Коррекциялық іс әрекеттің ерекшелігі



Дата08.03.2022
өлшемі31,94 Kb.
#134691
Байланысты:
6 апта ПКО 201 Буранова А (1)


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


ОСӨЖ
Баяндама

Тақырыбы: Коррекциялық іс әрекеттің ерекшелігі

Орындаған:Буранова А.Е
Тексерген:Ергарина.Ж.М


Қазіргі таңда психологиялық –педагогикалық әдебиетте коррекциялық–педагогика- лық іс-әрекетті жүйелі зерттеу мәселесі, коррекциялық іс-әрекет пен біртұтас педагогика- лық процестің байланысын қарастыру мәселесі әлі де толықтай шешімін таппаған. Мінез –құлқы мен дамуындағы ауытқушылығы бар балалармен коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің мәні мен табиғатын айқындау үшін арнайы білім беру мекемелерінің педагогикалық практикасына, дефектология мен арнайы психология мен педагогика саласындағы зерттеулерге сүйенеміз. Педагогикалық энципклопедияда коррекция ұғымы аномалды балалардың психикасының және дене бітіміндегі кемістігін педагогиканың тәсілдері мен іс –шаралардың арнайы жүйесі көмегімен түзету болып айқындалады. Коррекция педагогикалық ықпал ретінде қарастырылып, жеке дефектіні түзетуге бағытталған машықтанушы жаттығулар ғана емес, бала тұлғасына бүтіндей ықпал ету болып ұғынылады. Арнайы анықтамалық әдебиетте «коррекция» аномалды балалардың дамуындағы кемістікті әлсірету немесе жоюға бағытталған, сонымен қатар жеке ауытқушылықты ғана емес аномалды балалардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған арнайы педагогикалық іс –шаралар жүйесі болып табылады. Дамуында ауытқуы бар балалармен коррекциялық жұмыстың мазмұны мен мәнінің сұрақтары – оның негізгі болатын компоненттері мен жетекші бағыттары коррекциялық процестің диагностика мен технологиялық өткізу ерекшеліктеріндегі бұл арнайы психология мен педагогиканың ғылыми салаларының пәні, дефектология ғылымының оның ішкі саласына кіретін нысаны болып табылады. Педагогикалық энциклопедиясында коррекциялық түсінігі арнайы педагогикалық жүйенің қабылдауы мен шаралардың көмегімен аномальды балаларда психологиялық, физиологиялық дамуының кемістіктерін түзету болып анықталады. Коррекциялық әрекетті зерттеумен айналысқандар В.В. Воронкова, И.Г. Еременко, С.Д. Забрашная, В.А. Лапшин, Б.П. Пузанов және т.б. Коррекциялық педагогикалық әрекет – бұл психофизиологиялық және әлеуметтік- педагогикалық күрделі құбылыс, білім беретін (оқыту, тәрбиелеу және дамыта-түзету) процестің бәрін қамтитын, бүтін педагогикалық жүйе ретінде шығады, содан әрекеттің объектісі мен субъектісі кіреді, оның мақсаттының, мазмұнының, операциялық - әрекеттелген және бағаланатын – қорытындысының компоненттері. Сондықтан диагностикалық – коррекция, коррекциялық – дамытушы, коррекциялық – профилактикалық, тәрбиелік- коррекциялық, корекциялық – білім беретін, психокоррекциялық әрекет жәәне т.б.қолданылады [4.35]. Дефектология мен арнайы педагогика жұмысында коррекцияны баланың дамуымен жиі байланыстырады, өйткені біріншіден ол аномальды балалардың дамуы, екіншіден кемістіктерінің түзетілуіне мақсаттандырылғандықтан. Бірақ коррекциялық педагогикалық жұмыс жөнінде сөз айтылса, онда оны оқытуды, тәрбие мен дамуды өзіне қосатын, білім беретін процестен жұлып алуға мүмкін емес. Сондықтан коррекциялық даму арнайы ұйымдастырылған және бағытталған процесс ретінде коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуден тыс бола алмайды. Оқушылардың дамуы оқыту мен тәрбие процесі барысында жүзеге асырылатындақтан коррекциялық ықпал ету де бұл әрекеткеде қатысады. Біздің ойымызша коррекциялық әрекеттің психологиялық- педагогикалық мәнін және оның профилактикалық бағытын, ең терең ашқан психологтар мен психотерапевтер (С.А.Бадмаев, Г.В.Бурменская, О.А.Карабанова, А.Г.Лидерс, т.б.) олар коррекцияға ерекше үлгімен ұйымдастырылған, психологиялық ықпал ретінде қарады, ал ол топтардың қатынасы жоғартылған тәуекелге және қайта құруға бағытталған. Арнайы педагогика мен дефектологиядағы оқулық пен оқу құралдарда коррекциялық іс -әрекетің түрлері (дамытушы, білімдік, тәрбиелік) аномалды баланың психикалық және дене бітімінің дамуындағы ауытқушылықты түзету немесе әлсіретуге арналған іс –шаралар жүйесі ретінде, үдеріс ретінде де қарастырылады. (В.В.Воронкова, И.Г.Еременко, С.Д.Заброшная, В.А. Лапшин, Б.П.Пузанов және т.б.). Коррекция оқу тәрбие процесі барысында өмірлік қажетті қасиеттерді қалыптастыру немесе әр түрлі іс -әрекет түрлеріне қосу арқылы психофизикалық кемістіктерді жою немесе әлсірету тәсілі[4.28]. Коррекциялық педагогика өкілдері коррекциялық жұмыстың жеке бағдарламасы болмайды, белгілі бір пәннің мазмұнына сәйкес құрылған оқу материалын меңгерту барысында жүзеге асады, сонымен қатар мінез–құлық пен дамудағы жеке кемістікті түзету үшін арнайы педагогикалық тәсілдер, ағзаның жеке қызметін қайта құру, белгілі бір тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мәселелері шешімін табады. Коррекциялық–педагогикалық іс-әрекет –білім беру процесін қамтитын күрделі психофизиологиялық және әлеуметтік–педагогикалық құбылыс, ретінде біртұтас (педагогикалық іс -әрекет обьектісі, субъектісі, мақсат, мазмұн, тәсіл, бағалау, нәтиже) айқындалады. Коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің түрлері: •Диагностикалық –коррекциялық •Коррекциялық –дамытушылық •Коррекциялық –алдын-алушылық •Тәрбиелілік-коррекциялық •Білімділік-коррекциялық •Психокоррекциялық іс-әрекет Арнайы коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің принциптері: коррекциялық, алдын-алушылық, дамытушылық міндеттердің жүйелілігі. Жүйелілік бала тұлғасының әр түрлі жақтарының дамуының өзара байланысын бейнелейді және біркелкі болмауы мәселесін де қарастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет