Көркемдегіш құралдар стилистикасы


Метонимия Метонимия - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану



бет4/7
Дата20.11.2023
өлшемі5,13 Mb.
#192436
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
троп түрлері

Метонимия
Метонимия - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану
Метонимия ғылыми стиль мен ресми стильде қолданылмайды. Қолданылатын жері - көркем әдебиет стилі. Шығармада метонимияны қолдану үшін белгілі дәрежеде шеберлік қажет. Сол себепті кей жазушыда аз, кей жазушыда көбірек кездеседі.
Мысалдар
Теңіз қарнын семсердей тілгілеп жүргенжалғыз өзі ғана емес екенін көкқасқа енді абайлады. Теңіз астында найзағай көбейген, жарқылдау көбейген. ... Әрине, «Теңізастында ата балық көбейген. Сол ата балықтар барлық ана балықтарға ұлы жорықтың бет алысын, жөнін сілтейді. (Ғ.Мүсірепов)
Жазушының мұндағы найзағай деп отырғаны - көкқасқа тәріздес ата балықтар. Әрине, “Теңіз астында ата балықтар көбейген. Сол ата балықтар ана балықтарға ұлы жорықтың беталысын, жөнін сілтейді” деп те жазуға болар еді. Бірақ мұның көркем экспрессивтік, эмоционалдық бояуы көмескі боларын ескерген жазушы соня алдын ала ескеріп, ата балық деудің орнына найзағай метонимиясын әдейі және өте тапқыр қолданып отыр.
Мысалдар
Көкқасқа бұлардан ығысқан жоқ. Қанды ауыздар тобын қақ ортасынан найзағайдай жарып өтті. Құлқын тырбаңымен жүргендер найзағайды қалай ұстай алсын, ауыздарын ашқан бойы қала берді (Р. Мүсірепов). Алғаш кездескен құламадан аналықтар да көп іркілмей өтті… Бір сәт құлама үстінде күміс қанжар лақтырысып, ойнап жүрген біреулер бардай еді. Төменнен жоғары қарай лақтырған қанжарлар күн көзінде бір жарқ етіп қалды да, суға шаншыла түсіп жоқ болды (сонда).
Жоғарыдағы найзағай метонимы тәрізді, мұндағы қанжар метонимы да сол балық мағынасында қолданылған. Метонимия көркем әдебиет стилінде тек жеке сөз түрінде ғана емес, тұтас бір орам, тіркес болып та келіп отырады. Мұндай орам түріндегі метонимияның мағынасы да жалпы контекстен аңғарылады.
Мысалдар
Алдыңғы күні Ержан аңшы үйіне екі түлкі әкеліп еді. Екеуі де алтайы қызыл, алтындай жымыңдайды екен… Қалың қызыл алтынның бетінде азғана ақ қылаң күміс сызықтар бар (Ғ. Мүсірепов). Жемсауын шалқайта ұстап, темір найзаларын тоса берді. Тырнақты да білекті екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет