Коучинг тақырыбы: 1



Дата17.04.2024
өлшемі36 Kb.
#200980

№35 ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Әсем Ерболатқызы Мундуинова
Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау – оқушылардың жетістігін
бағалаудың балама жүйесі.
Жалпы мақсат: Бағалау мен баға айырмашылығын ашу.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың

маңыздылығы.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдердің оқушыларды критериалды бағалауға
үйрету. Өз тәжірибесінде қолданған бағалау жүйесімен салыстыру.

Сабақта қолданылатын ресурстар: Слайд-презентация, видеожазба,
маркерлер, ватман, бағалау көрнекілігі, тілек ағашы.
Оқыту әдістері: Оқытудың жаңа стратегиялары: сұрақ-жауап, «Галерия»,
«БББ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Тілек ағашы» әдістері.
Дерек көздері: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Тапсырмалар: Топтық талдау, салыстыру, зерттеу, сыни ойлау

Психологиялық ахуал тудыру: Тренинг (2 мин) «Мен басқаның көзімен». Шеңберде тұрып мұғалімдер қасындағы мұғалімге бір жағымды мінезін айтады.

Қызығушылықты ояту кезеңі
«БББ» әдісі.

Донны Огл кестесі: «Білемін – Білгім келеді – Білдім» (БББ) (2 минут)


Топ құрамындағы оқушылардың әрқайсысы өз-өздерін ауызша бағалайды.



Мұғалімнің аты-жөні

Б – біз не білеміз?

Б – біз не білгіміз келеді?

Б – біз нені білдік және нені білуге тиіспіз?






































Бағалау дегеніміз не? «БББ» әдісінің «Білемін» бағанын толтыру (топ ішінде). (5 мин)
Мұғалімдер «Білемін» бағанын толтырады.

Мағынаны ашу кезеңі
(10 мин) «Галерия» әдісі. Мұғалімдерге пілдің суретін салуды ұсыну.
Салып болған соң топ мүшелері бір-бірлеріне суреттермен алмасып, ұсыныс («Екі жұлдыз, бір тілек») жазады. Салған суреттерін бағалайды, критерий құрастырады. Баға қойғанда пікір-таластың маңызын білу. Топтардың суреттеріне баға қойылады.
Бағаның әділ қойылғанын дәлелдеуге тырысу.

Мини-лекция. Мұғалімдер сурет салғанша интерактивті тақтадан слайдқа шолу жасау.
Слайд бойынша және орындаған жұмыстарының қорытындысын шығара отырып, мұғалімдер «Білдім, Білгім келеді» бағанын толтырады.

Кері байланыс (5 мин)


«Тілек ашағы» әдісі. Рефлексия жұмысын орындау (мұнда мұғалімдер бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергенін өздері бағалайды)


Сабақтан алған әсерлерін «Найзағай» (мүлде сенімсізбін), «Жаңбырлы» (сенімсізбін), «Бұлтты» (аздап сенімдімін), «Бұлт астындағы Күн» (сенімдімін), «Жарқырап тұрған Күннің көзі» (өте сенімдімін) бейнеленген суреттер арқылы өз көңіл-күйлерін білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет