Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз



бет78/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология
60217946.a4
Осал тұстары.
Ізбасарлық туралы зерттеудің күшті тұстарымен қатар, бірқатар шек-теулері бар. Біріншіден, ізбасарлық процесі жөнінде әдістемелік зерттеу аз. Осын-дай зерттеудің жоқтығы ізбасарлықтың сипаттамасын, ізбасардың анық-тауыш белгілерін және олардың көшбасшылық процеске қалай үлес қоса-тынын нақты тұжырымдауды қиындатады. Ізбасарлықтың нақты теориясы мен моделі болмаса, оның қалай жұмыс істейтіні, топтағы, ұйымдағы немесе қауымдағы рөлі туралы түсінікті теориялық қағидаттар мен практика бол-мауы мүмкін. Екіншіден, қазіргі ізбасарлық жайындағы еңбектер, негізінен, дербес бақылау мен жекелеген мысалдардан құралған. Мысалы, осы тараудың ба-сында талқыланған ізбасарлық стилінің типологиялары (Залезник, Келли, Чалефф және Келлерман) ізбасар стилін ажыратуға көмектесетін жіктеме жүйесі саналады, алайда аталған типологиялар жекелеген авторлардың па-йымы мен гипотезасынан шыққан. Мұндай дескриптив зерттеулер, сондай-ақ түрлі типологияларды әзірлеу – теорияны қалыптастырудың бастапқы фазасындағы дәстүрлі процесс болғанмен, ізбасарлық толыққанды тұжы-рымдалып, сынақтан өтпейінше, ізбасарлық туралы ой-сананың құндылығы мен қуаты артпайды. Үшіншіден, әлемдегі қазіргі көшбасшыға бағдар тамыр жайып кеткені сондай – ол ізбасарлықтың өркендеуіне мұрша бермейді. Ізбасарлық сәтті қалыптасуы үшін көшбасшы да, ізбасар да өзінің рөлінде мықты болуға тиіс; ізбасарлар көшбасшыны үйрету, сондай-ақ көшбасшыдан үйрену мақсаты-на адал болуға тиіс (Чалефф, 1995). Көшбасшыға арқа сүйейтін әлемде ізба-сарлықтың негізгі мұраты – көшбасшы жасау деп қаралғанымен (соңыңнан ешкім ермесе, көшбасшы бола алмайсың), бұл эволюцияның өрістеуі ұзақ уақыт алады.



  1. Ізбасарлықтың сипаттамасын өз сөзіңізбен жазыңыз.



Ізбасарлық – көшбасшылықтың айнадағы бейнесі. Ақыр соңында, негізгі шындық - олардың ізбасарларының қолдауынсыз көшбасшылар болмас еді . Белгілі бір дәрежеде көшбасшылар мен ізбасарлар арасындағы қарым-қатынас миниатюралық демократияға ұқсайды. Осылайша, ізбасарлық көшбасшылық ретінде есептелуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет