Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет22/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Т. Жұртбаев:—Сіздердің айтып отырған уәждеріңіз дұрыс. Бұл қазіргі тарихи көзқарас турғысынан сүрыпталып, сүзгіден өткен пікір ғой. Дегенмен де, Кенесарының дәл сол кездегі жанталасқан тағдырын еске алайықшы. Мен осы арада сіздермен сәл келісіңкіремейтін жайым боп тұр. Кенесарының жеңілуін тек қырғыз-бен екі ортадағы қақтығыстың салдары: ол агрессиялық сыпат алды деп бағалау әлі де пайымдаудың жеткіліксіздігін танытады. Шындығына көшсек, ол үш армияның қыспа-ғында қалды. Және Кекіліктаудағы шешуші күш — империяның жасағы мен қару-жа-рағы болды. Кенесарыны аранға қақпайлап әкеп қулатқан зауал да — отаршылдық пи-ғылдан туған және тек соның мүддесін көздеген самодержавияның аяр саясатының жемісі деп ойлаймын. Сіздер Бұлай айту үшін дәлелің бар ма дейсіздер ғой. Бар. Әрине, патша әскерінің формасын киген солдаттар Кекіліктаудағы соғысқа ңатыспа-ған. Бірақ, олар басына шалма тартып, үстіне шапан киюге онша қорланбаған. Балқаш көлінің маңында генерал Вишневскийдің дивизиясы турды. Ұлытауда бекініс салынды. Атаман Лебедевтің қарамағындағы бес жүз казак атты отряды Кенөсарының ізін аңдып, оны өкшелей қудалады. Ал дәл сол шайңастың тусында Бұл отряд жөнінде еш сыбыс білінбейді де, Кенесары жеңілген соң оның басын Омбыға алып баруға аттанған Қалығулды жол бойы қыр қазақтарынан күзетумен болады? Демек, Бұл жүздік Кекіліктаудағы шайқас кезінде аса ңупия тапсырманы орындаған. Патша отаршылдары Ңоқанның ңушбегімен де, қырғыздың манабы Орманмен, Жантаймен де жеке-жеке жасырын келісім жүргізген. Бұл туралы деректер бар, Кенесары Орманға жазған хатында: «Мені Алатаудың бауырына қоиыстануға жібер. Бірігіп патшаға қарсы одақ цурайық, елдігімізді сақтайық» — деп уөделесті, Кейін Бұл уәдеден неге айныды?
Иә, Кенесарының Қоқан қушбегінде ата кегі бар еді. Әкесі Қасымды, ағасы Саржанды және тағы басқа да он беске жуың туыс-туғандарын өлтіріп, олардың денесін базардағы дар ағаштарына іліп қойды. Мәделі хан өлгенмен де, оның туңымы тақта отырды. Қырқыншы жылдары Кенөсары Қоңан, Хиуаға қарсы жорыққа аттанғанда генерал Перовский буған қарсы болды. Неге? Қайта ол Ресейдің өзіне жеңілдік әкелмес пе еді? Себебі: Хиуа хандығы мен патшаның арасында жасырын уағдаластық бар еді. Келісімді сауда керуендері арқылы жүргізіп отырды, Бірнеше орыс дипломаттары басына шалма тартып Хиуаға барып қайтты. Ал Ңоқан датцасы Әулиеатаны жаулап алған соң Ұлытаудың түбінде турған орыс армиясының жасаулы жасағынан сескеніп, Кенесарыға теріс қарады. Егер Кенесары қырғызбен жақсы боп, бірігіп кетсе — өзі тақтан айырылам деп қорықты. Сондықтан Әлішер де Горча-ковпен жасырын келісім жүргізіп, қырғыздарды аранға жықтьі. Дөнентай манап генерал Вишневскиймен тураңты байланыс жасады. Оның үстіне Ұлы жүз қазақтары патшаның бодандығын қабылдады. Ақырында, ашынған Кенесары үш жақпен де соғысуға мәжбүр болды. Ол ңырғыздар мен Пішпек қушбегі өскерлерінің орыс каруымен жарақтанғанын және олардың ішінде турақты армияның әскери кеңесші-лерінің болғаиын білуі де мүмкін. Ал патша саясатына тамырлас үш халықтың бір-бірімен жауласуы өте тиімді еді. Болашаң жауларын әлсіретіп алып, күші біткенде шеңгеліне іле салғысы келді. Ең басты міндет — олардың басын қоспау болатын. Бұл мақсатына жетті. Николай IУ-нің Азия саясатын жүргізіп отыратын кеңесшісі Нессель-роде: «...біздің түпкі маңсатымыз — Ұлы жүзді саудамен алдарңата тұрып, Батыс Қы-тай мен Орта Азияға емін-еркін жол әшу болып табылады»— деді. Сондыңтан да Бұл мақсатына қырғыз халқын бодан етпей толық жете алмайтын. Мен қырғыз бен Қоқан әскерінің ішінде патша армиясының жазалау отрядтарының, тым қурығанда арнайы жасаңтың болғанының айғағы ретінде мына деректерге жүгінемін, Орынбор Шекаралық комиссиясының есебі: «Сібір қазақтарын басңаратын шекара бастығы ңырғыздардың биі Борамбай және Кичкене Пірназаровтарға: «бұлікшілерді жерлеріңе жібермеңдер, егер қисыны келсе Кенесарының өзін ауылымен қосып қуртып жіберіңдер, өз ойларыңды есаул Нюхаловқа хабарлаңдар, ол ңол астындағы орыс әскерінің күшімен сендерге барлық көмекті көрсөтеді»»,— деп хат жазды. Тағы қырғыздардың Бұл шешімді қуптағаны туралы татар Мухаммед Тагиров хабар әкелді. Яғни, Есаул Мюхаловтың әскері ңырғыз жасаңтарына ңосылғаны ғой. Бұл хабарды өзбек жансызы Якуб та растайды. Ол «Мен осы үш өлкені аралағанымда ңырғыздар-дың ең әлуетті билері мен манаптары Борамбай мен Кичкене Пірназаровтар Омбыдағы генерал-губернатор Капцевичтің ңабылдауында болып, Кенесарыға қарсы шығып, оны өлтіруге уөде бергенін естідім»—дейді. Демек Орман, Жантай — Кенесары арасындағы мәмілені буздырып, Саурық батырды өлтіріп, Кенесарының ауылына шабуыл жасап, ңырғынды бастауға себепкөр болған осы Пірназаровтар екені көрініп тур емес пе, Ал оларға муны істеттіріп отырған, әскер, кеңесші қару-жарақ бергвн — Омбының генерал-губернаторы. Будан басқа Абакумовтың, Қарбышевтың жазалау отрядтары Дөнентай манаптың қарамағына берілді, Нюхалов: «Мен олардың ең беделді билері буғы — Борамбай Бекмуратов пен Әжібай Сералинге, сарбағыш — Орман Ниязбековке және солты — Жанғараш Есхожинге хат жолдап, Кенесарыны орыс мемлекетінің және вздерінің ортақ жауы ретінде ңуртуға шакырдьім» — деп мәлімдеді.
Ал көтеріліс өбден ңызыл қан боп жанышталған соң генерал-губернатор Гасфорт Сыртқы істер министрлігінің іс басқарушысы Л. Г. Сенявинге Орман манап жөнінде: «Егер де Бұл адамның ерекше еңбегі мен көмегі болмағанда Кенесарының көзін жою мүмкін емес еді, онда Бұл іс насырға шауып, басқа арнамен дамуы мүмкін еді» — деп мінездеме берді. Қалай болған күнде де біз тарихи шындыңты умытып кетпеуіміз керек. Кекіліктаудағы қырғынды ешкім де ңостамайды. Бірақ өз халқын арандатқан Орман, Борамбай, Жанғараш сияқты манаптардың да осы қасіретке тікелей ңатысы бар екенін ескеруіміз керек. Ақиңатты ашық айта отырып, бағалауға тиіспіз. Майдалап, мәймөңкелегенмен біз тарихңа да, өз халқымызға да қиянат жасаймыз, Бауырлас халыңтардың өзара қырңысуын мен де ңостамаймын. Кенесары-ның қателігі де сонда деп ойлаймын. Оның осы кездегі жан-дүние арпалысы М. Әуезовтің «Хан Кенесінде» барынша шынайы жеткізілген.

Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Оларды да ұмытпайық…
артурли -> Бұл басылым «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрлғанына 10 жыл толуына арналады
артурли -> Даналық МӘйегі жібек жолының рухани бесігі
артурли -> Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
артурли -> Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы
артурли -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға
артурли -> Алланың арқадағЫ Үйі немесе Керекудегі керемет
артурли -> Тұрсын ЖҰртбай, филология ғылымдарының
артурли -> Ұмытылмаған отан, Ұмытылмайтын отандастар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет