Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет7/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
М. Қозыбаев:Ең алдымен, басын ашып алатын мәселе – ол проблемаға методологиялық көзқарас туралы болса керек. Сөз жоқ, ол марксизм-ленинизмнің ұлт-азаттық қозғалысы туралы ілімі. Ал кешегі сталинизм дәуірінде бұл ілімнің принциптері екіге бөлінді. Африка, Азия, Латын Америкасы елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалысқа біз методологиялың принциптерді қолданып келдік. Отаршылдықты жағымыз талғанша сынадың, мінедік. Аз ұлттардың, езілген елдің, мүддесін қолдадық. Ал Россия тарихына келгенде, біз марксизм-ленинизм қағидаларын бұрмалап, сталинизмнің зорлық-зомбылықты ақтауға бағытталған көзқарасын басшылыққа алдық. 1944 жылы ВКП/б Орталың Комитетінде Қазақ ССР тарихын талқылаған кезде ССРО ҒА корреспондент-мүшесі А, В. Ефимов /1896-1971/ сталиндік «отарлау теориясын» негіздеп, былай деген-ді:
1. История колонии не должна отрываться от России и других колоний.
2. Колонизация – факт объективно прогрессивный.
3. Она сопровождается проявлениями насилия, поэтому не следует обелять колонизаторов.
4. Борьба масс против этих насильственных действий колонизаторов прогрессивна.
5. Но не следует идеализировать вожаков национально-освободительных движений; /Қараңыз: Вопросы истории, 1989, № 11, с. 67/
ССРО ҒА академигі, қазақ халқының жанашыр досы А, М. Панкратова бұл көзқарасты ұлт-азаттың мәселесіндегі ревизионистік программа деп бағалады, Аз халықтарды «тарихи халық емес», олардың отарлықтан тыс тарихы болуы мүмкін емес, аз халықтардың күшті халықтарға қосылуы объективті-прогресшіл факт, ұлт-азаттық қозғалысының көсемдерін дәріптемеңіздер, аз халықтардың азаттық үшін, езуге қарсы күрес барысында қаһармандық, жауынгерлік дәстүрлері қалыптасуыи мойындамаңдар деген сияқты ашықтан-ашық отаршыл бағытқа орыс халқының атақты ғалымдары: акад. Б. Д, Греков, Н. С. Державин, В. Нечкина, ССРО ҒА корреспондент-мүшесі С. В, Бахрушин қарсы шықты.

Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Оларды да ұмытпайық…
артурли -> Бұл басылым «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрлғанына 10 жыл толуына арналады
артурли -> Даналық МӘйегі жібек жолының рухани бесігі
артурли -> Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
артурли -> Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы
артурли -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға
артурли -> Алланың арқадағЫ Үйі немесе Керекудегі керемет
артурли -> Тұрсын ЖҰртбай, филология ғылымдарының
артурли -> Ұмытылмаған отан, Ұмытылмайтын отандастар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет