Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы 1-тапсырма



бет4/5
Дата22.04.2020
өлшемі21,96 Kb.
#64225
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақ тілі 22042020
Қазақ тілі 22042020
3-тапсырма

Кіріспе:

Көне түркі жазулардан бастау алып, заман көшінен қалмай, өскелең дәуірге өзінше үн қосып келе жатқан қазақ журналистикасы да бұл жаңалыққа тосырқай қарамады. Қазақ интернет-журналистикасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, нақтырақ айтқанда, 1995 жылы қалыптасты. Сөйтіп ондаған жылдың ішінде отандық интернет же­лісі -Қазnet-тің үлкен бір саласына, бір сегментіне айналды. Қазnet-тің жандануы нәтижесінде жаңа медиа арналары дамыды: көптеген БАҚ дәстүрлі түрден заманауи мәтіндер мен құрылымдарға ауысты, қазақтілді контенттер мен ау­диовизуалды ақпарат көлемі артты, таралу ауқымы кеңейіп, қолжетімді бола түсті.Осының қарыштап дамуы  нәтижесінде және оның базасында интернеттің пайда болуына қарай журналистиканың өзіне тән жаңа формасы дүниеге келді. Ол – интернет журналистика. Академик Ғ.Есімнің: «...біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыздың мазмұнын анықтайтын фактор - ақпарат. Оны біз ақпараттық қоғам деп жүрміз. Бүкіл әлем бір сәтте үйіңізге сыйып кетеді. Интернет, электрондық пошта жүйесі,  жетілген коммуникация әлемді тұтастырып барады. Бұрынғыдай әр елдің «сырын» сақтауы мүмкін емес. Ел ішіндегі оқиға күні ертең әлем тілдеріндегі басылым беттерінде жария етілмек. Мұның бәрі қазақстандықтардың ой-өрісіне, сезім-санасына, мінезіне, тұрмысына сапалы өзгерістер енгізуде» – деген пікірі интернеттің зор мүмкіндігін паш етеді. 

Орыс ғалымы,  журналист В.В. Ворошилов: «Жиырмасыншы ғасырдың аяғында бұқаралық ақпарат құралы ретінде глобальды жүйе «Интернет» ортамызға сіңісті» – деп интернеттегі ақпаратты журналистиканың түрі ретінде қабылдаса, И. Давыдов: «Интернет – ақпарат таратушы жаңа құрал», Я.Засурский интернетті «Масс-медиа второй республики» кітабында «Интернет – біртұтас жүйелі коммуникациялар каналы» ретінде деп мойындайды. Интернет – журналистика, дәстүрлі журналистика ағымына көп өзгеріс алып келді. Ол қойнауы шексіз, алмағайып көлемдегі ақпараттарымен ерекшеленеді. Заманауи ақпараттық технологиялардың даму нәтижесінде дәстүрлі масс- медианың  электрондық нұсқалары  бәскелестікке түсетін жағдайға жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет