды далалық экология- лық топқа жатады. Өсімдіктері биіктігі 70-150 см дейін тік өсетін сабақты бұта қалыптастырады. Түптену дәрежесі жоғары (60-100 сабақ түпте). Жапырақтары ұзынша келген, иілмелі, ұзындықтары 15-21 см. Тілшелері доғал, қысқа. Жапырақтануы біркелкі (60,2-66,7%). Гүл шоғыры – сіпсебас (шашақ), иілген, жартылай қысыңқы, қылтықсыз шашақ, ұзындығы 15-21 см. Жемістері жалпақ қабықты, дәннің ұзындықтары 0,9-1,2 см, күңгүрт- сұр немесе қоңыр түсті. Тамыр жүйесі күшті дамыған, 1,5 м тереңдікке дейін жетеді.
Қылтықсыз арпабас – көген тамырлы жартылай күздік типтегі астық тұқымдас. Бұтасы көп сабақты, 8-10 жапырақты, биіктігі 1,0-1,5 м. Гүл шоғыры сіпсебас, 1000 дәннің массасы 2,8-4,0 г. Дақыл қуаңшылыққа төзімді, әсіресе далалық пішіндері, неге десең олардың тамыр жүйелері жақсы дамыған. Сонымен қатар қылтықсыз арпабас дақылы су қабатын 35-50 күнге дейін жақсы көтереді, жайыла сортаңдау жерлерде мол өнім бере алады. Ойпаң, жайыла суарылатын жерлерде – таптырмайтын мал азықтық өсімдік. Механикалық құрамы жеңіл және орташа қаратопырақты жерлерде қылтықсыз арпабас жақсы өнім береді. Жыртылатын қабаты борпылдақ топырақ ең қолайлы деп есептеленеді, саздақ және батпақтанған жерлерде ол нашар өседі. Солтүстік Қазақстанда қылтықсыз арпабас дақылының ең көп себілген аймақтары: Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет