Көз алмасының қандай құрылымдары көзішілік сұйықтықты бөліп шығарады



бет3/4
Дата07.06.2018
өлшемі151,5 Kb.
#41118
1   2   3   4
жатпайды?

А) қасаң қабықтық

Б) конъюнктивалық

В) корнеосклералді

Г) склералық

Д) лимбтік

197. Көру кеңістігінің шекарасы қалыпты жағдайда қандай түске тар?

А) жасыл


Б) көк

В) қызыл


Г) ақ

Д) көгілдір


198. Жарықты сезу қызметі морфологиялық немен қамтамасыз етіледі?

А) биполярлы жасуша қабатымен

Б) нерв жасушалары қабатымен

В) сауытшамен

Г) таяқшамен

Д) ганглиозды жасушалармен

199. Көру анализаторының шеткі бөлігіне не жатады?

А) сыртқы тізелік дене

Б) көру нерві

В) көру жолы

Г) тор қабық

Д) бас ми қыртысының шүйде бөлігі


200. Егер науқас 1метр қашықтықтан кесте бойынша тек бірінші қатарды көрсе, оның көру жітілігі нешеге тең болғаны?

А) 0,1


Б)0,05

В) 0,02


Г) 0,01

Д) 0,2
201. Скотома дегеніміз не?

А) көру кеңістігінің концентрлі тарылуы

Б) көру кеңістігіндегі шектелген ақау

В) көру кеңістігінің сыртқы жарты бөлігінің түсіп қалуы

Г) көру кеңістігінің тарылуы біркелкі емес

Д) көру кеңістігінің ішкі жарты бөлігінің түсіп қалуы
202. Қасаң қабықтық синдромға жатады?

А) ауыру сезімі, көзінің алдында кемпірқосақ тәрізді шеңбер бейненің пайда болуы

Б) фотопсия

В) жарықтан қорқу, жас ағу, ауыру сезімі, бөгде дене сезімі, блефароспазм

Г) қабақтардың астында бөгде дене тұрғандай сезім, көздің ауыруы

Д) заттардың қисайып көрінуі


203.Ұшықтық диск тәріздес кератитке тән емес?

А) ауру жиі қасаң қабықтың орталық бөлігінің ісінуімен басталады

Б) қасаң қабықтың беткейлі қабаттары зақымдалады

В) қасаң қабықтың васкуляризациясы кеш болады

Г) ауру көбінесе десцемет қабатының қатпарларымен және иридоциклипен бірге жүреді

Д) кератиттің нәтижесінде көру жітілігінің төмендеуіне әкелетін бұлыңғырлану


204. Мадароз дегеніміз не?

А) нұрлы қабықтың болмауы

Б) кірпіктердің болмауы

В)бұршақтың болмауы

Г) кірпіктердің дұрыс өспеуі

Д) қабақтың бір бөлігінің болмауы

205. Склерозды кератитке тән:

А) қасаң қабықтың шеткі жарасы

Б) конъюнктивалық инъекция

В) қасаң қабықтың терең қабаттарында инфильтрат

Г) қасаң қабықтың терең васкуляризациясы

Д)қасаң қабықтың лимб маңындағы инфильтратпен склерит


206. Ұшықтық кератиттің терең түріне жатады?

А) диск тәрізді кератит

Б) көпіршікті

В) паренхиматозды

Г) ағаш тәріздес

Д) склерозды


207. Беткейлік ұшықтық кератитте байқалады?

А) ағаштың бұтағы тәріздес инфильтрат

Б) тиын тәрізді инфильтрат

В) диск тәріздес инфильтрат

Г) паннус

Д) катаракта


208. Катаракта кезінде электрофизиологиялық зерттеу не үшін керек?

А) катарактаның экстракциясынан кейін көруді болжау үшін

Б) хирургиялық емдеу тактикасын анықтау үшін

В) ота алдында консервативті емді жүргізуді анықтау үшін

Г) отадан кейінгі емдеу такикасын анықтау үшін

Д) ИОЛ таңдау үшін


209. Жасқа байланысты катарактаның клиникалық ағымында келесі кезеңдер бар?

А) клиникалық көрініске дейін, бастапқы, жетілмеген, жетілген

Б) бастапқы, жетілмеген, жетілген, өте жетілген

В) бастапқы, дамыған, алысқа өршіген, терминалді

Г) бастапқы, жетілмеген, сүтті, өте жетілген

Д) бірінші, екінші, үшінші, төртінші


210. Жасқа байланысты катарактада консервативті емнің көрсеткіші:

А) бастапқы сатысында

Б) жетілмеген сатысында

В) жетілген сатысында

Г) өте жетілген сатысында

Д) консервативті ем жүргізілмейді


211. Артифакия бұл?

А) бұршақтың бұлыңғырлануы

Б) бұршақтың болмауы

В) көзде жасанды бұршақтың болуы

Г) бұршақтың орнынан жартылай таюы

Д) бұршақтың орнынан толық таюы


212. Ядролық катарактасы бар науқасқа тән:

А) 1% пилокарпин ерітіндісін тамызғанда көру жітілігінің жақсаруы

Б) 1% атропин ерітіндісін тамызғанда көру жітілігінің жақсаруы

В) күндізгі мезгілде көру жітілігінің жақсы болуы

Г) квинакс ерітіндісін тамызғанда көру жітілігінің жақсаруы

Д) түнде көру жітілігінің жақсы болуы


213. Ісінген жетілмеген катарактада қандай асқыну болады?

А) факолизистік глаукома

Б) факотоксикалық иридоциклит

В) факоморфиялық глаукома

Г) бұршақтың алдыңғы капсуласының жыртылуы

Д) бұршақ ядросының алдыңғы камераға шығуы


214. Афакияны түзетудің жетілген тәсілі:

А) интраокулярлы линзаны имплантациялау

Б) жанаспалы линза

В) көзілдірікті түзету

Г) бифокалді көзілдірік

Д) телескоптық көзілдірік


215. Афакия бұл?

А) бұршақтың бұлыңғырлануы

Б) бұршақтың болмауы

В)көзде жасанды бұршақтың болуы

Г) бұршақтың жартылай орнынан таюы

Д) бұршақтың толық орнынан таюы


216. Аккомодация мезанизмі жақыннан іске қосылғанда, жалпы рефракциямен не болады?

А) көздің жалпы рефракциясы әлсірейді

Б) көздің жалпы рефракциясы күшееді

В) көздің жалпы рефракциясы эмметроптарда өзгермейді

Г)көздің жалпы рефракциясы миоптарда өзгермейді

Д) көздің жалпы рефракциясы гиперметропарда өзгермейді


217. Миопияның ағымына тән емес сипаттама?

А) солғын ағымды

Б) ауруханалық

В) жәй өршитін

Г)тез өршитін

Д) қатерлі


218. Жақыннан көргіштіктің дамуына әкелмейтін себеп?

А) склераның әлсіздігі

Б) аккомодацияның әлсізігі

В) тұқым қуалайтын фактор

Г) көзішілік қысымның төмендеуі

Д) жалпы созылмалы ауру және ошақты инфекциялар


219. Аккомодация түйілуін қандай дәрілермен босатуға болады?

А) сульфацил-натрий

Б) левомицетин

В) атропин

Г) пилокарпин

Д) дексаметазон


220. Миоптың алыстан анық көретін нүктесі қайда орналасады?

А) шексіздікте (аккомодация барынша босаңсыған жағдайда)

Б) көздің артқы жағында теріс кеңістікте

В) аккомодация кернелуінің дәрежесіне қарай әртүрлі қашықтықта

Г) аккомодация барынша кернелгенде, көзден өте алыс қашықтықта

Д) көздің алдында белгілі бір қашықтықта


221. Гиперметропияны түзету үшін қандай шыныларды пайдаланған жөн?

А) ең әлсіз оң шынымен

Б) ең әлсіз теріс шынымен

В) ең күшті теріс шынымен

Г) ең күшті оң шынымен

Д) науқас жақсы көтере алатын шынылардың біреуімен


222. Астигматизмге жатпайды?

А) бір көзде эмметропия мен миопияның бірге болуы

Б) бір көзде эмметропия мен гиперметропияның бірге болуы

В) бір көзде миопия мен гиперметропияның бірге болуы

Г) бір көзде миопия мен гиперметропияның әртүрлі дәрежесінің болуы

Д) бір көзде миопия мен пресбиопия бірге


223.Эмметроптың алыстан жақсы көретін нүктесі қайда орналасады?

А) аккомодация барынша кернелгенде, көзден алыс қашықтықта

Б) шексіздікте (аккомодация барынша босаңсыған жағдайда)

В)көздің алдында нақты бір қашықтықта

Г) көздің артында теріс кеңістікте

Д) аккомодацияның кернелу дәрежесіне қарай, әртүрлі қашықтықта


224. Бұршақтың қоректенуі:

А) тор қабықтың орталық артериясынан

Б) алдыңғы цилиарлы артериядан

В) көздік артериядан

Г) көзішілік сұйықтықтан

Д) артқы қысқа цилиарлы артериядан


225.Біріншілік глаукомамен науқастардың шағымы:

А) көздің қышуы

Б) шырышты-іріңді бөлініс

В) көздің оқтын - оқтын тұмандануы

Г) көз алмасының қимылының шектелуі

Д)жас ағу

226. Көздің қандай құрылымы көзішілік сұйықтықты бөліп шығарады?

А)шыны тәрізді дене

Б) цилиарлы дене

В) хориоиея

Г) нұрлы қабық

Д)бұршақ
227.Ашық бұрышты глаукоманың патогенезі:

А) алдыңғы камера бұрышының нұрлы қабықпен жабылып қалуы

Б) көздің дренажды жүйесінің дистрофиялық өзгерістері

В) алдыңғы камера бұрышында мезодермалді тіннің толық сіңбеуі

Г) нұрлы қабықтың бомбажы

Д) қарашықтың жабысып қалуы
228. Қандай ота көзішілік қысымды төмендетеді?

А) циклокриодеструкция

Б) витрэктомия

В) кератопластика

Г) энуклеация

Д) дакриоцисториностомия


229. Эпидемиялық конъюнктивитке әкелетін себеп:

А) Френкель- Вексенбаум пневмококкі

Б) Кох -Уикс таяқшасы

В) Нейссер гонококкі

Г) хламидии

Д) стафилококк


230. Көздің айналмалы бұлшықеті салының (паралич) белгісі?

А) птоз


Б) лагофтальм

В) экзофтальм

Г)энофтальм

Д) эктропион


231. Блефаритке тән белгілер:

А) қабақтың сыртқа айналуы, жас ағу, көзден іріңді бөлініс

Б) қабақтар толық жабылмайды, жарықтан жасқану, жас ағу

В) қабақтардың шеттерінің қызаруы, қалыңдауы, кірпіктердің түбінде жараның болуы

Г) кірпіктердің дұрыс өспеуі, көзден жіп тәріздес бөлініс, қабақтардың таңертең жабысып қалуы

Д) көзден шырышты бөлініс, жарықтан жасқану


232. Қабақтағы абсцесті ашуға көрсетім:

А) қабақ терісінің гиперемиясы

Б) қабақтың ісінуі

В) флюктуацияның пайда болуы

Г) пальпациялағанда, ауырмауы

Д) қабақ терісінің кернелуі

233. Қабақтардың даму ақауы:

А)эпикантус

Б)поликория

В)кератоконус

Г) лентиконус

Д) афакия


234. Созылмалы дакриоциститтің себебі?

А) жас нүктелерінің тарылуы

Б) жас өзегінің тарылуы

В) жас қапшығының тарылуы

Г) мұрын- жас өзегінің тарылуы

Д) жас безінің төмен түсуі
235. Алдыңғы увеит кезінде көздің тамырлы қабығының қандай бөлігі зақымданады?

А) нұрлы қабық және цилиарлы дене

Б) тек қана нұрлы қабық

В) тек қана цилиарлы дене

Г) тек қана хориоидея

Д) тор қабық


236. Аталғандардың ішінде қайсысы көз алмасының тамырлы қабығына жатады?

А) қасаң қабық

Б) көру нерві дискі

В) склера

Г)цилиарлы дене

Д) тор қабық


237. Увеит пен ревматоидты артриттің бірге жүруі аталады?

А) Рейтер синдромы

Б) Фогта –Коянаги- Харада синдромы

В) Стилл ауруы

Г) Бехчет ауруы

Д) Бенье -Бек- Шауман синдромы


238. Гранулематозды увеит жиі кездеседі?

А) стафилакоккты конъюнктивиттерде

Б) экзогенді ауруларда

В) пневмококкты кератитте

Г) стрептококкты кератоконъюнктивитте

Д) эндогенді ауруларда


239. Туберкулезді увеит жиі жұғады?

А) ауамен

Б) қатынасты жолмен

В)қанайналым жолымен

Г)тамшы түрінде

Д) тұрмыстық жолмен


240. Алдыңғы увеиттің емі басталады?

А) көзге мидриатиктер тамызумен

Б) этиологиясын анықтаумен

В)этиотропты еммен

Г) анестетик тамызумен

Д) аллергияға қарсы дәрілермен


241. Науқаста бір жақты нұрлы қабықтың гетерохромиясы, қасаң қабықта преципитаттар, катарактаның асқынуы. Диагнозды таңдаңыз?

А) глаукомациклді криз

Б)Бехчет синдромы

В) Фукс синдромы

Г)нұрлы қабықтың эссенциалді мезодермалді дистрофиясы

Д) псевдоэксфолиативті синдром


242. Емханаға әйел науқас екі көзінің көруінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен белгілі болғандай, оның бала кезінде тізе буыны ауырған. Қарап тексергенде: OU- жеңіл түрде жарықтан жасқану, көз алмасының инъекциясы, көз алмасын пальпацияланғанда, ауыру сезімі жоқ, қасаң қабықтың таспа (лента) тәрізді дистрофиясы, майда преципитаттар, қарашықтың пішіні жұлдызша тәріздес және жабысқан. Көру жітілігі OU – 0,2. Сіздің диагнозыңыз?

А) увеит, Бехчет ауруы

Б) туберкулезді -аллергиялық кератоувеит

В) увеит, Стилл ауруы

Г) Увеит, Рейтер ауруы

Д) Увеит, Стивенс Джонс ауруы


243. Диабеттік ретинопатияның кезеңдерін атаңыз?

А) пролиферативті емес, пролиферация алды, пролиферативті

Б) пролиферация алды, экссудативті, геморрагиялық

В) пролиферативті емес, пролиферативті, васкулярлы

Г) пролиферация алды, пролиферативті, геморрагиялық

Д) пролиферативті емес, геморрагиялық, тыртықтық


244. Салюс – Гунн белгісі қандай ауруға тән:

А) диабеттік ретинопатияға

Б) жүкті әйелдердің ретинопатиясына

В) гипертониялық ангиопатияға

Г)тор қабықтағы жедел қанайналымның бұзылысына

Д) уытты (токсикалық) хориоретинит


245. Электроретинография тәсілімен нені зерттеуге болады?

А) тор қабықтың функционалдық жағдайын бағалау үшін

Б) көз түбінің қантамырларын

В) тор қабықтың тамырларындағы жылдамдықты анықтау үшін

Г) алдыңғы камера бұрышын зерттеу

Д) қасаң қабықтың сезімталдығын анықтау үшін


246. Көздің тамырлы қабығынан дамитын ісіктерді қандай аспаппен анықтауға болады?

А)альгезиметрия

Б) экзофтальмометрия

В) саңылаулы шам

Г) диафаноскоп

Д) кератометр


247. Конъюнктиваны зерттеуге арналмаған тәсіл?

А) биомикроскопия

Б) сыртқы байқау

В) бифокалді жарықтандыру

Г) офтальмоскопия

Д) бактериологиялық, цитологиялық зерттеу

248. Аталған белгілердің қайсысы конъюнктивиттің белгісіне жатпайды?

А) қабақтардың және көз алмасының дәнекер қабығының ісінуі, қызаруы

Б) конъюнктивалық қуыстан патологиялық бөлінісің ағуы

В) көздің ластанған сезімі, дискомфорт

Г) конъюнктивада фолликула, бүртіктер және жабындының болуы

Д) экзофтальм

249. Мұрын-жас сынамасы авторы бойынша қалай аталады?

А) Ширмер

Б) Маклаков

В)Норн


Г) Вест

Д) Дондерс


250. Конъюнктиваны тексеруге керек емес тәсіл:

А) биомикроскопия

Б) сыртқы байқау

В) бифокалді жарықтандыру

Г) көз ішіне жарық енгізу тәсілі

Д) бактериологиялық және цитологиялық зерттеу


251. Науқас 45 жастағы слесарь жоғарғы қабағында ауырмайтын түзілімнің бес ай бұрын пайда болғанын айтады. Соңғы бір айда түзілімнің үлкейгенін байқаған. Объективті: қабақтың үштен бір бөлігінде шетінен 3мм жерде ауырмайтын диаметрі 4мм болатын түзілім байқалады. Көздің қалған бөліктері өзгеріссіз. Vis – 1,0; Vis – 1,0.

Диагноз? Ұсынылатын ем?

А) теріскен, антибиотик тағайындау

Б) теріскен, бриллиант көгімен өңдеу

В) Сыздауық, Вишневский майын жағу

Г) Пингвекула, антибиотик тамызу

Д) Халазион, хирургиялық жолмен алып тастау
252. Жастың бактериоцидтік әсерін қамтамасыз етеді?

А) лидаза

Б) лизоцим

В) химопсин

Г) фосфатаза

Д) гиалуронидаза


253. Бала -бақшаға барып жүрген 5 жастағы баланың көзінен жас ағу, жарықтан жасқану, көз алмасы конъюнктивасының қызаруы, көз саңылауының ашық жерлерінде петехиалді қанқұйылу байқалады, бульбарлы конъюнктивада екі ақшыл -сұрғылт үшбұрыш тәрізді түзілім лимбке қарай бағытталған. Көзден шырышты іріңді бөлініс ағады. Бұл неге тән?

А) гонобленнорея

Б) дифтериялық конъюнктивит

В) Кох -Уикс жедел эпидемиялық конъюнктивиті

Г) аденовирусты конъюнктивит

Д) пневмококкты конъюнктивит

254. Науқас екі көзінің ашуына, бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтарының жабысып қалуына шағымданады. Оның ауырғанына 2 күн болған, алғашында бір көз кейін екінші көзі. Объективті: кірпіктерінің жабысып қалуы, қабақтың конъюнктивасы қызарған, борпылдақ, склераның конъюнктивалық инъекциясы әлсіз қызарған. Диагноз?

А) жедел бактериалдық конъюнктивит

Б) күлдік конъюнктивит

В) эпидемиялық кератоконъюнктивит

Г) пневмококкты конъюнктивит

Д) диплобациллярлы конъюнктивит


255. Науқас жоғарғы қабақтың сыртқы аймағының ауырғанына, ісінгеніне, қосарлануға және басының ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде, жоғарғы қабақ S пішінді, көз саңылауы тарылған және көз алмасы төмен және ішке ығысқан.Диагноз?

А) дакриоцистит

Б) халазион

В) теріскен

Г) птоз

Д)дакриоаденит



256. Көздің қандай бөлігінің ауруында беткейлік инъекция болады?

А) конъюнктива

Б) қасаң қабық

В) нұрлы қабық

Г) тор қабық

Д) цилиарлы дене

257. Конъюнктивалді инъекцияға тән емес белгілер:

А) беткейлік

Б) ашық қызғылт түсті

В) тамырлар жақсы көрінеді

Г) лимбтің маңында түсі көкшіл

Д) күмбезден лимбке қарай күшееді


258.Науқас қабақтарының қызаруына, қышуына, екі көзінің қоқымға толып тұрғандай сезімге шағымданады. Қабақтардың шеттері қалыңдаған, қызарған, кірпіктердің түбінде қабыршақтар бар, аздап қызарған, конъюнктива кедір-бұдыр. Диагноз?

А) жәй блефарит, жедел конъюнктивит

Б) жәй блефарит, созылмалы конъюнктивит

В)қабыршақты блефарит, созылмалы конъюнктивит

Г) жаралы блефарит, жедел конъюнктивит

Д) жаралы блефарит, созылмалы конъюнктивит

259. Окулистке 1,5айлық баламен әйел келді. Анасының сөзінен, туылғаннан кейін 2 апта өткен соң қызының сол көзінде жастың тұруын, одан кейін шырышты бөліністің ағуын байқаған. Қарап тексергенде, жас тұру, қабақтардың шеттерінен шырышты-іріңді бөлініс, көз алмасының жеңіл конъюнктивалық инъекциясы. Жас қапшығының аймағын басқанда, төменгі жас нүктесінен шырышты-іріңді бөлініс ағады. Диагноз қойыңыз? Этиологиясы?

А) нәрестелердің дакриоциститі, жас-мұрын өзегінің бітеліп қалуы

Б) каналикулит, саңырауқұлақты инфекция

В)нәрестелердің гонобленнореясы, туу бөлімінде оны алдын –алу шаралары жүргізілмеген

Г) дакриоаденит, жастың көп шығуы

Д)хламидиялық конъюнктивит, туу бөлімінде оны алдын –алу шаралары жүргізілмеген.


260. Блефаритке тән емес белгілер:

А) қабақтың шеттері қызарған

Б) кірпіктердің түсуі

В) оның ағымы күшті

Г) кірпіктердің түбінде қабыршақтар бар

Д) экзофтальм


261. Созылмалы дакриоциститтің себебі?

А) жас өзектерінің тарылуы

Б) жас -мұрын өзегінің тарылуы

В) созылмалы конъюнктивит

Г) созылмалы мейбомит

Д) демодекозды блефарит

262. Науқас салқын тиіп ауырғаннан кейін, жоғарғы қабақтың айқын қызаруына, ісінуіне, ауыру сезіміне, сол көзінің ашылмай қалуына шағымданды. Сол көзінің жоғарғы қабағының сыртқы бұрышында қимылдайтын түзілім байқалады. Конъюнктива жағынан 2х2 өлшемді сары түсті түзілім көрінеді. Диагноз қойыңыз және қандай асқынуға әкелуі мүмкін?

А) халазион, лагофтальм

Б) халазион, трихиаз

В)теріскен, птоз

Г) теріскен, қабақтың абсцесі

Д) сыздауық, қабақтың абсцесі


263. Перикорнеалді инъекция қалай көрінеді?

А) түсі көкшілтім, күмбезге қарай күшееді

Б) түсі ашық қызғылт, тамырлар барлық жерінде байқалады

В) қасаң қабықтың айналасында, түсі көкшілтім, күмбезге қарай әлсірейді

Г) көздің қызаруы біркелкі

Д) лимбтің маңында ашық- қызғылт

264. Қасаң қабықтың негізгі қызметі:

А) жарықты өткізу, сұйықтық бөліп шығару

Б) жарықты өткізу, жарықты сындыру, қорғаныш

В) тіректік, жарықты сындыру, сұйықтық бөліп шығару

Г) түсті ажырату, жарықты сезу

Д) трофикалық


265. Мерездік кератит басқаша қалай аталады?

А) терең диффузды

Б) терең шектелген

В) қасаң қабықтың терең инфильтраты

Г) склерозды

Д) паренхиматозды


266. Қасаң қабықтық синдромға жатпайды?

А) жарықтан жасқану

Б) жас ағу

В) блефароспазм

Г) бөгде дене сезімі

Д) фотопсия


267. 40 жастағы науқас сол көзінің ауырғанына шағымданады. Қасаң қабықтың ортасында домалақ пішінді, сұрғылт ақшыл түсті шеттері айқын инфильтрат байқалады. Қасаң қабықтың сезімталдығы төмендеген. Науқас тұмаумен ауырған. Қандай кератит?

А) ұшықтық

Б) туберкулезді

В) нейросалдық

Г) мерездік

Д) саңырауқұлақтық


268. Алдыңғы камерадағы іріңді қалай атайды?

А) гифема

Б) лейкома

В) гипопион

Г) гемофтальм

Д) халькоз


269. Дәрігерге науқас оң көзінің көру жітілігінің төмендеуіне, қызаруына, ауыруына шағымданады. Ауыру сезімі түнде күшейіп, жас ағумен, жарықтан жасқанумен бірге жүреді. Объективті: көз алмасының айқын перикорнеалді инъекциясы, гипопион, қарашықтың тұсында сұр түсті экссудат, артқы синехиялар байқалады. Көзішілік қысым 21мм.с.б. Диагноз қойып, ем тағайындаңыз:

А)жедел иридоциклит, миотиктер тамызамыз

Б) глаукоманың жедел ұстамасы, мидриатиктер тамызамыз

В) жедел иридоциклит, мидриатиктер тамызамыз

Г) глаукоманың жедел ұстамасы, миотиктер тамызамыз

Д) жедел хориоидит, гормондар тамызамыз


270.Цилиарлы дененің қабынуы қалай аталады?

А) циклит

Б) ирит

В) увеит


Г) хориоидит

Д) хориоретинит


271. Преципитат бұл?

А) қасаң қабықтың артқы жағындағы нүктелі бөліністер

Б) шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы

В) бұршақтың алдыңғы капсуласының нұрлы қабықпен жабысып қалуы

Г) алдыңғы камерадағы ірің

Д) алдыңғы камерадағы қан


272. Артқы синехия бұл:

А) нұрлы қабық пен бұршақтың жабысуы

Б) қасаң қабықтың артқы бетінде нүктелі түзілімдер

В) шыны тәрізді денеде жүзіп жүрген бұлыңғырлану

Г) бұршақтың алдыңғы бетінде қабыну түзілімдері

Д) алдыңғы камерада ірің


273. Хориоидиттің негізгі белгілеріне не жатпайды?

А) көрдің төмендеуі

Б) көру кеңістігінің өзгеруі

В) фотопсия

Г) метаморфопсия

Д) көздің ауыруы


274. Гемералопия дегеніміз не?

А) көру кеңістігінің өзгеруі

Б) бір түстің түсіп қалуы

В) көру кеңістігінің екі жақты түсіп қалуы

Г) ымырттық көрудің бұзылысы

Д) аккомодация бұзылысы


275. Гемералопия қандай дәруменнің жетіспеушілігінен болады?

А) С дәрумені

Б) Е, Д дәрумені

В) А дәрумені

Г) Р дәрумені

Д) К дәрумені

276. Скотома бұл?

А) көру кеңістігінің ошақты ақауы

Б) көру кеңістігінің тарылуы

В) ымырттық көрудің бұзылысы

Г) көру кеңістігінің концентрациялық тарылуы

Д) түсті ажыратудың бұзылысы


277. Хориоидея нені қоректендіреді?

А) тор қабықтың сыртқы қабаттарын

Б) тор қабықтың ішкі қабаттарын

В) тор қабықтың барлық қабаттарын

Г) тор қабықтың барлық қабаттары мен склераны

Д) тор қабықтың барлық қабаттары мен шыны тәрізді денені


278. Төменде аталған қандай белгі іштен туа біткен глаукомаға тән?

А) гифема

Б) гемофтальм

В) иридоденез

Г)гипопион

Д) буфтальм


279. Көздің сындыру орталары бұлыңғыр болғанда, тор қабықтың сылынуын қандай тәсілмен анықтауға болады?

А) көз ішіне жарық өткізу

Б) биомикроофтальмоскопия

В) офтальмоскопия

Г) ультрадыбысты тәсіл

Д) оптикалық когеренті томография

280. Соқыр дақ бұл?

А) көру кеңістігіндегі сары дақтың проекциясы

Б) көру нерві дискінің көру кеңістігіндегі проекциясы

В) көру нервінің әрбір бөлігінің көру кеңістігіндегі ақауы

Г) тор қабықтағы тамырлардың көру кеңістігіндегі ақауы

Д) жаңа түзілімдердің көру кеңістігіндегі ақауы


281. Гемианопсия бұл?

А) оң көздің көру кеңістігінің жартылай түсіп қалуы

Б) сол көздің көру кеңістігінің жартылай түсіп қалуы

В) бір көздегі көру кеңістігінің болмауы

Г) айқын екі жақты көру кеңістігінің тарылуы

Д) екі жақты көру кеңістігінің түсіп қалуы


282. Тор қабықтың пигментті дегенерациясында көру кеңістігінің зақымдануы сипаты?

А) көру кеңістігінің мұрын жақтан тарылуы

Б) көру кеңістігінің самай жақтан тарылуы

В) концентрациялық тарылу

Г) көру кеңісігінің жоғарыдан тарылуы

Д) Бьеррум дағы

283. Көз алмасын ішке бұратын бұлшықет?

А) цилиарлы бұлшықет

Б) көздің сфинктері

В) нұрлы қабықтың дилататоры

Г) жоғарғы қиғаш бұлшықет

Д) ішкі тік бұлшықет

284. Көз алмасын төмен бұратын бұлшықет?

А) жоғарғы тік бұлшықет


Каталог: rus -> wp-content -> uploads -> 2011
2011 -> Темекінің зияны Алипбаева Айгуль Жұлдызбековна, ҚазҰпу-дің химия-биология факультетінің 3курс студенті, биология-психология мамандығы. Ғылыми жетекшісі м.ғ. д профессор Кауашев С. К
2011 -> «Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
2011 -> С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму ғылыми инновациялық жобалары
2011 -> Медициналық тақырыптар бойынша тест жасаудың жаңа технологиясы ү. Байзак, Б. Байзакова
2011 -> ҚазҰму алматы Ана сүті бой өсіреді Ана тілі ой өсіреді Халық даналығынан
2011 -> Алматы қаласының басты өзендерінің экологиялық мониторингы
2011 -> Құрсақішілік инфекциялар туралы жаңа көзқарас. Инфекциялық үрдіс, құрсақішілік инфицирлену, құрсақішілік инфекциялар туралы түсінік. Ана мен бала перинаталдық патологиясындағы Қіи ролі
2011 -> Аіи жаңа тесттер аіи – ң жетекші түрлері болып табылады: (4)
2011 -> Нефрология (240)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет