Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


-көзқарас.Ізбасарлар көшбасшыны сынайды



бет75/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология
60217946.a4
3-көзқарас.Ізбасарлар көшбасшыны сынайды.
Осы тараудың басында баяндалған типологияларда айтылғандай, қаты-су, белсенді болу және қиындықтан қорықпау – ықпалды ізбасардың айқын-даушы ерекшеліктері cаналады. Бірақ көшбасшыны сынға шақыратын ізба-сарлар ұйымның да тиімділігін арттырып, сәттілікке жетелейді. Көшбасшы бейхабар процесті немесе процедура туралы білетін ізбасар көшбасшыға да, ұйымға да мықты қызметкер ретінде танылады. Ол ұйымды көшбасшы басқа қырынан көретінін растайтын «қырағы көзге» айналады. Бұған қоса проактив, көшбасшымен санасудан тайынбайтын ізбасарлар жетекшіні ұйымның жалпы миссиясымен үйлесімде ұстай алады. Мұны колледждің жоғары курс студенті Эми Мэлли мен профессор, доктор Орвиллдің арасында орын алған оқиғаның мысалында қарастыра-йық. Доктор Орвилл өзі дәріс оқыған курстың қорытынды бағаларын қой-ғаннан кейін, Эми оның кабинетіне келеді. «Маған қойған бағаңызды көрдім, алайда оның қате екенін білгеніңізді қалаймын», – деді ол. – Мен емтиханды жақсы тапсырғаныма сенімдімін. Курс бойынша менің бағам А болуы керек еді, алайда сіз жариялаған тізім-де мен Б алыппын. Сіздің бағалауыңыз не емтихан жауаптарында қателік кеткен».



  1. Ізбасарлардың өсуі мен жетістікке жетуіне көмектесуді жазыңыз.




  1. Ізбасарлықтың анықтамасы мен типологияларын жазыңыз.



Ізбасарлыққа анықтама беру оңай емес, өйткені бұл терминді адамдар әртүрлі мағынасында түсінеді, ал ізбасар болу идеясын біреулер оң, біреу-лер теріс қабылдайды. Мысалы, жауынгерлер тапсырманы орындау үшін взвод командирінің бұйрығына бағынатын әскери жағдайда немесе жолау-шылар агент нұсқауымен ұшаққа отырған кезде ізбасарлықтың маңызызор. Керісінше, халық Дәуітшілдер тармағының (ағыл. Branch Davidians. 1955 жылы Дәуітшіл адвентистер шіркеуінен жік шыққаннан кейін пайда болған дес труктивті, тоталитарлық діни секта. – Ауд.) көсемі Дэвид Кореш-ке табынғаны сияқты культ көшбасшылардың соңынан еретін жағдайдағы немесе жаңа мүшелерден өмірге қауіпті жоралғы жасауды талап ететін кол-ледж бауырластығындағы ізбасарлық теріс пікірге түрткі болады. Соны-мен, ізбасарлық оң не теріс болатыны, әртүрлі жағдайда әрқалай көрініс табатыны түсінікті. Ізбасарлық дегеніміз не? Ізбасарлық – жеке адам немесе бір топ адам-ның ортақ мақсатқа жету үшін басқалардың ықпалына көнуі. Ізбасарлық көшбасшы мен ізбасардың арасындағы билік айырмашылығынан көрінеді. Әдетте ізбасарлар көшбасшының қалауы мен бағыт-бағдарына бейімделеді, сөйтіп, көшбасшының билігіне бағынады. Ізбасарлықтың сондай-ақ этикалық аспектісі бар. Көшбасшылық сияқ-ты, ізбасарлық та аморальды емес, яғни ол – моральдық тұрғыдан бейта-рап процесс. Ізбасарлық ізбасар ретінде әр әрекетіңнің адамгершілікке жат болмауына, әрі оның дұрыстығы мен қателігіне жауапкершілік арқалауды талап етеді. Көшбасшылар мен ізбасарлар ортақ мақсатқа жету үшін тізе қосып тірлік етумен қатар, сол мақсаттардың моральдық міндеттемелеріне де жауап береді. Ізбасарлардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы ұйымдық нәтижелерге ықпал ететіндіктен, ізбасарлардың әрекеті мен ізбасарлықтың этикалық салдары бар.


Типологиясы.Типология бірнеше ша-ғын бөлікке бөліп, ізбасарлық жөніндегі кең түсінігімізді тереңдетеді. Осы орайда аталған бөліктер дегеніміз – ізбасарлар рөлінің әртүрлі жағдайда байқалатын түрлі типтері.
Ізбасарлардың алғашқы типологиясын Залезник ұсынды (1965). Ол көшбасшыға ізбасарларды түсінуге көмектесуді, ал ізбасарларға көшбасшы-ны түсініп, өздерінің де көшбасшы болуына көмектесуді көздейді. Harvard Business Review басылымында жарияланған мақаласында Залезник екі ось-тің бойында ізбасарлардың мінез-құлқын бейнелейтін матрицаны жасап шықты: Үстемдік – Бағыну және Белсенділік – Бәсеңдік (12.1-сызба). Тік осьте көшбасшылары қадағалағысы (үстем болғысы) келетіндерден көш-басшыларының бақылауында болуды (бағынуды) қалайтындарға дейінгі ізбасарлардың әртүрлі типі бейнеленген. Ал тік осьте бастама көтеріп, бел-сене араласқысы келетін ізбасарлар мен арқаны кеңге салып, қалыс қала-тын ізбасарлардың түрлері бейнеленген. Осы екі осьтің негізінде модель ізбасарлардың төрт типін айқындайды: тұйық (көнбіс/енжар), мазохист (көнбіс/белсенді), компульсив (тым үстем/енжар), импульсив (тым үстем/белсенді.


Келли типологиясы. Келлидің (1992) типологиясы (12.2-сызба) ізбасарлар типологиясының ішінде ең кең мойындалғаны. Келлидің пікірінше, ұйымға ізбасарлар аса қымбат, әрі олардың қауқар-күші жиі мойындалмайды. Ол көшбасшылық процесіндегі ізбасарларды зерттеудің маңызын айтып, ізбасарлық саласы-ның дамуына түрткі болды. Залезник (1965) ізбасарлардың жеке бас қырла-рына зейін қойса, Келли олардың мотивациясы мен мінез-құлқына көбірек назар аударады. Ізбасарлықты көшбасшылықтан кем көрмейтін Келли ізба-сарлардың тек үлгілі қырларына үңілген. Ол да ізбасарлардың стилін екі осьтің бойына сұрыптайды: тәуелсіз, сыни ойлау; тәуелді үстірт ойлау және актив-пассив. Бұл өлшем шарттары-нан ізбасарлардың бес түрлі рөлі шығады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет