Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет9/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Ж. Қ а с ы м б а е в :— Сонымен, көтерілістің басты себептері, романда тарихи шындыққа сай көрсетілген бе дейсіз ғой? Кітаппен таныс оқырман жазушының сол кезеңнің даму барысын көрсететін түрлі мазмүнды деректермен дөйекті еңбек еткендігін аңғарады. Есенберлиннің керсеткеніндей, кетерілістің басты себебі — патша үкіметінің отаршыл саясаты қазақ халқының ғасырлар бойы кешігі-қонған атамекендерін қазак әскеріне, жыпырлап салына бастаған бекіністердің түрғындары-на тартып алып беруі, 1822 жылғы Уставқа еөйкес округтардың қүрылуы. Романда Азнабайұлы Сейтеннің Шомбал Қара Ожармен диалогінде сол экімшілік-басқару, сот ережесінің қозғалысқа басты түрткі болғандығы байңалады. «Бұлік басы бүзықта дегөндей, пвлв ақ патшаның жылцы жылғы устабынан басталған жоқ па?» /9-бвт/.
Көпшілік оңырмандар 1822 жылғы Россияның сол кездегі либералды-буржуазия-лық бағыт үстаған қайраткері М. М, Спөранскийдің ңолдауымен, тікелей қатысуымен бекітілген Уставты біле бермейтіні байңалып жүр. Ғылыми таластар мен жекелвген жиындарда осы Устав жөнінде әр түрлі сауалдар қойылуы бүған бір себеп, Кейінгі кездерге дейін осы Уставты казак даласына акелген патша ағзамның бір жақсылығы деп келмедік пе? Әрине, бұл өзгерістерді басқаша да бағалауға болар еді. 1824 жылы қүрылған Кекшетау, Қарңаралы, Қүсмұрын; 1826 жылу Баян-Ауыл, 1831 жылы Аягез /кейіннен Сергиополь/, 1831 жылы Аңмола, 1833 жылы Үш-бұлақ, 1834 жылы Аман Қарағай жөне XIX ғасырдың 40-шы жылдары орта жүз бен Жетісу өңірінде қүрылған округтар екі жақты роль атқарды: қазаң рулары арасындағы барымта, ру таластары-ның толастауына себепші болды, сонымен қатар, дәстүрлі, ғасырлар бойына көшіп жүрген қазақтардың жерінде отарлаудың тірегі — бекіністер салуына жол ашты. Бұл жағынан алғанда, роман тарихи шындықтан, негізінде, ауытқымайды. Уставтың көтеріліске түрткі болғандығын архив мәліметтері, соның ішінде, Кенесары Қасы-мовтың 1839 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы князь Горчаков пен Николай-патшаға жазған, қолын ңойып, мөрін басңан хаттарынан байңауға болады. «Деңгелек стол» басында отырып бірнеше беттен түратын хаттардың толық мазмүнын келтіру-дің қажеттілігі жоқ қой деймін. Алайда, сол Уставтың ңазақтарға ңырсың боп тигенін кврсетпеу, бізді шындыңтан алыстатар еді. Патшаға арналған хатында сұлтан өзін «бүрынғы бүкіл қырғыз /қазақ — Ж. Қ./ ордасының билеушісі /владелец/ Абылай ханның үрпағы /потомок/ Кенесары Қасымовтан», екіншісінде «Абылай ханның үрпағы Кенесары Қасымовтан» деп көрсеткен. Екі хат та кешірме, алайда, тілмаш-хатшының қолы бар. Мәселенің бетін ашу үшін біраз үзінділер келтірсек: «... сіздің /патшаның — Ж. Қ./ ата-бабаларыңыздың билеуімен бізде, менің атам Абылай заманында халық тыныштық пен жайбарақаттықта өмір сүрдік... кейін жағдай өзгерді. Бүрынғы бейбіт келісімді /трактат/ бузған сіздің усақ билеушілеріңіз барлық қырғыз /қазақ — Ж. Қ,/ халқын Россияның билігін мойындаған деп қарайды. Марқүм атам Абылайдың жерінде сегіз дуан /округ — Ж. Қ./ құрды, улы патша ағзамнан сол сегіз дуанды жойып, халықтың бурынғы жағдайын қалпына келтіруін сүрауды өзіме мәртебе санаймын...»
/Қазақ ССР Мемл. архиві. 374-қор, 1-тіркеу, 25-іс, 14-парақ./ Князь Горчаковқа жазылған хатта Ақтау бекінісін, Ақмола дуанын, қалған басқа жайларды /все прочие заведения/ қуртуды талап етті. Біз жүздеген деректің арасынан султанның қолымен жазылған осы екі хаттан үзінді келтіре отырып, I. Есенберлиннің романында көтерілістің басты себебі анық сипатталған деп қорытынды жасағымыз келеді.
Кез келген қубылыстың себебі мен салдары, яғни басы мен аяғы бір-бірімен байланысты болып келеді. Әрине, тарихи романистің көтерілістің басты себебін көркем сөзбен нақты негіздегені де жеткілікті ғой. Алайда, көрнекті жазушымыздың тамаша шығармасьіның беттерін аңтарғанда көлеңкеде қалған бір мәселе — басқа да көшпелі халықтың иығына ңара тастай зіл салмақ болып түскен, патша чиновниктері-нің алым-салық саясаты. «Біздің халқымызға шектен асқан бақытсыздық /для нашего народа крайне прискорбно/ келтірген салық жинау...» /Қаз ССР. МОА, 374-қор, 1-т., 25-іс, 14-парақ/ Батыс Сібір генерал-губернаторына жолдаған хатында «... бізге ылғи да қысым көрсетесіз, баж салығын аласыз. Біз бәріне наразымыз. Салықтан бас көтере алмай жатып, сізге бағынышты болу тіпті мүмкін емес... /и с налогом жить нам введении Вашем никак невозможно/... /Бұл да сонда, 15-қор/.

Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Оларды да ұмытпайық…
артурли -> Бұл басылым «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрлғанына 10 жыл толуына арналады
артурли -> Даналық МӘйегі жібек жолының рухани бесігі
артурли -> Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
артурли -> Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы
артурли -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға
артурли -> Алланың арқадағЫ Үйі немесе Керекудегі керемет
артурли -> Тұрсын ЖҰртбай, филология ғылымдарының
артурли -> Ұмытылмаған отан, Ұмытылмайтын отандастар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет