Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы буклет, үнтаспа, гүлдер, шарлар



Дата23.11.2023
өлшемі16,05 Kb.
#193130
Байланысты:
ұлы жеңіс
ақпаратты қорғау әдістері, 50 әдіс, БЖБ 1- Т 6,7 кл

"Ұрпаққа ұран болған -Ұлы Жеңіс!"
Мақсаты: Балаларға "Жеңіс күні" жайлы түсіндіру,әскери адамдар туралы түсініктерін кеңейту, қуанышты,мерекелік көңіл-күй арқылы әр-түрлі іс-әрекеттерде шығармашылдық қабілеттерін дамыту,патриоттық сезімге,ауызбірлікке,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы буклет, үнтаспа, гүлдер, шарлар.
Кабинет іші Ұлы Жеңістің 78 жылдығына сай безендірілген.
Класс жетекші: Сіздерді 9 - мамыр Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыздың, әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі өткізілгелі отырған тәрбие сағатымыз да осы Ұлы Жеңістің келбетін насихаттауға арналған.
Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткенімізге биыл 78 жыл толып отыр. Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды. Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Олай болса , "Құлпынай" орта тобының даярлаған"Ұрпаққа ұран болған- ұлы Жеңіс"атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Музыка ойнап тұрады.
Балалар залға маршпен кіреді.
Жетекші:Жеңістің 78 жылдығы құтты болсын!
Балалар:Ура,Ура,Ура.
Ендеше соғыс даласында хабар - ошарсыз кеткен, қаза тапқан ер жүрек батыр ата - әжелерімізді бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
"Соғыс деген немене?"
Лаура:
Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп:
- Қуанышты мереке -
Жеңіс күні қай күн? - деп.
Дильназ:
Атамнан да сұрадым,
Көкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.
Нұрай:
Тосты бәрі құлағын:
- Дұрыс, - десті, - сұрағың!
Бейбіт күні бәрі де -
Жеңіс күні, шырағым!
Камила:
Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс-құт
Айзере:
Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар.
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.
Адина:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт - берекең - атаң қымбат.
Туып - өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерін қымбат.
Еркежан:
Отан,Отан
Қыздар тобы: "Катюша қыз"
Жүргізуші:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл әні.
Жеңіс деген шат күлкісі баланың, Тыныштығы жер мен жаһан даланың. Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән, Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей , келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің орындауында "Әрқашан күн сөнбесін!" әнін қабыл алыңыздар.
Класс жетекші: Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!
Алдарыңызда Дарынның орындауында: "Біз өмірдің гүліміз"әнін қабыл алыңыздар.
Класс жетекші: Жалпы мамыр айы мейрамға толы десек болады.
1-мамыр қандай күн ,балалар?
-Ынтымақ,достық күні.
7-мамыр-қандай күн?
-Отан қорғаушылар күні
9-мамыр-Жеңіс күні
Біздің туған елімізді,кіндік қанымыз тамған жерімізді жаудан қорғаған ержүрек қазақ батырлары өте көп болған.Сол кісілердің ерлігі мен батырлығының арқасында қазақ халқының тұтастығы,бірлігі,тәуелсіздігі,кең байтақ жері сақталып қалды.
"Батыл болмай,батыр болмас" -демекші, жігіттеріміздің жылдамдығын сынап көру мақсатында "Желкенді қайық,кім жылдам?"ойынын ойнап көрейік.
Міне қыздарымыз пысықтық танытты сіздерге деген сый-сыйапаттарын тарту етуге асықса керек. Жігіттер сіздерді өткен ұландар күнімен құттықтай отырып, қыздардың шағын сыйлығын қабыл алыңдар.
Жүргізуші: Елге қауіп төнбесін, Егестен адам өлмесін! Есен – аман болайық, Енді соғыс болмасын! Өртенбесін туған ел! Шайқалмасын асқар бел! Шайқалмасын шалқар көл! Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер! Тәуелсіз болып болашағына жүре бер! Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын! Осы тілекпен барша халайық түрегел!
/ қол соғып, орындарынан тұру/

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет