Көркемдегіш құралдар стилистикасы


Бұл үзіндідегі метонимиялық мәнде жұмсалғандары: қалың қызыл алтын және ақ қылаң күміс сызықтар, темір найзаларын деген сөз орамдары



бет5/7
Дата20.11.2023
өлшемі5,13 Mb.
#192436
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
троп түрлері

Бұл үзіндідегі метонимиялық мәнде жұмсалғандары: қалың қызыл алтын және ақ қылаң күміс сызықтар, темір найзаларын деген сөз орамдары.
Мысалдар
“Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға” (Абай)
Мұнда сүйінші сұраған жандардың баспанасын емес, адамдарын айтады.
Мысалдар
Ол жолы Әбілқайырдың қасындағы қол бұдан әлдеқайда көпті . (Ә.Кекілбаев)
Бұл сөйлемдегі «қол» сөзі адамның денесінің бір бөлігін білдіріп тұрған жоқ және жекеше түрде тұрғанмен, көптік мағынада қолданылып, «әскер» деген мағынаны білдіріп тұр. Қазіргі қазақ әдеби тілінде «қол» сөзінің бұл метонимиялық мағынасы тұрақты. Мұнда «қол» сөздері метонимиялық мағынада қолданылған
Синекдоха
Синекдоха ( гректің synecdoche – бірге жобалап, нобайлап, шамалап түсіну мағыналы сөзі) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны), үлкеннің орнына кішіні немесе, керісінше, жалқының орнына жалпыны, бөлшектің орнына бүтінді қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. А.Байтұрсынов тілімен меңзеу деп атап, былай деп пікір берген: «Бір ұғым орнына екінші ұғым айтылуы мегзеу болады».
1. Ана ауылға Омар, Оспан, Асан, Үсен келді деудің орнына – анау ауылға Омарлар келді дейміз.
2. Үй кімдікі екенін ұмытпа, «Үйге қара» дегеннің орнына, шаңыраққа қара дейміз. Шаңырақ мегзеу.
3. «Осы ауылдың адамдары жүдеу екен» деудің орнына, «осы ауылдың адамы жүдеу екен » дейді. Мұндағы адамы сөзі мегзеу болады.
4. «Отыз тістен шыққан сөз оты рулы елге жайылады» дейміз. Отыз тістен шыққан сөз отыз емес, қырық рулы, яки жиырма рулы елге жайылатын шығар, біз білмейміз. Отыз деп кесіп айтуымыз мегзеу болады
Мегзеу мынадан шығады:
Мысалдар
Өтсе де елеңдетіп көп ай тағы,
Өзіңді енді келмес деп айтады.
Өзге жұрт біздің үйдің иесі деп,
Бүгінде өзіңді емес мені айтады.
Ай да бір сәт қалжырап,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет