Көркемдегіш құралдар стилистикасы



бет3/7
Дата20.11.2023
өлшемі5,13 Mb.
#192436
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
троп түрлері

Кейіптеу
Метафора
Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
Метафораның ең көп қолданылатын жері публицистикалық стиль, әсіресе, көркем әдебиет стилі. Сөздің метафоралық мағынасы шешендік сарындағы өсиет өлеңдерден, мақал-мәтелдерден, айтыс-жырларынан, қиссалардан, жұмбақ пен жаңылтпаштардан, ауыз әдебиетінің өзге де үлгілерінен кездеседі.
Мысалдар
Сөз бақпаған момын ағайынның бәрі де Қодарды қараламады (М.Әуезов). Өмір бойы кімге кездессе де ылғи тарқап кеткен базардың соңына ілінумен өткені ме? Өткен соң базар, Қайтқан соң ажар... Сен едің базарым (Абай). Балуан қолы Лениннің, Ұстады заман тұтқасын (А.Сүлейменов). Бұзау тіс қамшы құйрығын шаншып алып қайқайып барады (Ғ.Мүсірепов).
Осы үзіндідегі қараламады деген етістік метафоралық тәсілмен өзінің тікелей мағынасынан шығып, стильдік жаңа ұғымда жұмсалған.
Мысалдар
Даусы гүжілдеңкіреп шығатын, жарықшақ үнді Ділдә Әйгерімнің жүзінен көз алмады (М.Әуезов). Барлық жаңағы жас әйелдердің шыншыл сезгіш жүздерінде жағалай дуылдап шапшаң толқын, жеңіл қызғылт нұр жүгірді (сонда). Сол кеште үнсіз қоңыр тартып, жайлау-жайлауларына қайтысты.
Бұл мысалдардағы метафоралық сөз қолданыстар мыналар: жарықшақ (үн), жеңіл (нұр), қоңыр тартып.
Мысалдар
Бұл қағазда Ғайша жүрегінің қайғысы мен өз өмірінің өкінішті арманын түгендеп, тізіп жазып еді (М.Әуезов). Сондай кездің қарсаңында өз елінің ішімен қағаздасып жату лайық емес (сонда). Молдалар қызылды сезген қарақұстай жанталасып жүр (М.Әуезов). Ылғи қызыл бер деп, тағы керілмейді (сонда). Қызылы қырманымның мая, қырдай (Керімбеков).
Қағаз, қызыл метафоралары тура мағынада да, метафоралық мағынада да қолданылған.
Мысалдар
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды...
Бұл іске кім виноват
Я Семейдің қаласы?
Я қазақтың аласы?... (Абай).
Осындағы аласы сөзі екі түрлі мағынада: біріншіден, тура мағынада (аласы аз көз), екіншіден, метафора ретінде жұмсалып тұр. Ол көбінесе жалпы халықтық сипаттағы метафоралық мағынада (ала ауыз, ала қол, мал аласы сыртында, адам аласы ішінде, алтау ала болса тәріздес тұрақты тіркестер құрамында) жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет