Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Этиканың көшбасшылықтағы рөлін жазыңыз



бет82/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология
60217946.a4
Этиканың көшбасшылықтағы рөлін жазыңыз.



1-тарауда талқылағанымыздай, көшбасшылық – көшбасшы ортақ мақ-сатқа жету үшін басқаларға ықпал ететін процесс. Көшбасшылықтың ықпал ету маңызы қол астындағылардың өміріне ықпал етуді талап етеді. Басқа адамдардың өміріне өзгеріс әкелудің этикалық жауапкершілігі өте зор. Әдет-те ізбасарларға қарағанда көшбасшының қолында көп билік пен бақылау болуымен бірге, көшбасшылықтың ізбасар өміріне қалай әсер ететініне бей-жай қарай алмайтын жауапкершілігі де зор. Мейлі, ол топтық жұмыс, ұйымдық қызмет немесе қоғамдық жоба бол-сын, басшылар бағыныштыларды тартып, оларды ортақ мақсатқа жету үшін пайдаланады. Барлық аталған ситуацияда басшылар қол астындағыларға лайықты қарым-қатынас жасап, өзінің ерекше болмысы бар адам ретінде құрметпен қарауға тиіс. «Адамға құрмет» көшбасшыдан қол астындағылар-дың жеке мүддесі, мұқтаждығы және алаңдаушылығына бей-жай қарамауды талап етеді (Beauchamp&Bowie, 1988). Басым бөлігі швейцариялық болып келетін, атқарушы лауазымдағы 17 этикалы көшбасшы туралы зерттеуінде Фриш пен Хаппенбауер (2014) олардың тұтынушы, жеткізуші, компания қожайыны, қоршаған орта мен қоғам сияқты мүдделі тараптардың қамын ойлайтынын мәлімдеді. Бәріміз де басқа адамдарға ерекше болмысты адам ретінде қарауға этика тұрғысынан жауаптымыз, бірақ көшбасшылар айрық-ша жауапкершілік арқалайды. Өйткені олардың көшбасшы ретіндегі арнау-лы позициясы арқасында басқаларға елеулі ықпал етудің анағұрлым зор мүмкіндігі бар. Этика – көшбасшылықта айрықша мәнге ие. Көшбасшылар ұйымдық құндылықтардың негізін қалап, оны нығайтуға көмек береді. Әрбір көшбас-шының өмірлік ұстанымы мен көзқарасы бар. «Барлық басшының ешкім-нен жасырмай, ашық білдіретін жеке мұраты, белгілі бір сенімі, ұсынымы, құндылығы, идеясы мен өзекті мәселесі болады. Көшбасшы мән беретін құндылықтардың ұйымдағы құндылықтарға әсері зор (қараңыз: Carlson&Perrewe, 1995; Demirtas, 2015; Eisenbeiss, vanKnippenberg, &Fahrbach, 2015; Schminke, Ambrose, &Noel, 1997; Treviño, 1986; Xu, Loi, &Ngo, 2016; Yang, 2014). Өйткені көшбасшы өзінің ықпалы арқасында ұйымдағы этикалық ауанды қалыптастыруда басты рөл ойнайды. Мысалы, этикалық көшбас-шылық туралы 147 мақалаға жасаған метаталдауындаБеди, Алпаслан және Грин (2016) этикалық көшбасшылық ізбасарлардың басшы әділдігіне көз-қарасына және олардың этикалық мінез-құлқына оң байланысы бар екенін тапты.Қорыта келе айтарымыз, ықпал ету процесінің сипаты, ортақ мақсат-тарды жүзеге асыру үшін қол астына ізбасарларды тарту қажеттілігі және көшбасшының ұйым құндылықтарына ықпалына байланысты этиканың ма-ңызы жоғары. Келесі бөлімде көшбасшылықты зерттеп жүрген, оның ішінде көшбас-шылық пен этика мәселелерімен айналысқан әйгілі ғалымдардың бірнеше еңбегі талқыланады. Әртүрлі көзқарастар кездеседі. Әйтсе де бұл еңбектер бізге қазіргі таңда этика мен көшбасшылық тақырыбындағы басым ой-пікір-лерді таныстырады

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет